Кәсіпкерлік тәуекелді талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 19:59, реферат

Описание

Кәсіпорынның қызметіне әсер ететін тәуекелдік факторы нарықтық экономикада үдей түседі. Тәуекелділік қандай да бір жағымсыз жағдайдың болуының мүмкіндігін көрсетеді. Тәуекелділік ұғымы кәсіпорын ресурстарының бір бөлігін жоғалту ықтималдығын, қызметті жүзеге асыру нәтижесінде табыстардың толық алынбауын немесе қосымша шығындардың пайда болуын білдіреді.

Работа состоит из  1 файл

Кәсіпкерлік тәуекелді талдау.doc

— 148.00 Кб (Скачать документ)

             Кәсіпкерлік  тәуекелді  талдау 

     Кәсіпорынның  қызметіне  әсер  ететін  тәуекелдік  факторы  нарықтық  экономикада  үдей  түседі. Тәуекелділік  қандай  да  бір  жағымсыз  жағдайдың  болуының  мүмкіндігін  көрсетеді. Тәуекелділік  ұғымы  кәсіпорын  ресурстарының  бір  бөлігін  жоғалту  ықтималдығын, қызметті  жүзеге  асыру  нәтижесінде  табыстардың  толық  алынбауын  немесе  қосымша  шығындардың  пайда  болуын  білдіреді.

     Тәуекелділік  ықтималдылық  категориясына   жатады, яғни  оны  белгілі  бір  деңгейдегі  жоғалтулардың  ықтималдылығы  ретінде  есептейді. Әр  кәсіпкер  басшы  типіне  байланысты  таңдап, тиімді  тәуекел деңгейін  өзі белгілейді. Кертартпа басшылар  жаңалықтарға  бейімделмеген, әдетте  олар  қандай  да  бір тәуекелден  қашуға  тырысады. 

     Кәсіпкерлік  тәуекелділіктің  жағымды  деңгейдегі  және  мақсатты  шешімдер  қабылдаған  кезде  белгілі  бір  жоғалтуларға  апаруы  ықтималдығын  білумен  шектеліп  қоймай, сонымен  қатар  ол  жоғалтулар  сол  немесе  басқа  деңгейден  аспау  ықтималдығын  да  қарастыруы  керек.

     Нарықтық  экономикасы  дамыған  елдердің  тәжірибесі  бизнестің  тәуекелсіз  болмайтынын  көрсетеді. Кәсіпкер  тәуекелді  ең  төменгі  мүмкін  болатын  деңгейге  дейін   қалай  азайтатынын  білуі  қажет. Фирма  үшін  қандай  да  бір  жағымсыз  жағдай  болса  да, кәсіпкер  нигативті  нәтижелерді  азайту  мүмкіндіктерін  қарастыруы  керек.

    Тәуекелді   өзін-өзі  сақтандыру  есебінен  және  хеджиралау  жолымен   тәуекелдің  бөліктерін  басқа   фирмаларға  беру  арқылы  азайтуға  болады.

     Өзін- өзі  сақтандыру  меншікті  қаражаттарының  бөлігінің  есебінен  зиянды  жабу  және  ойда  болмаған  шығындарды  жабуға  қаражат  жинақтаумен  байланысты. Құны  фирманың  қаржы  көрсеткіштерімен  салыстырғанда  аса  көп  емес  мүліктің  немесе  бір  типті  мүліктің  көп  мөлщерін  жоғалту  қаупі  төнгенде  ішкі  шаралар  көмегімен  өзін-өзі  сақтандыру  орынды  болады.

     Шет  елдерде  тәункелді  азайтудың  кең  тараған  тәсілі –хеджиралау, қарсы  валюталық, коммерциялық, несиелік және  тағы  басқа  талаптар  мен  міндеттерді  даярлау. Бірақ, тәуекелдің  көп  бөлігі  толығымен  кәсіпкерлерге  жүктелген. Жағдайларды  болжап, кәсіпкерлік  тәуекелді  бағалауды  үйрену  керек.        

     Кәсіпкерлік  тәуекел – бұл бизнестің түріне  байланысты  компанияның  қызметінің  тәуекелі. Олардың негізгі түрлеріне  өндірістік, коммерциялық  және  қаржылық  тәуекелді  жатқызуға  болады.    

     Өндірістік  тәуекел – бұл  өнім  өндірумен, қызмет  көрсетумен, басқа  да  түрлі  өндіріс  қызметін  жүзеге  асырумен  байланысты  тәуекел. Өндірістік  тәуекелдің  пайда  болу  себептері: ұйғарылған  өндіріс  көлемінің  болатын  төмендеуі,материалдық  өндіріс  көлемінің  мүмкін  болатын  төмендеуі, материалдық  шығындардың  өсуі, қызметкердің  наразылығы, менеджрлердің  қатесі, көтеріңкі  аударым  сомалары  мен  салықтарды  төлеу  және т.б.

     Коммерциялық  тәуекел - кәсіпкер  өндірген  немесе  сатып алған тауарлар  мен қызметтерді өткізу  процессінде пайда болады. Коммерциялық  тәуекелдік  себептері: өнімді  өткізу  көлемінің  төмендеуі, материалдық  ресурстардың  сатып  алу  бағасының  жоғарылауы, сатып  алу  көлемінің  ойда  болмаған  төмендеуі, айналым  шығындардың  өсуі, экономиканың  тұрақсыздығы  және  клиенттердің  ұнату  қабілетінің  өзгеруі, бәсекелестердің  әрекеті.

     Қаржылық  тәуекел – кәсіпорынның  банктермен  және  басқа да  қаржылық  институттармен  қатынас өрісінде  пайда болады. Қаржылық  тәуекелдің  себептері: қарыз және  меншікті  қаражаттардың арақатынастарының  көлемінің  жоғарылауы, кредиторларға  тәуелділік, капиталдың  әрекетсіздігі, бір  жобаға, бір  мезгілде  көп  қаражат  жұмсау.   

     Қаржылық  тәуекел  мына  операциялардан  алынған  шығындарда  көрсетіледі: несиелік, инвестициялық, құнды қағаздар  эмиссиясы.

     Айналым   және  өндіріс  өрісіндегі  кәсіорындар  үшін  қаржылық  тәуекелдің  құрамдастарын  ажырата  білу  керек: несиелік, пайыздық, валюталық, айырылып  қалған  пайда   тәуекелі, инвестициялық  тәуекел,  салықтық  тәуекел.

     Несиелік  капитал  нарығының  қатысушылары  қаржылық  тәуекел  деп  әдетте  клиенттің  төлем  қабілеті  болуына  байланысты  міндеттемелерді  орындай  алмау  қаупінен  туындайтын  жалпы  экономикалық  тәуекелдің  түрін  түсінеді.

     Қаржылық  тәуекелді шешуге  нақты  қаражаттарды  таңдаған  кезде  инвестор  келесі  принциптерді  назарда  ұстауы  керек: меншікті  капитал  мүмкіндігінен  артық  тәуекелге  бармау  керек, аз  нәрсе  үшін  көп  нәрсені  тәуекелге  салмау  керек, тәуекелдің  нәтижесін  алдын  ала  білуге  тырысу  қажет. Яғни  берілген  тәуекел  бойынша мүмкін  болатын  шығындардың  ең  көп  мәнін  есептеп,  содан соң берілген  тәуекелге итермелейтін  кәсіпорынның  капитал көлемімен, содан кейін салыстыру керек, содан кейін барып мүмкін болатын шығындарды  жалпы  ақша  қаражаттарының  көмегімен  салыстыру  керек. Сонда  ғана  бұл  тәуекел  кәсіпорынды  банкроттық  жағдайға  әкелмейтінін  анықтауға  болады. Басқаша  айтқанда  бұл  тәуекелді  басқарудың  жалпы  статегиясы.

     Қаржылық  тәуекелді басқару  процесі  6 сатыдан  тұрады: мақсаттарды анықтау,тәуекелді  анықтау, тәуекелді  бағалау, оларды  жүзеге  асыру  және  нәтижелерді бағалау.

     Мақсатты  анықтау  кәсіпорынның  едәуір  шығындар  жағдайында  жұмыс   істеуін  қамтамасыз  етуге  бағытталады.

     Мақсат  кәсіпорынды  сыртқы  орта  жағдайынан  немесе  ішкі  оңаша   оңтайландырудан  қорғау  болып   табылады.

     Тәуекелділік  ықтималдығы  ресми  немесе  бейресми  көздерден  әр  түрлі   ақпараттар  жнау  көмегімен   анықталады.

     Шығындардың қаупін  оның  мағынасына  байланысты  үш  түрге бөлуге  болады: банкроттық  қауіп, шығынды болдырмау үшін  қосымша ресурстардың  қажеттілігі, активтердің бір бөлігін шарасыз жоғалту.

     Қаржылық  тәуекелді  басқарудың  ең  күрделі  кезеңі  болып табылатын тәуеклді  талдаудың міндеті мүмкін  болатын серіктестіктерге, жобаға  қатысудың тиімділігі  туралы  шешім қабылдауға  және  ақша  жоғалтуды болдырмау шараларын жасау үшін  қажет мәліметтерді  беру  болып табылады.

     Тәуекелді кезінде тәуекел  аймағы  ұғымын  пайдалану маңызды, яғни  ол  шекарасында белгіленген тәуекел деңгейінің  шекті мәндерінен  аспайтын  жоғалтулар  болатын, рыноктың  жалпы шығындар  аймағы. Нарықтық  экономика жағдайында  кез келген  кәсіпорын  қызметінің  5 – негізгі  тәуекел  аймағын  белгілеуге  болады.

     Тәуекелсіз  аймақта  операция  жүргізген   кезде кәсіпорын ешқандай  тәуекел жасамайды, ешқендай  шығын көрмейді, кәсіпорын кем дегенде есепті  табыс алады.жобаны  орындау  кезінде, теориялық  жағынан  кәсіпорынның  табысы  шексіз.

     Аз  тәуекелді  аймақтағы  қызмет  нәтижесінде кәсіпорын таза  табысының барлық  мөлшерін  немесе  бір бөлігін жоғалту ықтималдығы бар.

     Жоғары  тәуекелді   аймақта  кәсіпорын нашар  болған  жағдайда  барлық  шығындарын  жабады, ал  жақсы  болған  жағдайда  есепті  деңгейде  төмен  табыс  алады.

     Қауіпті  тәуекелді  аймақта  кәсіпорын есепте  табысты ғана  емес, сонымен қатар өнім  өткізуден түскен  табысты жоғалту ықтималдығы  бар  және  шығындарды  өзінің  есебінен  қайтарады.      

     Жарамайтын  тәуекелді  аймақтағы  кәсіпорынның  қызметі банкроттыққа  әкеледі, барлық  инвестицияларын жоғалтады.

     Тәуекелді  талдау  кезінде  оның көздері мен себептерінен анықтау керек. Пайда болу кезіне байланысты тәуекелділік былайша бөлінеді: меншіктік шаруашылық, адамның өзімен байланысты, табиғи факторлармен байланысты. Тәуекелділіктің пайда болу себептері болашақтың анықталмауынан, әріптестің айқындалмаған мінезі,ақпараттың жетіспеуінен туындаған деп жіктеледі. Қандай да бір жағдайда болмасын, тәуекелділік шешімінің ақпаратпен жабдықталу жағдайына байланысты болады.

     Инвестор кейде нәтижелер анықталмаған және шектелген ақпаратқа негізделген жағдай да шешім қабылдайды. Әрине, ақпарат толық  болған жағдайда тәуелділікті жақсы болжап,оны төмендетуге болады. Мұндай жағдайда пайдалы ақпарат тауар түрінде көрінеді. Ақпрат толық болған жағдайда, толық ақпраттың құны белгілі бір заттың күтілген құны арасындағы айырма түрінде көрініп, ал ақпарат толық болмаған жағдайда күтілетін құны түрінде көрінеді.

     Тәуекелді талдауды бір-бірімен өзара тығыз байланысты және бір-бірін толықтыратын екі түрге бөлуге болады: сапалық және сандық.

     Тәуекелді сапалық талдау тәуекелді басқарудың екінші кезеңі түрінде көрінеді. Ол мумкін болатын барлық тәуекелдерді теңестіріп салыстырады. Ол салыстырмалы түрде қарапайым болуы мүмкін. Оның басты міндеті – жұмыс пен кезеңдердің орындалуы кезіндегі тәуекелдің  себептерін анықтау, яғни тәуекел мүмкін болатын аймақты айқындау, содан кейін барып, барлық тәуекелдерді анықтау болып табылады.      

     Тәуекелділікті  талдауды  жүргізу  реті  төмендегі   сызба   нұсқада  көрсетілген.  

        1.Тәуекелдің  нақты түрін ұлғайтатын  және  азайтатын    ішкі  және  сыртқы  факторларды  анықтау

         ↓

                2.Анықталған  фактордарды талдау

                                        ↓

  3.Екі  амалды  пайдалану   арқылы  қаржылық  жағынан                   тәуекелдің   нақты  түрін   бағалау

        ↓                                          ↓

  4а. Қаржылық  жағдайын      анықтау

(жобаның өтімділігі)

4ә.  Экономикалық  мақсаттылықты   анықтау    (салынған  ресурстарының  тиімділігі)

                     ↓                                         ↓                

    5. Тәуекел деңгейінің  мүмкін  шегін   белгілеу 
 
    6.Таңдалған   тәуекел  деңгейі  бойынша   жеке                              операцияларды  талдау

 

          Тәуекел  талдауының  блок-нобайы

    

     Тәуеклдік   дәрежесіне  әсер  ететін  барлық  факторларды  объективті  және  субъективті  деп  бөлуге  болады. Объективті  факторларға  кәсіпорыннан  тәуелсіз  инфляция, бәсеке  саяси  және  экономикалық  дағдарыстар, экология, кедендік  салықтар  жатады. Субъективті  факторлар  тікелей  түрін  сипаттайды: өндірістік  потенциал, кадрлық  құрылым, шаруашылық  байланыстар, қаржылық  жағдай.      

     Тәуекелдің сандық талдауы – бұл жалпы қаржылық тәуекелдің және ақшалай шығындардың жеке түрлері бойынша нақты көлемін анықтау. Жеке тәуекелдің өлшемдерін анықтау түрлі талдаудың әдістері арқылы жүргізіледі, соның ішінде кең тарағандары: статистикалық , шығындардың  мақсаттылығын талдау, эксперттік бағалау әдісі,ұқсастықтарды пайдалану.

     Статистикалық әдістің мәні берілген немесе ұқсас өндірістегі шығындар мен табыстардың статистикасы зерттеліп, сол немесе басқа экономикалық қайтарулардың  көлемі белгіленіп және болашаққа дәлірек болжау құрылуында болып отыр. Вариация, дисперсция және стандарттық ауытқулардың   есептеулері жүргізіледі.

     Вариация – бір жағдайдан басқа жағдайға ауытқандағы белгінің сандық бағасының өзгеруі.Мысалы, экономикалық табыстылықтың өзгеруін нақты мәніне сәйкес келетін  ықтималдылықтың мәніне көбейтуді жинақтау арқылы анықтауға болады.

      Вариация  дисперсиямен, яғни орташа мәннен белгінің нақты мәнінің ауытқу шамасымен бағаланады.Нәтижесінде неғұрлым жоғары болған сайын, кәсіпорынның  қызметі  неғұрлым  тәуекелді  болады.

     Тәуекеділіктің  дәрежесін  есептеудің  статистикалық   әдісі  көптеген  көлемді   мәліметтерді  талап  етеді. Олар  әрдайым  болмағандықтан, оны  қолдану  қиындайды.

     Шығындардың  мақсаттылығын  талдау  кәсіпорынның  экономикалық  тұрақтылығының  көрсеткіштеріне есепке  ала отырып, тәуекелдің  потенциалды аймақтарын  анықтауға бағытталған. Шығындарды  артық  жұмсау  келесі 4 фактормен  немесе  олардың  қосылуларымен  байланысты  туындауы  мүмкін:

     1) құнның  ең  басында  жете  бағаланбауы;

     2) жобалаудың  шектерінің  өзгеруі;

     3) өнімділіктегі  айырмашылық;

     4) алғашқы  құнның  өсуі.

     Бұл   негізгі  факторлар  нақтылануы  мүмкін. Мысал  ретінде, қаржы-қаражаттарының  тәуекл  дәрежесін  анықтау   мақсатында, қаржылық  тұрақтылық  көрсеткіштері  қызмет  ете   алады.      

Информация о работе Кәсіпкерлік тәуекелді талдау