Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2012 в 13:42, дипломная работа
Ішкі аудиттің тиімділігі сыртқы аудитпен салыстырғанда шығындарының төмендігінде (ішкі аудиторлық қызметінің құны 35-50 пайызға арзан); ішкі аудиторлардың кәсіпорын жағдайын, жұмыс ырғағын және басқару жүйесін терең білуінде; аудиторлардың тексеруге құрылымдық бөлімдердің жоғары білікті мамандарын тарту мүмкіндігінде; заң талаптарын сақтау кепілдігінде болып отыр
Ішкі аудиттің стандарттары аудиторлық қызметінің өзара байланысқан алгоритмдерінің тиімді жүйесін жасай отырып, аудиторлық қызметтің барлық қатысушыларының арасындағы өзара қарым-қатынастарды шектеу және күтілетін қарама-қайшылықты реттеудің нақты негізін қамтамасыз ете отырып, технологиялық және әдістемелік шығармашылық функциясын орындайды.
Сонымен бірге, стандарттар шығармашылық мүмкіндіктер шегарасын ғана енгізеді және оны жоққа шығармайды, себебі, аудиторлық қызмет жоғары интеллектуалдық қызметке жатады. Олар жұмысты орындау әдістеріне және тәсілдеріне тиісті бола алады және оны жүзеге асырудың негізгі принциптерін, кезеңділігін, әрекеттерді және нәтижелерді, рәсімдеу талап етілетін тәртібін реттейді, дегенімен аудиторлық дәлелдемелерді жүйелендіру және зерттеу бойынша талдамалық жұмысты алмастыра алмайды.
Сонымен қатар, ішкі аудит стандарттары аудиторлардың көңілін негізгі жұмысқа бағыттауы керек:
- қаржылық және операциялық ақпараттың сенімділігін және тұтастығын қарап-шығу;
- ішкі бақылау және бухалтерлік есеп жүйесін қайта қалыптастыру жағдайларын тексеру;
- активтерді қолдану тиімділігін және олардың сақталуын бағалау;
- ресурстарды қолданудың өнімділігін және үнемділігін бағалау;
- операциялардың және бағдарламалардың алдын ала жоспарланған тапсырмаларға және мақсаттарға сай болуын анықтау.
Ішкі аудит стандарттары ішкі аудитті ұйымдастырушы-технология негізі ретінде қызме етуі үшін стандарттардың келесі топтарын даярлау қажет:
1) заңдарды және нормативтік актілерді талдау, ресурстарды қолданудың тиімділігін және үнемділігін бағалау, бағдарламалардың нәтижелерін талдау бойынша;
2) аудитті жүргізу технологиясын реттеу бойынша (ішкі бақылауды жоспарлау, бағалау және зерттеу, аудиторлық дәлелдемелерді алуды, мамандардың жұмысын пайдалануды реттеу және т.б.);
3) ішкі аудит бөлімінің жұмысын ұйымдастыру және оны басқару, аудиторлық қызметтің сапасын бақылау бойынша;
4) аудиторлық есеп берулерді (актілерді) дайындаудың барлық актілерін және аудиттің жиындықтарын қалыптастыруды шектеу бойынша;
5) арнайы аудиторлық тексерулер қызметтері бойынша;
6) кәсіптік талаптар (құқықтар, міндеттер және жауапкершіліктер) және нақты бір есеп аймағы немесе бөлімшенің аудиторлық тексерісін жүргізу кезінде мамандар мен және басқа да қызметтермен өзара қарым-қатынастары бойынша.
Стандарттар аудитті жүргізу және тексерудің бағдарламаларын даярлау кезінде етуі қажет ішкі аудиттің ұйымдастырушы-технологиялық моделін анықтауы қажет.
Ішкі аудиттің бастапқы кезеңінен бастап басқару жүйесіндегі барлық мүмкіншіліктерінен пайдалану жеткіліксіз болуы сияқты кәсіпкерліктің де ақпараттық сұранысы толыққанды қанағаттанарлықсыз. Дегенмен ішкі аудиттің ұзақ мерзімдегі кәсіпкерлік шеңберінде дамуын анықтау күрделі, өйкені қазіргі кезеңдегі ішкі аудиттің дамуы негізінен алғанда өтпелі кезеңдегі қойылған экономиканы басқарудағы талаптарды шешумен байланысты. Алайда оның жақын арадағы даму жолдарын болжап білу оңайға соқпайды дей отырып, ішкі аудиттің дамуының : басқаруды ұйымдастырудың әдістемелік және технологиялық жолдарының негізгі бағыттарын белгілеуге болады.
Нарықтық экономика жағдайында ішкі аудит негізінен мемлекеттік емес кәсіпорында іскерлікті басқару функцисы ретінде жүргізіледі және де ол меншік иелерінің, басқарушылардың мүддесіне пайдаланылады. Ішкі аудитті пайдалану кәсіпорындағы соған дейінгі бақылау жүйесін жою арқылы емес, дамыту деп түсінген дұрыс, ал оны жетілдіру үшін кәсіпорынның концепциялық даму бағдарламасына сай болуы керек.
Ішкі және сыртқы аудитті салыстыра отырып (бірінші тарауда) олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын талдай келе ішкі аудит объектілері анықталды (ақпараттың, басқару-ұйымдастыру және мүлікті-технологиялық), одан бөлек ішкі аудиттің тереңінен зерттеудегі бастапқы және кезеңдегі болып талдау ұсынылады.
Оқу құралында ішкі аудиттің айрықшылықтарына сәйкес сыртқы аудиттағы принциптерді пайдаланудың өзіндік айрықшылықтарын есепке ала отырып пайдаланғанда, басқару жүйесіне ұтымды екендігі қарастырылған және ішкі аудиттің өзін басқару жүйесінде пайдаланғанда оның элементтерінің (жоспарлау, ұйымдастыру, қызметкерлерді басқару, реттеу, бақылау) жаңа деңгейдегі тиімділігі артатындығы дәлелденген.
28