Ұлттық экономиканың жаһандану жағдайындағы дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2011 в 16:33, реферат

Описание

Инновациялық экономиканы қалыптастыру. Экономиканы инновациялық жолға көшіру Қазақстанның ХХІ ғасырдағы дамуының баламасыз нұсқасы болып табылады. Елдің ұлттық мүдделері осыны талап етеді, әлемдік дамудың негізгі үдерістері осыны қуаттайды. Соңғы кездері мемлекет инновациялық қызметті дамыту үшін кең ауқымды шаралар қабылдауда.

Работа состоит из  1 файл

?лтты? экономиканы? жа?андану жа?дайында?ы дамуы.doc

— 92.50 Кб (Скачать документ)

Ұлттық  экономиканың жаһандану  жағдайындағы дамуы

Инновациялық  экономиканы қалыптастыру. Экономиканы инновациялық жолға көшіру Қазақстанның ХХІ ғасырдағы дамуының баламасыз нұсқасы болып табылады. Елдің ұлттық мүдделері осыны талап етеді, әлемдік дамудың негізгі үдерістері осыны қуаттайды. Соңғы кездері мемлекет инновациялық қызметті дамыту үшін кең ауқымды шаралар қабылдауда. Алайда, мойындау керек, инновация біздің экономикамыз үшін нөмірі бірінші басымдыққа айналды десек те, оның іске асырылуы уақыт талап еткен деңгейге көтеріле қойған жоқ.  Ал шын мәнінде елдің технологиялық инновацияларға қабілеті осы заманғы қоғамның базалық сипаты болып табылады. Мұндай қабілеттілік ақыр соңында жаңа өнім дүниеге келетін зерттеулер мен талдамаларға ғана келіп саймауы керек. Ол осы заманғы өндіріспен, маркетингпен, сатып өткізумен, сондай-ақ тұтынумен байланысты нәрселердің бәрін қамтуы тиіс. Бұл тұрғыда Елбасы “Жаңа кезең – жаңа экономика” атты еңбегінде жан-жақты айтқан болатын.

            Белсенді қалыпта болатын инновацияларға ұлттық қабілеттілікті қалыптастыру мен қолдау үшін бүкіл қоғам осы саладағы жетістіктерді аса маңызды ұлттық басымдық ретінде қарастыратын идеялар мен құндылықтарды жете ұғынуы қажет. Күрделі сипатқа ие және көптеген факторлар мен қоғамдық институттарға тәуелді инновациялардың табиғатын тек қана мамандар тобы емес, тұтастай алғанда қоғам да терең сезінуі керек. Инновациялық проблемалар ғалымдар, менеджерлер, бизнесмендер, саясаткерлер, заң шығарушылар белсенді түрде қатысатын тұрақты жалпыұлттық диалогтың тақырыбы болуы тиіс. Қоғамда инновациялық бағдарды қалыптастыру үрдісінде бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі артуы керек.

Орта  мектеп пен жоғары оқу орындарындағы білім беру үдерісі өзгеруі тиіс, мұны оларды шығармашылық жеке тұлғалармен жұмыс істеуге бейімдеу арқылы іске асыруға болады. Елдің инженерлік жүйесі ерекше назар аударуды талап етеді, өйткені инновациялар қаншалықты ғылыми қызмет болса, соншалықты инженерлік қызмет те. 

            Бір сөзбен айтқанда, іс-қимылымызда инновациялық үлгіні бағдар ету Қазақстан қоғамы идеологиясының бір бөлігіне айналуы тиіс, Жапонияда – 1960-шы жылдары, ал АҚШ-та – 1980-1990-шы жылдары солай жасалынған.

Мемлекеттік кәсіпкерлікті дамыту. Жаһандану  үдерісімен және ішкі-сыртқы рыноктарда бәсекелестіктің күрт күшеюі себепті экономикалық даму қағидаттарының өзгеруі жағдайында экономикалық үдерістерге мемлекеттік ықпал ету әдістерін қайта қараған орынды болмақ. Мемлекеттік кәсіпкерлік элементтерін, тұжырымдамасын енгізу қажет. Бұл ретте мемлекет экономиканы реттеуші рөлімен шектеліп қалмайды, оның ең басты салаларында белсенді қатысушыға айналады. Қазақстандағы қазіргі жағдай осындай тұжырымдаманың болуы маңызын күшейтеді. Өйткені әлемдік шикізат рыноктарындағы қолайлы конъюнктурадан алынатын мемлекеттік активтердің ұлттық экономиканы дамытуға анағұрлым белсенді қатысуы үшін алғышарттар бар. Қазіргі кезеңде мемлекеттік кәсіпкерліктің негізгі бағыттары мыналар бола алады:

* мемлекеттің  мемлекеттік даму институттары арқылы жүргізетін инвестициялық қызметі;

* отандық  бизнестің мүдделерін ілгері  бастыру, озық технологияларға  қол жеткізу және ұлттық экономиканы теңдестіру мақсатымен қазақстандық капиталдың шетелдерге экспансиясын жүзеге асыру;

* аса  маңызды компаниялардың капиталдандырылуын ұлғайту және оларды дамудың жаңа деңгейіне шығарудың арқасында мемлекеттік капиталдың қазақстандық трансұлттық корпорацияларды қалыптастыруға тікелей қатысуы.

            Холдинг үлгісіндегі ірі мемлекеттік құрылымдар құру мемлекеттің кәсіпкерлік саясатын жүзеге асырудың бір мысалы бола алады. Бүгінгі таңда еліміздің экономикалық дамуының ағымдағы кезеңінің ерекшеліктеріне байланысты түрлі салаларда әлдебір “қамқоршы” құрылымдар құруға айтарлықтай алғышарттар бар. Бұл кезеңнің бір ерекшелігі – елде технологиялық жаңғырту мақсатында пайдалануға болатын елеулі қаржы ресурстары бар (зейнетақы қорларының, екінші деңгейдегі банктердің, сақтандыру компанияларының және басқалардың қаржысы). Алайда олар қолданыстағы нормативтік шектеулер жағдайында бұл үдеріске тікелей қатыса алмайды, мысалы, жинақтаушы зейнетақы қорларының нақты фирмаларды тікелей қаржыландыруына болмайды. Заңнама еліміздің қаржы институттарының инвестиция салу бағыттарын сенімділік пен өтімділік өлшемдеріне сай келетін белгілі бір құралдардың шағын тобымен орынды шектеп отыр.

            Нақ осы жағдай, отандық қаржы жүйесінде “артық өтімділік” болып отырған кезде нақты сектор үшін, соның ішінде оның әсіресе технологиялық бөлігінде қаржы тапшылығы орын алуы қаржы институттарының қаражаты мен оларды тұтынушылар арасында делдал бола алатын технологиялық компаниялар ыңғайында мемлекеттің қатысуымен ірі компаниялар құрған жөн екендігін көрсетеді. Капиталдандырылуы жоғары мұндай құрылымдар несие ресурстарын “көтерме” қарыз алушылар немесе сенімді және өтімді бағалы қағаздар эмитенті ретінде әрекет етіп, қаржыны шоғырландырып және оны “аздаған маржамен” республика экономикасының технологиялық дамуы өлшемдеріне жауап беретін кәсіпорындар мен фирмалардың қажетіне қарай қайта бөле алар еді. Сонда жоғары технологиялық компаниялардың дамуын ынталандыру, осы мемлекеттік құрылымдардың кәсіпкерлік қызметі есебінен бюджетті толықтыру сияқты функцияларды іске асыру мүмкін болады, сондай-ақ қазір инвестициялық қызметте пайдалы бағыттардың жетімсіздігін өткір сезініп отырған институттық инвесторлардың қаржы ресурстарын жоғары тиімділікпен орналастыру міндетін де шешуге болады.

            Қор рыногын (бағалы қағаздар рыногын) дамыту. Нарықтық сипаттағы қазіргі заманғы экономиканың толыққанды қызмет етуі дамыған қор рыногынсыз (оның барлық компоненттерін – борыштық құралдар рыногын, мемлекеттік те, корпоративтік те акциялар рыногы мен туынды бағалы қағаздар рыногын қамтитын) мүмкін емес. Бүгінгі күнге дейін Қазақстанда жоғарыда аталған үш сегменттің алғашқысын ғана қалыптастырудың сәті түсті, ал солардың ішіндегі ең маңыздысы – акциялар рыногының “көгілдір фишкалар” бағдарламасын жүзеге асыруға әлденеше рет әрекет жасалғанымен, әлі күнге дейін нашар дамып отыр. Акциялар рыногын дамыту жөніндегі негізгі міндет – бағалы қағаздардың ауқымды ұсынымын жасауға және оларға деген төлем қабілетті сұранысты қалыптастыруға бағытталған іс-әрекеттер болуы керек. Бұл орайда негізгі міндет отандық эмитенттердің акциялар ұсынымын қамтамасыз ету болып табылады. Эмитенттер бірқатар объективті және субъективті себептерге байланысты әлі күнге дейін ашық қор рыногына шығуға мүдделілік танытпай келеді. Мыналар рынокты акциялармен толықтыру жөніндегі негізгі бағыттар бола алады:

1) жекешелендірілген кәсіпорындардың мемлекеттік меншікте қалып отырған акциялар пакетін сату;

2) ұлттық  және мемлекеттік компанияларды акционерлендіру және олардың акцияларын биржалық айналысқа шығару. Мемлекеттік мүдделерді қамтамасыз ету үшін осы компаниялардың жарғылық қоры мөлшерін алдымен олардың активтерінің құнын және рыноктағы жағдайын тура көрсететіндей көлемге дейін ұлғайту қажет, ал бұл қайта бағалауға танымал шетелдік аудиторлық компанияларды тарту керек;

3) еліміздегі  орта және шағын компаниялардың қор рыногына шығуын ынталандыратын жағдайлар жасау.

            Қазақстандық эмитенттердің акцияларына төлем қабілетті сұранысты қамтамасыз ету жөніндегі негізгі бағыттар мыналар болуы керек: а) институттық инвесторлар топтарын, ең бірінше кезекте – өзара қорлар қалыптастыру үшін жағдайлар жасау; ә) Қазақстан рыногына шетелдік портфельді инвесторлар тарту; б) қор рыногына жеке инвесторлардың қаржысын тарту.

            Қазақстандық трансұлттық компанияларды қалыптастыру. Әлемдік ірі компаниялар арасындағы бәсекелестік аса жоғары деңгейімен сипатталатын жаһандану жағдайында Қазақстанда осындай бәсекеге төтеп бере алатын өз компанияларымызды құру мәселесі зор маңызға ие болады. Өз ірі компанияларына арқа сүйеу дамушы елдердің ұлттық экономикаларында дамыған елдердің трансұлттық компаниялары жетекші позицияларда болатын “жаһандану әлеміне” тән жағдайға балама болып табылады. Қазіргі уақыттағы басты міндет республикада шетелдік компаниялардың үстем болуына жол бермеу, ал олар елдің шикізаттық бағдарына және қосылған құн өндірісінің төмен деңгейде сақталуына мүдделі екендігі белгілі. Мұндай жағдай Қазақстан мен жаһандық экономиканың тең емес тауар айналымына алғышарт жасайды, ол ақыр соңында тұрақты дамуға шығуға мүмкіндік бермейді. Өйткені шикізат экспорты неғұрлым көбірек рөл атқарған сайын, республика экономикасы әлемдік тауар рыноктарының конъюнктурасына солғұрлым тәуелді болады. Демек, Қазақстан үшін қазіргі кезеңдегі ең басты міндет – қуатты отандық компанияларды қалыптастыру мен дамыту, олардың негізгі салаларда бірте-бірте шетелдік операторларды ығыстырып шығаруы, одан әрі әлемдік деңгейге көтерілуі және басқа елдерге ұлттық капиталдың экспансиясы болып табылады. Айта кету керек, жаһандық экономика жағдайында тиімді және жедел дамуға ірі мегакорпорацияларға арқа сүйегенде ғана қол жетуі мүмкін, 60-шы жылдардағы Жапония (дзайбацу, согосося) немесе 80-ші жылдардағы Оңтүстік Корея (чеболдар) сияқты неғұрлым ойдағыдай дамып келе жатқан елдер де, қазіргі кезде рыноктың өз сегменттерінде үстемдікке ие болу мақсатымен онсыз да ірі компаниялардың бірігу үрдісі жүріп жатқан дамыған елдердің тәжірибесі де осыны қуаттайды.

Қазақстандық  капиталдың экспансиясы. Ұлттық экономиканың жаһандану жағдайында тиімді дамуы неғұрлым ойдағыдай дамып келе жатқан елдер мен дамыған елдер басшылыққа алған қағидаттарды, соның ішінде отандық капиталдың шетелге экспансиясын жүзеге асыруды да пайдалану негізінде мүмкін болмақ. Қазақстанның қазіргі заманғы жағдайларда осы қағидаттарға сүйеніп, постиндустриялық тұрпаттағы экономика, әлемнің түрлі елдеріндегі анағұрлым табысты компанияларға қаржылай қатысуға негізделген экономика құруды бастауға мүмкіндіктері бар. Дамудың мұндай сипатын “инновациялық тұрпаттағы инвестор ел тұжырымдамасы” деп атауға болады. Бұл тұжырымдамада Қазақстан экономикасының дамуы шикізат секторына сүйенеді, бұл оның қазіргі нақты алғандағы жай-күйіне сай келеді. Осымен қатар белгілі бір дәрежеде мемлекеттің бақылауында болуға тиісті шикізат секторы жедел даму үшін базис қана болып табылады. Бұл дамуды тек дәстүрлі әртараптандыру жолымен ғана емес, шикізат салаларынан, шетелдерден алынған қаржыны тиімді және жоғары табысты инвестициялаудың жәрдемімен жүзеге асыру көзделеді. Мұндай инвестициялауды мемлекеттік инвестициялық институттар жүйесі, мейлі бүгінде қызмет істеп тұрған, немесе қызметі жаңғыртылған жаңалары болсын, іске асыруы керек. Яғни, қолайлы баға конъюнктурасынан алынған мемлекеттік қаржыны басқару, осы заманғы үлгідегі корпоративтік институттық инвесторлар қолданып жүргендей, бүкіл әлем бойынша және табысты әрі перспективалы болып табылатын салаларда аталған қағидаттар бойынша жүргізілуі керек. Мұндай көзқарас “жаһандану экономикасының” барлық негізгі сипаты мен артықшылықтарын ескереді – біріншіден, бизнес жүргізу және әлемнің кез келген еліне инвестиция салу мүмкіндігі; екіншіден, бұдан 20-30 жыл бұрын (экономиканы дамытудың дәстүрлі тұжырымдамалары талдап жасалған кездері) болмаған қазіргі заманғы жоғары дамыған қаржы рыноктарын пайдалану мүмкіндігі; және де, үшіншіден, әлемдік деңгейдегі қатаң бәсекелестік жағдайларына барабар жаһандық стратегиялық жоспарлаудың қажеттігі. Мыналар осындай капитал экспансиясының үш негізгі бағыты бола алады: бақылау орнату мақсатымен неғұрлым перспективалы компанияларға тікелей инвестициялар салу, ағымдағы кезеңде неғұрлым пайдалы фирмаларға олардың капиталына қатысу арқылы табыс алу мақсатымен портфельді инвестициялау, және ақыр соңында, тұрақты табыс алу мақсатымен дүние жүзінің қаржы рыноктарындағы операциялар. 
 
 

ІІ. Кедейшілік проблемасын  шешу

            Кедейшілік проблемасы Қазақстанды 90-шы жылдардың басынан толғандыра бастады. Оның өткірлігі кедейшілік нақты табыстың күрт төмендеуі мен қоғамның әлеуметтік жіктелуінің күшеюі салдарынан қоғамның әлеуметтік құрылымының өзгеруіне әсер ете бастаған сәттен бастап байқалды. Кедейшіліктің өсуі оның үлес салмағынан да, кедейшілік санаттары бойынша да көрініс тапты. Кедейшілік деңгейінің өзгеру қарқынында оның қалыптасуының екі кезеңін бөліп көрсетуге болады. Бірінші кезең – 90-шы жылдардың бірінші жартысы – бұл кезде халықтың тұрмыс деңгейінің нашарлауынан, кедейшілік ауқымының ұлғаюынан, табыстар, тұтыну, маңызды материалдық және әлеуметтік игіліктерге қолжетімділік бойынша қарастырғанда әлеуметтік ала-құлалықтың күшеюінен көрінген аса келеңсіз үрдістер байқалды. Екінші кезең – 90-шы жылдардың екінші жартысынан бастап қазіргі кезге дейін – экономиканың нақты секторындағы оңды ілгерілеулер нәтижесінде халықтың бақуаттылығы өлшемдерінің біршама тұрақтану кезеңі.

            Елдегі қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың ерекшелігі ретінде “жаңа кедейлер” деп аталатындардың пайда болғанын айтуға болады. Бұған реформаларға дейінгі кезеңде болған әдеттегі кедейлерден бастап жеңіл өнеркәсіп, мәшине жасау, білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет салаларында жұмыссыз қалғандар жатады. Шағын бизнес өкілдері, зейнет жасына тақаған адамдар, мектеп, жоғары оқу орындарын бітірушілер, экологиялық дағдарыс өңірлерінде тұрып жатқан халық жоғары тәуекел аймағында қалып отыр.

            “Жаңа кедейшілік” ауқымы ауылдық жерлерде тұратын халықтың есебінен едәуір кеңейді. Ауыл халқының табысы қала халқының табысынан орташа алғанда 2,2 есе төмен және ауылдағы кедейшілік деңгейі едәуір жоғары. Мысалы, ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар ауылдық отбасылардың үлесі (ҚР Статистика агенттігі 2004 жылы жүргізген үй шаруашылығын зерттеу деректері бойынша) 24,8 %-ды, ал қалалық отбасылар үлесі 9,2 %-ды құрайды.

            Қазіргі жағдайда өңірлік кедейшілікті ерекше бөліп көрсету керек. Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне жетпейтін отбасылардың үлесі жоғары өңірлер арасында Атырау облысы оқшау тұр, онда кедейшілікте өмір сүріп жатқан халықтың үлесі 29,1%-ды құрайды (бұл республика бойынша ең жоғарғы көрсеткіш), Маңғыстау – 21,0%, Жамбыл – 18,3%, Қызылорда – 26,5%, Оңтүстік Қазақстан – 23,0%. Аталған облыстарда жағдай осындай болса, республика бойынша орташа көрсеткіш – 16,1%.

            Халықтың табыс деңгейі бойынша теңсіздігі еңбекке ақы төлеудегі айырмашылық пен басқа да табыс көздерінің болуынан ғана емес, отбасында қанша жан бар екендігіне, отбасында жұмыс істейтіндер санына, балалардың болуына қарай да қалыптасады. Асырау жүктемесі неғұрлым жоғары болса, табыс та соғұрлым төмен болады. Үй шаруашылығы деңгейінде табысты екінші рет қайта бөлу мен отбасылық бюджетті қалыптастыру жүріп жатыр. Атырау және Маңғыстау облыстары сияқты жоғары табысты өңірлерде отбасындағы жандардың орташа алғандағы санының жоғары болуы, әсіресе ауылдық жерлерде, олардағы табыс деңгейінің төмен болуына ықпал етеді және оңтүстік өңірдегі табысы төмен облыстардағы жағдайды шиеленістіріп жібереді.

            Елде қазіргі кезеңде жүргізіліп отырған әлеуметтік саясаттың негізгі мақсаты кедейшілік деңгейін төмендету және қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық теңсіздікті азайту болып табылады. Экономикалық өсу халықтың әл-ауқатын көтеру үшін негіз жасайды, бірақ әлеуметтік проблемаларды шешу үшін әлеуметтік үдерістерді мына бағыттар бойынша мемлекеттік реттеуді күшейту қажет:

Информация о работе Ұлттық экономиканың жаһандану жағдайындағы дамуы