Ұлттық экономиканың жаһандану жағдайындағы дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2011 в 16:33, реферат

Описание

Инновациялық экономиканы қалыптастыру. Экономиканы инновациялық жолға көшіру Қазақстанның ХХІ ғасырдағы дамуының баламасыз нұсқасы болып табылады. Елдің ұлттық мүдделері осыны талап етеді, әлемдік дамудың негізгі үдерістері осыны қуаттайды. Соңғы кездері мемлекет инновациялық қызметті дамыту үшін кең ауқымды шаралар қабылдауда.

Работа состоит из  1 файл

?лтты? экономиканы? жа?андану жа?дайында?ы дамуы.doc

— 92.50 Кб (Скачать документ)

1) табыстар  саласында ең төменгі әлеуметтік  кепілдіктерді қамтамасыз ету, олардың бастапқы негізі маңызды өмірлік игіліктер мен қызметтердің әлеуметтік қажетті деңгейін көрсететін ең төменгі тұтыну бюджеті болуы керек. Рыноктың дамуымен табыстардың жаңа түрлері ғана пайда болып қойған жоқ, халықтың тұтынушылық шығындарының құрылымдары өзгеруде. Азаматтардың төлемдерінің жаңа түрлері пайда болуда: жылжымайтын мүлік салығы, ипотекалық жүйе, міндетті сақтандырудың әртүрлі нышандары және т.б. Осының бәрі тұтыну бюджетін есептеудің жаңа құрылымына көшу қажеттігін алға тартады, оның үстіне байқалған экономикалық өсу жағдайында елдің осындай әлеуметтік ең төменгі деңгейді есептеуге көшуі үшін ресурстық мүмкіндіктері ұлғаюда.

Республика  Үкіметі мақұлдаған әлеуметтік реформаларды тереңдету жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламаға сәйкес 2006 жылдан бастап жаңа ең төменгі күнкөріс деңгейі енгізілді, ең төменгі тұтыну себеті азық-түлік тағамдарының көбірек ассортиментін қамтиды (20-ның орнына 43 түрлі атаулы).

            Жаңадан ең төменгі күнкөріс деңгейін енгізу маңызды материалдық игіліктер мен қызметерді тұтынудың ең төменгі шекті деңгейін неғұрлым нақты айқындауға мүмкіндік береді. Одан төмен болуы адамның қалыпты өмір сүруін қамтамасыз етпейді. Бұл өз кезегінде неғұрлым күшті әлеуметтік диспропорцияны анықтауға және халықтың неғұрлым әлсіз топтарын әлеуметтік қорғау шараларын талдап жасауға мүмкіндік береді. Алайда, ұзақ уақыттар бойы тек қана ең төменгі күнкөріс деңгейіне бағдар ұстануға болмайды. Ең төменгі тұтыну бюджетін жасау мен пайдалану объективті үдеріс болып табылады, бұл ең алдымен күнкөрістің ең төмен деңгейі базалық әлеуметтік норматив ретінде адамның тіршілік етуінің өзгеріп отырған әлеуметтік-экономикалық жағдайларына сай келуін көздейді.

2) салааралық  және салаішілік деңгейде, мемлекеттік және жекеменшік секторлар арасында, сондай-ақ кәсіпорын ішінде жұмыс күшін қайта қалпына келтіру үшін бірдей жағдайлар жасау (еңбекке ақы төлеудің ең төменгі мөлшері рөлін күшейту, еңбекке ақы төлеудің ең төменгі, орта және ең жоғары деңгейлері арасындағы арақатынасты реттеу, салық салу жүйесін жетілдіру және т.б.);

3) республикада  орта таптың қалыптасуы жөніндегі саясатты қалыптастыру мен жүзеге асыру. Осы мақсатта халықтың табыстарын түбегейлі көтерумен бірге жұмыс орындарын құру, шағын және орта бизнесті қолдау, білім беру технологияларын дамыту, жинақ ақшаның, меншіктің қорғалуына кепілдікті күшейту және т.б. жөніндегі шаралар қажет;

4) ауылдағы  еңбекпен қамтылу құрылымының индустриялық еңбектің үлесін ұлғайту жағына қарай оңтайландыру (ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу, тұрғын үй және жол құрылысы, әлеуметтік инфрақұрылым нысандары құрылысы, агросервис және т.б.);  

ІІІ. Өңірлік ала-құлалықты  еңсеру және артта  қалған аумақтар экономикасын көтеру

            Соңғы онжылдықтағы келеңсіз үдерістердің бірі – өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуы деңгейінің ала-құлалығы одан әрі ұлғаюы мен аумақтар тобының артта қалуының күшейе түсуі болып табылады. Қазақстанның артта қалған өңірлеріне экономикасы ұзақ уақыттар бойы тоқырау жағдайында тұрған, өнеркәсіп құрылымы аз әртараптандырылумен сипатталатын, инфрақұрылымы (өндірістік, нарықтық), әлеуметтік саласы нашар дамыған, ахуалы қолайлы емес аумақтар жатады. Мұндай аумақтардың болуы мен бұл проблеманың шешілмеуі жалпы Қазақстанның бүкіл экономикалық кеңістігінде тұрақты даму жолындағы басты тежеу болып табылады. Бұған себеп шаруашылық құрылымдарының әртүрлілігінде, өндірістік әлеуеттің ерекшелігі мен аумақ ресурстарында ғана емес, халықтың менталитетінде, өңірлердің нарыққа бейімделу деңгейінде, сондай-ақ дамуды мемлекеттік реттеудің бәсеңдеуінде жатыр (өңірлік экономикалық және әлеуметтік өтемақылардың көпшілігінің алынып тасталуы).

            Өңірлердің экономикалық және әлеуметтік артта қалуын еңсеру мына төмендегідей шарттарды орындауды көздейді:

– түрлі  өңірлердегі халықтың нақты табысы мен өмір сүру деңгейі бір-біріне қарайлас болуы керек;

– өңірлік  бюджеттер кіріспен қамтамасыз етілуі жағынан қарайлас деңгейде және өз шығыстарын қаржыландыру мүмкіндіктері бірдей шамада болуымен сипатталуы тиіс. Бұл проблеманы шешу үшін шетелдердің тәжірибесіне сүйеніп, басқаруды орталықсыздандыру саласында реформа жүргізген жөн. Сөйтіп мемлекеттің функцияларын жоғары деңгейден одан төменірек – өңірлік және жергілікті деңгейге беру қажет. Бұл үшін алдымен өңірлік және жергілікті деңгейлерде институттық алғышарттар жасау, қаржылық базаны, ұйымдық, кадрлық және басқару әлеуетін нығайту керек. Елдің барлық аумақтарының тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін түрлі шараларды қамтитын үйлесімді аумақтық бағдарламаларды талдап жасау қажет. Оларда жергілікті жерлерде әлеуметтік-экономикалық және экологиялық ахуалды жақсарту жөніндегі жаңа жобалар жөніндегі бастамалар, даму басымдылықтарының өзгеруі, жергілікті органдар қызметінің жаңа түрлерін енгізу, аумақтар дамуының ресми және ресми емес жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу көрініс табуы тиіс. Жалпы алғанда тұрақты дамудың аумақтық бағдарламалары мыналарды көздеуі қажет:

– еліміздің  өңірлерінде өмір сүру деңгейінің сапасын  сақтау мен көтеру жөніндегі шаралар жүргізу;

– аумақтардың  әлеуметтік-экономикалық дамуының шектен тыс ала-құлалығын еңсеру;

– экологиялық  апат өңірлерінде экологиялық дағдарыс жағдайын сауықтыру жоспарларын іске асыру.

            Мұндай бағдарламалардың табысқа жетуінің кепілі – оларды талдап жасау мен жүзеге асыру үдерісіне жұртшылықты мейлінше көптеп тарту болып табылады.

Информация о работе Ұлттық экономиканың жаһандану жағдайындағы дамуы