Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Декабря 2011 в 12:46, курсовая работа
Материалдық емес активтерді бағалау кезінде бастапқы құн принципі қолданылады. Яғни материалдық емес активтер, активтерді сатып алумен байланысты барлық шығындарды қосатын сатып алу құны бойынша бағаланады.
Сатып алу құны- бұл барлық төлемдер мен олардың нақты анықталғанына байланысты, алынған активтердің ағымдағы нарықтық құны. Материалдық емес активтерді есепке алу кезінде өте маңызды сұраққа материалдық емес активтерді пайдалану мерзімін анықтау жата
Материалдық емес активтер сипаттамасы
Материалдық емес активтерді бағалау,тану
Материалдық емес активтерге аммортизация есептеу
Материалдық емес активтерді түгендеу (инвентаризация)
Материалдық емес активтерді есептен шығару
Қорытынды
Бухгалтерлік
есеп пәнінен курстық
жұмыстың жоспары:
Жұмыс
темасы: «Материалдық
емес актив»
Қорытынды
Материалдық емес активтер сипаттамасы
Материалдық емес активтердің жіктелінуі мен бағалануы және есептелінуі
Материалдық емес активтер- белгілі бір нақтылы табиғи пішіні жоқ, ақша немесе зат түріндегі активтер қатарына жатпайтын, бірақ қандай да бір бағаға, құнға бағаланатын болғандықтан кәсіпорын өнім өндіруде, тауарларды сатуда, қызмет көрсетуде, негізгі құралдарды жалға беруде немесе әкімшілік қызмет барысында үнемі, яғни ұзақ уақыт бойы қосымша табыс әкеліп тұратын активтерді айтамыз.
Кәсіпорында
материалдық емес активтердің
Кәсіпорында
материалдық емес активтер
басқа заңды немесе жеке
тұлғалардан сатып алыну,
басқалардың субъсидия
Обьектілерді материалдық емес активтердің қатарына кіргізу тәртібі және олардың құрамы белгіленген заңдарға сәйкес тиісті нормативтік актілерде қарастырылған.
Материалдық емес активтер кәсіпорынның балансында бастапқы құны бойынша кіріске алынады. Бұл материалдық емес активтердің бастапқы құны былайша анықталады.
Бұл материалдық емес активтердің баланстық бағасын анықтаудың жалпы әдісі болып табылады. Бірақ кейбір материалдық емес активтердің бастапқы құнын анықтаудың ерекшеліктері бар. Бұған мысал ретінде соңғы уақыттарда акционерлік қоғамдар мен жекешелендірілген шаруашылық субъектілерінде және басқа да ұйымдарда қолданылып жүрген «Ноу-Хау» деген ұғымды келтіруге болады.
«Ноу-Хау» -шаруашылық қызметі яғни пайдалануы барысында субъектіге табыс беретін жаңа технологиялық шешімдер мен жаңалықтарды, құпия мәліметтерді, айрықша құқықтарды, яғни жеке тұлғаның өзі тапқан ғылыми және басқадай жаңалығын айтуға болады. Ноу-Хау патенттен өзгеше болады. Кәсіпорындар патентті сатып алады, сондықтан да ол үшін сатып алуға қаржы жұмсалғандықтан оның бастапқы құны болады. Көбіне Ноу-Хау ды кәсіпорынның үлес қосушылары мен құрылтайшылары өздерінің ұйымдағы жарғылық қорға қосқан үлесіне береді, оның бағасы яғни бастапқы құны оны кәсіпорынға кіріске алатын, яғни балансқа алатын уақыттағы екі жақты нақты келісім бойынша белгіленеді.
Материалдық емес активтердің тағы да бір түрі- Лицензиялық келісімдер. Ол белгілі бір заңды тұлғаның бір тауарды өндіру немесе сату құқын екінші бір заңды тұлғаға беруі болып табылады..
Материалдық емес активтердің Гудвилл деп аталатын түрін кейде «Фирма бағасы » деп те атайды. Гудвилл материалдық емес активтер шотында есептелініп және сонымен қатар ол бір кәсіпорын екінші бір кәсіпорынды толығымен, яғни түгелдей сатып алған кезде немесе екі кәсіпорын қосылған уақытта ғана пайда болады.
Патент- жеке адамның немесе топтың, сондай-ақ заңды тұлғаның ашқан, ойлап тапқан жаңалығын мемлекеттік тұрғыдан мойындап және ол жаңалықты ашқан адамға, топқа немесе заңды тұлғаға жаңалығын өз пайдасына қолдануына рұқсат беру туралы құжат. Кәсіпкер патентті алар кезін де патентік юаж төлеуі керек
Ұйымдастыру шығындарына-
Материалдық емес активтер өндірісте ұзақ мерзім бойына пайдалану үшін немесе тауарларды жұмыстарды, қызметтерді сатуға, әкімшілік мақсатқа және басқа субъектілерге жалға беруге арналған табиғи нысаны жоқ ақшалай емес активтер. Бұл активтерді анықтауға болады, олар субьектілер күшімен бақыланады және оларды пайдаланған субьект болашақта экономикалық олжа табады.
Материалдық емес активтерге: лицензиялық келісімдер компьютерлік бағдарлама мен қамтамасыз етулер, патенттер, авторлық құқықтар, тауар белгілері, қызмет ету белгілері, фирма атаулары, тәжірибелі конструкторлық жұмыстар және тағы да басқалар жатқызылады.
Бірлескен
немесе акционерлік кәсіпорындарды
құру кезінде пайда болған шығындар
ұйымдастыру шығынына жатады. Бұл
шығынға пайда болған кезеңнен
бастап, материалдық емес
активтер болып есептелінеді. Оған
кәсіпорын қызметінің бастапқы
кезеңіндегі шығындарымен кәсіпорынның
әрбір қатысушыны ұйымдастыру
шығындары кірмеуі тиіс.
Материалдық емес активтерді анықтауға болады: егер оларды жалға берсе, сатса, айырбастаса, болашақта алынатын экономикалық олжаға олардың тікелей қатынасы болса. Материалдық емес актив субьект бақылай алатын алатын болса, онда оның экономикалық олжа табуға мүмкіндігі ашылады. Материалдық емес активтер-нақты табиғи нысаны жоқ сезілмейтін құндылыққа ие болғанымен материалдық активтердің де материалдық емес активтердің де құрамында кездесуі мүмкін.
Кейбір материалдық емес активтер физикалы заттың құрамында болады, атап айтсақ: компьютер бағдарламамен қамтамасыз ететін дискетте, фильм лентасында, заңды құжаттау (лицензия, патент)-қағазда болады, бұған қарамастан материалдарда материалдық емес активтердің де есебінде көптеген ұқсастықтар бар, бірақ соңғының есебінде теңестіру не ұқсастықтарын өлшеу, пайдалы қызмет ету мерзімін бағалау сияқты аспектілері өте күрделі болып саналады.
Кейбір материалдық емес активтер фирманың бас қа да активтеріне жеке теңестірілуі мүмкін, мысалға патент, сауда маркасы сияқтылары, ал басқалары болса жеке теңестірілмеуі мүмкін. Олай болған жағдайда осындай материалдық емес активтер құны басқа да фирманың активтерімен тығыз байланыстырылады. Бұндай матеириалдық емес активтер қатарына гудвилл жатады, ол клиенттердің сеніміне немесе қызметкерлердің машықтық деңгейіне негізделеді.
Мысал: жоғары радиациялық зонада орналасқан формаццевтикалық «Феникс» кәсіпорны дәрі-дәрмек препаратын өндіретін фармацевтикалық «Бота» фирмасымен лицензиондық келісім жасасты делік. Ол радиациондық сәуленің әсерінен болатын ауркуларды емдеу үшін қажет.компанияның келешектегі экономикалық пайдасы жоғарыда аталған лицензиондық келісіммен де тікелей байланысты болады, егер де:
-сол жерде тұратын халықтың шығарылатын препаратқа деген сұранысы жоғары болса және онда жүргізілген әлеуметтік мәселелерге, сондай- ақ өндірілетін препараттың келешекте үлкен экономика лық пайда табуына толық сенімі болса;
- препарат өндіру үшін компания басшылығы келісімді пайдалануға ниет білдіріп, ал оның бизнес-жоспарында көрініс тапса;
-кредиторлардың жасасқан келісімі шартқа сай, қаржылық және тағы да басқалай қажет ресурстарды беруге ынтасы бар болса;
Субьект кейбір жағдайларда тиесілі заңды құжаттардың құқын рәсімдемей - ақ осы экономикалық ложамен басқа да кәсіпорнындардың шұғылдануына тыйым сала алады.
Материалдық
емес активтер шартты түрде
төрт топқа бөліп қарастырылады.
1. Өндіріспен байланысты материалдық емес активтер
Бұл топқа «Ноу-Хау», ЭЕМ мен мәліметтер базасын бағдарламалық жабдықтау, интегралды микросхемалар технологиясы, ұйымдастыру шығындары және тағы да басқа.
2.Коммерциялық қызметпен байланысты материалдық емес активтер. Бұл топқа тауар таңбалары, тауарлардың шыққан жері т.б жатады.
А) тауар таңбалары мен қызмет көрсету таңбалары- тауарларды тиесілі таңбалар бойынша айыра алатын белгісін айтамыз. Кәсіпкерлікті жүзеге асырушы заңды немесе жеке тұлға атына тіркелсе, тауардың таңбасы құққытық заңдарымен қорғалады. Таңбалар сөз түрінде, көркемсурет түрінде, көлемді немесе бәрінің комбинациясы түрінде болуы мүмкін: олар кез келген түсте немесе түстер үйлесіміндн тіркелу заңды немесе жеке тұлға тіркелген барлық тауарға не оның оның бір бөлігінде қатысты тауар таңбасын, оның иесінің келісім бойынша бере алады. Бұл әрекет лицензиялық келісім бойынша белгіленген тәртіпке сай істелінеді.
ә) тауардың шыққан жерінің атауы- тауарлады таңбалау үшін пайдаланатын елдің елді мекеннің, жердің немесе басқа да географиялық обьектілердің атын қоса және басқа да ерекшеліктеріне байланысты сипатталады.
Тауардың шыққан жерінің атауы географиялық обьектілердің тарихи атауы болуы мүмкін. Ол белгіленген тәртіп бойынша тіркеледі.
Нарықтық экономика жағдайында тауар таңбасы кәсіпорынның өте қымбат тұратын активі болып табылады себебі компания оны сата алады. Немесе жарғылық капиталға қосқан үлесі ретінде пайдалануға құқығын береді. Тауар таңбаларының нарық құнын анықтау үшін арнайы есептеулер жүргізу керек.
Тауарлық
таңбалар, қызмет көрсету
таңбалары, тауардың шығу
орындарының атауын қорғау
және ұйымдастыру қарым қатынастары
1993 жылы қаңтардың 18 күні
Қазақстан Республикасы Жоғары
Кеңесі қабылдаған «Тауарлық
таңбалар, қызмет көрсету таңбалары
мен тауарлар шығарылған
жерлердің атауы туралы» Қазақстан
Республикасы Заңымен реттеледі.
3.
Қолдану құқықтарымн
4. Материалдық емес активтердің басқа да түрлері. Бұл топқа «фирма бағасы (гудвилл ) , интеллектуалдық меншік немесе тағы да басқалар кіреді.
Егер де компанияның м үлкін сатып алынған күніндегі бағасы бойынша есептесек, оның нәтижесінде ондағы активтердің құны кем шықса, онда біз оны келеңсіз гудвилл ретінде танимыз да, оны кейінге қалдырылған болашақ кезеңнің табысы ретінде 611 шотта есепке аламыз.
Қазақстан Республикасында Материалдық емес активтерді есептен шығару мерзімі он жыл бірақ ол субьектінің қызмет ету мерзімінен асып кетпеуі тиіс.
Материалдық емес активтердің есебі
Бухгалтерлік септе материалдық емес активтердің анықтамасы негізгі құралдардың анықтамасына сәйкес келеді, яғни жай қызметтер үрдісінде сатуға арналмаған және ұзақ мерзімге пайдалану мақсатымен сатып алынады. Егер оларды пайдаланудан болашақта табыс алынады деген ықтималдық болса және егер оларды сенімді бағалауға болатын болса ғана олар танылады.