Материалды емес активтер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Декабря 2011 в 12:46, курсовая работа

Описание

Материалдық емес активтерді бағалау кезінде бастапқы құн принципі қолданылады. Яғни материалдық емес активтер, активтерді сатып алумен байланысты барлық шығындарды қосатын сатып алу құны бойынша бағаланады.
Сатып алу құны- бұл барлық төлемдер мен олардың нақты анықталғанына байланысты, алынған активтердің ағымдағы нарықтық құны. Материалдық емес активтерді есепке алу кезінде өте маңызды сұраққа материалдық емес активтерді пайдалану мерзімін анықтау жата

Содержание

Материалдық емес активтер сипаттамасы
Материалдық емес активтерді бағалау,тану
Материалдық емес активтерге аммортизация есептеу
Материалдық емес активтерді түгендеу (инвентаризация)
Материалдық емес активтерді есептен шығару
Қорытынды

Работа состоит из  1 файл

курсовой Материалдық емес активтер.doc

— 232.00 Кб (Скачать документ)
 

Беруге  негіздеме:

Бұйрық  (өкім) негізінде   «_____»_________________20ж.____№_____ 

 

Материалдық  емес  активтерді_______________________________

Қабылдадым:

          МП

             Өткізді :____________     ______    _______________________

                            (қызметі)            (қолы)      (қойылған  қолды анықтау)

 

            Бас бухгалтер:                 _______   ________________________

                                                      (қолы)      (қойылған  қолды  анықтау)

 

                           «______»___________________20_____ж.

 

   Материалдық  емес  активтерді  нақты  барлығы   мен  қозғалысын  есепке  алу  10  «Материалдық  емес  активтер» бөлімшесінің  шоттарында  жүргізіледі.  Осы  шоттардың   дебеті  бойынша  материалдық  емес  активтер  келіп  түскен  айдың  басы  мен   аяғындағы  қалдықтары   көрсетіледі де,   ал  кредиті  бойынша-  материалдық емес  активтердің есептен шығарылуы көрсетіледі. 10 «Материалдық  емес  активтер» бөлімшесінің   мүліктік  есеп  карточкасында   жүргізіледі. Материалдық емес  активтердің әрбір жеке   обьектісіне бухгалтерияда   мүліктік  карточка   ашылады.  Материалдық  емес  активтерді  есепке  алудың  мүліктік  карточкалары  «Материалдық  емес  активтерді  есепке  алу  тізімдемелерінде»  топтастырылады. Тізімдемелерде  материалдық  емес  активтердің  айдың   басы  мен  аяғындағы  қалдықтары,  бір  айдағы  қозғалысын   көрсетеді.

   Материалдық  емес  активтер  құны  нақты  шығынмен  де   үстеме  шығынмен  де  танылады.  Осы  шығындарды  есепке  алу  үшін  10 «Материалдық  емес  активтер»  шоттарының   бөлімшесінде,  жеке  «Материалдық  емес  активтерді  жасау   шығындары»   деп  аталатын  ішкі   субшоты    ашылуы  мүмкін.  Осы  аталған  субшотқа  мынадай  шығындар  енеді:

   - материалдық  емес   активтер  жасауға   қатысқан   еңбеккерлердің  еңбек   ақысы;

   - заң  бойынша  белгіленген   еңбек ақы  одан  жасалынатын   аударымдар;

   - материалдық  емес  активтер   жасау  кезінде  тұтынылатын   тауарлар  мен  заттар;

   -несие   үшін  төленетін  пайыздар

   -басқа   да  шығындар

   - үстеме шығындар;

   Сәйкес  кезеңге  дейінгі  орын  алған  барлық  шығындарға   821  шоты  дебеттеліп,  10 «Материалдық  емес  активтер»  бөлімше  шоттары  және  «Материалдық  емес  активтерін  жасауға  кеткен  шығындар»  субшоты  кредиттеледі. Субьектінің  өзі  жасаған  тауар  белгілері  материалдық  емес  активтер  ретінде  танылмайды,  өйткені  олардың  нақты  құны   анықталу  мүмкіндігі  бола    бермейді.  Жарнамаға кеткен  шығындар  есептік   кезеңнің  шығыстары болып есептелінеді   және  материалдық емес  активтер   алынаты құнына  енгізілмейді.   Яғни  мына   шығындар   материалдық емес  активтерге  қатысы  жоқ,  олар  тек  кезеңдік   шығындар  болып  саналады:

  • зерттеуге  кеткен  шығындар
  • өндірістік  немесе  жаңа  цехтардың  ашылуына  дейінгі  кеткен  шығындар;
  • кәсіпорынды  ашуға, заңды  құжаттарын  (жарлық,   құрылтай  құжаттары,  келісім-шарттар,  мөрін,  штампын  т.б)  әзірлеуге  кеткен   шығындар.
  • мамандарды  оқытуға  кеткен  шығындар;
  • жарнамаға  кеткен  шығындар;
  • жетілдіруге,  көшуге,  қайта  көшуге  кеткен  шығындар;
  • патенттерге  кеткен  шығындар (оның   әрекет   ету  мерзімі   1  жылдан  аспаса)
 

Материалдық емес активтерді тану

38   «Материалдық  емес  активтер»  ҚЕХС  (Қаржылық есеп  берудің   халықаралық  стандарттарына)  және  28  «Материалдық емес  активтер  есебі»  БЕС (бухгалтерлік  есеп  стандарттары) сәйкес  материалдық  емес  активтер әкімшілік  мақсатта  және  басты  субьектілерге  жалға  беруде,  өндірісте  және  тауарларды  (жұмысты,көрсетілген қызметті) өткізуде  ұзақ  уақыт бойы  (бір  жылдан  астам)  қолдануға  арналған, заттай  формасы  жоқ  үлестірілетін  ақшалай  емес  активтер, оларды:

  а)  анықтауға болады;

  ә)  субьект бақылайды

  б)қолданудан  субьекті болашақта  экономикалық  пайда  алуды  күтеді;

 Материалдық  емес  бап  материалдық  емес  актив  болып  саналады,егер:

  а)материалдық   актив анықтамаларына  сәйкес  келсе

  ә)белгі-өлшемдерге  сәйкес келеді және  мынадай  жағдайда  есепке  тіркеледі.

  • Субьектінің осы  активке  тікелей  байланысты   болашақта  күтілетін  экономикалық  пайда  алу  ықтималдығы   жоғары  болса;
  • Актив  құны  күмәнсіз  сеніммен  анықтауға болса;
  • Матеиалдық емес  активтерді  тану  сәтінде  олардың  бастапқы  құны  бойынша  бағаланғанында;

Материалдық  емес  активтердің  бастапқы  құны  оларды  сатып  алу  құнына  тең  болады,  бұған  оларды  алуға   кеткен   және   қолдануға  әзіпрлейтін  жағдайға  (сатып  алу  бағасы  орны  толып  өтелмейтін  салықтар   мен  алымдар  және  тағы  да  басқа  шығындар)  келтіруге  жұмсалған  шығындар  кіреді.

 Ұйымның   материалдық  емес  актив   обьектілерін  қабылдау-тапсыруды   құжатпен  рәсімдеу  үшін  материалдық   мес  актив  түрінің толық атауы,оның   ұйымға  берілген  ай-күні,  жылы, (ұйымда  жасалған  ай-күні,жылы),  обьектінің  сипаттамасы,  оның құны,  аммортизация  нормасы және  басқа да  қажетті мағлұматтар көрсетілуі  тиіс.

  Материалдық   емес  актив  обьектілерін  қабылдауды  рәсімдегенде  акт  материалды  емес  актив  обьектісінің  әрбір  обьектісіне  бір  данадан  жасалады. Материалды  емес  активтердің  бірнеше  біртектес  обьектілерін  қабылдауды  ресімдейтін  жалпы  акт  жасауы  мүмкін.  Акт  ресімделгеннен  кейін материалдық емес  актив обьектімсін немесе  оны қолдануды жүйелеп баяндайтын  құжаттама немесе  осы обьектіге қатысты ұйымның сондай  және  тағы  да  басқа мүліктік  құқықтарын  растайтын  құжаттар  тіркеліп,  ұйымның  бухгалтериясына  беріледі,  оған  бас  бухгалтер  қол  қояды  және  ұйым  басшысы  немесе  соған  уәкілетті  адам  бекітеді.Басқа  ұйымға  материалдық  емес  активтерді  бергенде  немесе  сатқан  уақытта  акт  екі  дана  болып  жасалады, тапсыратын  ұйым  және  материалдық емес  активтер  есебі карточкасында тиісті  жазба жасалады.

 Материалдық   емес  активтерді  мынандай  түрлерге  бөліп  жіктеуге  болады:

  • Лицензиялық келісімдер-  кәсіпорынға үкіметтік органдар  немесе  муниципиалитет  беретін және  қоғамдық  меншікті  монополиялық пайдалануға (электр  желілері  үшін  қоғамдық  жерді  пайдалануға  және т.б)  беретін  құқықтар
  • Бағдарламамен қамтамасыз ету,  ол әдетте  сатып алынады,  не  болмаса субьектінің өзі жасайды және  сыртқы  немесе  ішкі  мақсаттарға арналады.
  • Патенттер- заңды түрде танылған  және  тіркелген айрықша құқықтар. Патент  белгілі  бір  өнімді  шығаруға, не  болмаса  арнайы  ерекше  процесспен  технологияны  пайдалануға   эксклюзивтік  құқық  береді. Патенттік құқық сырттан басқа тұлғалар  араласпаған  кезде  патент  таратылатын  үрдісті  немесе  қызметті,  бұйымдарды  пайдалануға,  өндіруге,  сатуға  және  бақылауға  иесіне  мүмкіндік  береді. Өндіріс  дизайнын  тіркеу  өндірілетін  бұйым  түріне,  үлгісіне  немесе  моделіне  сәйкес келетін патентке  ұқсайды.  Өндіріс дизайнын  тіркеу  сыртқы  нысанды ана қорғаса патент  қызмет  көрсетуді қорғайды
  • Ұйымдастыру  шығындары  (қалдырылған шығындар) – субьект шеккен  шығындар, олардан тек болашақта ғана  нәтиже  алынады немесе шығындар  болашақ кезеңдерге  (ұйымның мекен-тұрақты ауыстыруына байланысты  шығындар,  ұзақ  мерзімді  алдын ала төлеу-бірнеше жыл бұрын аванс түрінде төленетін)  сақтандыру
  • Гудвилл-субьектінің жағымды сипаттамасына байланысты  сатып алушының  сауда сәтінде  пайда  болған  құндылығы. Ол  сатып  алушының  бухгалтерлік  балансында  сатылым (субьектінің  тұтастай  алғандағы  құны)  мен таза  активтердің жеке-жеке  нарықтық  құн сомасы  арасындағы  айырма  ретінде анықталады. Есеп  мақсаттары  үшін  гудвилл  фирманың  алған  нақты  бағасы  мен  таза  активтердің  сәйкес  теңестірілген  әділ нарықтық  бағасы  арасындағы  айырма  ретінде  қарастырылады. Таза  капитал: «капитал  минус  міндеттемелер»  болып анықталады.
  • Басқадай (авторлық  құқықтар-шығарма,әзірлеме  және  тағы  да  басқа  авторларға  заңмен  берілетін  қорғау  формалары, сауда  маркалары  немесе  тауарлық  белгілер- ұйымға, өнімге  (көрсетілген  қызметке)  берілген,  атаулар,  рәміздер  немесе  сәйкестендіруді  білдіретін  басқалары); франшизалар-мемлекеттік  меншікті  пайдалану  құқығына  ие  болу  немесе  коммуналдық  қызмет  көрсету  және  т.б  үшін  үкіметтік  органдар  береді.
 

Материалдық  емес  активтер  мыналар  нәтижесінде  алынуы  мүмкін:

  • Сатып  алулар
  • Жарғы  капиталына  салымдар- материлдық  емес  активтер  тараптардың шартпен белгіленген бағасы  бойынша есепте көрсетіледі:  1)жарияланған капитал сомасына; 2)жарғыда  көрсетілген, салынған  материалдық  емес  активтердің  келісім шарттық  құны;
  • Кәсіпорындардың  бірігуі  нәтижесінде  ие  болу- материалдық  емес  активтердің  бастапқы құны  өткізу  құны бойынша  мойындалады, егер  оны  күмәнсіз  сеніммен  бағалау  мүмкін  болмаса, онда актив  жеке  материалдық  емес  актив  болып  танылмайды,  алайда  гудвиллге  (фирманың  іскерлік  беделіне  бағасы)  енеді; өйткені  жақсы  іскерлік  бедел, қолайлы  мекен  тұрақ  бар, тауар  нарықта  жақсы  белгіленген  бағасы бар  және  т.б.

    Мысалы,  8 000  000  теңгеге ұйым  сатып алынды, активтің  өзіндік құны 6 000 000 теңге

          1.Активтің  нақты  құн  сомасы

687 «басқадай   кредиторлық  берешек» шот  дебеті

              441 Ағымдық  шоттағы  ақша»   шот  кредиті                  6 000 000

             2. Гудвилл  сомасына:

105 «Гудвилл»   шот  дебеті

              441 «Ағымдық  шоттағы  ақша                                       2 000 000

              3.Қосылған  кезде:

  Барлық  активтердің  дебеті

              687 «Басқадай  кредиторлық берешек»  шот  кредиті. 6 000 000

Материалдық   емес   активтердің  келу  есебінің сызбасы.

 

5010 «Жарияланған  капитал»         2710 «Материалдық емес активтер

 
 
 
 
 
 
 
 
Кәсіпорын  қатысушыларының  жарғылық  капиталға  салым  түрінде  материалдық   емес  активтердің  түсуі
 
 

3310 «Жеткізушілерге   қысқа  мерзімді

Кредиторлық берешек»

   
Материалдық  емес активтердің  сатып  алынуы
 
 

        6280 «Басқа  да  кірістер»

  Өндірісті к  белгідегі  материалдық  емес  активтердің  қайтарымсыз  алынуы
 
 
 
 

5010 «Жарияланған  капитал»         2710 «Материалдық емес активтер

 
 
 
 
 
 
 
 
Кәсіпорын  қатысушыларының  жарғылық  капиталға  салым  түрінде  материалдық   емес  активтердің  түсуі
 
 
 
 
 
 
 

3310 «Жеткізушілерге   қысқа  мерзімді

Кредиторлық берешек»

   
Материалдық  емес активтердің  сатып  алынуы
 
 

        6280 «Басқа  да  кірістер»

  Өндірісті к белгідегі материалдық емес  активтердің қайтарымсыз алынуы
 

Сатып  алынған  таза  активтердің  әділ  құны  фирманың  сатылым  бағасы мен  алынған  активтердің  әділетті  құн  арасындағы  есептелетін  теріс  айырма  болып  табылады  және  теріс  гудвилл  (бэдвил) деп  аталады. Кез  келген  теріс  гудвилл  фирма  алған  активтердің  құндылықтарын  азайту  үшін  пропорционалды  бөлінуге  тиіс. Мұндай  жағдайда  теріс  гудвиллді  болдырмау  үшін  материалдық  активтердің  құндылығын  азайту  қажет.

  • Мемлекеттік  жәрдем  ақша  (субсидиялар)  есебінен  шығындардың  нақты  сомасына (бағдарламамен  қамтамасыз  ету)
  • Айырбас-ұқсас  емес  активке  айырбастау  нәтижесінде  алынған  материалдық  емес  активтердің  бастапқы  құны  алынған  немесе  төленген  ақшалай  қаражат  сомасына  түзетілген, айырбасқа  алынған  активтің  өткізу құны  бойынша  мойындалып,  танылады.

             Тауарлық  белгі  алынды:

            а)келісімшарттық  құнға:

    106  «Басқадай  материалдық  емес  активтер» шот  дебеті

            671 «Төленуге  тиіс  шоттар»  шот  кредиті.                    100  000;

Информация о работе Материалды емес активтер