Мемлекеттік ұйымдардың ревизиясы мен бақылауы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2012 в 21:05, контрольная работа

Описание

Мемлекеттік ұйымдардағы банкілік операциялар алғашқы құжат пен екінші деңгейлі банкілердің көшірмелері бойынша қазынашылық органда (әрі қарай банк) әрбір ашылған шот тұтастай әдіспен тексеріледі.
Бақылау жүргізу үдерісінде зерттеу қажеттілері:
1. Қазақстан Республикасының «Бюджеттік жүйе туралы» Заңына сәйкес кредиторлық берешекті өтеу тәрітібін сақтау;
2. Екінші деңгейлі банкілерде ашылған бақылау объектілерінің есеп шоттарындағы операциялардың нақтылығы, заңдылығы, шоттардың ашылуы мен жабылуының дұрыстығы.

Работа состоит из  1 файл

МЕМЛЕКЕТТІК ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕВИЗИЯСЫ МЕН БАҚЫЛАУЫ.docx

— 81.11 Кб (Скачать документ)

МЕМЛЕКЕТТІК ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕВИЗИЯСЫ МЕН БАҚЫЛАУЫ 
 

Банкілік және есеп айырысу операцияларының ревизиясы 

   Мемлекеттік ұйымдардағы банкілік операциялар алғашқы құжат пен екінші деңгейлі банкілердің көшірмелері бойынша қазынашылық органда (әрі қарай банк) әрбір ашылған шот тұтастай әдіспен тексеріледі.

   Бақылау жүргізу үдерісінде зерттеу қажеттілері:

   1. Қазақстан Республикасының «Бюджеттік  жүйе туралы» Заңына сәйкес кредиторлық берешекті өтеу тәрітібін сақтау;

  1. Екінші деңгейлі банкілерде ашылған бақылау объектілерінің есеп шоттарындағы операциялардың нақтылығы, заңдылығы, шоттардың ашылуы мен жабылуының дұрыстығы.
  2. Банкілік көшірмелер бойынша мәліметтердің сәйкестілігі және бухгалтерлік есеп айырысу операцияларында бейнеленуі. Бұл жерде банкілік есеп шоттар көшірмелерінің түпнұсқалылығына және толықтығына көз жеткізу керек, оларда банкілік қызметкерлердің қолдары мен басқа да деректемелердің, мөртаңбалардың болуын тексеру.
  3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 25 шілде 2002 ж. №832 Қаулысына сәйкес, демеушілік және қайрымдылық көмектер бойынша, есепшот жоспарларын жүргізу бойынша, ақылы қызметтер бойынша есепшоттарды қалыптастыру тәртібін сақтаудың дұрыстығы.
  4. Мемлекеттік мекемелер қаржыларынан және демеушілік пен қайырымдылық көмектер есепшотынан, ақылы қызметтерді жүзеге асырудан алынатын қаржылардың ағымдағы есепшоттарына аударылымдар жағдайы жоқ екендігін.
  5. Негізделмеген аударылымдардың жоқ екендігін, тауарсыз акцепттің жіберілмегендігін, шотта «жолдағы ақша қаражаты» ақшаның тұрған жері белгісіз жетіспей жасырынуы жоқ екендігі.
  6. Басқа ұйымдарға көрсетілмеген қызмет, алынбаған материалдық құндылықтар және осы қаржылардың келесі тоқсан, жыл басында қайтарылуы үшін ақша қаражаттардьщ аударылуы болмағандығы.
  7. Кімнен және қандай көлемде тегін акша қаражаттарының келу фактілері бар ма және олар қалай қолданылғанын.
  8. Бюджет қаржыларын қойылмаған мақсатта пайдалану. Мұндай фактілерді анықтағанда білім механизмін жете жарықтандыру және кімнің кінәсі бар екенін көрсету керек (бақылау объектісінің лауазымды тұлғаларының төлем құжаттарын фальсификациялау, қазынашылық жұмысшыларының немқұрайлығы және т.б.).

   10. Бухгалтерлік есепте аудару операцияларының өз уақтылы көрсетілуі.

  1. Бас кітап және баланспен есептеу мәліметтері бойынша ақша қаражаттарының қалдықтарын теңестіру.
  2. Жабдықтаушылармен операция бойынша есеп мәліметінің банк көшірмесімен сәйкес келуі, бір смета арналымынан ақша қаражаттың апарылуы дұрыс емес және олардың басқа смета арналымына ақша қаражаттардың шығыстары мен жабдықтарын жабу мақсатында жағдайлар болмағанын.
  3. Жыл басында төлем кезеңі бойынша жоспарға қатысты бюджет ақшаларын қайта шығыстау фактілерінің бар болуы.
  4. Есептеме жағдайына ревизия жүргізгенде, есеп айырысу тәртібінің сақталуын, кредиторлық және дебиторлық борышпен байланысты операциялардың нақтылығы мен негізделуі дебиторлық борыштың дұрыс жазылуы және өткен жылдардағы кредиторлық борышын дұрыс өтелуін анықтау қажет.
  5. Есеп айырысу ревизиясы аналитикалық есеп мәліметтері және есеп балансы мен алғашқы құжаттар, мекеменің экономикалық жіктелім ерекшелігі бойынша жүргізілуі қажет.

   Контрагенттермен  есеп айырысу ревизиясында тексеру қажет:

1)бухгалтерлік есепте дебиторлық және кредиторлық міндеттемелер нақты қалдықтары теңестіріліп көрсетілуі;

  1. кредиторлық және дебиторлық міндеттемелердің пайда болу мерзімі мен себебі;
  2. бұрынғы мерзімі біткен кредиторлық және дебиторлық міндеттемелер сомасы;
  3. тауарлы-материалды құңдылықтардың ұрлау және жетіспеушілігі туралы іс бойынша сомалары;
  4. дебиторлық берешектің сальдо жолымен кредиторлық берешекпен жабылуы баланстың басқа шоттарына аударылуы, негізделмеген шығарулар және т.б. жіберулер жоқ па;

6)дебиторлар  кредиторлармен өзара есеп айырысу салыстырулары жүреді ме және олардың өтелуі бойынша алынған қарыз сомалары, шаралар туралы растаулардың бар болуы;

7)дебиторлық  берешекті қайтару бойынша наразылық-қуыным жұмыстарын жүргізу;

8)кінәлі тұлғаларға жетіспеушіліктер, шығындар және ақша қаражаттарын ұрлау толығымен жатқызыла ма? Қандай да себеппен кінәлі тұлғаларға анықталған ұрлау бойынша шығындар және кемшіліктер шотына жатқызылмауы;

9)кемшіліктер  нәтижесінде болған шығындар жазуларының ұрлануы мен құндылықтарды заласыздандыру, осындай сомаларды өтеу үшін алынған шараларды негіздеу;

10)аванс беруде ережелері белгіленген тағайындау бойынша есептеме сомаларын пайдалану сақтала ма;

11)жүйелі  және әкімшілік-шаруашылық шығындарға аванс алу құқығы бар бекітілген тұлғалар тізбесінің болуы және тұлғаларға аванс беруді орындау;

12)тұрақты  жалдау, жол жүру құны және т.б. бойынша іс-сапар шығындарының дұрыс қайтарылуы.

  1. Қаржылардың дұрыс шығындалуы және ғимараттар мен қоршауларға толық және ағымдағы жөндеу үшін материалдардың жіберілуі.
  2. Коммуналдық қызмет көрсету телемі үшін белгіленген норма мен тарифтерді сақтау, сапасымен байланысты емес (жабдықтау мерзімі, аванстау, алдын ала төлеу және оның орындалмауы және т.б.), конкурстық құжаттармен себептелген, қосымша критерий есебінен қызмет көрсетуді, қымбат тауарларды иемдену фактілерінің болуы.
  3. Орталық атқарушы органдардың және оның мемлекеттік мекемелерінің тауарды (жұмыс, қызмет көрсетуді) қарызға немесе бөлінген лимиттер, смета арналымынан жоғары көлемде берілген жағдайлар болды ма?
  4. Олардың жарғылық капиталын құруға, демеушілік көмек пен жарнамалық қызмет көрсетуге қаражаттар есептеледі ме?
  5. Тауарлармен жабдықтау, жұмыс және қызмет көрсету келісімшарттарының орындалуы, келісімшарттары бұзылған жағдайда шаралар қолдануды сақтау.

   Тексеруге жоғары органдармен өзара есеп айырысу сұрақтары да жатады.

   21. Алынған және аударылған қаржылардың  арналымы мен түрі бойынша дұрыс апарылуы.

   Бюджеттік мекемелерде есеп айырысу операцияларына бақылау жүргізгенде 1999 ж. 7 қыркүйектегі №484 «ҚР мемлекеттік бюджеттің кассалық орындалуы бойынша нұсқауды бекіту туралы» ҚР қаржы Министрлігінің қаулысы басшылыққа алынуы қажет қолдануы тиіс, және бюджеттік ақшалар есебінен мемлекеттік мекемелердің келісетін азаматтық - құқық келісім төлемдері және тіркеу жүргізуінің дұрыстығына назар аудару керек және олардың аумақтық қазынашылық органдарының есебі мен келісімді тіркейтін келесідей шарттарды сақтау:

1)келісім,  аумақтық қазыналық органдарда тіркеуден өткен кезден бастап күшіне еңді және тараптарға міндетті болады. Аумақтық қазыналық органдардың келісімді тіркегенде, мемлекеттік мекеменің келісім сомасы оның жылдық (бюджеттік) арналымы немесе оған бюджеттік ақшалармен бөлінген лимит сомасына сәйкестікті тексеру жүргізіледі;

2)бір мезгілде келісіммен мемлекеттік мекеме аумақтық-қазынашылық органдарына келісімді тіркеуге өтініш береді.

3)өтінішті  бекіткенде, келісімді тіркеу міндеттемесіне  нөмір беріледі, ол он белгіден тұрады, бірінші үш белгісі — бюджет бағдарламасының әкімшілігінің коды, екінші төрт белгісі - мемлекеттік мекеменің ведомство астындағылардың коды, қалған үш белгісі — міндеттемелер нөмірі болып табылады. Келісім бірнеше шығындар арналымымен жасалады және сонша міндеттемелер қабылданады, мұндайда әр қайсысына жеке ретімен нөмір беріледі.

4)келісім  бұзылған жағдайда, келісім бағасының немесе оның деректемелері жақтарының, басқа келісімшарттары өзгергенде мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық органда қайта тіркелуі тиіс. Осымен байланысты мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық органдарына келісімге өзгерту енгізу туралы өтініш береді;

5) мемлекеттік  бюджет қаржыларының есебінен тауарды (жұмыс, қызмет керсету) иемдену азаматтық -құқықтық келісімшарты жасалғанда, аумақтық қазынашылық   органдардың   тіркелмеген,   мемлекеттік бюджет қаржыларының есебінен жасалған мемлекеттік мекемелердің келісімшарттары, ҚР Азаматтық кодексінің 155 бабының 1 тармағына сәйкес бюджеттік ассигнациямен қамтамасыз етілмейтінін және жасалмаған болып саналатынын ескеру қажет. Мемлекеттік мекемелермен белгіленген жоспар көлемінен және бөлінген лимиттен жоғары алынған тауар (жұмыс, қызмет көрсету) мемлекеттік бюджет қаражатының есебінен төленуге жатпайды. Қойылған тәртіпте қаржыландыру жоспардан жоғары алынған тауар үшін жауапкершілікке мемлекеттік мекемелердің лауазымды тұлғалары тартылады (ҚР Қаржы министрлігінің 2002 ж. 19 ақпандағы № 71 өзгертулер енгізілген Қаулысы).

   22. Бұрын тексерілген материалдар бойынша бұзушылықтарды жою. 

Мемлекеттік мекемелердегі кассаға  және кассалық операцияларға  ревизия 

   Мемлекеттік мекемелерде кассаларға және кассалық операцияларға ревизия жүргізуде, 25.04.2000 ж. №195 ҚР Қаржы министрлігінің қаулысымен бекітілген мемлекеттік мекемелерде кассалық операция жүргізу Ережелерімен, ҚР республикалық және жергілікті бюджет есебінен төленетін, 1998 ж. 23 шілдеде №335 ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық Департаменті Директоры Қаулысымен бекіткен, ұйымдардағы активтерге инвестиция жүргізу тәртібі, материалдық қор, ақша, есеп айырысу және басқа да баланс баптары туралы нұсқаумен және 1998 ж. 27 каңтарындағы №30 ҚР Қаржы Министрлігінің Қазынашылық Департаменті бекіткен Қаулысы, мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп бойынша нұсқаулар қолданылуы тиіс.

   Кассаны түгендеу кезінде кенеттілік міндетті шарт болып табылады. Кассаны түгендеу ереже бойынша бақылаудың басында өтеді. Ревизордың көзқарасы бойынша бақылауды өткізу кезеңінде кассаны түгендеу қайталанып жүргізілуі мүмкін.

   Мемлекеттік мекемелерде кассаны және кассалық операцияларды тексеру мына тәртіппен жүргізілуі мүмкін:

  1. Түгендеу басталар алдында кассир кіріс және шығыс ордерлерінен тұратын, ағымдағы күнге операциялар туралы есептілік құрастырады.
  2. Кассаны түгендеу кезінде кассада бар нақты ақша - қаражаттары мен т.б. құндылықтар тексеріледі. Ақшалардың барлығы қолдағы барлық ақшаларды толық қағаз бойынша санау жолымен тексеріледі, бұл кезде, ешқандай құжат немесе қолхат кассаның қалдығына кіргізілмейді. Бір уақытта тексеруге кассада сақталған ақшалай құжаттар мен құндылықтар және қатаң түрде есептіліктің бланкілері тексеріске ұшырайды. Нақты барлық ақшалай құжаттардың тексерісі кезінде (пошталық маркалар, май және жанар май үшін төленген талондар, демалыс үйлеріне төленген жолдамалар, пошталық аударым үшін алынған хат және т.б.) осы құжаттардың сомасы, олардың түпнұсқасы және олардың дұрыс толтырылуы тексеріледі. Қатаң түрдегі есептіліктің бланкілері түрлері, нөмірлері және сериялары бойынша тексеріледі.
  3. Кассаны түгендеу Қазақстан Республикасының республикалық және жергілікті бюджет есебінен құралған ұйымдардағы активтерді, материалдық қорларды, ақшаларды, есептеулерді және т.б. баланстың баптарын түгендеуді жүргізу туралы Нұсқаумен бекітілген, бөлек актімен ресімделеді.
  4. Ақша - қаражаттарының жетіспеушілігі - шығыс кассалық ордерде немесе оның орнын ауыстыратын басқа құжаттарда ақша алушының қолхатымен расталмай кассадан ақшаны беру.

   Ақша  қаражаттарының артықшылығы - кіріс касса ордерімен анықталмаған қолдағы ақшалар.

   Кассада ақша немесе басқа құндылықтардың жетіспеушілігі немесе артықшылығы айқындалған кезде қолда бар ақшаларды түгендеу актісінің екінші жағы толтырылады. Кассаның артықшылығы бюджетке сәйкес табыс ретінде түседі.

   5. Кассалық операциялардың бақылауын жүргізген кезде мынадай сұрақтарды тексеру қажет:

а) материалдық  жауапкершілік туралы кассирмен жазбаша түрде келісімшарт бар ма және ол мемлекеттік ұйымдарда кассалық операцияларды жүргізу туралы тәртіптерімен таныс па;

Информация о работе Мемлекеттік ұйымдардың ревизиясы мен бақылауы