Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2012 в 21:05, контрольная работа
Мемлекеттік ұйымдардағы банкілік операциялар алғашқы құжат пен екінші деңгейлі банкілердің көшірмелері бойынша қазынашылық органда (әрі қарай банк) әрбір ашылған шот тұтастай әдіспен тексеріледі.
Бақылау жүргізу үдерісінде зерттеу қажеттілері:
1. Қазақстан Республикасының «Бюджеттік жүйе туралы» Заңына сәйкес кредиторлық берешекті өтеу тәрітібін сақтау;
2. Екінші деңгейлі банкілерде ашылған бақылау объектілерінің есеп шоттарындағы операциялардың нақтылығы, заңдылығы, шоттардың ашылуы мен жабылуының дұрыстығы.
Мемлекеттік
мекемелердегі қаржыландыру
жоспарын құрастыруға
бақылау
Мемлекеттік ұйымдарды қаржыландыру жөніндегі жоспардың бекітілуін және құрылуын бақылау кезінде 30.04.2003 ж. №75 «Бюджеттік бағдарламаларды басқарушылардың бюджеттік өтініштерді құрудың Ережелерінің бекітілуі туралы» бұйрығымен республикалық және жергілікті бюджетпен қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдардың шығындар сметасын құрудың және бекітілуінің орнатылған Ережелерінің талаптарына сәйкестігін тексеру қажет.
Қаржыландыру жөніндегі жоспарды құрудың дұрыстығын тексеру мына сұрақтарды кіргізеді:
І.Еңбекақыны төлеу туралы заңдылықтарының сақталуын бақылау, оның ішінде:
а) еңбек ақының төленуін және есептелуін тексеру:
— қосымша төлемдер, үстемақы мен өтемақы төлеуін;
ә) 120 жігі бойынша «Жұмыс берушілердің жарнасы» шотына:
б)130 жігі бойынша «Тауарларды сатып алу» шотына:
в) 140 қосымша жігі «Қызмет көрсетулер мен жұмыс» шотында:
д) 400 қосымша жігі «Капиталдық шығындар» шотына - берілген жұмыстарды өндіруде нақты қажеттіліктен жоспарлау шығады, ол өзіне келесілерді кіргізеді;
— бюджеттік бағдарламалардың төлқұжаттардағы есебі.
2. Қаржыландыру
жоспарын талдау кезінде
— қабылданған, бірақ әлі орындалмаған міндеттер болуын,
3. Материалдар
бойынша алдыңғы бақылаудың бұзушылықтарын
жою.
Бюджеттік
бағдарламалардың орындауы
тиімділігіне бақылау
Тиімділікке бақылау жүргізген кезде 6.12.2001 ж. «Бюджеттік бағдарлама туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен, 29. 05. 2002 ж. №592 «Республикалық және жергілікті бюджеттердің жобаларын жасау тәртіптерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметтінің Қаулысымен, бюджеттік бағдарламалардың Төлқұжаттарын республикалық бюджеттік бағдарламалардың басқарушылармен бекіту туралы және жергілікті атқарушы органдардың шешімімен бюджеттік бағдарламалардың Төлқұжаттарын бюджеттік бағдарламалардың басқарушысымен бекіту туралы ҚР Үкіметінің Қаулысымен, 30 сәуір 2003 ж. №75 « Бюджеттік бағдарламаларды басқарушылардың бюджеттік хабарламаларды құру тәртіптерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы экономика және бюджеттік жоспарлау бұйрығын қолдану қажет.
Бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалау келесілердің негізінде жасалады:
— қызмет көрсетулердің, жұмыстардың орындалуын және т.б. куәландыратын құжаттардың;
— т.б. құжаттардың (таңдалған критерийлердің көрсеткіштерін көрсететін).
Бақылау кезінде бюджеттік бағдарламалардың алдына қойылған шаралар мен мақсатқа жету қалай жүзеге асатындығын көрсету қажет (көрсетілген қызметтердің сапасы, олардың сапасымен тұрғындардың қанағатталуы, мақсатқа жетудің ең үнемді әдісін таңдау, бюджеттік қаражаттарды үнемдеу немесе артығымен жұмсау, бағдарламаның сандық көрсеткіштері).
Бағдарламаларды орындау критерийлері келесі түрлерге бөлінеді:
а) бағдарламаның сандық қорытындысы - бұл қандай тауарлар және қанша тауар жекізілетіні жөніндегі көрсеткіштер. Бюджеттік бағдарламаларды бағалау үшін жалпы көрсеткіштермен жай көрсеткіштердің байланысын көрсету қажет. Мысалы, «Туберкулез» бағдарламасы сандық критерий - емделген аурулар санын олардың жалпы санымен салыстырғанда, жату орындарының саны мен олардың толтырылуы және т.б.
ә) сапа критерийі бекітілген талаптарға жауап беретін көрсетілген қызметтердің бөлігі сияқты факторларды кіргізеді. Сапа критерийі алынған қорытынды қалай бағаланатынын көрсетеді. Мысалы, қызмет көрсету, қабылдайтын адамның қанағаттануы, орындалған жұмыс сапасы, қателер, бұзушылықтар, клиенттердің арыздарының саны және т.б. Егер бұл бағдарлама сапалары критерийлердің түрлерімен өлшенетін әр түрлі жұмыстарды қарастырса, критерийлерді жұмыстардың түрлері бойынша келтіру қажет.
Мысалы, «Қайта ұйымдастыру және банкроттық процедурасын жүргізу» бағдарламасы. Сапа критерийлері - процедураны жүргізген кезде заңдылықты сақтау деңгейі, өзінің міндеттерінің, қайта ұйымдастыруға және банкроттыққа жататын ұйымның орындауларының пайыздық мөлшері, жалпы жоспарланған көлемде ұйымдардың қайта ұйымдастыруға және банкроттыққа ұшыраған бөлігі;
б) бағдарламаны орындаудағы қаржылық тиімділік критерийлері - көрсетілген қызметтердің, орындалған жұмыстардың бір бірлігіне келетін шығындар көлемімен өлшеу. Қаржылық тиімділік критерийі аз шығындармен қаншалықты үнемді бағдарлама орындалатыны анықталуы қажет. Бағдарламаны орындауының тиімділік критерийі бағдарламаның сандық ресурстармен және оларды өндіруге қажетті ресурстар көлемінің арасындағы байланысты орнатады. Әдетте, олар индекс, қатынас, бірліктің бағасы немесе салыстырудың т.б. формаларында келтіріледі. Мысалы, «Мамандарды орта арнайы оқу орындарында дайындау» бағдарламасы. Бағдарламаны орындаудың қаржылық тиімділігі: бір оқушыны орташа оқыту бағасы;
в) мезгіл критерийі. Берілген критерий бағдарламадан қандай уақыт аралығында болған және болатын қорытындының немесе қандай да бір қызмет көрсетулердің немесе орындалған жұмыстардың орташа ұзақтығы қандай екенін анықтайды. Егер бағдарлама бірнеше түрлі жұмыстарды мезгілдік көрсеткіштерінің түрлерімен бірге қарастырса, онда барлық критерийлерді жұмыстардың түрлері бойынша келтіру қажет.
Мезгілдік
критерийлерді қолдануға
1-мысалы, «Инфекцияны алдын - ала емдеу және онымен күресу» бағдарламасы. Мезгілдік критерийі: санитарлық өңдеудің орташа ұзақтығы, бөлек аймақтарда санитарлық эпидемиологиялық жұмыстардың өткізілуін күтудің орташа ұзақтығы.
Осы кезде мезгілдік критерийді барлық бағдарламаларға анықтаудың қажеті жоқ;
г) нәтижелілік критерийі. Нәтижелілік критерийі - бұл бағдарлама қандай деңгейде қойылған мақсаттар мен міндеттерге жетуді көрсететін көрсеткіштер. Кейбір бағдарламалар олар жүзеге аспас бұрын бірнеше жыл қажет етеді. Осымен байланысты бұл критерий бағдарламаның жүзеге асу жылы бойынша анықталуы қажет.
2-мысал, «Жоғары оку орнында мамандарды дайындау бағдарламасы.
Нәтижелілік критерийі: мемлекеттік ұйымдарды белгілі бір мамандық бойынша жоғары кәсіби мамандармен қамтамасыз ету, ұлттық экономиканың қажеттілігін қамтамасыз ету үшін белгілі бір бағыттар бойынша мамандардың санын көбейту.
3-мысал, «Көшелердің құрылысы» бағдарламасы».
Нәтижелілік критерийі: елді мекендер арасында автокөліктердің өтуін көбейту, автокөліктер ағынын жаңа жолға көшіруге байланысты басқа жолдардың автокөліктермен басым болу деңгейі.
Бағдарламаларды орындау критерийлерін анықтау кезінде келесідей талаптарды сақтаған жөн:
1) орындау критерийлері бағдарламасының мақсаты мен міндетіне бағытталуы керек;
Информация о работе Мемлекеттік ұйымдардың ревизиясы мен бақылауы