Мемлекеттік мекемеде бухгалтерлік есеп

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2013 в 17:12, реферат

Описание

Қазіргі таңда, яғни нарықтық экономикаға түбегейлі көшу кезеңінде мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті ұйымдастыру қай кездегіден болмасын күрделі, ауқымды болып отыр. Өйткені қазіргі қоғамдық дамудың жаңа кезеңінде өндіріс құрал-жабдықтарының мемлекеттік меншіктен ұжымдық және жеке меншіктерге ауысуы кең етек алуда.

Работа состоит из  1 файл

мемлекеттік мекемедегі бухгалтерлік есеп.docx

— 26.50 Кб (Скачать документ)

1. Мемлекеттік  мекемелерде бухгалтерлік есепті  ұйымдастыру

       Қазіргі таңда, яғни нарықтық экономикаға түбегейлі көшу кезеңінде мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті ұйымдастыру қай кездегіден болмасын күрделі, ауқымды болып отыр. Өйткені қазіргі қоғамдық дамудың жаңа кезеңінде өндіріс құрал-жабдықтарының мемлекеттік меншіктен ұжымдық және жеке меншіктерге ауысуы кең етек алуда. Осыған қазіргі кезде мемлекет, субъекті және жеке тұлғалар арасындағы экономикалық және қоғамдық қарым-қатынастар саясаты жаңа сипат алып отыр. Бұл бойынша еліміздегі халық шаруашылығының қай саласындығы субъектілер болмасын олардың өндірістік және қаржылық іс-әрекеті өз шығындарын өзі өтеу, өзін-өзі қаржыландыру принциптеріне негізделуі тиіс. Бүгінгі таңда жүзеге асырылып жатқан реформалар мен істеліп жатқан жұмыстардың, кәсіпкерлік қызметтің мемлекет тарапында және экономика өмірінде ақаратын ролінің ұшан-теңіз екендігі дәлелдеуді қажет етпейді. Қазіргі өмірдің талабына сай дамып тұрған өркениетті елдердің қайсысы болмасын мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды дамыта отырып, айтарлықтай экономикалық өсу дәрежесіне жеткендігі баршаға мәлім.

       Мемлекеттiк мекеме мемлекеттiк тiркелген сәтiнен бастап ол құрылды деп есептеледi және заңды тұлға құқығына ие болады. Мемлекеттiк мекеменiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерiмi, банкте шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы бейнеленген мөрi, бланкiлерi мен мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде атауы жазылған белгiленген үлгiдегi мөртабандары болады. Мемлекеттiк мекеме басқа заңды тұлға құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды. Мемлекеттiк мекеме өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өзiнiң иелiгiндегi ақшамен жауап бередi. Мемлекеттiк мекемеде ақша жеткiлiксiз болған кезде оның мiндеттемелерi бойынша Қазақстан Республикасы субсидиарлық жауапты болады. Мемлекеттiк мекеме жасайтын азаматтық-құқықтық мәмiлелер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде мiндеттi тiркелгенiнен кейiн олар күшiне енедi.

       Сонымен бүгінде Қазақстан дамыған елдердің қолданып жүрген халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына, заңдарын және икемді салық жүйесін толық пайдалануға талпыныс жасауда. Демек, нарықтық қатынастарға, барлық меншік түрін дамытуға және шаруашылықты жүргізудің экономикалық әдістері мен тәсілдерін таңдауға шаруашылықты басқарудың тиімді механизмін (тетігін) жасауға біртіндеп қолайлы жағдай туып келеді. Сонымен қатар, аталған құбылыстар бухгалтерлік есепке де, талдау жүйесіне де жаңаша талаптар қойып отыр.Нарықтық экономика жағдайында, болатын қатал бәсекелестік күресте, табыс пен кәсіпорынды, мемлекеттік мекемені сақтап қалудың басты факторы болып, кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен қаржылық нәтижесі саналады, ол үшін осы аталған жағдың мәні туралы дер сенімді ақпарат қажет. Тап осындай ақпараттың басы көпшілігі бухгалтерлік есептің еншісіне тиетіндігіне дау жоқ. Сондықтан да, бухгалтерлік есепті, кейде мемлекеттік қаржылық тілі деп те атайды. Бұл арада қажет ақпараттармен қамтамасыз ету, көп жағдайда, бухгалтерия қызметкерлеріне жүктелетіндігі белгілі. Сонымен қоса, олар есепті оңайлатуға, салық жүйесінің талаптарын орындауға, нормативтік актілерді қатаң сақтауға, басшыға мәліметтердің дәл және анық болуына жауапты болып келеді.

       Бухгалтерлік есеп — заңды тұлғалардың қорлары мен қор көздерін және қаржы айналысын, шаруашылық операцияларының мазмұнын нақты құжаттар негізінде үздіксіз және өзара байланысын сақтай отырып, арнайы өлшеу бірлігімен тіркеп отыру. Бухгалтерлік есеп жүргізу құжаттау мен түгелдеу, есепшоттар мен екіжақты жазу, бағалау мен өзіндік құнын шығару, баланс пен қорытынды есеп әдістеріне негізделген. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, Қаржы бақылау комитетінің аумақтық бөлімшілері, қолма-қол ақша мен құндылықтардың сақталуының қамтамасыз етілуіне, есеп айырысуда қолма-қол ақшаның шекті пайдаланылу мөлшелерінің сақталуына, республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінген қолма-қол ақшаның, сондай-ақ ақылы қызмет көрсетулерді сатудан, демеушілік және қайырымдылық көмек, депозиттік сома түрінде түскен ақшаның мақсатты пайдаланылуына ерекше назар аудара отырып, мемлекеттік мекемелердің қаржы-шаруашылық қызметіне тексеріспен тексеру жүргізіледі.

    Мемлекеттік мекеменің басшысы бухгалтерлік есепті дұрыс жүргізу үшін жағдайлар жасайды, есепке қатысы бар мемлекеттік мекемелердің барлық бөлімшелерінің және қызметкерлерінің құжаттар мен мәліметтерді есепке алу үшін рәсімдеу мен ұсынудың тәртібіне қатысты талаптардың мүлтіксіз орындауын қамтамасыз етеді. Бухгалтерлік қызметтердің басшылары өз жұмыстарында Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді және бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті қалыптастыру басқармалары (бөлімдері) туралы ережелерді басшылыққа алады. Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік қызметтер мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілігі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуын, қаржыландыру жоспарының орындалу барысын, ұйымдармен, мемлекеттік мекемелермен және тұлғалармен есеп айырысудың жағдайын, ақша қаражаты мен материалдық құндылықтардың сақталуын бақылау үшін толық және нақты ақпаратпен мемлекеттік мекемелерді қамтамасыз етуі тиіс.  

 





 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қателердi түзеткен жағдайда, түзету күнiн көрсете отырып, бюджеттiк  есептiлiкке қол қойған тұлғаның растауымен тиiстi жазбалар жасалады.  
Есептердiң нысандары онда көзделген көрсеткiштерге толықтай сәйкестендiрiлiп толтырылады. Бекiтiлген есеп нысандарында көрсеткiштердi және олардың кодтарын өзгертуiне немесе оларға қосымша көрсеткiштер енгiзуге болмайды.  
      Ағымдағы есептi кезеңге, сонымен бiрге өткен кезеңге жататын (оларды бекiткеннен кейiн) есептiлiк деректерiнiң өзгеруi деректердiң алшақтығы байқалған кезеңде жасалған бюджеттiк есептiлiкте жүргiзiледi.  
Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелердiң бюджеттiк есептiлiгiне өзгерiстер енгiзген жағдайда, республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi бюджеттiк есептiлiгiне өзгерiстер енгiзiлген ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелерге басшы мен бас бухгалтердiң қолдарымен өзгерiстер енгiзу себептерiн көрсете отырып, енгiзiлген өзгерiстер туралы жазбаша хабарлама жiбередi.  
      Мемлекеттiк мекеме республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң енгiзген өзгерiстерiне сәйкес өз бюджеттiк есептiлiгiнiң данасына республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң жазбаша хабарламасын алған сәттен бастап 10 күн iшiнде өзгерiстер енгiзедi.  
      Мемлекеттiк мекеменiң бюджеттiк есептiлiгiне түзетулер осы Ереженiң 3-тармағымен белгiленген түзетулер енгiзу тәртiбiн мiндеттi түрде сақтай отырып, ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер есептi қарау нәтижелерi бойынша республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң жазбаша хабарламасы негiзiнде ғана енгiзiледi.  
      Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң жиынтық есебiне өзгерiстер енгiзген жағдайда, бюджеттiк есептiлiкке соңғы түзетулер ұқсас тәртiппен енгiзiлуi керек.  
      Бюджеттiк есептiлiкке түзетулер енгiзген республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi және мемлекеттiк мекемелер өздерi бұрын Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылайтын есеп комитетiне берген есептiң данасына тиiстi өзгерiстердi енгiзуi қажет.  
Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелердiң бюджеттiк есептiлiгiне өзгерiстер енгiзген жағдайда, жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi бюджеттiк есептiлiгiне өзгерiстер енгiзiлген ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелерге өзгерiстер енгiзу себебi көрсетiлiп, басшы мен бас бухгалтердiң қолы қойылып енгiзiлген өзгерiстер туралы жазбаша хабарламаны жiбередi.  Мемлекеттiк мекеме жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың   әкiмшiлерi енгiзген   өзгерiстерге  сәйкес өзiндегi есептiң данасына өзгерiстер енгiзедi.  
      Бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң жиынтық есебiне өзгерiстер енгiзген жағдайда, бюджеттiк есептiлiкке соңғы түзетулер ұқсас тәртiппен енгiзiлуi керек.

Нысандардың мекен-жай бөлiгi мынадай тәртiпте толтырылады:  
      "Орналасқан орны" деректемесi - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң 2002 жылғы 22 ақпандағы N 279 бұйрығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының облыстары мен аудандары кодтарының анықтамалығына сәйкес мемлекеттiк мекеменiң орналасқан орны көрсетiледi;  
      "Функциялық топ" деректемесi - Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасы бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасынан функционалдық тобының атауы мен коды;  
      "Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi" деректемесi - Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасы бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасынан функционалдық тобының атауы мен коды;  
      "Бюджеттiк бағдарлама" деректемесi - бюджеттiк бағдарламаның атауы мен коды;  
    "Кiшi бағдарлама" деректемесi - кiшi бағдарламаның атауы мен коды;  
      "Мемлекеттiк мекеменiң атауы" деректемесi - Республикалық және жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң анықтамалығына сәйкес мемлекеттiк мекеменiң атауы және оның коды;  
      "Кезеңдiлiгi" деректемесi – бюджеттiк есептiлiк кезеңi көрсетiледi;  
      "Өлшем бiрлiгi" деректемесi - мемлекеттiк мекемелер есептерiнде теңге, бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiнiң жиынтық есептерiнде теңге;  
      "ҚҰЖЖ" коды - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жiктеуiшi ретiнде Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Стандарттау, метрология және сертификаттау комитетiнiң 1999 жылғы 5 шiлдедегi N 10 қаулысымен бекiтiлген және күшiне енгiзiлген Кәсiпорындар мен ұйымдардың жалпы жiктеуiшiне сәйкес мемлекеттiк мекеменiң коды көрсетiледi. 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Мемлекеттік  мекемелерде бухгалтерлік есепті  ұйымдастыру барысында қоданылатын  заңнамалар.

      Мемлекеттiк мекеме өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiн, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiн, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ Жарғылар мен Нұсқаулықтарды басшылыққа алады.     Ұйымда бухгалтерлік есеп жүйесі мен қаржылық есептілікті ұйымдастырудың негізі, біздің елімізде қабылданған 27 ақпан 2007 жылғы №234-III «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» ҚР заңында қаралған. Бұл заңның мазмұны бухгалтерлік есеп жүйесін ұйымдастырудың тәртібі, бухгалтерлік есеп жүргізудің тиімді әдістерін қолдану, қорытынды есеп жасап, мұны жариялау және бухгалтерлік есеп ақпараттарын анық және сенімді жасау жөнінде тиянақты ұғым береді белгіленген тәртіпте бекітілген бухгалтерлік есеп және есеп беру (бухгалтерлік қызмет) басқармалары (бөлімдері) туралы ережелерді, және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілерін басшылыққа алады. Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есеп Қазақстан Республикасы Заңдарының сақталуына, шығыс сметаларының орындалу барысына, кәсіпорындармен, ұйымдармен және тұлғалармен есеп айырысудың жәй-күйіне, ақшалай қаражаттар мен материалдық құндылықтардың сақталуына бақылау жасау үшін мемлекеттік органдарды толық және дұрыс ақпараттармен қамтуы тиіс.

     Ал, мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп осы заңды негізге ала отырып, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi қазынашылық департаментiнiң 1998 жылғы 27 қаңтардағы N 30 бұйрығы «Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жөніндегі» нұсқаулыққа сай, ал қаржылық есептілік «Мемлекеттiк мекемелердiң және бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк есептiлiктi жасау мен ұсынудың ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2009 жылғы 27 ақпандағы N 89 Бұйрығына  Мемлекеттiк мекемелердiң бухгалтерлік есебінің жылдық, тоқсандық көлемі мен нысандары туралы нұсқаулық  2002 жылғы 19 ақпанда N 71сәйкес жүзеге асады. «Есеп саясатын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 7 қыркүйектегі №444 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 22 қыркүйекте №6505 болып тіркелген), «Есеп саясатын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 7 қыркүйектегі №444 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 21 қыркүйектегі №433 бұйрығымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып (бұдан әрі – Есеп саясаты);

- «Қазақстан Республикасы  мемлекеттік мекемелері үшін  бухгалтерлік құжат нысандарының  альбомын бекіту туралы» Қазақстан  Республикасы Қаржы министрінің  міндетін атқарушының 2011 жылғы  2 тамыздағы №390 бұйрығы (Қазақстан  Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылғы 15 тамызда № 7126 болып  тіркелген) (бұдан әрі - Нысандар  альбомы);

- «Мемлекеттік мекемелердің  бухгалтерлік есеп шоттарын жүргізу  жоспарын бекіту туралы» Қазақстан  Республикасы Қаржы министрінің  2010 жылғы 15 маусымдағы №281 бұйрығы  (Қазақстан Республикасы Әділет  министрлігінде 2010 жылғы 29 маусымда  № 6314 болып тіркелген), «Мемлекеттiк  мекемелердiң бухгалтерлiк есеп  шоттарының жоспарын бекiту туралы»  Қазақстан Республикасы Қаржы  министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы  № 281 бұйрығына өзгерістер мен  толықтырулар енгізу туралы»  Қазақстан Республикасы Қаржы  министрінің 2012 жылғы 11 шілдедегі  №338 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы  Әділет министрлігінде 2012 жылғы  06 тамызда № 7830 болып тіркелген),енгізілген  өзгерістер мен толықтыруларды  ескере отырып (бұдан әрі – Шоттар жоспары);

- «Қаржы есептiлiгiн жасаудың  және ұсынудың нысаны мен ережесiн  бекiту туралы» Қазақстан Республикасы  Қаржы министрiнiң 2010 жылғы 8 шiлдедегi № 325 бұйрығы. (Қазақстан Республикасы  Әділет министрлігінде 2010 жылғы  26 шілдеде № 6352 тіркелген), «Қаржы  есептiлiгiн жасаудың және ұсынудың  нысаны мен ережесiн бекiту  туралы» Қазақстан Республикасы  Қаржы министрiнiң 2010 жылғы 8 шiлдедегi № 325 бұйрығына өзгерістер мен  толықтырулар енгізу туралы»  Қазақстан Республикасы Қаржы  министрінің 2012 жылғы 12 қыркүйектегі 418 бұйрығымен енгізілген өзгерістер  мен толықтыруларды ескере отырып (бұдан әрі – Қаржылық есептілікті  жасау қағидалары).

- «Бюджеттік бағдарламалар  әкімшілерінің шоғырландырылған  қаржылық есептілігін жасау қағидасын  бекіту туралы» Қазақстан Республикасы  Қаржы министрінің 2010 жылғы 25 маусымдағы №303 бұйрығы (Қазақстан  Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 19 шілдеде №6339 тіркелген), «Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің  шоғырландырылған қаржылық есептілігін  жасау қағидасын бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Қаржы  министрінің 2010 жылғы 25 маусымдағы  №303 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар  енгізу туралы» 2012 жылғы 12 қыркүйектегі 417 бұйрығымен енгізілген өзгерістер  мен толықтыруларды ескере отырып ( бұдан әрі -    Шоғырландырылған қаржылық есептiлiкті жасау қағидалары);

- «Мемлекеттік мекемелерде  түгендеу жүргізу қағидасын бекіту  туралы» Қазақстан Республикасы  Қаржы министрінің 2011 жылғы 22 тамыздағы № 423 бұйрығы. (Қазақстан  Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 22 қыркүйекте № 7197 тіркелді) ( бұдан әрі -Түгендеу жүргізу  қағидалары);

- «Мемлекеттік мекемелердегі  бухгалтерлік есеп пен қаржылық  есептілік жүйесін мемлекеттік  реттеудің кейбір мәселелері  туралы Қазақстан Республикасы  Қаржы министрінің 2011 жылғы 24 ақпандағы № 95 бұйрығына өзгеріс  пен толықтырулар енгізу туралы»  Қазақстан Республикасы Қаржы  министрінің 2011 жылғы 27 сәуірдегі  № 219 бұйрығы (Қазақстан Республикасының  Әділет министрлігінде 2011 жылы 20 мамырда  № 6965 тіркелді) ( бұдан әрі -   Ұзақ мерзімді активтер бойынша жылдық тозу нормалары);

«Қазақстан Республикасының  кейбір заңнамалық актілеріне уәкілетті  мемлекеттік органдар мен Қазақстан  Республикасы Үкіметінің тексерілетін субъектілерге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау құзыреттерін қайта  қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 5 шілдедегі № 452-IV Заңымен Қазақстан  Республикасының Бюджет кодексінің 117-бабына қаржылық есептілік тізбесін нақтылау бойынша өзгерістер енгізілді).

Бюджеттiк бағдарламалар  әкiмшiлерi бюджеттi атқару жөнiндегi орталық  уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша  қажет болған жағдайларда олардың  қызмет ерекшелiгiн, Есеп саясатын ескере отырып және мемлекеттiк мекемелерде  бухгалтерлiк есепке алуды жүргiзудiң  белгiленген тәртiбiн сақтай отырып, өз жүйесiнiң мемлекеттiк мекемелерінде  бухгалтерлiк есепке алу жөнiндегi жалпы ережелерiн қолдану тәртiбi туралы нұсқаулар шығара алады.    

Қазір 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы N 393 Бұйрығына сәйкес жүзеге асады.

Информация о работе Мемлекеттік мекемеде бухгалтерлік есеп