Мемлекеттік мекемеде бухгалтерлік есеп

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2013 в 17:12, реферат

Описание

Қазіргі таңда, яғни нарықтық экономикаға түбегейлі көшу кезеңінде мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті ұйымдастыру қай кездегіден болмасын күрделі, ауқымды болып отыр. Өйткені қазіргі қоғамдық дамудың жаңа кезеңінде өндіріс құрал-жабдықтарының мемлекеттік меншіктен ұжымдық және жеке меншіктерге ауысуы кең етек алуда.

Работа состоит из  1 файл

мемлекеттік мекемедегі бухгалтерлік есеп.docx

— 26.50 Кб (Скачать документ)

 

 

3.Бухгалтерлік есептің құжаттары   

       Бюджеттің  атқарылуы жөніндегі бухгалтерлік  қызметпен есептелетін жергілікті  уәкілетті органының барлық операциялары  осы "Жергілікті уәкілетті органдарда жергілікті бюджеттерді атқарудың бухгалтерлік есебі жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" нұсқаулықта белгіленген құжаттармен ресімделуі тиіс.  Жергілікті уәкілетті органдарында бюджеттің атқарылуымен байланысты бухгалтерлік құжаттарға жергілікті уәкілетті органының басшысы немесе оның орынбасары және бас бухгалтер, ал бас бухгалтер болмаған (еңбек демалысында болған, ауырған, іс сапарға кеткен және т.б.) жағдайда, бухгалтерлік есепті жүзеге асыратын уәкілетті тұлға қол қояды. Бұл қолдарсыз бухгалтерлік құжаттар жарамсыз деп саналады және орындауға қабылданбайды. Құжаттарға ондағы қажетті реквизиттерді толтырмай қол қоюға тыйым салынады. 

   Қаржы органында бюджетті атқаруға байланысты операциялардың барлық жазбасы үшін мынадай тиісті ресімделген бастапқы құжаттар негіз болып табылады:

  • әр айға бөлінген жергілікті бюджет бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары;
  •   түсімдердің жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу туралы анықтама;
  • міндеттемелер (төлемдер) жөніндегі қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу туралы анықтама;
  • рұқсаттар; 
  • төлем тапсырмалары (0401002 - нысан); 
  • бюджетке кірістердің түсуінің күн сайынғы пысықтама ведомосы немесе ақы төлеуге шот (041 - нысан); 
  • кірістерді қайтарудың күн сайынғы ведомосы (041-В - нысан); 
  • салықтар мен кірістер есебінің күн сайынғы ведомосы (041-З - нысан); 
  • бюджетке кірістердің түсуінің ай сайынғы ведомосы (042 - нысан); 
  • мемориалдық ордер (N 274 - нысан); 
  •   жергілікті бюджетте тұратын ұйымдардың шығыстары бойынша күн сайынғы жиынтық ведомосы (151-С - нысан);
  •   жергілікті бюджетте тұратын ұйымдардың шығыстары бойынша ай сайынғы жиынтық ведомосы (151-С - нысан);
  • қаржыландыру жоспарының атқарылуы туралы бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің кезеңдік және жылдық есебі;
  •   жергілікті бюджеттің бюджеттік шотынан (негізгі) Қазынашылық

органының көшірмелері (015 - нысан);

    • бос қалдықтардың қозғалысы бойынша ведомостар (115 - нысан);
    •   жергілікті уәкілетті органдарының бюджеттік шоттарындағы қаражаттардың бос қалдығы туралы Қазынашылық органдарының жиынтық ведомосы (116 - нысан) және бюджеттің атқарылуына байланысты басқа да құжаттар;
    • алынған мiндеттемелердi ескере отырып, бөлiнген лимиттер мен
    • кассалық шығыстар қозғалысының ведомосы (N 132-Б - н.)

   Бастапқы құжаттарды  ресімдеу тәртібі тиісті тармақшалардың  мәтіні бойынша жазылған. Қазақстан  Республикасының аумағында орналасқан  Қазынашылықтың аумақтық органдары  Қазынашылықтың біріктірілген ақпараттық  жүйесінде (бұдан әрі - ҚБАЖ) жұмыс  істейтін жергілікті уәкілетті  органдар үшін: түсімдерді жинау  жөніндегі күн сайынғы есеп (N 2-15 н.); жылдың басынан бастап түсімдерді  жинау жөніндегі есеп (N 2-16 н.);түсімдерді  күн сайын бөлу тізімдемесі (N 2-19 н.); бюджеттен түсімдерді салық төлеушілерге қайтару (N 2-29 н.); кірістердің бюджеттік сыныптамасының кодтары арасында түсімдердің ауысуы (N 2-30 н.); салық органдары арасында түсімдердің ауысуы (N 2-31 н.);  шығыстар бойынша жиынтық есеп (N 4-20 н.).

    Бухгалтерлік құжаттардағы жазбалар оларда жазбалардың ұзақ уақыт бойы сақталуын қамтамасыз ететіндей құралдармен ғана жүргізілуі тиіс.  Бухгалтерлік есептің регистрларындағы жазбаларға бюджетті атқару жөніндегі операциялардың жасалу фактісін тіркейтін құжаттар негіз болып табылады. 

       Бастапқы  құжаттар, егер ол операциялар  тікелей аяқталғаннан кейін мүмкін  болмайтын жағдайда операциялар  жасалған сәтте жасалуы тиіс.   Бастапқы құжаттарда мәтін бөлігінде  болсын, сандық деректерде болсын  тазартулар мен келісілмеген  түзетулерге жол берілмейді. Құжаттардағы  қателіктер дұрыс емес мәтінді  немесе соманы сызып тастау  және сызып тасталғанның үстіне  дұрыс мәтінді немесе соманы  жазу арқылы түзетіледі. Сызып  тастау бұрынғы жазғанды оқуға  мүмкіндік болатындай етіп жіңішке  сызықпен жүргізіледі. Құжаттағы  қателерді түзету түзеткен күнді  көрсете отырып, құжатта қол қойған  адамның қолымен расталуы тиіс.    Кассалық және банктік құжаттарда  түзетулерге жол берілмейді.  Осы талаптарға жауап бермейтін құжаттар жарамсыз деп саналады.  Бухгалтерияға келіп түскен бастапқы құжаттар нысанына қарай болсын (бастапқы құжаттардың ресімделуінің, реквизиттердің толтырылуының толық болуы және дұрыстығы), сондай-ақ мазмұнына қарай болсын, міндетті түрде тексеріледі. Құжаттардағы мәліметтердің ақиқаттығына және бастапқы құжаттарды сапалы жасауға осы құжаттарды орындаған және қол қойған адамдар жауап береді.


Информация о работе Мемлекеттік мекемеде бухгалтерлік есеп