Негизги куралдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 06:29, реферат

Описание

ХҚЕС №16 «Негізгі құралдар» және №2 ҰҚЕС 16 «Негізгі құралдар» бөліміне сәйкес Негізгі құралдар – бұл:
1) тауарларды шығаруда немесе қызметтерді көрсетуде немесе беруде пайдалануға, басқа адамдарға жалға беруге арналған немесе әкімшілік мақсаттарға арналатын, және
2) күтіліп отырғандай бір кезеңнен (12 айдан) астам ішінде пайдаланылатын материалдық активтер.

Работа состоит из  1 файл

курсовой.docx

— 39.20 Кб (Скачать документ)

6220 Өтеусіз алынған активтерден  алынатын кірістер, 6230.,түгендеу  барысында артық шыққан 6280.

          Ақшаға сатып алу:

        Кәсіпорын жабдықтар сатып алды. Ұсынылған шот бойынша жабдықтардың  құны 350000тг., көлік шығындары  - 16000тг., құрастыру шығындары 5500тг., еңгізу  шығыны – 1800тг.- барлығы 173300тг.

         Бастапқы құны – 273300тг. Д 2410 К 3310, Д1420 К3310

 

Несиеге алынған жағдайда  бастақы құнға несиенің алғашқы  төленген сомасы кіреді, ал кейінгі  төленіп отыратын сомалар  несиелік пайыздар болып мойындалады да №2 ҰҚЕС  24 бөлімінің  451 бабына  бойынша  есептеледі (қарыздан басқа пайыздар есепке алынады).

    Айырбас  бойынша біртектес активтер айырбасталғанда,  баға айырмашылығына қол ақша  берілсе:

        Ескі жабдықтың(берілсе) баланстық  құны   10950тг. Д 1210 К-т 2410

        Төленген ақша қаражаты               90000тг. Д 1210 К-т 1010,1040

         Жаңа жабдықтың(алынса) өзіндік құны      100950тг. Д –т 2410К 3310

Д 1210 К 3310 100950

Ал, егер кәсіпорын  ақшалай айырмашылығына қарамай  автокөлікті(берсе) станокқа ауыстырса  көліктің құны 25000тг, станок(алса) 32000, онда  Д2410 К3310– 32000, Д1210  К2410 -25000; 7000тг. активтердің  құнын көбейтті, Д 3310-  32000тг.,К 1210- 25000тг.       

                                                                                       Д                К

Құрылтылтайшылардан түскен негізгі құралдар 2410           5110

      Бірлескен  ұйымдардан салым түрде                2410           3330

     Мемлекттен                                                         2410            6230

     Қайтарымсыз  заңды тұлғалардан                     2410             6220

     Жалға берілген                                                   2410           3360,4150

 Кейбір негізгі құралдардың  түрлері ҚҚС салынбайды   1420 шот

 Ғимараттар тұрмыстық  қорларға қатысты, жеңіл көліктер  

Мысалы,  станок қабылданып алынды   100000тг., ҚҚС 12000тг.

 Есеп шоттан 112000тг. аударылып  төленді.

                   2410                 3310 немесе 4110   - 100000

                   1420                 3310            4110        12000

                   3310,4110        1030                            112000

                   3130                1420                            12000,

ал, егер 2410            3310               560мың.тг.

тұрмыстық ұйлердің де проводкалары осылай кәсіпорын жеңіл көлік  қабылдап алған болса  құны 500мың.тг., ҚҚС 60мың.тг.

                 болады.

 

Жер

Егер кәсіпорын  ғимарат  тұрған жерді алса, онда ғимаратты  жою жұмыстарының шығындары жердің құнына кіреді, және жердің құнына жерді  кіріске алу жөніндегі құжаттық шығындары да кіреді. Ал,  егер кәсіпорынның балансында бұрыннан бар болса, ғимаратты  жойып орнына жаңа ғимаратт салынатын  болса, онда ғимараттың жойылатын шығындары  жердің құнына емес ғимараттың жоюлы  шығындарын көбейтеді.

 

Негізгі құралдардың  есептен шығарылуы.

Кәспіорындардың өндірістік шаруашылық процесінде негізгі құралдың құрамында мынандай себептермен  өзгерістер болады:

негізгі құралдардың қажет  емес объектілерін өткізу(сату);

басқа кәсіпорындарға ақысыз тегін беру(сыйлау);

негізгі құралдар объектілерін халық тұтынатын тауарларға немесе басқа тауар-материалдық құндылықтарға  айырбастау;

сынуі, моральдық тозғаны, стихиялық апатқа ұшырауы бойынша  жою (шығыстан шығару);

кәсіпорын ішінде жекелеген  объектілердің жылжуы;

басқа кәсіпорындарға олардың  жарғылық капиталына салым түрінде  беру;

негізгі құралдар объектілерінің түгендеу кезінде жетіспеуі немесе бұлінуі;

негізгі құралдар объектілерін арзандату.             

Негізгі құралдар объектілерін басқа кәсіпорындарға төлем шартымен (аукциондар мен конкурстарда сату)өткізу келісімді бағамен жүзеге асырылады.Сатып  алушыға объектіні беру фактысы  «Негізгі құралдарды қабылдау-беру (жылжыту) актісімен(нысан №НҚ-1)» үш данада рәсімделеді: алғашқы екеуі тапсыратын кәсіпорында(онда бірінші данасы есепке қосылады, екіншісі - беру хабарламасына  және акцептке тіркеледі),үшінші данасы негізгі құралдар объектілері қабылдаушы адамға беріледі.Актіге объектінің жағдайы,оның бастапқы құны,тозу дәрежесі көрсетіледі.

Сонымен, негізгі құралдар кәсіпорынның есебінен  шығарылады:

          Жойылғанда (пайдалану мерзімі аяқталғанда);

          Сатылғанда;

          Ауыстырылғанда;

          Өтеусіз берілгенде;

          Сынғанда;

          Еншілес ұйымға жарғылық капитал  ретінде салынғанда;

          Қызметкерге еңбекақы ретінде;

          Түгендеу барысында кем шыққанда.

Мысалы : Жабдықтар жойылады, баланстық құны 5000тг.Тозу сомасы шығарылады 45000тг.,жою әрекеттері үшін еңбек  ақы есептелді  10000тг., салықтар есептелді 1000тг.,жабдықтарды жою себептерінен металлалом кіріске алынды 2700тг.:

           Д                        К

        7410                    2410              5000

        2420                    2410            45000

        7410                    3350            10000

        7410                    3500              1000

        1310                    6210              2700

Жыл соңында 7410 шоттың сомалары   Д-ті кредитталып 5610 Д-мен шотпен жабылады, ал  6210 шоттың К-ті дебетталіп 5610Д-не жабылады :

          5610                  7410            16000

          6210                  5610              1000

   Объктінің жоюлуынан  қаржылық нәтиже зиян шекті  , ол 5510 шотқа апарылады:

          5510                  5610            15000

Негізгі құралдар сатылған кезде , егер бұрын ҚҚС кіріске  алынса  енді ол сатылған құнға  есептеледі.

Мысалы : Станок сатылды құны 430000тг.(ҚҚС сыз), бастапқы құны – 600000тг., тозу -200000тг.                                        

                                   Д                    К

                              7410                 2410           400000

                              2420                 2410            200000

                              1210                 6210           430000

                              1210                 3130           51600 (430000х 12 %)

Ал, егер негізгі құралдар бұрын қабылданған кезде ҚҚС  алынбаған болса, онда салыққа салынатын  айналымы (құны) сатылатын құнмен баланстық  құнның арасындағы оң айырмашылықтар болып табылады.

Сатылып отырған жеңіл  көліктің баланстық құны 240м.тг., ал сатылар құны 220м.тг. бұл жерде  пайда айырмашылық жоқ, салыққа  салынатын айналымда жоқ, жеңілавтокөлік ҚҚС   салынбайды.

Өтеусіз  берілетін негізгі  құралдар кәсіпорынға табыс түсірмейді.Баланстық  құны 2410шоттардың К  шығарылады  7410 шоттың Д шығыны көрсетіледі, ал жиналған амортизация 2420шоттардың  Д апарылады К 2410шоттар.Жыл соңында  7410 шот 5610шотпен жабылады. Өтеусіз берілгенде негізгі құралдардың құны ағымдағы нарықтық құнға теңестіріледі ҚҚС  сіз есептеліп, бірақта баланстық  құннан төмен болмау керек.

Мысалы : Станоктың бастапқы құны  400000тг., тозу сомасы 250000тг.Оны  өтеусіз басқа кәсіпорынға беріп  отыр.Баланстық құны 150000тг.

                      Д                       К  

                   7410                 2410          150000

                   2420                 2410          250000

                   7410                 3130           18000 (150000х12%)

Негізгі құралдарды  еншілес, қауымдасқан және бірлескен ұйымдарға  жарғылық капитал ретінде салынса  К 2410шоттардан шығарылып 7410шотқа  Д-ді, тозу сомалары 2420 Д  2410 шоттардан  К. Бұл жерде сатылған құндары  еншілес ұйымда 1100-1150 инвестиция шоттардың  Д-де  6210шот К көрсетіледі. Есептік  кезең соңында 7410 шотпен 6210 шоттар 5610 шотпен жабылады, жыл соңында 5610 шот 5510 шотпен жабылады.

                      Сатылған жабдықтардың   шот  корреспонденциясы  

Жабдықтардың баланстық  құны есептен шығарылд.100.000  7410          2410

Жабдықтардың тозу сомасы                             80.000                2420          2410

Сатыпалушыға сатылар  құнға шот үсынылды  300.000           1210          6210

ҚҚС есептелді                                                  36000                  1210           3130

Банктік шотқа сатыпалушыдан   түсті          336000                1030            1210

Банктік шоттан бюджетке ҚҚС  аударылды      36000              3130           1030

Есептік кезең  соңында  жабдықты сатылғанына қаржылық нәтиже анықталады: Табыс шоты анықталады         300000               6210              5610

 өткізілген жабдықтардың  шығыны              100000               5610              7410

Табыс жиыны бөлінбеген табыс  шотымен жабылады 200000 5610           5510

 

ЖШС «Арай»

АҚ жаңа жабдыққа (ағаш өңдеу) шот жеткізушіден алды (№18) 762000тг.

ҚҚС ,  %

Пайдалану мерзімі 18 жыл.

Жою құны — 5000 тг.

 

Бұрын пайдалануда болған  шлифоваль. машина сатылды 19.12.2004ж.кірістелген  Бастапқы құны  300000 тг.Тозу сомасы 89400 тг.Сатыпалушы «Оазис» КК.Сатылу құны (келесім нарықтық құн) 270000тг.

- Жабдықтың баланстық  құны  

- Жиналған тозу сома  есептен шығарыл.

- сатыпалушыға шот ұсынылды

-  ҚҚС есептелді ,      %

 

 

Негізгі құралдардың жөндеу  есебі.

Негізгі құралдардға жөндеу жасаудың екі түрі бар: ағымды және  күрделі. Осы жөндеулер жасалуында үш  әдіс пайдаланылады:  шаруашылық (өз күшімен  жасалады), мердігерлерлік (сырт  қатысушылардың тартылуы) және аралас. Жөндеулер комиссиямен жасалады, алдын-ала жасалған тексеріс пен  кәсіби шеберлердің шешімі негізінде. Күрделі жөндеу негізгі құралдың  құнын ұлғайтады және пайдалану  мерзімін ұзартады. Ағымдағы жөндеу негізгі  құралдың сынып қалған үсақ бөлшектерін  жаңартады немесе сынып қалған бұйымдары  ауыстырылады, сондықтап мұндай жөндеулер  жасалған мерзімнің кезеніңде әкімшілік  шығындарға апарылады. Жөндеу жұмыстардың  бәрі негізгі құралдардың бастапқы құнын өсірмесе  кәсіпорынның шығындарына  жатады. Барлық жасалған қозғалыстар  құжаттармен дәлелденіп ұйымның  басшысының бекітіледі.

Жөндеуді өз күшімен жасаса  барлық жасалған шығындар бухгалтерлік есепте 8310,8410 шоттардың Д-де жинақталады. Мердігерлік әдіспен жасаса жасалған шығындарды мердігерлер жасап жұмысты  аяқтап ұйымға актімен тапсырады. Ал, аралас әдісте жарты жұмыстарды  мердігерлер жасайды, ал қалған  жөндеу жұмыстарды кәсіпорын өзі жасайды. Жөндеу жұмыстар үшін кәсіпкерлік ұйымдар алдын-ала резерв қалыптастырады К 3440шотта, Д 7210,8410, осы резерв қолданған кезде 3440Д-ді К 3310, ал егер резерв қалыптастырылмаса Д 7210,8410 К 3310,8310.

 

 

Негізгі құралдарға кейінгі жұмсалатын шығындар, қайта  бағалау, түгендеу есебі.

Негізгі құралдарды пайдалану  барысында біртіндеп тозады, тозғанған  бөлшектерін жөндеу немесе толығымен  жаңарту қажет болады. Сондықтан  кіріске алғаннан кейін пайдалану  процесінде негізгі құралдарға күрделі  шығындар жасалады. Бұл шығындар мынадай  әдістермен танылады:

- шығын ретінде мойындалуы (жөндеу);

- күрделі шығындар (жаңартылу,  ауыстырылу);

- тозу соманы кеміту (пайдалану  мерзімін ұлғайтуы).

Кейінгі шығындар негізгі  құралдардың бастапқы құнын ұлғайтады  немесе кәсіпорынның шығындарына есепке алынады.

   Жөндеуге  жұмсалған  шығындыр  шығын болып мойындалады,  үйткені жөндеу жұмыстар негізгі  құралдарды жаңартпайды тек төзған, сынғандарын түзейді. Жөндеуден  құны көтерілсе ауыстырылған, қосылған, жақсартқан жұмыстарының  шығындары  капилдандырылады, ал пайдалану  мерзімі ұзартылса, онда жұмсалған  шығындыр сомасына  негізгі құралды  құнын көтеруге болады немесе  тозу сомасын кемітуге болады.

Мысалы: Кәсіпорын жаңа жабдық сатып алды 200 000тг. пайдалану мерзімі 5жыл, жою құны 20 000тг.. Кейіннен, 3 жылдан кейін жабдыққа қосалқы бөлшек алынды, ол жабдықтың өнім өндіру шамасын 12% пайызға көтерді, ол бөлшектің құны 2 000тг. Сонда,  Д 2410  2000тг.  К 3310  2000тг.

         Төртінші жылы жабдыққа жөндеу  жұмысы жасалды 5 000тг.

             Д  8410   5000тг.   К  3310,1310,3350...  2000тг.

        Бесінші  жылы жабдыққа күрделі жөндеу  жұмыстар жасалды 27 000тг., бұның салдарынан  пайдалану мерзімі 5 жылдан 7 жылға көтерілді.

             Д  2420     27000тг.   

             К  3310,3350, 1310      27000тг.   немесе     Д  2410     27000тг.

                                                                                   К  3310,3350, 1310   27000тг.

 Есептеулерді бухгалтерлік  қызмет негізгі құралдарды есепке  алу жөніндегі комиссиямен бірлесіп  жасайды.

Негізгі құралдарды есепке алу принциптерін негіздеу үшін кәсіпорында  тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрылды, оның міндетіне:

1. пайдаланудың нормативтік  мерзімін және тозуды есептеу  әдісін айқындау;

2. күрделі және күрделі   емес шығындарға жұмсалған шығындарды  жіктеу; 

3. негізгі құралдарға  түгендеу жүргізуге қатысу;

4. бастапқы бағалау көрсеткіштерінін  қайта қарау үшін күрделі сипаттағы  шығындар бойынша негіздеме даярлау  және қортынды;

5. сатып алу сәтінде  және қажет болуына қарай, кейінгі  күрделі салымдар кезінде және  т.б. негізгі құралдар объектілері  бойынша тарату комиссиясын айқындау  кіреді.

 

      Қайта бағалану  есебі.

    Негізгі  құралдард  құндарының жағдайын бақылап  және тозуының деңгейін білу  үшін  кәсіпорындар  есептік мерзім  ішінде негізгі құралдарға қайта  бағалау жасап отырады. Оны  нарықтық мерзімнің құнына теңестіріп  жасайды индексті қоладана отырып  немесе эксперттік комиссия есептеме  арқылы жасайды. Негізгі құралдардың  қайта бағалауын бейнелеу үшін  бухгалтерлік есеп шоттардың  үлгілік жоспарында 5420 шот қарастырылған көбеюі осы шоттың К-де жазылады Д-те негізгі құралдар шоттары. Ал, жиналған тозу соманың тұзетілуі 2420 шот К, Д 5420.

Информация о работе Негизги куралдар