Негизги куралдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2011 в 16:29, реферат

Описание

Кез – келген өндіріс өз қызметіне құрал – жабдықтарын тартса ғана жүреді, ал ол еңбек заттары (шикізат, материалдар, сатып алынған, жартылай фабрикаттар) және еңбек құралдары (машина, станок) болып бөлінеді. Бұл арада еңбек құралдарының құрамы сыртқы белгісімен емес,олардың өндіріс процесінде атқаратын роліне қарап анықталады. Мысалы, заводтта дайындалған бу қазаны сол зауыт үшін дайын өнім болып саналады. Ал оны орнату үшін сатып алынған субъект үшін осы қазан еңбек құралы болып табылады.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
Негізгі құралдар, оларды жіктеу және бағалау.
Келіп түскен құралдардың есебін және оның аналитикалық есебін ұйымдастыру.
Негізгі құралдардың кейбір жекелеген түрлерін есептеудің ерекшеліктері.
Негізгі құралдардың тозуын және амортизациясын есептеу
Негізгі құралдарды есептеп шығару
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

негизги куралдар.doc

— 166.00 Кб (Скачать документ)
 
 

                                                                                                                                  10

3 
Құрылтайшылардың  кәсіпорынның жарғылық   капиталына салған салымдарына салған негізгі құралдар кіріске алынды  
600000
 
2411-2415
 
5020
4 Негізігі құралдар серіктестік, тәуелді және бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар алынды:
  • баланстық құнына
  • ҚҚС (16%)
  • Беруші жақтың есептеген тозу сомасы
 
 
 
 
250000

40000

100000 

 
 
 
 
2412-2415

1420

2412-2415

 
 
 
 
3320-3330

3320-3330

2421-2427

  Жиыны (бастапқы құны) 350000   х    х
5 Тегін алынған  негізгі құралдар кірістелді:
  • баланстық құнына
  • берілген күніне дейін есептелінген тозу соммасы
 
 
132000

28000 

 
 
2412-2415

2412-2415

 
 
6220

2421-2427 

  Барлығы (бастапқы құны) 160000     х    х
6 Түгендеу барысында  есепке алынбаған негізгі құралдар анықталды:
  • негізгі құралдардың эксперттік жолмен анықталған қалдық құнына
  • негізгі құралдардың эксперттік жолмен анықталған, бірақ есепке алынбаған тозу сомасына
 
 
64000 

18000

 
 
2412-1215 

2412-1215

 
 
6220 

2421-2427

Барлығы ( эксперттік жолмен анықталған бастапқы құн ) 82000    х     х
7 Кәсіпорынның  өзі дайындалған негізгі құралдары:

-негізгі өндіріс  цехында

-көмекші өндіріс  цехында

 
 
300000

200000

 
 
2412-1215

2412-1215

 
 
8110
Барлығы ( өндірістің өзі дайындаған негізгі құралдар) 500000      х    Х

                                                                                                                                        11

уақытша  пайдаланбайтын  негізгі  құрал-жабдықтар.  Қорда тұрғандар болып  жұмыс  істеп тұрған  жабдықтарды  жоспарлы түрде олардың запас бөлшектерін ауыстыру үшін  тоқтатылған  объектілер есептеледі

    Заттық  құрамына қарай  негізгі  құралдар  мүліктік және мүліктік емес  болып бөлінеді. Мүліктікке (заттай ) көрінісі  бар, яғни  санауға  және  өлшеуге  болатындар жатады . Мүліктік  еместерге пайданаланылатын жер, орман алқабы, су ресурстары жатады.

   Әр субъектіде негізгі құралдар  пайдалану мақсатына және атқаратын  

қызметтеріне  қарай мынандай түрлерге бөлінеді: жер, үйлер ғимараттар; өткізгіш тетіктер; машиналар және құрал-жабдықтар; күш  беретін машиналар және жабдықтар; жұмысшы машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; есептеу техникасы; басқа машиналар мен құрал – жабдық; көлік құралдары, құрал – сайман, өндірістік мүлік және жабдықтар; шаруашылық мүлкі; жұмысшы және өнім беретін мал; көп жылдық екпе ағаштар, жерді жақсартуға  (ғимаратсыз) шыққан күрделі шығын; басқа да негізгі құралдар.

  Негізгі  құрал жабдықтардың бастапқы, ағымды, баланстық сату, жою, тозу және  қалдық құндары болады.

  Бастапқы (тарихи) құны – негізгі құралды сатып алуға немесе салуға кеткен нақты өндіріс шығындарынан, соған қоса өтелмеген салық пен алымдардан,  сондай-ақ орнату, жеткізіп беру,  монтаждау, пайдалануға қосу шығындары, несие үшін пайыздар, және т.б шығындарынан тұрады.

Негізгі құралдардың бастапқы құны мынадай  жолмен анықталады:

 Жер учаскелері бойынша меншік немесе тұрақты пайдалану құқығы- актіде көрсетілген сатып алу құны, қозғалмайтын мүліктер бойынша агенттерге берілетін сыйақы, сатып алу-сату келісімін рәсімдеу бойынша көрсетілген қызметтердің төлемі, жерді мақсатты пайдалануға дайындау бойынша жұмсалатын шығыстар;

 құрастыруды және орналастыруды қажет ететін немесе қажет етпейтін сатып алынған машиналар мен құрал – жабдықтар бойынша- сатып алу құны,   

                                                                                                                                        5

тасымалдау, соның ішіндегі тасымалдау кезіндегі құрастыру, машиналар мен құрал – жабдықтардың  пайдалануға жарамдылығын, т.б тексеру мақсатымен өткізілетін сынақтарға жұмсалатын шығындар. Машиналар мен құрал – жабдықтарды  құрастыру кезінде олардың бұзылғандарына кеткен ағымдағы  шығыстарын қоса есептегендегі жөндеу құны. Егер негізгі құралдар несие арқылы сатып алынған болса, онда төленген проценттер ағымдағы  шығыстар  болып табылады да объектінің бастапқы құнына қосылады;

 үйлер мен ғимараттарды шаруашылық әдіспен салу кезінде: құрылыс материялдары, құрал-жабдықтар, құрылыс машиналары мен механизмдерінің

жұмысы, жұмысшылардың еңбек ақысы, үстеме шығысының тиесілі үлесі, сәулетшілер, заңгерлер көрсеткен қызметінің төлемі, құрылысты салу кезеңіндегі  сақтандыруға жұмсалатын шығындар, құрылыс  салу кезеңіндегі берілген кредиттер  бойынша проценттер, құрылыс салу үшін рұқсат алуға

жұмсалатын  шығыстар, жобалық – сметалық  құжаттардың құны, т.б – құрылыс бойынша жұмсалған шығыстардың барлығы да бастапқы құнға қосылады;

 жерді, үйлерді немесе ғимараттарды  біртұтас мүлік ретінде иеленген кезде өз орнымен пайдалану мақсатымен кіріске енгізу барысында бұл объектілердің бастапқы құнын шектеу қажет, өйткені үйлер мен ғимараттардың пайдалану мерзімі шектеулі әрі олар тозады. Ал жерді пайдаланудың мерзімі шектелмеген, сондықтан олар амортизацияланбайды. Тозығы жеткен үйлерді бұзуға  байланысты жұмсалған шығыстан, объектіні бөлшектеу барысында алынған құндылықтарды сатқаннан түскен табысты шегергеннен соң, жердің бастапқы құны есептелінеді;

  мердігерлік әдіспен тұрғызылған үйлер мен ғимараттар бойынша – объектіні тұрғызу бойынша жүргізілген жұмыстардың келісілген құнына құрал – жабдықтарды сатып алуға жұмсалған шығыстар қосылады, егер де оның құны тапсырыс беруші тарапынан төленген болса;

  құрылтайшылардың жарғылық капиталына салынған негізгі құралдар-өздерінің келісілген бағасы бойынша;

                                                                                                                                        6

 субъектінің өзі дайындаған немесе төлем арқылы сатып алынған негізгі құралдар бойынша – сатып алуға жұмсалған шығындардың нақты сомасы бойынша, жеткізу және сатып алынған объектілердің тозу сомасын қоса есептелген басқа да сатып алуға байланысты жұмсалған шығыстар;

тегін алынған негізгі  құралдардың объектілері  бойынша – құжаттарды көрсетілген құны алынады ;

  айырбас операциясы  нәтижесінде алынған  объектілердің – бастапқы құны негізгі құралдардың алынған ағымдағы  құны бойынша анықталады, ал ол негізгі құралдардың берілген ағымдағы құнына түзетулердің көмегімен алынған ақша қаражаттарының сомасына тең болады;

   Негізгі құралдардың бастапқы құны өзгертілуі мүмкін; қосымша салынған күрделі салымдар немесе негізгі құралдардың жарым – жартылай  жойылуы, объектіні демонтаждау негізгі құралдардың жағдайына әсер ететін болса, онда, бірінші кезекте, пайдалы қызмет ету мерзімі қысқартылуы немесе ұзартылуы мүмкін.

 Ағымды құн  – бұл негізгі құралдардың  белгілі бір мерзімдегі нарықтық  бағасы бойынша бағаланған құны.

 Баланстық құн – бұл бухгалтерлік есепте және қаржылық есеп беруде көрсетілетін жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы негізгі құралдардың бастапқы немесе ағымдық құны.

 Сату (өткізу) құны – бірін – бірі жақсы  білетін және мәмілеге келуге  дайын тәуелсіз жақтардың негізгі құралдарды өзара айырбастауына мүмкіндік беретін құн.

 Жою құны  – тиімді қызмет ету мерзімі  біткен негізгі құралдарды жою  кезіңде пайдалану мүмкіндігі  бар баасы бойынша бағаланған  бөлшектердің, металл 

сынықтарының  және басқа да материалдық құндылықтардың құны.

  Амортизацияланған құн – негізгі құралдардың жою құндарының арасындағы айырмашылығы, ал ол жүйелі түрде амортизациялық жолмен нормативтік қызметіне немесе барлық пайдалы кезеңіне субъектінің шығысы ретінде

                                                                                                                                         7

таратылады,бұл  кезде:

  • пайдалы кезең қызметі – бұл кезең ішіндегі негізгі құралдары пайдаланудан экономикалық олжа алуда кәсіпорын топшылай;
  • нормативтік қызмет кезеңі – бұл кезең ішінде белгіленген нормаға сәйкес кәсіпорын негізгі құралдың тозуын есептейді.

    Негізгі құралдардың  есебі 12-ші «негізгі құралдар» бөлімшесінің мынадай мүліктік активтік шоттарында жүргізіледі:2411 «жер», 2412 «ғимараттар мен құрылғылар», 2413 «машиналар, жабдықтар, өткізгіш тетіктер», 2414 «көлік құралдары» 2415 «басқа да негізгі құралдар».

       Сонымен   бірге 2930 «аяқталмаған құрылыс»  шотында аяқталмаған күрделі  салымдар, көп жылдық өсімдіктерді  өсіруге кеткен шығындар, жас малдарды өсіруге кеткен шығындар, бордақылауға кеткен шығындар есептелінеді. 
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

Төлегенов Е. Т « Бухгалтерлік  аппарат  жүйелері» Алматы 2001ж   

                                                                                                                                         

                                                                                                                                          8

1.2. Келіп  түскен негізгі құралдардың   есебін және оның аналитикалық  есебін

                                  ұйымдастыру

     Негізгі құралдар негізінен өндірістік ғимараттарды және тұрғын үйлерді, құрылғыларды салудан; машиналар, жабдықтар, көлік құралдарын сатып алудан; өз күшімен құрал – саймандар дайындаудан; малдардың төлдерін негізгі табынға ауыстырудан; жас өсімдіктер көпжылдық өсімдіктерге өткеннен жарғылық қорға қосқан үлес нәтижесінде келіп түскендерден қалыптасады.

Негізгі құралдардың түсуі мынадай құжаттармен  рәсімделеді.

  Негізгі құралдарды қабылдау – тапсыру актісі негізгі құралдар құрамына жекелеген объектілерді енгізу үшін; қолданылып жүрген заңға сәйкес олардың енгізілуі ерекше тәртіппен рәсімдеуге тиіс жағдайлардан басқасы, оларды пайдалануға берілуін рәсімдеу үшін; негізгі құрал жабдықтардың бір цехтан екіншісіне орын ауыстыруын рәсімдеу үшін; негізгі құралдарды қоймадан пайдалануға берілуін рәсімдеу үшін, сондай – ақ басқа да субъектілерге берілген кезінде оларды негізгі құралдардың құрамынан шығару үшін қолданылады.

      Негізгі құралдарды қабылдауды рәсімдеу кезеңінде  субъект жетекшісінің өкімімен тағайындалған  қабылдау комиссиясы әрбір жекелеген  объектіге бір данадан акт  жасайды. Негізгі құралдардың бірінші  объектісін қабылдау – тапсыру актісін  жасауға тек шаруашылық мүлкінің, құрал – сайманның, жабдықтардың және т.б объектілердің есебін жүргізген кезде, егер бұл объектілер бір типті болса, құндары бірдей болып, бір календарлық ай ішінде қабылданған болса ғана жол тіркеліп акт бухгалтерияға беріледі, бас бухгалтер қол қойып, субъект жетекшісі немесе соған өкілетті адамдар бекітеді.

Информация о работе Негизги куралдар