Негізгі қорлар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 20:11, реферат

Описание

Негізгі капитал деп материалдық өндіріс саласында, сонымен қатар өндірістік емес салада да ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланытлатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құны шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке байланысты есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарын айтады.

Содержание

І. Негізгі қорлар ұғымы


ІІ. Негізгі қорлар құрамы мен құрылымы


ІІІ. Негізгі қорлар амортизациясы

Работа состоит из  1 файл

Негізгі қорлар.docx

— 32.33 Кб (Скачать документ)

    Қор қайтарымдылығына кері көрсеткіш  қор сыйымдылығы.

    Қс = негізгі қордың жылдық орташа құны / тауар өнім көлемі 

     Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 23 мамырдағы №185 бұйрығымен бекітілген БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ШОТТАРЫНЫҢ ҮЛГІЛІК ЖОСПАРЫНЫҢ Қысқа мерзімді активтер бөлімінің 1300 «Қорлар» бөлімшесі.

     1300 «Қорлар» кіші бөлімі қарапайым қызмет барысында сатуға арналған, немесе сату үшін өндіріс процесінде, немесе өндірістік процесте немесе қызметтер ұсыну кезінде пайдалануға арналған шикізат немесе материалдар нысанындағы активтерді есепке алуға арналған.

     Осы кіші бөлім мынадай шоттардың  топтарын қамтиды:

     1310 – «Шикізат және  материалдар», онда өндірістік процесте одан әрі пайдалануға арналған шикізат және материалдар, оның ішінде ауыл шаруашылық шикізаттар және материалдар есепке алынады;

     1320 – «Дайын өнім», онда дайын, оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімі есепке алынады;

     1330 – «Тауарлар», онда тауарлардың, оның ішінде сатып алынған және қайта сатуға сақталған ауыл шаруашылығы тауарларының қозғалысына байланысты операциялар көрсетіледі;

     1340 – «Аяқталмаған  өндіріс», онда аяқталмаған өндіріс бойынша шығындар есепке алынады;

     1350 – «Өзге қорлар», онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген өзге қорлар есепке алынады;

     1360 – «Қорларды есептен  шығару бойынша  резерв», онда қорлардың құнын сатудың таза құнына дейін төмендетуге арналған резервтерді құруға және қозғалысына байланысты немесе моральдық жағынан ескеруге байланысты операциялар көрсетіледі. 

    ІІІ. Негізгі қорлар амортизациясы

    Негізгі қорлардың амортизациясы  – негізгі қорлардың тозуы салдарынан оның құндылығының бірте-бірте төмендеуі, негізгі қорларды жаңарту үшін қаражатты қорландыру мақсатымен осы қорлар құнының өндірілген өнімге бірте-бірте кемуі.

    Негізгі құрал өндіріс прцесіне қатысуымен, жылдар мерзімінің әсерімен, табиғат  күшінің әсер етуімен пайдалану  процесінде біртіндеп тозады. Тозудың  екі түрі болады: табиғи және сапалық (моральдық) (заман талабына сай келмеуі).

    Негізгі қорлардың табиғи тозуы олардың  өндіріс процесіне қатысу нәтижесінен  және негізгі құралдардың пайдалануға  тікелей қатыспай – ақ, түрлі  сыртқы факторлардың әсерінен: ылғалдан, атмосфералық құбылыстар нәтижесінен, металдардың тот басуынан, ескіруінен (тозудың табиғи нысаны) пайда болады.

    Негізгі құралдардың сапалық (моральдық) тозуы  техникалық прогреске, өндіріс әдістерін  жетілдіруге және жаңартуға байланысты болып келеді. Техника мен технологияны жетілдіру жұмыс істеп тұрған негізгі құралдардың ұқсас өнімдерінің  арзандауына ықпал етеді. Осыған орай, пайдаланылудағы негізгі құралдар өздерінің құнының бөлігін жоғалтып, құнсызданғандай болады. Машиналардың, жабдықтардың, үйлер мен ғимараттардың барынша жаңа, неғұрлым жетілдірілген және үнемді түрлерін, малдардың жаңа немесе жақсартылған өнімді тұқымдарын, көпжылдық өсімдіктердің түрлері мен сорттарын өндіріске негізуге байланысты пайдаланылып жүрген негізгі құралдарды бұдан әрі қолдану экономикалық жағынан тиімсіз болып қалады.

    Негізгі құралдардың сапалық (моральдық) тозуын мынадай факторлар арқылы анықтайды: өндірісте немесе жабдықтарды жаңартудағы  жаңалықтар (ескі машиналарды жаңа, неғұрлым өнімді машиналармен ауыстыру); технологиялық процесті жетілдіру  – жаңа технология қолданған кезде  пайдаланудағы машиналар мен  жабдықтар жарамайды; шығарылатын  өнімнің номенклатурасын өзгерткенде  және жаратқанда (ескі машиналар мен  құрал – жабдықтар жарамсыз болып  танылады); жұмысшы күшінің еңбекке  қамтылуындағы, жұмысшылар біліктілігіндегі, өндірісті орналастыру географиясындағы өзгерістер өндірістің және пайдаланылатын машиналар мен жабдықтар санының  азайтылуын талап етуі мүмкін; өндірістің өңдеуші салаларындағы өнімнің  жекелеген түрлерін шығаруға қажетті  шикізат құрамындағы өзгерістер өнеркәсіптің өндіретін салаларында  өндіріс көлемінің қысқаруына әкеліп соғуы мүмкін.

    Моральдық тозудың әсері нәтижесінде табиғи тозу мерзімі келгенге дейінгі негізгі  құрал – жабдықтар объектілері  жаңасына, әрі неғұрлым пайдалы (үнемді) түріне ауыстырылады. Моральдық тозуды болдырмау мақсатында негізгі құрал  – жабдықтар объектілерін қайта  құрып, жаңарту жұмыстарын жүргізеді. Мұражай және көркем туынды құндылықтары, кітапхана кітаптары, фильм қорлары, сәулет және өнер көрсеткіштері болып  табылатын үйлер мен ғимараттар және басқа  барлық негізгі құралдар моральдық тозуға ұшырайды.

    Амортизация (латынның «өтеу» деген сөзінен) –  тозудың құндық көрінісін білдіреді.

    № 6 – ші «Негізгі құралдардың есебі» бухгалтерлік есеп стандартына (БЕС) сәйкес, амортизация – активтің қызмет еткен  мерзімі бойына амортизацияланған  құнды тарату процесі.

    Амортизацияланған құн бастапқы құны мен жою құнының  арасындағы айырма. Амортизациялық аударымдар әрбір есептік кезеңнің шығысы ретінде  танылады.

    Жаңадан пайдалануға берілген негізгі құралдар бойынша амортизация есептеу  келіп түскен айдан кейінгі айдың  бірінші күнінен басталады, ал шығып  кеткен негізгі құралдар бойынша  – шыққан айдан кейінгі айдың  бірінші күнінен бастап тоқтатылады.

    Толығымен амортизацияланған негізгі құралдар бойынша амортизацияны есептеу  қорлардың құны өнімнің (жұмыстың, қызметтің) құнына толықтай ауысқан айдан кейін  туатын айдың бірінші күні тоқтатылады.

    Тоқтап  тұрған негізгі құралдар бойынша  техникалық тұрғыдан қайта жарақтандыру барысында, консервацияға ауыстырылған кезінде амортизация есептелінбейді.

    Негізгі құралдар бойынша есептеу қайтадан пайдалануға берілгендеріне байланысты, ал істен шыққандары бойынша - бұл  қорлардың құны өнімнің (жұмыстың, көрсетілген  қызметтің) өзіндік құнына толықтай көшіріліп, берілген айдан кейінгі  немесе соңғы айдың алғашқы күндерінде доғарылады.

    Қайта құру мен техникалық қайта жарақтану  уақытында олар мүлдем тоқтатылған  және негізгі құрал-жабдықтарды тоқтатып қойған жағдайда амортизацияны есептеу жүргізілмейді.

    Жалға алынған негізгі құрал-жабдықтар  бойынша амортизацияны есептеуді  жал шарты формасына және шарт талаптарына сәйкес жалға беруші немесе жалға алушы атқарады.

    Өндіріске ғылыми-техникалық жетістіктер енгізу түзету мен негізгі құрал - жабдықтарды  жаңартуға қызығушылықты арттыру  үшін қаржылық жағдай жасау мақсатымен субъектілер амортизацияны тездетіп есептеу, сандар (кумулятивті тәсіл) сомасы бойынша құнды есептен шығару, кемітілген қалдық тәсілдерін қолдана алады.

    Сандар  сомасы бойынша (кумулятивиті тәсіл) құнды  есептен шығару тәсілі есептік коэффициентті  табудан тұрады. Коэффициент бөлгіші  қорытындысы пайдалы қызмет  мерзімі  сомасына, ал алым қызмет ету мерзімінің соңына дейін қалған жыл соңына тең  болады.

    Мысалы.

    Құны 240000 теңгелік станок техникалық төлқұжатқа сай 6000 бұйым өңдеуге бейім, жойылу құны -18000 теңге.

    Амортизация мөлшері 1 бұйымға: 

    Егер 2009 жылы майда 45 бұйым жасалса, онда амортизация сомасы: 45с* 37 теңге = 1665 теңге маусым 2007 ж.: 52с* 37 = 924 теңге маусым 2008 ж.: 48с* 37 = 1776 тенге

    Техникалық  төлқұжат бойынша жұмыс істелген сағат саны мысалы, 10000 сағат қарастырылған. 1 сағат жұмысқа амортизация мөлшері 

    Егер  стоноктың 2010 ж. май айындағы жұмыс уақыты 224 сағат болса, онда амортизация:

    224 с * 22 = 4928 теңге

    Амортизацияны әр түрлі тәсілмен есептеген сомаларды  салыстырғанда, қаралған тәсілдер кәсіпорын нәтижесіне ықпал ететін негізгі құрал-жабдықтардың жылдық  амортизация саласына кемуіне немесе артуына мүмкіндік беретінін айқын аңғартты. 
 
 
 
 

    Пайдаланған әдебиеттер: 

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 23 мамырдағы №185 бұйрығымен бекітілген БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ШОТТАРЫНЫҢ ҮЛГІЛІК ЖОСПАРЫ
 
  1. Нұрсейітов  Е.О. «Ұйымдардағы бухгалтерлік есеп», Алматы 2009
 
  1. Жолдасбаев  Г.Ө. «Кәсіпорын экономикасы» Алматы 2002

Информация о работе Негізгі қорлар