Негізгі құралдардың есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2012 в 18:01, реферат

Описание

Негізгі құралдарға олардың құнына байланыссыз, бір жылдан астам қызмет ету мерзімі бар ғимараттар, құрылыстар, кеңселік заттар, есептегіш техникалар, компьютерлер, көлік құралдары жатады.
Негізгі құралдар өндірістік және өндірістік емес бағытта болуы мүмкін.
Өндірістік емес бағытка - жарғылық қызметпен байланысы жоқ негізгі құралдар жатады.

Работа состоит из  1 файл

бух учет2.docx

— 44.69 Кб (Скачать документ)

- филиалдармен  аралық корреспонденттік шоттарды, Қазақстан ішіндегі банктерде, сол сияқты одан тысқары жерлерде ашылған корреспонденттік «Ностро» шоттарын салыстырып тексеру, ал қорытынды айналымдар жүргізілген жағдайда тиісті бухгалтерлік жазуларды қүрастыру.

- негізгі құралдарды  және материалдарды түгендеу  нәтижесіне сәйкес баланстық шоттар бойынша бухгалтерлік жазуларды бейнелеу;

- банк ережесіне  сәйкес сыйақы, демалыс еңбекақысы  және т.б.жалақы бойынша есептеулер жүргізу және сәйкес бухгал- терлік жазулар жасау.;

- жасалған барлық  келісімшарттарға (депозиттер, несиелер, банкішілік есеп-айырысулар бойынша) бухгалтерлік есеп принциптеріне сәйкес талдау жасау және сәйкес шоттарда

көрсету;

- мерзімі өткен  активтерді және 180 күннен асатын  шектелген несиелерді және 60 күннен асатын мерзімі өткен сыйақыны кұрылған провизия есебінен баланстан шығарып, баланстан тыс шоттар қатарына қосу;

- сыйақыларды  төлемеу 30 күннен асқан кезде  несиелер бойынша сыйақы есептеуді тоқтату;

- болашақ кезең  шығыңдары шоттарында есепте  түрған сомаларды салыстыру және бухгалтерлік есеп принципіне сәйкес банк шығындарының тиісті шоттарына жатқызу;

- болашақ кезең  табыстары шоттарындағы қалдьщтарға  талдау жасап, бухгалтерлік есеп принципі бойынша тиісті табыстар шотына апару;

- жиналған барлық  дербес шоттар бойынша тексеріс  тізімдемелерін дайындау және  де бүл дербес шоттарда түрған әрбір соманы есепке алынған күнін көрсете отырып жазу.

- банктің негізгі  қызметі және күрделі салымдар бойынша орындалған жүмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін тапсырыс берушілер сатып алушы бойынша дебиторларды салыстырып тексеру. Осындай салыстырып тексеруді тиісті дербес шоттарда есепте түрған кредиторлык қарыздар бойынша да жүргізу;

- транзиттік  шоттардағы дебиторлық және кредиторлық  шоттардағы барлық сомаларға  (теңге және шетел валютасындағы) талдау жасап, олардьт занды және жеке тұлғалардың тиісті дербес шоттарына есепке алу бойынша шаралар қолдану;

- аяқталмаған  құрылыс бойынша орындалған жұмыс көлемін салыстырып тексеру және құрылыстың басынан бері кеткен шығындар сомасын дәлелдеу;

- дебиторлардың  шоттарында есепте тұрған сомалар бойынша есеп беруге тиісті тұлғалардан аванстық есептерді қабылдап, оларды банк шығындарының тиісті дербес шоттарында бейнелеу.

     Табыс және шығыс шоттары бойынша барлық жазбаларды жүргізгеннен кейін, қалдықтар  өз араларында жабылады және 4999 «Салыққа дейінгі кіріс» баланстық шотына апарылады.

     Осы бір мезгілде 4999 баланстык, шоттан 5999 «Табыс салығы» баланстык шотында есепке алынатьін есептелінген табыс салығы-ның төленуге тиісті сомасы есептен шығарылады./Табыстың қалған бөлігі ағымдағы жылдың бөлінбеген пайдасы бойынша жеке дербес шот аша отырып 3599 «Бөлінбеген таза табыс (жабылмаған зиян)» шотына жіберіледі. Шығындардың табыстан көп болуының нәти-жесінде 4999 баланстық шотта пайда болатын дебеттік қалдықтың толык сомасы 3599 баланстық шотқа жеке дербес шот ашу арқылы аударылады.

3581 «Шетел валютасын  өткен жылдардағы қайта бағалаудың  резервтері» 3599 баланстық шотта  есептелінетін бөлінбеген таза  табыс көлемі анықталғаннан кейін,  есептік қаржылық жылдағы өз  активтерін қайта бағалаудан  жиналған оң курстық айырма  сома-сына қайта бағалау резервтері, 3582 «Тазартылған қымбат металдарды  қайта бағалаудың өткен жылдардағы резервтері», 3585 «Несиелердің валюталық баламасын теңге түрінде белгілей отырып, несиелерді кайта бағалау бойынша өткен жылдардағы резервтері» және 3586 «Салымдардың валюталық баламасын теңге түрінде белгілей отырып, салымдарды қайта бағалаудың,- өткен жылдардағы резервтері» құрылады.

     Акционерлер жиналысының шешіміне дейін 3599 баланстық  шотында есепте түрған бөлінбеген таза табыс сомасы келесі қаржылық жылдың басында 3580 «Өткен жылдардың белінбеген таза табысы» (жабылмаған зиян) баланстық шотына аударылады. Банктің жалпы акционерлері жиналысының шешімі бойынша есептік жьшдың белінбеген таза табысы келесідей мақсаттарға бөлінеді:

- жіктелмеген  активтер сомасын 5% кем емес  көлемде резервтік капиталға; дивидендтер төлеуге;

- төленген жарғылық  капитал көлемш ұлғайтуға;

- басқа да мақсаттарға.

     Дивидендтерді есептеу кезінде төленуге тиісті ақшалар 3580 шотынан есептен шығарылып, 2853 «Акционерлермен есеп айы-рысу» шотына жіберіледі. Оның қалдығы шегінде 1853 «Акционер-лермен есеп айырысу» шотында есепте тұрған, бұрын есептелген және алдыңғы тоқсан үшін төленген дивидендтер жабылады. Қалған сома акционерлердің есеп айырысу шотына аударылады. Егер қаржылық жылдың соңында банктің шығысы табысынан асып кетсе, 3599 баланстық шотында көрсетілген шығын сомасы 3580 шотында есептелінетін өткен жылдардағы бөлінбеген таза табыс және 3510 «Банктің резервтік капиталы» баланстық шотындағы акша есебінен жабылуы мүмкін. 
 
 
 
 
 
 

Жоспар 

  1. Негізгі құралдар есебі.
  2. Материалдық емес активтердің есебі.
  3. Қаржылық есеп беруді дайындауды ұйымдастыру.

Информация о работе Негізгі құралдардың есебі