Қорлар есебі жайлы толық курстық жұмыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2013 в 09:07, курсовая работа

Описание

Осы курстық жұмыстың тақырыбы “Қорлар есебінің аудиті ” болып табылады. Осы тақырыпқа сай курстық жұмыста қорлар есебінің дұрыс ұйымдастырылып жүргізілгендігін анықталады.
Осы курстық жұмыста келесідей мәселелер қарастырылады: бірінші бөлімінде “ қорлардың есебінің аудитінің теориялық негізі, қорлар аудитінің мақсаты мен міндеттері, қорлар аудитінің нормативтік-құқықтық реттелуі. Қорлардың есебінің аудитінің негізгі мақсаты- олардың есебінің дұрыс ұйымдастырылып жүргізілгендігін анықтау болып табылады. Өндіріс үрдісінде бірақ - рет қатысып өндірілген өнімнің өзіндік құнына құны түгелдей кіріп, оның материалдық негізін құрайтын қорлардың алатын орны өте зор.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3
I. ҚОРЛАРДЫҢ ЕСЕБІНІҢ АУДИТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1 Қорлар аудитінің мақсаты мен міндеттері...................................................5
1.2 Қорлар аудитінің нормативтік құқықтық реттелуі.....................................9
II. ҚОРЛАР ЕСЕБІНІҢ АУДИТІ
2.1 Қорлар аудитінің бағдарламасы................................................................11
2.2 Қорлар құндылықтардың қоймадағы есебінің аудиті.................................14
2.3 Қорлар оларды жіктеудің, бағалудың және түгендеудің аудиті......19
Қорытынды..........................................................................................................27
Қолданылған дерек көздер тізім......................................................................29

Работа состоит из  1 файл

на печать.doc

— 270.50 Кб (Скачать документ)

рұқсат куәлігін толтыру  және тіркеу, олардың пайдаланылғанының  бухгалтерияға қайтарылуын және басқа да ережелердің орындалуымен танысады.

    Бұндай кезде бір рұқсат қағазымен материалды құндылыктарды екі рет әкету, қол қоюға қүқық берілмеген тұлғалардың қолы қойылған рұқсат қағазбен әкету материалды құндылықтарды ауызша рұқсатпен әкету ж.т.б. сияқты әр түрлі бұрмалаушылықтар тәртіп бұзулар кездеседі.

    Кіргізіп-шығару жүйесін тексеру жеке территорияларға бөлініп орналасқан арнайы мамандандырылған өндірістік цехтардың озара байланысының арасын ескеріп жүзеге асырылуға тиісті қоймадағы әр түрлі мақсатқа босатылған материалдарды әкетуге толтыратын рұқсат қағазды мұқият тексеруді және бақылауға алуды талап етеді.

    Цехтың өндірістік қызметінде бұрмалаушылық, шектен шығып кету фактілері анықталған кезде (өндірілген өнімді толық кіріске алмау, қосып жазу, ұрлау, есепте дұрыс көрсетпеу) рұқсат қағаз бақылау көзі ретінде қолданылады. Олардың мәліметтерін әкетілген материалды құндылықтардың түр-түрлері бойынша сомасын және  құнын шот-фактуралар, бұйрық фактуралар, бұйрық накладнойлар, басқа да жолдама құжаттарымен салыстырады.

    Шаруашылықтың қоймасындағы  материалды құндылықтардың сақталуын  бақылаудың бөлінбейтін бөлігі  қойма есебін тексеру болып табылады. Жұмыс практикасы корсеткендей, қойма есебін жүргізудің тәртібін бұзушылық. негізінен материалдардың түрлері бойынша жалған қалдықтың («қызыл қалдық») көрсетілуі, кейбір кіріс құжаттарындағы материалдардың кіріске алынғандығы туралы жазуларының болмауы, қоймалық есеп карточкаларындағы және бухгалтерлік есептегі мәліметтерінің арасындағы алшақтық, шығысқа шығару құжаттарының санының шамадан тыс асып кетуі қалдықтарының дұрыс саналмауы ж.т.б. сияқты фактілері кездесіп қалады. «Қызыл қалдық» келіп түскен материалдық құндылықтарды толык немесе уақтылы кіріске алмаудың, өндіріске босатылған материалдар санының шамадан тыс артық шығысқа шығарылуына, құжаттары толтырылмай материалдарды босатуға, соңғы қалдықтардың дұрыс анықталмауына ж.т.б. жол берілгендігін дәлелдейді.

     Материалдар түрлерінің теріс өтпелі қалдығы осы түрге жататын кезекті материалдар келіп түскен кезде уақытша жабылса, ал материалдық құндылықтар саны осы шамаға кемиді. Теріс қалдық тек қана есепте жоқ материалдардың көлемін көрсетіп қоймайды, сонымен қатар ұрлаудың, талан-таражга салудың резервін де көрсетеді.

    Кейбір кіріске алу құжаттары, әсіресе фактурасыз келіп түскен материалдар қоймалық есеп карточкаларында көрсетілмеуі мүмкін. Оларды анықтау үшін қойманың бастапқы құжаттарын кенеттен тексеру керек.

    Қоймадағы материалдар есебін, материалды жауапкершілікті тұлға болып саналатын қойма меңгерушісі (қоймашы) жүзеге асырады. Бұл қызметке бұрынғы қызметінде материалдарды талан-таражға салған материалдар үшін сотталған, еңбек тәртібін бүзғаны үшін бұрын жұмыстан босатылған тұлғалардың қабылданбауы тиіс. Қоймашыны жұмысқа шаруашылықтың бас бухгалтерінің келісімі бойынша қабылдайды. Оны қызметінен босату тауарлы-құндылықтарға жаппай түгендеуден еткізіп жасаған қабылдау-өткізу актісін шаруашылықтың басшысы қарап бекіткеннен кейін ғана жүзеге асырылуы мүмкін.

    Аудитор қоймашылармен  жеке материалды жауапкершілік,  олардың жұмысын бақылаудың жағдайы  туралы келісім жасалғандығын,  материалды сақталу орындарында  олардың түр-түрлері бағаларының ілінгендігін, қоймадағы жұмыс режимінің сақталуын анықтауға тиісті.

Құндылықтарды тез қабылдап және босатуды қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ нақты  қолда барының бекітілген қор  шектеу нормасына сәйкестігін бақылау  үшін тәртіп бойынша қоймадағы материалды құндылықтар секцияларға, ұяларға орналастырылады. Секцияның ішінде топтары, тұрақты және сорты, көлемі бойынша, қобдиларға, жәшіктерге, контейнерлерге, сөрелерге, текшелерге, ұяларға орналастырылады.

    Қоймашы материалдардың өрбір номенклатурасының нөміріне материалдық таңба қағаз толтырып, оны материалдардың тұрған  орнының тұсына жапсырып  қояды.  Таңба  қағаздары материалдардың аталуын, номенклатураның нөмірін, өлшем бірлігін, бағасын және нақты қолда бар материалдарды көрсетеді.

    Материалдардың қозғалыстарының  және қалдығының есебі материалдардың  қоймалық есеп карточкаларында  жүргізіледі. Әрбір номенклатуралық  нөмірге жеке карточка ашылады,  сондықтан мұндай есепті сұрыптық  есеп деп атап, оларды натуралды  түрде жүргізеді.

    Карточканы бухгалтерияда немесе электронды есептеу техникаларында ашып, оған қоймасын, нөмірін, материалдардың аталуын, маркасын, сортын, кескінін, көлемін, өлшем бірлігін, номенклатураның нөмірін, есептік бағасын және шектеуді жазады. Содан кейін карточка қоймаға беріліп, қоймашы материалдардың кіріс, шығыс және қалдық бағаларын толтырады. Операциялардың жасалған жұлдызына (күніне) қоймашы карточкаларға бастапқы құжаттарының (кіріс ордерлерінің талап ету накладнойлардың және т.б.) негізінде жазуларын жүргізеді.

    Осының арқасында қоймадағы  материалдық қорлардың жағдайы  туралы жедел мәлімет алуға  болады. Егер материалдардың қалдықтары  бекітілген қор нормасынан жоғары  немесе төмен болса, ол туралы  қойма меңгерушісі жабдықтау  бөліміне хабарлауға міндетті.

    Бастапқы құжаттарының  мәліметтерін қоймалық есеп карточкаларына  жазғаннан кейін, оларды бухгалтерияға  береді. Шектеп жұмсау карталарын  қолдау тәртібіне қарай келесі  айдың бірінші жұлдызынан кешіктірмей  береді. Құжаттарын тапсыруға тізімдеме  толтырып, онда еткізілген құжаттардың аталуын және нөмірі керсетіледі.

    Шағын сақтау  орындары бар цехтарда, сондай-ақ есеп беруге тиісті субъектідегі (пункттер, бөлімдер, цехтар) материалды жауапкершілікті тұлғалардың пункін және белімнің меңгерушілері, цехтың шеберлері жауапкершілігіндегі материалдардың қалдықтары және қозғалыстары туралы айлық қорытынды есеп жасап, оларды бухгалтерияға өткізеді. Бухгалтерияда материалдардың жұмсалу нормасын есептеп шығарып және қорытынды есепті бағалайды. Материалдық қорытынды есебін пайдаланған кезде, босатылған материалдарға басқа құжаттарды жасаудың қажеті де болмайды. Материалды жауапкершілікті тұлғаның қорытынды есебі аналитикалық есеп регистрлары ретінде қолданылғандықтан, жауапкершіліктегі материалдардың есебі жеңілдетіледі.

    Шаруашылықтың  қоймасындағы материалды құндылықтардың  қозғалысының есебінің жағдайын тексерген кезде, аудитор жазуларының дұрыстығына, материалдарды қабылдау және босатудың бастапқы құжаттары бойынша материалдардың қозғалысының есебінің ведомостінің жасалуына ерекше назар аударып, материалдардың жедел-бухгалтерлік есеп жүргізу қалдықтау әдісін қолданған кезінде қойма меңгерушісінің бухгалтерияға тапсырған және материалды жауапкершілікті тұлғалардың жасаған есебіне қоймалық есеп карточкаларының жазуларының дұрыстығына бухгалтерия қызметкерлерінің тарапынан қатаң бақылау жасалғандығын анықтауға міндетті.

    Бүлінген қорларды жабдықтаушылармен ауыстырғанда:

    Д-т 1420  К-т 1410

    Егер  жақтардың келісімі бойынша қорлардың бағасын төмендету сұрақтары шешілген болса:

    Д-т1410  К-т 1420

     Егер сатып алушылармен төлем жүзеге асырылмаса, қарыздар азайса:

     Д-т 3310  К-т 1410

     Егер төлем жүзеге асырылса:

     Д-т  1030 К-т 1410

    Аудитордың  жұмысының маңызды бағыттарының  бірі -өндіріс қорларына талдау  жасап, шаруашылықтың кідіріссіз  қызметін жүзеге асыру үшін  қажетті материалдармен қамтамасыз етілуін анықтау.

    Шаруашылық операцияларын істің мән-жәйі бойынша тексеру

    Шаруашылық  операцияларын істің мән-жайы  бойынша тексеру шаруашылық операциялары  тиісінше санкцияланды ма, олар  дұрыс есепке алынған ба және  бастапқы құжаттарда жалпыландырылған ба, сонымен қатар синтетикалық тіркеу регистрлеріне және Бас кітапқа дұрыс көшірілген бе деген мәселелерді анықтаудан тұрады.

    Шаруашылық операцияларының аудиторлық тесттері 4-кестеде көрсетілген мәселелерді қоса алады.

 

 

 

 

 

 

 

Кесте-6. Ішкі бақылау тәсілдерінің тиімділігін сипаттайтын шаруашылық операцияларының тесттері

 

№ р.р.

 

 

Тест сұрақтарының мазмұны

Толық-тық

Бар болуы

Дәл- дік

Баға-лау

Көрсе-тілуі  және ашы-               луы

Құқықтар  мен                   міндет-темелер

1.

Нұсқаулар немесе шарттардың негізінде, сонымен қатар көлік  және ілеспе құжаттары (шот-фактура, тізбе, спецификация, орама ярлыктар, техникалық паспорт, сертификат және т.с.) бойынша  тауарларды сан, мөлшер, сапа және жинақталуы бойынша қабылдап алуды жүргізудің дұрыстығына көз жеткізу

 

х

х

х

х

х

2.

Бухгалтерияға келіп  түскен бастапқы құжаттардың  оларды тексергеннен және таксалағаннан кейін  қоймалар мен материалдардың номенклатуралық  топтары қимасында келу мен шығыс  бойынша жеке-жеке қойылатындығына  көз жеткізу үшін осы құжаттарды іріктеп қарап шығу. Бір ай өткен соң картотеканы әр қойма бойынша жеке-жеке сомалық көрсетіліммен топтық айналым ведомосттарын толтыру үшін қолданады.

х

х

х

х

х

х

3.

Материалдарды жеке тұлғалардан  нарықтық бағалар бойынша сатып алған кездегі, кассадан қолма қол ақшамен немесе есеп берудегі сомалар бойынша төленген актілердің рәсімделуінің дұрыстығына көз жеткізу.

 

х

х

х

   

4.

Барлық өтінімдер мен  тапсырыстардың бекітіліп, хронологиялық  ретпен тіркелетіндігін іріктеп  қарап шығу.

х

 

х

     

5.

Мерзімі өтіп кеткендерін  анықтау үшін, тауарлардың саны, мөлшері және сапасы бойынша берілген шағым материалдарымен танысып  шығу.

   

х

х

 

х

6.

  • Қорлардың шығындалуы;
  • Ішкі орын ауыстырулар жөніндегі құжаттардың рәсімделуінің дұрыстығын іріктеп қарап шығу
 

х

х

х

х

х

7.

Осы операциялардың негізділігін растайтын түгендеу актілері, түгендеу комиссиясының хаттамалары, нарықтық бағалар туралы мәліметтер, басшының бұйрықтары негізінде, жекелеген өндірістік қорлардың жүргізілген бағасын  арзандату материалдарымен танысып шығу (егер осындай операциялар орын алған болса)

 

х

х

х

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3 Қорлар, оларды жіктеудің, бағалудың  және түгендеудің аудиті

 

      Аудитордан әр түрлі мақсаттарға  қоймадан босатылған материалды құндылықтар бойынша бухгалтерлік жазулардың дұрыстығын мұқият тексеруді талап етеді.

     Аудиттің маңызды сұақтарының бірі өндіріске шығысқа шығарылған материалдар ресурстарының дұрыс бағалануын  тексерумен тығыз байланысты.

    Өйткені материалдар әр түрлі көздерден келіп түсетіндіктен, оладың бастапқы қалдығын сатып алу бағасымен салыстырғанда арасында айырмашылық  болуы мүмкін. Қорлардың өзіндік құны  қорларды сатып алу, жеткізу, тасымалдау, дайындау,  өнімді қайта өңдеу шығындарын қамтиды.

    Өз кезегінде  қорларды сатып алу бағасын, ауданнан, аймақтан алып шығу баждарын, жабдықтау, делдалық ұйымдарға төлеген комиссиондық сый ақыларын, тасымалдау-дайындау шығындарын және сатып алуға тікелей байланысты басқа шығындарын қамтиды.

     Тауар шегерімдерін, қайтарылған артық төлемдерді және басқадай осындай түзетулерді, сатып алу шығындарын анықтаған кезде шығарып тастайды.

      Шикізаттардың және материалдардың ( жұмыс, қызмет) шығындары, өндіріс үрдісінде қолданылатын табиғи ресурстардың, отындардың, энергияның, еңбек ресурстарының,  ең негізгі құралдарының тозу құнының, сондай-ақ технологиялық процесстен туындайтын басқа да өнім ( жұмыс, қызмет)  өндіруге байланысты шығындарының жиынтығын қамтып, өнімнің ( қызмет, жұмыс)  өзіндік құнын құрайды.

      Есеп саясатында анықталғандай, өндіріс қорларының өзіндік құнын бағалау, арнайы ( жалпылама) бірыңғай ұқсастық, орташа есептік құны, ФИФО, әдістерінің бірін қолдану арқылы жүргізіледі.

     Арнайы ( жалпылама) бірыңғай ұқсастық әдісі бойынша бағалау арнайы жобалар және тапсырыстар үшін өндірілген, өзара айырбастау құралының  қызметін атқаратын тауарлы- материалдық қорлардың өзіндік құнын есептеп шығаруды көздейді.

     Өндіріс қорларының орташа есептік құнын, есепті кезеңнің басындағы қолда бар және сатып алынған немесе осы кезеңнің  ішінде өндірілген ұқсас қорлардың орташа құнын анықтау арқылы есептеп шығарады.

     Өндіріс қорларын ФИФО әдісі бойынша бағалаған кезде, бірінші кезекте алғакшқы сатып алыңған немесе өндірілген қорлардың құнын шығысқа шығару көзделеді.

   Аудитор материалдық құныдылықтарға аудит жүргізген кезде субъектінің есеп жүргізу саясатында қарастырылған материалдарды бағалау әдістерімен салыстырып тексеруге міндетті.

    Материалды аудиттеген кезде тасымалдау-дайындау  шығындарының нақты өзіндік құнының олардың есептік бағасы бойынша құннан ауытқудың таратылу тәртібінің дұрыстығына назар аудару қажет.

Информация о работе Қорлар есебі жайлы толық курстық жұмыс