Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2013 в 09:07, курсовая работа
Осы курстық жұмыстың тақырыбы “Қорлар есебінің аудиті ” болып табылады. Осы тақырыпқа сай курстық жұмыста қорлар есебінің дұрыс ұйымдастырылып жүргізілгендігін анықталады.
Осы курстық жұмыста келесідей мәселелер қарастырылады: бірінші бөлімінде “ қорлардың есебінің аудитінің теориялық негізі, қорлар аудитінің мақсаты мен міндеттері, қорлар аудитінің нормативтік-құқықтық реттелуі. Қорлардың есебінің аудитінің негізгі мақсаты- олардың есебінің дұрыс ұйымдастырылып жүргізілгендігін анықтау болып табылады. Өндіріс үрдісінде бірақ - рет қатысып өндірілген өнімнің өзіндік құнына құны түгелдей кіріп, оның материалдық негізін құрайтын қорлардың алатын орны өте зор.
Кіріспе......................................................................................................................3
I. ҚОРЛАРДЫҢ ЕСЕБІНІҢ АУДИТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1 Қорлар аудитінің мақсаты мен міндеттері...................................................5
1.2 Қорлар аудитінің нормативтік құқықтық реттелуі.....................................9
II. ҚОРЛАР ЕСЕБІНІҢ АУДИТІ
2.1 Қорлар аудитінің бағдарламасы................................................................11
2.2 Қорлар құндылықтардың қоймадағы есебінің аудиті.................................14
2.3 Қорлар оларды жіктеудің, бағалудың және түгендеудің аудиті......19
Қорытынды..........................................................................................................27
Қолданылған дерек көздер тізім......................................................................29
Материалдардың
нақты өзіндік құнының олардың
тұрақты есептік бағасы
Материалдардың нақты өзіндік құнының тұрақты есептік бағасынан ауытқуының пайыздық қатынасын формула бойынша анықтайды.
( Аб+Ас)
Тб=----------------------100%
Ат+Ак
Бұнда, Тб материалдың нақты өзіндік құнының тұрақты есептік бағасына ауытқу пайызы;
Аб- айдың басындағы материалдардың нақты өзіндік құнының тұрақты есептік бағасы бойынша ауытқуы;
Ас - айдың ішінде келіп түскен материалдардың нақты өзіндік құнының тұракты есептік бағасы бойынша құнынан ауытқуы;
Ат - айдың басындағы материалдардың тұрақты есептік бағасы бойынша құны;
Ак - ай ішінде келіп түскен материалдардың тұрақты есептік бағасы бойынша құны;
Осы пайыз бойынша жүмсалған материалдардың ауытқуын (тиісті шоттарға) шығысқа шығару қажет. Бұл пайызды есептеп шығару мәліметтері материалдардың қозғалысының есебінің ведомостінің бөлігінде келтірілген. Материалдық қорларды бағалау және тасымалдау-дайындау шығындарының (ауытқуы; +, -) сомалары сатылған өнімнің, жүмыстың, қызметтің өзіндік құны арқылы жалпы табыстың көлеміне тікелей әсер етеді, демек заңды тұлғаларға салынатын табыс салығының көлемінде. Сондықтан материалдық қорларды бағалауды және оларды өндіріске шығысқа шығаруды дұрыс қолдану салық органдарының бақылауында болатындықтан, аудитор шаруашылық жүргізуші шаруашылықтың бухгалтериясының бұл бағыттағы жүмысын өте мүқият тексеруі қажет.
Материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етуде шикізаттарға, материалдарға, отындарға, қосалқы болшектерге және басқа да материалды құндылықтарға дер кезінде сапалы түгендеу жүргізудің маңызы зор. Аудитор, нақты қолда бар материалды құңдылықтарға түгендеу жүргізу тәртібінің және оның мерзімінің сақталғандығына толтырылған түгендеудің көшірмесіне салыстыру ведомостіне түгендеудің нәтижесіне оның шаруашылықтың басшысының қатысуымен жіберген кемшіліктерге қолданылған әкімшілік шараларына тексеру жургізіп жоне танысуға міндетті.
Түгендеу комиссиясының құрамына аудитормен материалды-жауапкершілікті тұлғадан басқа, әдетте, әкімшілік өкілдері мамандар және бухгалтерия қызметкерлері кіреді. Түгендеу жүргізген кезде материалды-жауапкершілікті тұлғаның қатысуы міндетті.
Аудитордан қайтыс болудан басқа да әр түрлі себептермен материалды-жауапкершілікті тұлғаның қатысуынсыз түгендеу жүргізгенде өте сақ болуын талап етеді.
Егер де түгендеу нәтижесінде материалдық құндылықтардың жетіспеушілігі анықталса, онда материалды-жауапкершілікті тұлға түгендеудің нәтижесіне келіспеуі және кем шығу фактісін мойындамауы мүмкін.
Егер материалды-жауапкершілікті тұлға дәлелді себептермен болмай қалса, онда қойманы жауып пломбирлеп, материалды-жауапкершілікті тұлға жүмысқа шыққаннан кейін ғана түгендеуге кірісуге міндетті. Түгендеу жүргізудің алдында материалды-жауапкершілікті тұлға түгендеу жүргізілетін күнге екі дана кіріске алынған жөне шығыс жасалған материалды құндылықтардың қорытынды есебін жасайды. Бірінші данасы шаруашылықтың бухгалтериясына берілсе, екінші данасы аудиторға қалады. Комиссияның төрағасы материалды-жауапкершілікті тұлғадан «өндіріс қорларына қатысты кіріс және шығыс құжаттарының барлығы түгелдей бухгалтерияға тапсырылды, ешқандай кіріске алынбаған жөне шығыс жасалмаған материалдар жоқ» деген қолхат алуға міндетті. Дәл осындай қолхат сатып алынған материалдар сомасына өлі есеп бермеген немесе оларды алуы сенімхат алып еткізбеген ,есеп беруге тиісті тұлғалардан да алынады. Осыдан кейін комиссия қолда бар материалды құндылықтарды таразыға тарту, өлшеу, санау немесе арнайы сыйымдылықтарға, қаптарға салып елшеу жолымен тексеруге кіріседі. Аудитор материалдық-құндылық-тарды таразыға тартып, өлшеп және санап жатқан уақытта аудитордың көзін ала бере комиссия мүшелерінің бірі немесе материалды-жауапкершілікті тұлға жетіспеушілікті білдірмей жіберетін кездері кездеседі. Аудитор бұндай келеңсіз жағдайларға жол бермеу үшін жүмыстың дұрыс жүргізілуін қадағалап, тексерудің нәтижесін бақылап түруға міндетті.
Келіспеушілік туғызбау үшін материалды-жауапкершілікті тұлға нәтижесін жазып отырады. Аталған жазулар анда-санда салыстырылып отырады. Әрбір материалдың түрі бойынша түгендеудің нәтижесі, материалды-құндылықтардың түрған орны немесе құндылыктарды сақтау жэне олардың сақталуына жауапкершілікті лауазымды тұлғалары бойынша жеке жасалатын түгендеу көшірмесінде белгіленеді.
Материалды құндылықтарды кошірмеде есептеп қабылданған номенклатурада және бірыңғай өлшем бойынша көрсетеді. Кейде аудитор материалды-жауапкершілікті тұлғаның айтуымен тексерудегі шаруашылықтың меншігіне жатпайтын уақытша сақталуға қойылған материалдық құндылықтарды түгендеу көшірмесіне қоспайтын кездері кездеседі. Бұндай материалдар бойынша комиссия жеке көшірме жасап, содан кейін карама-карсы тексеру жүргізіп, бұл құндылықтар кімнің меншігінде неге басқа шаруашылықтың қоймасына сақталу себебін анықтау қажет. Түгендеу жүргізген кезде материалдардың нөмірлеріне, маркаларына және аталуына ерекше назар аударуды талап етеді. Өйткені төл құжаттарында көрсетілген нөмірлерімен және маркаларымен кіріске алу құжаттарының мәліметтерімен салыстырғанда жаңа жабдықтарды бүрын пайдалануда болған немесе өте қымбат түратын материалдарға алмастыру фактілерінің кездесіп қалуы да ықтимал.
Кейбір материалдық құндылықтарды тексерген кезде сапасын анықтау үшін дәмін тату іріктеу жүргізу ұсынылады. Оларды теңдей екіге бөліп алып қапшыктарға, арнайы ыдыстарға салып мөр басып сақтауы керек. Бір бөлігін (данасын) сәйкес ыдыстарға салып лабораторияға сапасын анықтауға берсе, екінші бөлігін (данасын) қолхат алып тексерушіге береді. Сапасын анықтау үшін іріктеліп алынған бөлігіне акт жасалып субъектінің аталуы, бөліктің салмағы, данасы (көлемі), іріктелген орны, ауаның қызуы және сақталу орны көрсетіледі. Сапасын анықтауға жасалған актіге түгендеу комиссиясының мүшелері және материалды жауапкершілікті тұлға қолдарын қояды.
Түгендеудің мәліметтері бойынша көшірме жасалады, оған түгендеу қомиссиясының мүшелері және материалды жауапкершілікті тұлғалар қолдарын қояды. Материалды-жауапкершілікті тұлға әрбір көшірме бойынша жобамен мынандай мағынада: «осы түгендеу көшірмесінде аталған барлық құндылықтарды комиссия менің қатысуыммен натуралды күйінде көшірмеге ендірілді. Сондықтан түгендеу комиссиясына шағым талабым жоқ. Көшірмеде келтірілген құндылықтардың сақталуы менің жауапкершілігімде болғанын растаймын» деп қолхат беріп, қол қойып, күнін жазады. Салыстыру ведомостын жасау үшін бухгалтерияға береді. Салыстыру ведомості тек қана осы мәліметтерінен ауытқулары анықталған құндылықтарға жасалады. Оларға бас (материалды) бухгалтер және материалды- жауапкершілікті тұлға қолдарын қояды. Егер кем немесе артық құндылықтар анықталса, онда материалды-жауапкершілікті түлға жазбаша түсініктеме береді. Нормадан жоғары табиғи кемуден болған жетіспейтін материалды құндылықтардың құнын кінәлі тұлғалардың мойнына апарып, артық шыққанын кіріске алу керек. Артық шыққан, бұлінудің нәтижесінде кем шыққан біртекті материалдарды сол тексеру жүріп жатқан кезеңінде, тек қана сол материалды-жауапкершілікті тұлға бойынша бірі-біріне жатқызуға рұқсат етілуі мүмкін. Материалды құндылықтардың табиғи кему нормасының жоғарылауынан жөне бұлінген құндылықтарға нақты кінәлі тұлға анықталмаса немесе оларды өндіру туралы шағым-талапты сот органдары қараудан бас тартса, субъект қаржылық нәтижеге шығысқа шығаруы мүмкін. Аудитор шаруашылықтың бухгалтериясында салыстыру ведомостінің дұрыс жасалғандығын, бухгалтерияда қызметкер-лерінің оған жазылған жазуларының мәліметтерімен сәйкестігін тексеруге міндетті.
Аудитор түгендеуге дейін орындайтын рәсімдер:
Түгендеу басталғанға дейін аудиторға өткен жылы жүргізілген түгендеу материалдарын шолуды жүргізген, оның өткізілу мерзімдерін қарастырған, осының алдындағы аудитор мен клиентке сұрақтар қойған жөн болады. Аталған сұрақтар қою қорлардың табиғатындағы қандай да бір өзгерістер туралы, олардың қайда сақталғандығы, қалайша бақыланғандығы және т.б. жөнінде сұраудан тұрады.
Сонымен қатар түгендеу
процесі қалай
Аудитор түгендеу жүргізу кезінде орындайтын рәсімдер:
Осылардың тиісті кезеңде ескерілгендігіне, есепке алынғандығына көз жеткізу үшін, аудитор түгендеу нәтижелері бойынша алынған мәліметтерді есепке алу регистрінің мәліметтерімен салыстыруға тиіс.
Сондай-ақ түгендеу жүргізілгенге дейін көрсетілген үшінші жақтардың жауаптарын қарап шығып, олардың жауаптарын клиенттің жазбаларымен салыстырып шығу керек. Бұл жерде үшінші тұлғаларда сақталып отырған қорлардың енгізілгендігіне, ал үшінші жақтарға тиесілі қорлардың алынып тасталғандығына көз жеткізу керек.
Егер түгендеуде бола отырып, аудитор ол тиісті деңгейде жүргізіліп жатыр деп есептемесе, қалыптасқан жағдайды түзету үшін ол осы мәселені басшылықтың алдына қоюға тиіс.
Түгендеуді жүргізу сәтінде қорлардың қозғалысына бақылау жасау дәлдігінің аудиторлық рәсімдері:
Қорлар бойынша бағалаулар категориясына сәйкес келетін аудит мақсаттарына қол жеткізу аудитордың «Қорлар» МСФО 2 стандартын білуіне негізделеді. Аудиторға аталған стандарттың тауарлы - материалдық қорлардың өзіндік құнның ең азы және сатудың таза құны бойынша есепке алынуын талап ететіндігін көңіліне тоқығандығы жөн. Онымен қоймай, аталған мәселені зерттеген кезде:
Сальдо есептердің мән-жайы бойынша тексеру жүргізген кезде құндары өзіндік құннан төмен қорларға (ескірген, зақымданған, бүлінген) көңіл бөлу керек.
Осындай қорларды идентификациялау үшін:
Белгіленген рәсімдер аяқталған соң аудитор айтарлықтай бұрмалаулардың жоқ екендігіне ақылға сыйымды, көкейге қонымды сенімділік бар ма – жоқ па екендігін бағалауға тиіс. Бақылау тәуекелдері басында бағалағанға қарағанда жоғарырақ екендігін куәландыратын дәлелдер табылмаса, аудиторлық пікір толтырылады.
Егер бақылау тәуекелдері басында бағалағанға қарағанда жоғарырақ екендігін куәландыратын айғақ, дәлелдер табылса, жекелеген мәселелерді тексеру арқылы мән-жай бойынша қосымша тексерулер, сонымен қатар сыртқы растауларды алуға арналған рәсімдер жүргізіледі.
Бұл ретте қорларды жеткізуге, жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге берілген аванстардың есепте рәсімделу және көрсетілу дұрыстығын талдап шығу керек. Аудитор бастапқы құжаттарды және есепке алу регистрлерін зерттеу арқылы аванстардың берілуінің (оның ішінде валютамен) негізділігін, талдамалық және синтетикалық есептің жүргізілуінің дұрыстығын анықтайды.
Аудитордың алынатын қорлардың, орындалған жұмыстардың және көрсетілген қызметтердің саны, мөлшері мен сапасы бойынша, сонымен қатар бағалар мен тарифтердің сақталмауына, есептеу құжаттарында арифметикалық қателердің табылуына, өлшеу мен таразыға тарту кезіндегі қателерге байланысты берілген шағымдардың дер кезінде берілуін тексеруге зор көңіл бөлуі керек. Шағымдар тек жеткізушілерге ғана емес, көлік ұйымдарына – жолда жүктің жетіспегендігі үшін, банктерге – есеп айырысу шотынан және валюталық шоттан қателікпен шығынға жазылған немесе оларға қателікпен енгізілген сомалар бойынша берілуі де мүмкін. Шағымдар шағымдану сомасы мен қажетті дәлелдерді көрсете отырып, жазбаша түрде ұсынылады және факспен немесе тапсырыс хатпен жіберіледі.