Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 08:02, курсовая работа
Қорлар жөнінде мәліметті толық және шынайы қалыптастыру бухгалтерлік есептің маңызды мақсаты. Осыған орай курстық жұмыста мынадай талаптар қойылады:
1. Қордың ұғымы және бағалау тәртібін қарастыру.
2. Қордың қозғалысын құжаттық рәсімдеу және есепке алу сұрақтарын зерттеу.
3. Қор есебін жетілдіру жолдарын анықтау.
Кіріспе ---------------------------------------------------------------------------------------3
1. Қорлар жайлы түсінік және жіктелуі----------------------------------------------4
2. Қорларды бағалау әдістері --------------------------------------------------------11
3. Қорлар және №2 ХҚЕС -------------------------------------------------------------14
4. Материалдар қозғалысын құжаттаужәне қорлардың қоймадағы есебі ---20
5. Материалдардың бухгалтериядағы есебі ----------------------------------------23
6. Қорлардың жетілдіру жолдары--------------------------------------------------25
Қорытынды ---------------------------------------------------------------------------------32
Пайдаланылған әдебиеттер -------------------------------------------------------------34
Мазмұны
Кіріспе ------------------------------
1. Қорлар жайлы түсінік және жіктелуі----------------------
2. Қорларды бағалау әдістері ------------------------------
3. Қорлар және №2 ХҚЕС ------------------------------
4. Материалдар қозғалысын құжаттаужәне қорлардың қоймадағы есебі ---20
5. Материалдардың бухгалтериядағы есебі
------------------------------
6. Қорлардың жетілдіру жолдары---
Қорытынды ------------------------------
Пайдаланылған әдебиеттер ------------------------------
Кіріспе
Нарықтық экономиканың қай саласында да өндірістік запастар кәсіпорынның айналым активтерінің құрамды бөлігі болып табылады. Олардың өндіріс шығындарындағы үлес салмағы түрлеріне, түсу көздеріне, бағалау әдістеріне байланысты. Агроөнеркәсіп кешенін ұйымдастыруда өндірістік шығындардың маңызды элементі болып материалды шығындар болып табылады.
Материалдар айналым активтерінің құрамды бөлігі ретінде өндіріс процесінде толықтай қолданылады және өзінің құнын өндірілетін өнімнің құнына толығымен алып барады.
ЖШС “МТС Құрылыс” мәліметтері негізінде «Қорлар есебінің бухгалтериядағы есебі» тақырыбына жазылған курстық жұмысты қорытындылай келе мынадай тұжырымға келуге болады. Осы жұмысты орындау барысында ең алдымен қорлар бұйымдарының есебін теориялық жағынан ашуға тырыстық. Тексеру жұмысы үшін методикалық база ретінде қорлар бұйымдарының есебі теориясы мен тәжірибесі бойынша Қазақстандық және Ресейлік ғалымдардың еңбектері алынды.
Көріп отырғанымыздай ЖШС “МТС Құрылыс” қаржылық жағдайы қарастырылған жылдары өзгеріске түскенімен жыл соңында табыспен аяқтап отыр. Тауарлы өнім көлемі есепті жылы жоғарылауда. Алайда алдыңғы екі жылмен салыстырғанда біршама өскендігін байқаймыз. Кәсіпорынның соңғы кезде қаржылық жағдайының жақсаруы және сомалар бойынша өсімдік шаруашылығы үлкен үлес алып отыр, тек өндіріс көлемін ұлғайтумен ғана емес, сондай-ақ бұдан шаруашылықтың өсімдік шаруашылығына мамандандырылғанын көреміз.
Қаржы және есеп жұмысының көлеміне қызметкерлерінің міндеттерін тиісті адамдарға бөліп, тиімді ұйымдастырылған. Жалпы есеп кәсіпорындарында журнал-ордерлік формада жүргізіледі.
Шаруашылық қорлар есебін бекітілген нұсқаулықтар, ұсыныстар бойынша жүзеге асырады. Жалпы алғанда материалдардың жабдықтау-өндіру-сату процесіндегі үздіксіз қозғалысы сәйкес құжаттармен жабдықталады.
Осы ЖШС “МТС Құрылыс” есептерінің синтетикалық және аналетикалық есебінің жағдайына тоқтала келе мен үшінші бөлімнің аналитикалық есебіне тоқталдым. Шаруашылықта есептің ұйымдастырылуы жаман емес.
Қорлар жөнінде мәліметті толық және шынайы қалыптастыру бухгалтерлік есептің маңызды мақсаты. Осыған орай курстық жұмыста мынадай талаптар қойылады:
1. Қордың ұғымы және бағалау тәртібін қарастыру.
2. Қордың қозғалысын құжаттық рәсімдеу және есепке алу сұрақтарын зерттеу.
3. Қор есебін жетілдіру жолдарын анықтау.
Қазақстанның әлемдік экономикаға дендеп енуі отандық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық есептіліктерінің сапалылығы мен шынайылығы мәселелерін көтеруде. Сондықтан бухгалтерлік есеп пен есептілікті дамытуға арналған тұжырымдамада қаржылық есептіліктің сапасын көтеру келешек мақсаттардың негізгі бағыты ретінде танылуда. Қазіргі экономикалық жағдайда ұйымдар стратегиялық шешімдер қабылдауда бухгалтерлік есепке маңызды рөл беруде. Өндіріс процесі барысында түрлі шикізат пен материалдар көп мөлшерде пайдаланылады. Олардың сақталуындағы негізгі рөлді материалдық қорлар қозғалысының барлық кезеңдеріндегі есебі мен бақылауы атқарады (сатып алу, келіп түсу, сақтау, өндіріске жіберу, өндірісте пайдалану, т.б). Материалдық қорлар есебі жабдықтаудың уақыттылығын, қоймадағы қорлар мөлшерін бақылауды қамтамасыз етуі тиіс, есепке алынбай қалған материалдарды анықтау, материалдық ресурстарды пайдаланудың дұрыстығын қадағалау, басқару мақсаттары үшін қажетті ақпараттарды дер кезінде ұсынуы тиіс.
Есептің ерекше ролі материалдық қорларды үнемдеудің бар өндірістік резервтерін дұрыс және жедел анықтаудан тұрады. Бұл резервтерді пайдалану өнімнің өзіндік құнын төмендету мен пайданы өсіруді қамтамасыз етеді.
1. Қорлар жайлы түсінік және жіктелуі
Кәсіпорындар
мен ұйымдардың қызметі барысында
өздерінің өндірген дайын бұйымдары,
сату үшін сатып алған тауарлары,
сатып алған бірақ әзір ұйымға
келіп түспеген тауарлары (жолдағы
тауарлар), аяқталмаған өндіріс, басқаларға
көрсеткен қызметтері, сондай-ақ жұмыстарды
орындау және қызметтерді көрсету
барысында пайдалануға арналған
қосалқы бөлшектері, отындары, ыдыс
және ыдыстық материалдары, жартылай
фабрикаттар және басқа да материалдары
сол ұйымның тауарлы-
Олардың өндіріс құралдарынан өзгешелігі, өндіріс құралдары шаруашылық үдерісіне ұзақ уақыт қатысып, өздерінің табиғи пішінін сақтай отырып өндірілетін өнімге өз құнының бір бөлігін қосып отыратын болса, еңбек заттары өндірісте пайдаланылған кезде өздерінің бастапқы құнын түгелдей өндірілетін өнімге ауыстырады. Шығарылатын өнімнің, атқарылатын жұмыстың өзіндік құнның көп бөлігі еңбек заттарының құнынан тұрады. Сонымен қатар еңбек заттары өндірістік қор болып табылады.
Материалдарды есептеудің негізгі міндеттері:
Жақсы және дұрыс ұйымдастырылған есеп материалдардың түгел сақталуына, үнемді пайдаланылуына көмегін тигізеді. Материалдардың түгел және дұрыс сақталуы, сондай-ақ ұтымды пайдаланылуы, жұмсалуы үшін алдын ала мыналарды жасау қажет:
Кәсіпорындар мен ұйымдардың әкімшілігі материалдарды сақтайтын жерді таразымен, өлшеу аспаптарымен және ыдыстармен жабдықтап және оларды жиі тексеріп, дұрыстығын қадағалап отыруы керек. Ұйымның басшысы материалдарды қабылдайтын және босататын адамдардың топтарын белгілеп, олармен материалдарға жауапкершілік туралы шарт жасайды. Сондай-ақ кәсіпорын басшысы материалдарға жауапты адамдарды жұмысқа алу, жұмыстан босату барысында ұйымның бас бухгалтерімен алдын ала келісіп отыруы керек. Материалдарды кіріске алу және қоймадан босату құжаттарына қол қою құқығына ие болған қызмет иелерінің тізімін белгілеу кәсіпорын басшысының немесе ол сенім білдірген адамның жұмысы болып табылады. [8]
Материалдардың есебін дұрыс және ұтымды ұйымдастыру үшін мыналар керек:
Сонымен қатар материалдарды алдағы уақыттарда пайдалану үшін өндіріске босату және басқа жаққа берілетін мөлшерін белгілеп, оларды жетілдіріп отыру керек. Белгіленген тәртіп бойынша материалдардың қалдығын жаппай түгендеу, бақылау арқылы тексеріп және олардың нәтижесін дер кезінде есепке алып отыру қажет.
Еңбек заттары
бір тектес емес. Олардың бір-бірінен
өндірісте атқаратын
Негізгі материалдар мен шикізаттар өндірілетін өнімнің құрамына кіріп, оның материалдық негізін жасайды.
Шикізаттар деп бұрын азды-көпті еңбек сіңірілген заттарды атайды. Бұлардың құрамына кен өндіруші өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы мекемелерінің өндірген дөнімдері - мұнай, кен, мақта, жүн, тері, ағаш және тағы да басқа материалдар жатады.
Негізгі материалдардың қатарына өнімнің өзіндік құнын құрайтын өңдеуші өнеркәсіп өнімдері – ұн, мата, кірпіш және т.б. жатады.
Өндірістік
үдерістің бір сатысынан толық
өтіп әрі қарай өңдеуді қажет
ететін материалдар жартылай фабрикаттар
деп аталады. Материалдардың бұл
түрін әрі қарай өңдеу арқылы
дайын бұйымдар алынады. Олардың
аяқталмаған өнімнен
Көмекші
материалдарға - әр түрлі химикаттар
мен майлайтын, сүртетін және жөндеуге
керекті басқа да материалдар
жатады. Көмекші материалдардың негізгі
материалдардан өзгешелігі, олар өнімнің
материалдық (заттық) негізін құрамайды.
Олар өндіріс үрдісінде қолданылуы
барысында негізгі
Материалдық қорлардың ішінде бөлек топ болып отындар, ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер, құрылыс материалдары, т.б. есептеледі. Отындар тобына техникалық мақсатта энергия өндіруге, үй-жайларды жылытуға пайдаланатын материалдардың барлық түрі жатады.
Материалдық босалқы қордың барлық түрін есепке алу үшін 1300 «Қорлар» бөлімінің негізгі, активті мүліктік шоттары пайдаланылады. Бұл бөлімше құрамына төмендегі синтетикалық шоттар кіреді: 1310 «Шикізаттар мен материалдар», 1311 «Сатып алынған жартылай фабрикаттар және құрастырушы бұйымдар», 1312 «Отын», 1313 «Ыдыс және ыдыстық заттар», 1314 «Қосалқы бөлшектер», 1315 «Өзге материалдар», 1316 «Өңдеуге берілген материалдар», 1317 «Құрылыс материалдары», 1320 «Дайын өнім», 1330 «Тауарлар», 1340 «Аяқталмаған өндіріс», 1350 «Басқалай қорлар», 1360 «Қорларды есептен шығару резерві».
1310 «Шикізаттар
мен материалдар» шотында
1311 «Сатып
алынған жартылай фабрикаттар
және құрастырушы бұйымдар»
1312 «Отын»
мұнай өнімдері, қатты және басқа
да отын түрлері есепке
1313 «Ыдыс және ыдыстық заттар» ыдыстың барлық түрі (цистернаны, бочкілерді, флягтарды қоспағанда) және ыдысты жөндеуге арналған материалдар есепке алынады.
1314 «Қосалқы
бөлшектер» жөндеуге және
1315 «Өзге
материалдар» өндіріс