Қорлар жайлы түсінік және жіктелуі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 08:02, курсовая работа

Описание

Қорлар жөнінде мәліметті толық және шынайы қалыптастыру бухгалтерлік есептің маңызды мақсаты. Осыған орай курстық жұмыста мынадай талаптар қойылады:
1. Қордың ұғымы және бағалау тәртібін қарастыру.
2. Қордың қозғалысын құжаттық рәсімдеу және есепке алу сұрақтарын зерттеу.
3. Қор есебін жетілдіру жолдарын анықтау.

Содержание

Кіріспе ---------------------------------------------------------------------------------------3
1. Қорлар жайлы түсінік және жіктелуі----------------------------------------------4
2. Қорларды бағалау әдістері --------------------------------------------------------11
3. Қорлар және №2 ХҚЕС -------------------------------------------------------------14
4. Материалдар қозғалысын құжаттаужәне қорлардың қоймадағы есебі ---20
5. Материалдардың бухгалтериядағы есебі ----------------------------------------23
6. Қорлардың жетілдіру жолдары--------------------------------------------------25
Қорытынды ---------------------------------------------------------------------------------32
Пайдаланылған әдебиеттер -------------------------------------------------------------34

Работа состоит из  1 файл

дурысталгпн курсовой к есеп.docx

— 68.18 Кб (Скачать документ)

1316 «Өңдеуге  берілген материалдар» шотында  сыртқа өңдеуге берілген материалдардың  және өңдеуден алынған бұйымның  өзіндік құнға енгізілгені есепке  алынады.

1317 «Құрылыс  материалдары» құрылыс бөлшектерін,  монтаждау жұмысын және құрылыс  процесінде тікелей пайдаланатын  құрылыс материалдарын есепке  алады.

Әрбір шаруашылық жүргізуші субъектілер қажеттігінше әрбір шоттар бойынша субшоттар  және материалдық есебі бойынша  аналитикалық шоттар аша алады. [3]

Мысалы, «Шығыс» ААҚ аяқ киімді өндіру үшін, сары ЦЛ терісін жабдықтаушыға  тапсырыс берген, оның 1 дм2 90 теңге (ҚҚС-мен) тұрады. Келісім шарт жасасқаннан соң, «Шығыс» ААҚ-на тапсырыс берген материалы келіп түскен. Барлық келіп түскен терінің мөлшері   35555,6 дм2 құраған, ал оның сомасы 3200004 теңге болған. Тасымалдау шығыны  800000 теңге және түсіру шығыны (Түсірушәлердәі жалақысы – 300000 және әлеуметтік - 56700-(300000-300000*10%*21%)=356700 теңге құраған. Түсіруге дейінгі қоймадасақтау шығыны 630000теңге құраған. «Шығыс» ААҚ теріне өңдейтін тәсілін жетілдірудің арқасында, оның құнын 90 теңгеден 75 теңгеге дейін түсірген. Нәтижесінде алынған терінің нарықтық бағасы  16,67% төмендеген.

Біз бұл  мысалда алынған терінің өзіндік  құны 4545324 теңге немесе 1 дм2-ты 127,84 теңге құраған:

  • сатып алу бағасы -   2758624 теңге (ҚҚС қоспағанда);
  • көлік-дайындау шығындары (КДШ) -  1156700 теңге (800000+356700);
  • сақтау шығындары -  630000 теңге «сақтау шығыны өзіндік құнға енгізілуі мүмкін, егер олар қойманың  тұрған жеріне дейін жеткізіп берсе ғана).

Алынған материалдар нақты өзіндік құны бойынша бухгалтерлік есепке кірістеледі (127,84 теңге бойынша). Содан соң  олар сатуға немесе өндіріске босатуға не нақты өзіндік құны бойынша, не сатылатын таза құны бойынша босатылуы  мүмкін. Тек осындай өнімді басқа  кәсіпорны 90 теңгеден емес, онық бір  дм2 75 теңгеден сатқан, сондықтан «Шығыс» ААҚ-на да сол бағадан сатуына тура келген. [2]

Енді  біз осы операциялар бойынша  жасалатын шоттар корреспонденциясын қарастырып көрейік.

 

1-кесте       Қорлар бойынша шоттардың корреспонденциясы

Рет №

 

Шаруашылық операцияларының  мазмұны

Сома, мың теңге

Шоттардың корреспонденциясы

дебет

кредит

1

2

3

4

5

1

ТМҚ жеткізіп беру үшін жабдықтаушыға  аванс берілген

3200004

2910

1030

2

Жабдықтаушыдан сары тері алынды:

  • материалдардың құнына
  • ҚҚС-ның сомасына

 

2758624

 

441380

 

1310

 

1410

 

3310

 

3310

3

Тасымалдау шығындары өтелді

 

Сақтау шығыстары төленді

800000

 

630000

4240

 

4240

1030

 

1030

4

Сары теріні алумен байланысты шығыстары  материалдық құнына қосылды:

  • тасымалдау шығысы

 

  • артып-түсіру бойынша кеткен шығыстары

 

 

  • сақтау шығыстары

 

 

800000

 

 

356700

 

 

630000

 

 

1310

 

 

1310

 

 

1310

 

 

            4240

 

 

   3350,3140

 

 

            4240

5

Жабдықтаушының қарызын өтеуге бұрындары  берілген авансы зачет жасалды

 

3200004

 

3310

 

2910

6

Таза сатылған құнына дейін материалдардың құны есптен шығарылды. Өзіндік құны 4545324 теңге болған. Таза сатылған құны 2300447(355555,6*64,7) теңге құраған (ҚҚС қоспағанда). Материалдардың өзіндік құны оларды алумен байланысты шығыстарын қоспағанда 2758624 теңге құраған. Таза сатылған құны мен материалдардың өзіндік құнының  арасындағы айырмасы 458177 теғге құраған (2758624-2300447).

 

 

 

 

 

 

458177

 

 

 

 

 

 

7450

 

 

 

 

 

 

1310


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Қорларды бағалау әдістері

 

 

Материалдық қорлар бухгалтерлік есепте мына әдістер  негізінде бағаланады:

  1. Арнайы сәйкестендірілген есептеу әдісі
  2. Орташа өзіндік құнын есептеу әдісі
  3. ФИФО әдісі

Арнайы сәкестендірілген есептеу  әдісі

Арнайы  сәйкестендірілген есептеу әдісі  әдетте бірімен бірін алмастыруға  болмайтын немесе кәсіпорында ерекше тәртіппен пайдаланылатын (асыл металдардың, асыл тастардың т.б.) нақтылы бір  материалдық қорлардың бағасын  есептеуге арналған. Бұл әдіс жұмсалынған  материалдар мен істелген жұмыстардың  нақты өзіндік құнын есептеп  шығаруды көздейді. Сондай-ақ бұл есетпеу  әдісі сатылып алынғанына немесе кәсіпорынның өзінде өндірілгеніне  қарамастан арнаулы жоспарлауға  арналған материалдардың өзіндік құнын  есептеуге арналған.

Орташа өзіндік құнын есептеу  әдісі 

Орташа  өзіндік құнын есептеу әдісі  бойынша кәсіпорынға кіріске  алынған әрбір материалдық қорлардың  бағасы оның кіріске алынғандағы  шоты бойынша бағасын анықтау  мүмкін болмаған жағдайда жүргізіледі. Материалдық қорлар түрінің  орташа өзіндік құны ұйымдағы материалдардың есепті айдың басындағы қалған қалдығының құнымен ай бойы кіріске алынған  материалдар құнының жиынығын материалдардың ай басындағы сандарының қалдығымен ай бойы кіріске алынған тиісті материалдарының  сандарының қосындысына бөлу арқылы анықталады.

ФИФО әдісі

ФИФО  есптен шығарылған материалдық қорларды олардың алғашқы кезекте кіріске  алынғандарының өзіндік құны бойынша  бағалау әдісі болып табылады. Бұл әдіс қағидасы бойынша материалдық  қорлардың бірінші кезекте кіріске  алынғаны, алғашқы болып, яғни бірінші  шығыс етіледі деп жорамалданады. Басқаша айтатын болсақ, барлық келіп  кіріске алынған материалдар  бірінен соң бірі кіріске алынғандағы  тізімі бойынша шығыс етіледі  деп есептелінеді. Бұл жағдайда ай соңында кәсіпорынның қоймасында қалған материалдардың бағасымен бағаланады.

Өндіріске жұмсалынған және материалдардың қоймадағы  қалдықтары ФИФО әдісі бойынша мына түрде есептелінеді. Мысалы: А – түрлі материалдар тобы

                      

    2-кесте. Қорларды бағалау әдісі

 

Саны

(дана)

Бағасы (теңге)

Сомасы (теңге)

А) Қаңтар айының бірінші жұлдызына  кәсіпорынның қоймасындағы материалдардың қалдығы

50

100

5000

Қаңтар айында кіріске алынған  материалдық қорлар

1-Топтамада

2-Топтамада

3-Топтамада

4-Топтамада

5-Топтамада

100

80

90

100

70

110

120

130

140

150

11000

9600

11700

14000

10500

Кіріске алынған материалдық қорлардың  жиынтығы

 

440

---

56800

Бастапқы қалдықпен қоса есептегендегі  қалдығы

 

490

---

61800

Ай бойы материалдық қорлардың  шығыс етілгені

ФИФО әдісімен бағалағанда

250

 

28200

Ай соңындағы материалдық қорлардың  қалдығы

ФИФО әдісімен бағалағанда

240

 

33600


 

Бұл кестеден көріп отырғанымызда йшығыс етілген 250 дана материалдық қорлардың құны бойынша есептелінеді.

ФИФО  әдісі бойынша:

Бірінші кіріс етілгенде, соның ішінде: айдың  басындағы кәсіпорынның қоймасындағы материалдардың қалдық саны 50 дана сомасы 5000 теңге, бірінші топтамада кіріске  алынғаны 100 дана сомасы 11000 теңге, екінші топтамада кіріске алынғаны  80 дана сомасы  9600 теңге, үшінші топтамада  кіріске алынған материалдардың тек қана  20 данасы сомасы 2600 теңге  шығыс етіледі. Барлығы 250 (50+100+80+20) дана, сомасы 28200 (5000+11000+9600+2600) теңгенің материалдары.

Материалдық қорларды ФИФО әдісімен бағалау барысында материалдардың талдамалық (аналитикалық) есебін олардың түрлері бойынша ғана жүргізіп қоймай, егер олар әр түрлі бағамен сатылып алынған болса, онда келіп түскен материалдарды олардың топтамасы бойынша есептеу керек.

Материалдар баланста нақты өзіндік құны бойынша  көрсетіледі. Сонымен қатар материалдар  өздерінің топтамалық (синтетикалық) есебінде нақты өзіндік құнымен  көрсетіледі де, ал талдамалық есебінде жоспарлы есептуе бағасымен немесе келісілген бағасы бойынша көрсетіледі. Егер кәсіпорын материалдардың талдамалық есебін келісілген бағасы бойынша есептейтін болса, онда олардың нақты құны  материалдық қордың сатып алынған  құны мен дайындау-тасымалдауы шығындарының қосындысынан тұрады. [5]

3. Қорлар және №2 ХҚЕС

№2 ХҚЕС мақсаты  босалқылар есебін жүргізу тәртібін орнату болып табылады. Босалқылар есебін жүргізудегі негізгі мәселе актив ретінде танылуға жататын және тиісті түсімдерді танығанға дейінгі келесі кезеңдерге көшірілетін шығындардың шамасын анықтау болып табылады. Стандарт шығынды анықтау және сатудың ықтимал таза бағасының шамасына дейінгі құнның кез келген азаюын қоса алғанда, оларды кейіннен шығыстар ретінде тану бойынша нұсқау береді. Сондай-ақ ол босалқылардың өзіндік құнын анықтау үшін пайдаланылатын өзіндік құнды есептеу тәсілдері жөнінде түсінік береді.  №2 ХҚЕС қызмет көрсетулерге тікелей байланыстыны қоса алғанда, құрылыс салуға жасалған шарттар бойынша туындаған, аяқталмаған өндірістерді (қараңыз: «Құрылыс салуға жасалған шарттар» IAS Халықаралық стандарты);(b)қаржы құралдарын; Ауыл шаруашылығы қызметімен және жинау кезінде ауыл шаруашылығы өнімімен байланысты биологиялық активтерді қоспағанда (қараңыз: 41-«Ауыл шаруашылығы» IAS) барлық босалқыларға қатысты қолданылады.         (b)  ауыл және орман шаруашылығы өнімін, жиналғаннан кейінгі ауыл шаруашылығы өнімі, сондай-ақ осы өнеркәсіп салаларында қабылданған есеп практикасына сәйкес іске асырудың мүмкін болатын таза құны бойынша бағаланатын пайдалы қазбаларды өндірушілер қолданатын босалқыларды бағалауға қолданылмайды. Іске асырудың мүмкін болатын таза құны бойынша бағаланатын осындай босалқылар осы құнның өзгерістері болған кезеңде пайда және залалдар туралы есепте танылады.           (b)  сатуға жұмсалған шығындарды есептемегенде өзінің босалқыларын әділ құн бойынша бағалайтын тауар брокерлері және трейдерлер қолданатын босалқыларды бағалауға қолданылмайды. Осындай қорларды сатуға жұмсалған шығындарды шегеріп тастағанда, әділ құн бойынша бағалаған кезде, сатуға жұмсалған шығындарды шегеріп тастағанда әділ құнның өзгеруі өзгерістер болған кезеңдегі пайда және залалдар туралы есепте танылады. 3(а)-параграфында айтылған босалқылар өндірістің белгілі бір кезеңдерінде өткізудің ықтимал таза құны бойынша бағаланады. Бұл, мысалы, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімін жинау немесе пайдалы қазбалар өндірілген кезде, бұл болашақтағы келісім-шарт немесе мемлекеттің кепілдік беруі арқылы сатуды растайды немесе белсенді нарық пен сату тоқтап қалатын тәуекелдің алдын алу мүмкіндігі болған жағдайда болады. Мұндай қорлар №2 ХҚЕС бағалау бойынша талаптардан ғана алынып тасталады.  Брокерлер және трейдерлер - тауарларды басқалар үшін немесе жеке өз есебіне сатып алатын немесе сататын тұлғалар. 3(б)-параграфында айтылған қорлар негізінен жақын болашақта сату және бағаның немесе брокерлер мен трейдерлер маржасындағы ауытқулардан пайда табу мақсатында сатып алынады. Осындай босалқыларды сатуға жұмсалған шығындарды шегеріп тастағанда, әділ құн бойынша бағалаған кезде олар осы Стандарттың бағалау бойынша талаптарынан ғана алынып тасталады. төменде көрсетілген мәндерінде мынадай терминдер пайдаланылады: Қорлар - бұлар:  Қалыпты қызмет барысында сатуға арналған;осындай сату үшін өндіріс процесіндегі; (c)  Өндіріс процесінде немесе қызмет көрсетулері кезінде пайдалануға арналған шикізат немесе материалдар нысанындағы активтер. Өткізудің ықтимал таза құны - бұл жұмысты орындауға жұмсалған ықтимал шығындар мен өткізуге арналған ықтимал шығындарды шегеріп тастағанда әдеттегі іс барысындағы болжамды сату бағасы.Әділ құн - бұл активтерді олармен айырбастаған немесе осындай мәмілені жасаудан жақсы хабары бар, мәміле жасағысы келетін және бір-бірінен тәуелсіз тараптар арасында мәміле жасалған кезде міндеттемелерді реттеуге болатын сома. Өткізудің ықтимал таза құны ұйым әдеттегі қалыпты қызмет барысында босалқыларды сатудан өтеуді күтетін таза сомаға байланысты. Әділ құн мәмілені жасау кезінде, нарықта жақсы хабардар, осындай мәмілені жасағысы келетін сатып алушылар және сатушылардың арасында ұқсас босалқыларға ауыстыруға болатын соманы көрсетеді. Біріншісі нақты ұйымға тән болып табылатын құн; соңғысы ондай болып табылмайды. Қорларды өткізудің ықтимал таза құны сатуға жұмсалған шығындарды шегеріп тастағанда әділ құнға тең болмауы да мүмкін. Қорларға қайта сату үшін сатып алынған және сақталатын тауарлар кіреді. Оларға, мысалы, бөлшек саудамен айналысатын сатушының алған тауарлары, немесе қайта сатуға арналған жер немесе басқа мүлік кіреді. Сонымен қоса лар дайын немесе ұйым шығарған және шикізат пен өндіріс процесінде одан кейінгі пайдалануға арналған материалдар кіретін жартылай дайын өнім кіреді. Қызмет көрсету аясының ұйымы 19-параграфта сипатталғандай, ұйым тиісті түсім шамасын осы уақытқа дейін танымаған қызмет көрсетудің құны қорға кіргізілген жағдайда (18-«Түсім» ІAS Халықаралық стандартын қараңыз). қорлар міндетті түрде ең кемі екі деңгей бойынша: өткізудің өзіндік құны мен ықтимал таза құнында өлшенуге тиіс.Қорлардың өзіндік құнына міндетті түрде сатып алуға, қайта өңдеуге жұмсалған барлық шығындар және босалқыларды ағымдағы жай-күйіне және орналасқан жерге дейін жеткізу мақсатында жұмсалған шығындар жатады.  Қорларды сатып алуға жұмсалған шығындарға сатып алу бағасы, импорттық баж салықтары мен басқа да салықтар (ұйымдар кейіннен салық органдары арқылы өтейтін салықтардан басқалары), сондай-ақ тасымалдауға, өңдеуге арналған шығыстар және объектіні сатып алумен тікелей байланысты шығыстар жатады. Сауда жеңілдіктері, төлемдерді қайтару және басқа да осындай баптар сатып алуға жұмсалған шығындарды анықтаған кезде шегеріп тасталады.[10]

Қорларды қайта өңдеу шығындарына еңбекақы төлеуге жұмсалған тікелей шығындар сияқты өнім бірліктерімен тікелей байланысты шығындар кіреді. Сонымен қоса оларға шикізаттан дайын өнім жасап шығару кезінде орын алған тұрақты және ауыспалы үстеме өндірістік шығыстарды жүйелі түрде бөлу кіреді. Тұрақты үстеме өндірістік шығыстар амортизация мен үйлерге қызмет көрсету және жабдықтар мен әкімшілік-басқару шығыстары сияқты өндіріс көлемінен тәуелсіз салыстыра алғанда өзгеріссіз болып қалатын жанама өндірістік шығындар болып табылады. Ауыспалы үстеме өндірістік шығыстар шикізаттың жанама шығындары мен еңбектің жанама шығындары сияқты өндіріс көлемінің өзгеруінен тікелей немесе тікелей дерлік тәуелді жанама өндірістік шығыстар болып табылады.  Тұрақты және үстеме өндірістік шығыстарды қайта өңдеу бойынша шығындарға бөлу қалыпты жағдайда жұмыс істеу барысында ұйымның өндірістік қуаттылығына негізделеді. Қалыпты өндірістік қуаттылық - жоспарлы техникалық қызмет көрсету нәтижесінде қуат ысырабын есепке ала отырып, істің қалыпты орындалуы барысында жұмыстың бірнеше кезең немесе мезгілінде орташа көрсеткіштер негізінде есептелетін өндірістің күтілетін көлемі. Өндірістің нақты деңгейі қалыпты жағдайдағы қуаттылыққа жуық мәнде сәйкес келгенде ғана пайдаланыла алады. Өнімнің әрбір бірлігіне қатысты тұрақты үстеме өндірістік шығыстар сомасы өндіріс деңгейінің төмендеуі немесе ұйымның тоқтап қалуы салдарынан өспейді. Бөлінбеген үстеме шығыстар оның пайда болуы кезеңіндегі шығыстар ретінде танылады. Өндіріс деңгейі ерекше жоғары болған кезеңде өнімнің әрбір бірлігіне қатысты тұрақты үстеме өндірістік шығыстар сомасы босалқылар өзіндік құнынан жоғары бағаланбайтын мөлшерде азаяды. Өндірістік қуаттылықты шын мәмінде пайдалану негізінде ауыспалы өндірістік үстеме шығыстар өнімнің әрбір бірлігіне жатқызылады. Өндірістік процесс нәтижесінде бір мезгілде көп өнім шығарылуы мүмкін. Мысалы, бұл бұйымды бірігіп шығару жағдайында, немесе негізгі өнімнің өндірісі қосымша өнімді өндірумен қатар жүріп отырған жағдайда болады. Әрбір өнімге жұмсалған шығындарды бөлек анықтай алмаған жағдайда, оларды өнімдердің арасында теңбе-тең және бір ізді бөледі. Бөлу, мысалы, не өндіріс процесі кезеңінде өнімдер ұқсас болғанда, не дайын өнім шығарылған кезде анықталатын әрбір өнімді сатудың салыстыра алғандағы құнына негізделуі мүмкін. Қосалқы өнімдердің көбісі табиғатынан мардымсыз. Осындай жағдайларда оларды көбінесе сатудың ықтимал таза бағасы бойынша бағалайды және бұл шама негізгі өнімнің өзіндік құнынан шегеріледі. Нәтижесінде негізгі өнімнің баланстық құны оның өзіндік құнынан аз ғана ерекшеленеді. [1]

Басқа да шығындарға қорларды қазіргі орналасқан жеріне дейін жеткізуге және жай-күйіне байланысты деңгейдегі олардың өзіндік құны ғана жатады. Мысалы, босалқылардың өзіндік құнына өндірістік емес үстеме шығыстарды немесе нақты клиенттерге арналған өнімді әзірлеу жөніндегі шығындарды жатқызу орынды болуы мүмкін.Төменде қорлардың өзіндік құнынан алынып тасталатын және олардың пайда болуы кезеңінде шығыстар ретінде танылатын шығындардың мысалдары келтірілген: (а)  шикізаттың, жұмсалған еңбектің нормативтен тыс ысырабы немесе басқа да өндірістік шығындар;егер олар тек өндірістік процестің келесі кезеңіне көшу үшін осы өндірістік процесте қажет болмағанда ғана сақтауға жұмсалатын шығындар;қорларды қазіргі орналасқан жеріне және жай-күйіне дейін жеткізуге байланысты емес әкімшілік үстеме шығыстар;сатуға жұмсалатын шығындар.23-«Қарыздар бойынша шығындар» IAS Халықаралық стандарты босалқылардың өзіндік құнына заем бойынша шығындар кіретін сирек жағдайларды анықтайды. Ұйым босалқыларды төлем мерзімін кейінге қалдыру шартымен сатып ала алады. Осындай келісімде іс жүзінде қаржыландыру элементі болғанда, бұл элемент, мысалы, әдеттегі сауда кредиті шартымен сатып алу бағасы және төленген сома арасындағы айырмашылық қаржыландыру кезеңіндегі пайыздар бойынша шығыс ретінде танылады.    Қызмет көрсету саласындағы ұйымдардың қорларының өзіндік құны. Қызмет көрсету саласының ұйымдарындағы қорлардың болу дәрежесінде оларды өндіруге жұмсалған шығындар бойынша бағалайды. Бұл шығындарға, ең алдымен, жалақы төлеу және қызметтер көрсетуге, оның ішінде бақылауға тікелей қатысатын қызметкерлерге жұмсалатын басқа да шығындар, сондай-ақ тиісті үстеме шығыстары жатады. Жалақы және сауда және жалпы әкімшілік қызметкерлерге жұмсалатын басқа да шығындар босалқының өзіндік құнына кіргізілмейді, бірақ олар туындаған кезеңдегі шығыстар ретінде ескеріледі. Қызмет көрсету саласы ұйымдарының босалқылардың өзіндік құнына көп жағдайда ұйымдар көрсететін қызметтердің бағасына кіретін пайда немесе үстеме шығыстарға жатпайтын нормалар кірмейді.Биологиялық активтерден алынған жиналған ауыл шаруашылығы өнімінің өзіндік құны 41-«Ауыл шаруашылығы» (IAS) ХҚЕС-на сәйкес ұйым биологиялық активтерден жинаған ауыл шаруашылығы өнімдерінен тұратын қорлар бастапқы тану кезінде жинау орнында сатуға жұмсалған шығындары шегерілген әділ құны бойынша бағаланады. Бұл осы Стандартты қолдану мақсатында қорлардың сол күнгі өзіндік құны болып табылады. Нормативтік шығындар бойынша есепке алу әдісі және бөлшек баға әдісі сияқты қорлардың өзіндік құнын айқындаудың әр алуан әдістері, егер олардың нәтижелері өзіндік құнға жуықтап сәйкес келетін болса, қолайлылық үшін пайдаланылуы мүмкін. Нормативтік шығындар шикізаттар мен материалдарды, еңбекті пайдаланудың, тиімділік пен қуаттың қалыпты деңгейін ескереді. Оларды ұдайы тексереді және қажет болған жағдайда, ағымдағы жағдайларға қарай қайта қаралады. Бөлшек саудада тез арада өзгеретін көптеген бұйымдардан тұратын, олар үшін өзіндік құнды бағалаудың басқа әдістерін пайдалану орынды болып табылмайтын босалқыларды бағалау үшін көбінесе бөлшек баға әдісі пайдаланылады. Қорлардың өзіндік құны сатылған босалқылардың жалпы құнын жалпы маржаның тиісті пайызына азайту арқылы анықталады. Пайдаланған пайыздың шамасында бағасы бастапқы сату бағасынан төмен бағаға азайтылған босалқыны ескереді.    Бөлшек сауданың әрбір бөлімшесі үшін пайыздың орташа мәні жиі пайдаланылады. Бірін-бірі алмастырмайтын босалқылардың жекелеген баптарының, сондай-ақ арнаулы жобалар үшін өндірілген және оларға арналған тауарлардың немесе қызмет көрсетулердің өзіндік құны оларға жұмсалатын жеке шығындарды ерекше сәйкестендіру арқылы анықталуға тиіс. Іс жүзіндегі шығыстардың нақты анықтамасы белгілі бір шығындар қорлардың белгілі бір баптарына жататынын білдіреді. [7]

4. Материалдар қозғалысын құжаттау және қорлардың қоймадағы есебі

 

Материалдар өздері сақталып тұрған жері бойынша, яғни кәсіпорын қоймасында және кәсіпорын  бухгалтериясында есептелінеді. Материалдық  қорлардың қоймадағы есебінің дұрысұйымдастырылуы  олардың дұрыс сақталынуына, қоймадағы  жұмыстың дұрыс жүргізілуіне және олардағы жұмыстың қалай қойылғандығына байланысты. Қоймада материалдық қорлардың  әрбір түрлері, сорттары бойынша  бөлек сақталуы тиіс. Материалдардың маркасы, сорты, көлемі, наменклатуралыцқ номері, өлшем бірлігі, сақталып тұрған материалдардың мөлшері, т.б.  көрсеткіштері  картон немесе фанерге жазылып, материалдарға  байланып немесе жапсырылып қойылады. Қоймадағы және цехтегі материалдардың аналитикалық есебі белгілеген түрі бойынша олардың ішінде сорттары мен маркалары бойынша жүргізіледі. Қоймада материалдық қорлардың  тек қана сандық есебі жүргізіледі. Материалдардың әрбір номенклатуралық  номері бойынша бөлек үлгілі түрі М-17 карточкасы ашылады. Бұл карточкада материалдық қорлардың аты, мөлшері, көлемі, сорты, өлшем бірлігі, номенклатуралық  номері және есетеу бағасы көрсетіледі. Бұл карточканы жаңадан кіріске  алған материалдарға кәсіпорынның бухгалтериясы дайындап, одан кейін  кіріс ету ордерімен тізілім  бірге қоймаға беріледі. Қойма  қызметкері немесе қойма меңгерушісі  алынған карточкаға материалдық  қорлардың қай жерде сақталып тұрғаны жайлы деректер толтырады. Материалдардың кіріс-шығысының сорттық-сандық есебін сол материалдарға жауапты  адам жүргізеді. Кейбір жағдайда материалдарға  жауапты адамның келісімі бойынша  қойманың карточкалық есебін жүргізу  жұмысы басқа басқа адамға, яғни есепшіге немесе операторға жүктелуі мүмкін. Материалдардың түрі номенклатуралық  номері аз болатын кәсіпорынның қоймаларында бұл карточканың орнына материалдар  есебін тиісті түрде жүргізуге дайындалып жасалған сорттық есеп кітабында  жүргізуге болады. Мұндай жағдайларда  сорттық есеп кітабында қойма  есебінің карточкасындағы деректер болуы қажет. Қоймашы белгіленген тәртіп бойынша толтырылған алғашқы құжаттардың негізінде материалдардың кіріске алынуын және есептен шығару операцияларын, олардың іске асырылған күнін қойманың есеп карточкасына жазып, онда материалдық құндылықтардың сол күннің соңындағы қалдығын шығарып отыру керек. Бұл карточкада материалдардың қалдығы әрбір операциядан кейін шығарылып отырылады.[8]

Айта  кететін жағдай, ай соңында бухгалтерияға  ондағы көрсетілген материалдардың алынғанына немесе алынып болмағанына  қарамастан шектік-заборлық карточкасының  барлығы тапсрылуы керек. Толық  алынып болмаған материалдар үшін келесі айға жаңа лимиттік-заборлық карта  жазылып беріледі. Қоймашы материалдардың қоймалық-сорттық  есеп карточкасының  деректері негізінде жабдықтау  бөліміне материалдардың  әр номенклатуралық  түрінің қалдығы, оның тұрақты қор мөлшерден ауытқуы, көптен бері пайдаланылмай жатқан материалдар жайлы деректер беріп отырады. Қоймалық-сорттық карточканың дұрыс жүргізілуін бухгалтерия бақылау керек. Бухгалтерия қызметкері жиі-жиі  (апта сайын, он күнде) қомашымен қоймадағы операцияларды жүргізуге негіз болған алғашқы құжаттардың дұрыс жазылуын,  қоймалық-сорттық карточканың дұрыс жүргізілуін және карточкадағы материалдар қалдығының дұрыс шығарылуын тексеріп отыруы қажет. Карточкадағы жазылған операциялардың дұрыстығын және оны тексергені жайлы бухгалтерия қызметкері есеп карточкасының тиісті жеріне қол қояды. Қоймалық-сорттық карточкадағы жазуды тексеру, қойма меңгерушісінің бухгалтерияға материалдарды кіріске алуы кезінде тапсыратын есептердің негізінде жүргізіледі. Қойма меңгерушісінің бухгалтиреяға тапсыратын құжаттары үлгілі түрі М-18А «Құжаттарды қабылдау-өткізу құжатына» тіркеледі. Материалдарға жауапты адамның келісімі бойынша бухгалтерия қызметкері әр операцияның дұрыстығын тексергені жайында және құжатты қабылдағаны жайында карточкаға қол қояды. Мұндай жағдайда құжаттарды қабылдау-өткізу тіркелімін жасаудың керегі болмайды. Егер орталық қойма немесе цех қоймасы ұйымның басқармасынан қашық жерде орналасқан жағдайда жүргізілетін операциялардың дұрыс құжатталынуы, материалдарға жауап беретін адамның есеп карточкасын дұрыс жүргізу орталық бхгалтерияда тексеріледі. Мұндай жағдайда кіріс және шығыс ету құжаттары берілген уақыт тіркелімдермен бірге бухгалтерияға табыс етілуі керек. Кәсіпорынның орталығынан қашық жерде орналасқан қойма меңгерушісі белгіленген күні бухгалтерияға екі дана етіп материалдардың ай соңындағы қалдық тізімдемесін тапсыруы керек. Тізімдеме құрамында өзгеріс (кірісі мен шығысы) бар материалдар бойынша жасалынып, онда тек қана материалдардың сандық қалдығы көрсетіледі. Тізімдемеге цех, қойма, бөлімше бастығы және ол құжатты тотырушы қол қояды. Дұрыстығын тексеріп болғаннан кейін тізімдеменің бір данасы жіберілген қателіктер жөніндегі ескертумен қоймаға қайтарылады. Материалдардың есебін жедел оперативтік, бухгалтерлік, қалдықтық әдіспен жүргізген жағдайда қоймалық есеп карточкасымен қатар үлгілі түрі М-20 қоймадағы материалдар қалдығын есептеу тізімдемесі жүргізіледі. Қойма меңгерушісі карточкалардағы ай бойындағы жиынтық деректері бойынша материалдардың келесі айдың бірінші жұлдызына қалған қалдықтарын осы тізімдемеге көшіріп жазады. Тізімдемеде материалдар қоймалық есепте қаралған номенклатуралары бойынша аралық шоттарға және синтетикалық шоттарға топталғаны күйінде көрсетіледі. Бухгалтерияда материалдардың қалдығы олардың жоспарланған есептеу бағасына көбейтіліп, ай аяғына қалған материалдардың жалпы соммасы анықталады. Егер пайдаланылатын материалдар номенклатуралары аз болған жағдайда материалдарды алған адамдардың қолын тек қоймалық есеп карточкасында қою арқылы босатуға болады. Мұндай карточкалар тек бір айға ғана ашылып, оған материалдардың ай басындағы қалдығы жазылады. Құрылыс ұйымдарының құрылыс басындағы бөлімшелері қоймалық-сорттық карточканың орнына ай сайын материалдардың кірісі, босатылуы және қалдығы жайлы үлгілі түрі М-А санды карточкасын толтырып есеп бріледі. Бұл есепте материалдарға жауапты адамның жауапкершілігіндегі материалдардың барлығы кіргізіледі. Берілетін есепте материалдардың кіріске алынуы, шығыс етілуі және қалдығы алғашқы құжаттар негізінде көрсетіледі. Құрылыс бөлімшелері құрылысқа жұмсалған материалдарға босату құжатын толтырмайды. Сондықтан да олардың бухгалтерияға берген есеп мәліметтеріне құрылысқа пайдаланылған материалдардың алғашқы құжаты тіркелмейді.

Информация о работе Қорлар жайлы түсінік және жіктелуі