Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2011 в 20:35, реферат
Осы Кодекс салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу және есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билік қатынастарын, сондай-ақ мемлекет пен салық төлеуші (салық агенті) арасындағы салық міндеттемесін орындауға байланысты қатынастарды реттейді.
24-бап.
Салық қызметі
органдарының уәкілетті
мемлекеттік
және
жергілікті атқарушы
органдармен өзара
іс-қимылы
1. Салық қызметі
органдары уәкілетті
2. Уәкілетті мемлекеттік және жергілікті
атқарушы органдар салықтық бақылауды
жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді орындауда
салық қызметі органдарына жәрдемдесуге
міндетті.
3. Салық қызметі органдары мен кеден органдары
өздеріне жүктелген салықтық бақылауды
жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді өзара
іс-қимыл жасау арқылы орындайды.
4. Салық қызметі органдары мен жергілікті
атқарушы органдар салық жинауды жүзеге
асыру бойынша осы Кодекстің
5. Уәкілетті мемлекеттік және жергілікті
атқарушы органдардың бюджетке төленетін
басқа да міндетті төлемдерді алу жөніндегі
өкілеттіктері осы Кодекстің ерекше бөлімінде
айқындалады.
6. Салық қызметі органдары уәкілетті
мемлекеттік және жергілікті атқарушы
органдармен өзара іс-қимылды осы Кодексте
белгіленген тәртіппен электрондық тәсілмен
жүзеге асыруға құқылы.
25-бап.
Салық қызметі
органдарының лауазымды
адамдарын
материалдық
қамтамасыз ету, құқықтық
және
әлеуметтік
қорғау
1. Салық қызметі
органдарының лауазымды адамы
қызметтік міндеттерін орындау
кезінде заңмен қорғалады.
2. Салық қызметі органдары лауазымды
адамының заңды талаптарын орындамау,
салық қызметі органдары лауазымды адамының
қызметтік жұмысына байланысты оны немесе
оның отбасы мүшелерін қорлау, қорқыту,
оларға зорлық-зомбылық жасау немесе олардың
өміріне, денсаулығына, мүлкіне қол сұғушылық,
салық қызметі органдары лауазымды адамының
қызметтік міндеттерін орындауына кедергі
келтіретін басқа да іс-қимылдар Қазақстан
Республикасының заңдарында
3. Қызметтегі жұмысын жүзеге асыруына
байланысты салық қызметі органдары лауазымды
адамының денсаулығына орташа ауыр зиян
жасалған және келтірілген кезде, оған
республикалық бюджет қаражатынан бес
айлық жалақы мөлшерінде біржолғы өтемақы
төленеді.
4. Қызметтегі жұмысын жүзеге асыруына
байланысты салық қызметі органдары лауазымды
адамының денсаулығына кәсіптік қызметімен
одан әрі айналысуына мүмкіндік бермейтіндей
ауыр зиян жасалған және келтірілген кезде,
оған республикалық бюджет қаражатынан
бес жылдық ақшалай табысы мөлшерінде
біржолғы өтемақы, сондай-ақ оның лауазымдық
жалақысы мен зейнетақысының мөлшері
арасындағы айырма (өмір бойы) төленеді.
5. Салық қызметі органдарының лауазымды
адамы қызметтік міндеттерін орындау
кезінде қайтыс болған жағдайда қаза тапқан
адамның отбасына немесе оның асырауындағы
адамдарға (мұрагерлеріне):
1) қаза тапқан адамның соңғы атқарған
лауазымы бойынша республикалық бюджет
қаражатынан он жылдық ақшалай табысы
мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленеді;
2) Қазақстан Республикасында мүгедектігі
бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы
бойынша және жасына байланысты мемлекеттік
әлеуметтік жәрдемақылар туралы Қазақстан
Республикасының заңнамасында б
6. Қызметтік міндеттерін орындауына байланысты
салық қызметі органдары лауазымды адамының
денсаулығы мен мүлкіне келтірілген нұқсан,
сондай-ақ салық қызметі органдары лауазымды
адамының отбасы мүшелері мен жақын туыстарының
денсаулығы мен мүлкіне келтірілген нұқсан
Қазақстан Республикасының
2-БӨЛІМ. САЛЫҚ МІНДЕТТЕМЕСІ
4-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
26-бап. Салық міндеттемесі
1. Салық төлеушінің
Қазақстан Республикасының
2. Мемлекеттің салық қызметі органы арқылы
салық төлеушіден (салық агентінен) оның
салық міндеттемесін толық көлемінде
орындауын талап етуге, ал салық міндеттемесі
орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған
жағдайда осы Кодексте көзделген тәртіппен
оларды қамтамасыз ету жөніндегі тәсілдерді
және мәжбүрлеп орындату шараларын қолдануға
құқығы бар.
27-бап.
Салық салу объектісі
және (немесе) салық
салуға
байланысты
объект
Мүлік пен іс-әрекеттер салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объект болып табылады, олардың болуына байланысты және (немесе) олардың негізінде салық төлеушінің салық міндеттемесі туындайды.
28-бап. Салық базасы
Салық базасы салық салу объектісінің құн, физикалық немесе өзге де сипаттамаларын білдіреді, олардың негізінде салықтың және бюджетке төленуге жататын басқа да міндетті төлемдердің сомасы айқындалады.
29-бап. Салық ставкасы
1. Салық ставкасы
салық салу объектісінің
2. Салық ставкасы салық салу объектісінің
немесе салық базасының өлшем бірлігіне
процентпен немесе абсолютті сомамен
белгіленеді.
30-бап. Салық кезеңі
Салық кезеңі деп салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жекелеген түрлеріне қатысты белгіленген уақыт кезеңі түсініледі, ол аяқталған соң салық салу объектісі, салық базасы айқындалады, салықтың және бюджетке төленуге жататын басқа да міндетті төлемдердің сомасы есептеледі.
5-тарау. САЛЫҚ МІНДЕТТЕМЕСІН ОРЫНДАУ
31-бап. Салық міндеттемесін орындау
1. Егер осы
Кодексте өзгеше белгіленбесе, салық
төлеуші салық міндеттемесін
орындауды дербес жүзеге
2. Салық төлеуші салық міндеттемесін
орындау үшін мынадай іс-әрекеттер жасайды:
1) салық органында тіркелу есебіне тұрады;
2) салық салу объектілерін және (немесе)
салық салуға байланысты объектілерді
есепке алуды жүргізеді;
3) салық салу объектілерін және (немесе)
салық салуға байланысты объектілерді,
салық базасы мен салық ставкаларын негізге
ала отырып, салықтың және бюджетке төленуге
жататын басқа да міндетті төлемдердің,
сондай-ақ осы Кодекстің ерекше бөліміне
сәйкес олар бойынша аванстық және ағымдағы
төлемдердің сомасын есептейді;
4) салық тіркелімдерін қоспағанда, салықтық
нысандарды жасайды және белгіленген
тәртіппен салық қызметі органдарына
табыс етеді;
5) салықтың және бюджетке төленетін басқа
да міндетті төлемдердің есептелген және
есепке жазылған сомасын, осы Кодекстің
ерекше бөліміне сәйкес салық және бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдер
бойынша аванстық және ағымдағы төлемдерді
төлейді.
3. Салық төлеуші салық міндеттемесін
Қазақстан Республикасының салық заңнамасында
белгіленген тәртіппен және мерзімдерде
орындауға тиіс.
4. Салық төлеуші салық міндеттемесін
мерзімінен бұрын орындауға құқылы.
5. Қолма-қол емес нысанда орындалатын
салық төлеушінің салықты және бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдерді
төлеу жөніндегі салық міндеттемесі, сондай-ақ
өсімпұлдар мен айыппұлдарды төлеу бойынша
міндеттеме банктен немесе банк операцияларының
жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымнан
салықтың және бюджетке төленетін басқа
да міндетті төлемдердің сомасына төлем
тапсырмасының акцептін алған күннен
бастап немесе банкоматтар немесе өзге
де электрондық құрылғылар арқылы төлемді
жүзеге асырған күннен бастап, ал қолма-қол
нысанда - салық төлеуші көрсетілген соманы
банкке немесе банк операцияларының жекелеген
түрлерін жүзеге асыратын ұйымға, уәкілетті
мемлекеттік органға, жергілікті атқарушы
органға енгізген күннен бастап орындалған
болып саналады.
6. Осы Кодексте белгіленген жағдайларда
салық төлеушінің уәкілетті өкілі салықты,
бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды
төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын
аудару кезінде төлем құжаттарында ақшаны
жөнелтуші салық төлеушінің тегін, атын,
әкесінің атын (ол болған кезде) немесе
атауын және оның сәйкестендіру нөмірін
көрсетеді.
7. Салық төлеушінің салық агенті орындайтын,
салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесі
салық ұсталған күннен бастап орындалған
болып есептеледі.
8. Салықты, төлемақыны төлеу жөніндегі
салық міндеттемесі, сондай-ақ өсімпұлдар
төлеу бойынша міндеттеме осы Кодекстің
9. Салықты, бюджетке төленетін басқа да
міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі
салық міндеттемесі, сондай-ақ өсімпұлдар
мен айыппұлдар төлеу бойынша міндеттеме
осы Кодексте, Қазақстан Республикасының
акционерлік қоғамдардың қызметін реттейтін
32-бап.
Салық міндеттемесін
орындау кезінде
салықты және
бюджетке
төленетін басқа да
міндетті төлемдерді
есептеу
ерекшеліктері
1. Төлем көзінен
ұсталатын салықтың сомасын
2. Осы Кодекстің ерекше бөлімінде көзделген
жағдайларда салықтың және бюджетке төленетін
басқа да міндетті төлемдердің жекелеген
түрлерінің сомасын есептеу жөніндегі
міндет салық органына және уәкілетті
мемлекеттік органдарға жүктелуі мүмкін.
33-бап. Салық міндеттемесін орындау мерзімдері
Салық міндеттемесін
орындау мерзімдері осы
РҚАО-ның
ескертпесі!
34-баптың
осы редакциясы 2012.01.01 дейін ҚР 2008.12.10 N 100-IV Заңына сәйкес
қолданыста болады (тоқтатылған редакцияны
ҚР Салық кодексінің № 7 архивтағы нұсқасын
қараңыз).
34-бап. Салық берешегін өтеудің тәртібі
Салық берешегін
өтеу мынадай тәртіппен:
1) бересі сомасы;
2) есепке жазылған өсімпұлдар;
3) айыппұлдар сомалары есептеліп жүргізіледі.
35-бап.
Мүлікті сенімгерлікпен
басқаруға беру кезінде
салық
міндеттемесінің орындалуы
1. Сенімгерлікпен
басқарушы өзіне жүктелген
Сенімгерлікпен басқарушының сыйақы
түріндегі табысы мүлікті сенімгерлікпен
басқару шарты бойынша сенімгерлікпен
басқару құрылтайшысының не сенімгерлікпен
басқару туындайтын өзге жағдайларда
пайда алушының шығысы болып табылады.
Егер салық міндеттемесін орындау сенімгерлікпен
басқару жүктелсе, онда сенімгерлікпен
басқару құрылтайшысының немесе пайда
алушының табыстары мен оның осы тармақта
көзделген, осындай құрылтайшының немесе
пайда алушының алдыңғы салық кезеңдері
үшін шеккен залалдары сомасына, сондай-ақ
орындалуы сенімгерлікпен басқарушыға
жүктелген салық міндеттемесі сомасына
азайтылған шығыстары арасындағы оң айырма
мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты
бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының
немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын
өзге жағдайларда пайда алушының сенімгерлікпен
басқарудан алынған таза табысы болып
табылады.
Осы тармақта көзделген шығыстардың мүлікті
сенімгерлікпен басқару шарты бойынша
сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының
немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын
өзге жағдайларда пайда алушының табыстарынан
асып кетуі мүлікті сенімгерлікпен басқару
шарты бойынша сенімгерлікпен басқару
құрылтайшысының немесе сенімгерлікпен
басқару туындайтын өзге жағдайларда
пайда алушының сенімгерлікпен басқарудан
шеккен залалы болып табылады.
2. Мүлікті сенімгерлікпен басқаруды құру
туралы актіде көзделген сыйақы сенімгерлікпен
басқарушының сенімгерлікпен басқарудан
алынған табысы болып табылады. Сенімгерлікпен
басқаруды жүзеге асыруға байланысты
шығыстар, егер көрсетілген актіде сенімгерлікпен
басқарушының шығыстарын мүлікті сенімгерлікпен
басқару шарты бойынша сенімгерлікпен
басқару құрылтайшысының немесе сенімгерлікпен
басқару туындайтын өзге жағдайларда
пайда алушының есебінен өтеу көзделмеген
болса, сенімгерлікпен басқарушының шығыстары
болып танылады.
3-тармаққа
өзгерту енгізу көзделген - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап
қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3. Мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты
бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының
немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын
өзге жағдайларда пайда алушының салық
міндеттемесін орындауды:
1) қосылған құн салығынан басқа салық
және бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдер бойынша осындай құрылтайшы
немесе пайда алушы, осы баптың 4-тармағында
көзделген жағдайларды қоспағанда, мүлікті
сенімгерлік басқаруды құру туралы актінің
негізінде сенімгерлікпен басқарушыға
жүктеуі мүмкін;
2) қосылған құн салығы бойынша ол осы
Кодекстің 8-бөлімінде және 568
Егер салықты, бюджетке төленетін басқа
да міндетті төлемдерді есептеу, төлеу
немесе ұстау жөніндегі салық міндеттемесін
орындау сенімгерлікпен басқарушыға жүктелген
болса, мұндай сенімгерлікпен басқарушы
осы Кодекстің 81-тарауында белгіле
4. Мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты
бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы
немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын
өзге жағдайларда пайда алушы мүлікті
сенімгерлікпен басқаруға берумен байланысты
өзінде туындайтын қосылған құн салығы
бойынша салық міндеттемесінен басқа
салық міндеттемесін мынадай жағдайлардың
кез келгенінде:
1) салық міндеттемесін орындау сенімгерлікпен
басқарушыға
жүктелмесе;
2) егер сенімгерлікпен басқарушы сенімгерлік
басқару туындаған күні және сенімгерлікпен
басқару кезеңінде осы Кодекстің
5. Сенімгерлікпен басқарушы мүлік сенімгерлікпен
басқаруға берілген кездегі салық міндеттемесін
орындау мақсатында осы Кодекстің
6. Мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты
бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының
не сенімгерлікпен басқару туындайтын
өзге жағдайларда пайда алушының мүлікті
сенімгерлікпен басқарушыға беруі осындай
мүлікті өткізуі болып табылмайды және
ол сенімгерлікпен басқарушының табысы
болып танылмайды.
7. Сенімгерлікпен басқарушының сенімгерлікпен
басқарудың туындауына негіз болатын
құжаттың қолданылуы тоқтаған кезде мүлікті
қайтаруы осындай мүлікті өткізу болып
табылмайды және ол мүлікті сенімгерлікпен
басқару шарты бойынша сенімгерлікпен
басқару құрылтайшысының немесе сенімгерлікпен
басқару туындайтын өзге жағдайларда
пайда алушының табысы (залалы) болып танылмайды.
8. Сенімгерлікпен басқарушыға салық және
бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдер сомасын есептеу, төлеу немесе
ұстау, сондай-ақ мүлікті сенімгерлікпен
басқару шарты бойынша сенімгерлікпен
басқару құрылтайшысы немесе сенімгерлікпен
басқару туындайтын өзге жағдайларда
пайда алушы үшін салықтық нысандарды
жасау және табыс ету жөніндегі салық
міндеттемесі жүктелген жағдайда, мұндай
салық міндеттемесін орындау сенімгерлікпен
басқарушы болып табылатын тұлғаның атынан,
осы Кодекстің ерекше бөлімінде сенімгерлікпен
басқарушы жататын тұлғалар үшін белгіленген
ставкалар бойынша және тәртіппен жүргізіледі.
Бұл ретте, егер осы Кодекстің 58 және 64-
Ескерту.
35-бапқа өзгерту енгізілді -
ҚР 2011.01.19 N
395-IV (2011.01.01
бастап қолданысқа енгiзiледi)
Заңымен.
36-бап.
Мүлікті сенімгерлікпен
басқаруға беру кезінде
салық
міндеттемесін орындаудың
ерекшеліктері
1. Осы Кодекстің 185-бабының 2-
2. Заңды тұлға, дара кәсіпкер сенімгерлік
операциялар бойынша банктен алған табысы
бойынша, сондай-ақ заңды және жеке тұлға
мүлікті резидент емес болып табылатын
сенімгерлікпен басқарушыға сенімгерлікпен
басқаруға берген кезде салық міндеттемесін
дербес орындайды.
3. Дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке
тұлғаның салық агенті болып табылатын
банк жүзеге асыратын сенімгерлік операциялардан
түскен табысы бойынша салық міндеттемесін
осындай банк салық агентінің міндеттерін
орындау түрінде орындайды.
4. Егер мүлікті сенімгерлікпен басқару
шарты бойынша және Қазақстан Республикасының
заңдарында көзделген сенімгерлікпен
басқару туындайтын өзге жағдайларда
сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының
салық міндеттемесін орындау толығымен
сенімгерлікпен басқарушыға жүктелген
болса, сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының
дара кәсіпкер ретінде тіркелмеуге құқығы
бар.
37-бап.
Таратылатын заңды
тұлғаның салық міндеттемесін,
сондай-ақ
резидент емес заңды
тұлғаның
құрылымдық
Қазақстан
Республикасындағы
қызметін тоқтатқан
кезде
салық міндеттемесін
орындау
1. Резидент заңды
тұлға тарату туралы шешім қабылданған
күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өзінің
орналасқан жері бойынша салық органына
бұл туралы жазбаша хабарлайды.
2. Таратылатын заңды тұлға аралық тарату
балансы бекітілген күннен бастап үш жұмыс
күні ішінде өзінің орналасқан жері бойынша
салық органына бір мезгілде:
1) құжаттық тексеру жүргізу туралы салықтық
өтінішті;
2) таратудың салық есептілігін;
3) қосылған құн салығы бойынша тіркелу
есебіне қойылғаны туралы куәлікті немесе
ол жоғалған немесе бүлінген кезде қағаз
жеткізгіштегі түсініктемені;
4) қосылған құн салығы бойынша тіркелу
есебінен шығару үшін салықтық өтінішті
табыс етеді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және
4) тармақшаларында көрсетілген құжаттар
таратылатын заңды тұлға қосылған құн
салығын төлеуші болып табылған жағдайда
табыс етіледі.
РҚАО-ның
ескертпесі!
3-тармаққа
өзгерту енгізу көзделген - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап
қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3. Таратудың салық есептілігі таратылатын
заңды тұлға төлеуші және (немесе) салық
агенті болып табылатын салықтың, бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдердің
түрлері, міндетті зейнетақы жарналары
және әлеуметтік аударымдар бойынша, құжаттық
тексеру жүргізу туралы салықтық өтініш
табыс етілген салық кезеңінің басынан
бастап осындай өтініш табыс етілген күнге
дейінгі кезең үшін жасалады.
Егер кезекті салық есептілігін табыс
ету мерзімі таратудың салық есептілігін
табыс еткеннен кейін басталса, осындай
кезекті салық есептілігін табыс ету таратудың
салық есептілігі табыс етілген күнге
дейін жүргізіледі.
4. Таратылатын заңды тұлға салық органына
таратудың салық есептілігі табыс етілген
күннен бастап күнтізбелік он күн мерзімнен
кешіктірмей, таратудың салық есептілігінде
көрсетілген салықты, бюджетке төленетін
басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік
аударымдарды төлейді, міндетті зейнетақы
жарналарын аударады.
Егер таратудың салық есептілігінің алдында
табыс етілген салық есептілігінде көрсетілген
салықты, бюджетке төленетін басқа да
міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды
төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын
аудару мерзімі осы тармақтың бірінші
бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен
кейін басталатын болса, онда төлеу (аудару)
таратудың салық есептілігі салық органына
табыс етілген күннен бастап күнтізбелік
он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
5. Салық органдары құжаттық тексеруді
таратылатын заңды тұлғаның салықтық
өтінішін салық органы алғаннан кейін
жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей бастауға
тиіс.
6. Таратылатын заңды тұлғаның салық берешегі,
оның ішінде осы баптың 4 және 11-тармақтарында
көрсетілген негіздер бойынша туындайтын
салық берешегі оның ақшасы есебінен,
оның ішінде мүлкін өткізуден алынған
ақшасы есебінен Қазақстан Республикасыныңзаңнамалық
актілерінде белгіленген
кезектілік тәртібімен өтеледі. Бұл ретте,
осындай резидент емес заңды тұлға қызметі
тоқтатылатын тұрақты мекеме, құрылымдық
бөлімше арқылы тұрақты мекемелердің,
филиалдардың, өкілдіктердің тобы бойынша
жиынтық түрде салық міндеттемелерін
орындаған жағдайда, таратылатын заңды
тұлғаның құрылымдық бөлімшелерінің,
резидент емес заңды тұлғаның тұрақты
мекемелерінің, құрылымдық бөлімшелерінің
де салық берешегі өтеледі.
7. Егер таратылатын заңды тұлғаның мүлкі
салық берешегін толық көлемде өтеу үшін
жеткіліксіз болса, салық берешегінің
қалған бөлігін Қазақстан Республикасының
заңнамалық актілерінде
8. Егер таратылатын заңды тұлғада салықтың,
төлемақылар мен өсімпұлдардың артық
төленген сомасы бар болса, онда көрсетілген
сома осы Кодекстің 599-бабында белгілен
Егер таратылатын заңды тұлғада салықтың
және бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдердің қате төленген сомасы бар
болса, онда көрсетілген сома осы Кодекстің
9. Егер таратылатын заңды тұлғада есепке
жатқызылған қосылған құн салығының есепке
жазылған салық сомасынан асып кететін
сомасы болса, онда көрсетілген асып кеткен
сома осы Кодекстің
10. Таратылатын заңды тұлғада салық берешегі
болмаған жағдайда:
1) салықтың және бюджетке төленетін басқа
да міндетті төлемдердің қате төленген
сомасы осы Кодекстің 601-бабында белгілен
2) салықтың, төлемақылар мен өсімпұлдардың
артық төленген сомасы осы Кодекстің
3) бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдердің төленген сомасы осы Кодекстің
4) тармақша
2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі (ҚР
2010.06.30 N 297-IV Заңының 2-бабын қараңыз).
4) айыппұлдардың төленген сомалары осы
Кодекстің 605-бабында белгіленген негіздер
бойынша және тәртіппен осы заңды тұлғаға
қайтарылуға жатады;
РҚАО-ның
ескертуі!
5) тармақша
2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі (ҚР
2010.06.30 N 297-IV Заңының 2-бабын қараңыз).
5) кеден органдары алатын кедендік баждардың,
салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың
бюджетке артық (қате) төленген сомалары
Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында
белгіленген тәртіппен осы заңды тұлғаға
қайтарылуға жатады.
11. Таратудың салық есептілігі табыс етілген
күннен бастап және таратудың салықтық
тексеруі аяқталған күнге дейінгі кезеңде
салықты және бюджетке төленетін басқа
да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды
төлеу бойынша салық міндеттемесі, міндетті
зейнетақы жарналарын аудару бойынша
міндеттер туындаған жағдайда, таратылатын
заңды тұлға осындай салық міндеттемесін,
міндетті осы Кодекстің 607-бабы 2-
12. Құжаттық тексеру аяқталғаннан кейiн
таратылатын заңды тұлға орналасқан жерi
бойынша салық органына бiр мезгiлде:
1) тарату балансын;
2) банктегi бар шоттарының жабылғаны туралы
банктiң және (немесе) банк операцияларының
жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның
анықтамасын;
3) салық берешегiнің, мiндеттi зейнетақы
жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша
берешегінің болмауы және (немесе) болуы
туралы мәліметтерді алу үшін салықтық
өтінішті табыс етедi.
Таратылатын заңды тұлға осы тармақта
көрсетілген құжаттарды бір мезгілде
мынадай талаптар:
1) салық берешегiнің, мiндеттi зейнетақы
жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша
берешегінің болмауы;
2) салықтардың, төлемдердің және өсімпұлдардың
артық төленген сомаларының болмауы;
3) салықтардың, бюджетке төленетін басқа
да міндетті төлемдердің, өсімпұлдар мен
айыппұлдардың қате төленген сомаларының
болмауы;
4) есепке жатқызылатын қосылған құн салығының
осы Кодекстің 273 және 274-баптарына сәйкес
қайтарылуға жататын есептелген салық
сомасынан асып түсуінің болмауы;
5) кеден органдары алатын кедендік баждарды,
салықтарды, кедендік алымдар мен өсімпұлдарды
есепке жатқызуды және (немесе) артық (қате)
төленген сомаларын қайтаруды жүргізуге
арналған орындалмаған салықтық өтініштің
болмауы сақталған жағдайда, құжаттамалық
тексеру аяқталған күннен бастап үш жұмыс
күні ішінде табыс етеді.
Салық берешегi, мiндеттi зейнетақы жарналары
мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегі,
салықтардың, төлемдердің және өсімпұлдардың
артық төленген сомалары, салықтардың,
бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың
қате төленген сомалары болған және (немесе)
есепке жатқызылатын қосылған құн салығы
осы Кодекстің 273 және 274-баптарына сәйкес
қайтарылуға жататын есептелген салық
сомасынан асып түскен жағдайда таратылатын
заңды тұлға осы тармақта көрсетілген
құжаттарды:
1) салық берешегi, мiндеттi зейнетақы жарналары
мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегі
өтелген күннен;
2) салықтардың, төлемдердің, өсімпұлдардың
артық төленген сомалары қайтарылған
күннен;
3) салықтардың, бюджетке төленетін басқа
да міндетті төлемдердің, өсімпұлдар мен
айыппұлдардың қате төленген сомалары
қайтарылған күннен;
4) есепке жатқызылатын қосылған құн салығы
осы Кодекстің 273 және 274-баптарына сәйкес
қайтарылуға жататын есептелген салық
сомасынан асып түсуді қайтарған күннен;
5) кеден органдары алатын кедендік баждардың,
салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың
артық (қате) төленген сомаларын қайтарған
күннен кейін келетін күннен бастап үш
жұмыс күні ішінде табыс етеді.
Осы тармақта көрсетiлген құжаттар табыс
етілгеннен кейін салық органы осы Кодексте
белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде
салық төлеушiге салық берешегiнiң, мiндеттi
зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар
бойынша берешегінiң жоқ екендiгi туралы
анықтама беруге мiндеттi.