Осы Кодексте реттелетін қатынастар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2011 в 20:35, реферат

Описание

Осы Кодекс салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу және есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билік қатынастарын, сондай-ақ мемлекет пен салық төлеуші (салық агенті) арасындағы салық міндеттемесін орындауға байланысты қатынастарды реттейді.

Работа состоит из  1 файл

Налоговый кодекс РК.docx

— 97.64 Кб (Скачать документ)

43-бап.  Қызметі тоқтатылған  кезде салық төлеушілердің  
             
жекелеген санаттарының салық міндеттемесін  
             
орындау ерекшеліктері    

1. Патент, оңайлатылған  декларация негізінде арнаулы  салық режимін қолданатын дара  кәсіпкер қызметін тоқтату туралы  шешім қабылдаған жағдайда орналасқан  жері бойынша салық органына  бір мезгілде: 
      1) қызметін тоқтату туралы салықтық өтінішті; 
      2) таратудың салық есептілігін; 
      3) дара кәсіпкердің мемлекеттік тіркелуі туралы куәлікті немесе ол жоғалған немесе бүлінген кезде қағаз жеткізгіштегі түсіндірмені; 
      4) дара кәсіпкердің қызметін тоқтату туралы ақпараттың мерзімді баспа басылымында жарияланғанын растайтын құжатты табыс етеді. 
      Осы бап қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын (болып табылмаған) және осы Кодекстің 46-бабында белгіленген мерзім ішінде не дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген кезден бастап патент және (немесе) оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін үздіксіз пайдаланатын дара кәсіпкерлерге қолданылады. 
Z080000100 
     
РҚАО-ның ескертпесі! 
     
2-тармаққа өзгерту енгізу көзделген - 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 
      2. Таратудың салық есептілігі дара кәсіпкер салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша, қызметін тоқтату туралы салықтық өтініш табыс етілген салық кезеңінің басынан бастап осындай өтініш табыс етілген күнге дейінгі кезең үшін жасалады.  
      3. Салық төлеуші таратудың салық есептілігінде көрсетілген салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеуді, міндетті зейнетақы жарналарын аударуды салық органына таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүргізеді.  
      Егер таратудың салық есептілігінің алдында табыс етілген салық есептілігінде көрсетілген салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын аудару мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын болса, онда төлеу (аудару) таратудың салық есептілігі салық органына табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.  
      4. Егер салық төлеушіде салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің артық төленген сомасы бар болса, онда көрсетілген сома осы Кодекстің 
602-бабында белгіленген тәртіппен осы салық төлеушіге қайтарылуға жатады.  
      Егер қызметін тоқтататын салық төлеушіде салықтың, бюджетке төленетін төлемақылар мен өсімпұлдардың қате төленген сомасы бар болса, онда көрсетілген сома осы Кодекстің 
601-бабында белгіленген тәртіппен есепке жатқызылуға жатады.  
      5. Салық органы салық төлеушінің қызметін тоқтату туралы салықтық өтінішін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде:  
      1) уәкілетті мемлекеттік органдарға - қызметін тоқтататын дара кәсіпкер болып табылатын жеке тұлға мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікпен жасаған мәмілелер туралы, сондай-ақ қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш алынған күнгі жағдай бойынша оның мүлкі туралы мәліметтерді табыс ету туралы;  
      2) кеден органдарына - қызметін тоқтататын дара кәсіпкер болып табылатын жеке тұлға жасаған сыртқы сауда мәмілелері туралы мәліметтерді, сондай-ақ кеден төлемдері және салық бойынша салық органының талаптарын алған күннен бұрынғы емес күнге берешегінің жоқ екендігі туралы растауды табыс ету туралы;  
      3) банктерге және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға - қызметін тоқтататын дара кәсіпкердің қызметін тоқтату туралы салықтық өтініші алынған күнгі банктік шоттарындағы ақшаның қалдығы және қозғалысы туралы мәліметтерді табыс ету туралы сауалды жіберуге міндетті.  
      Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген мәмілелер туралы, сондай-ақ банктік шоттардағы ақша қозғалысы туралы мәліметтер салық органының қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішті алған күнге дейін салық төлеушіге салықтық тексеру жүргізілмеген кезең үшін осы Кодекстің 
46-бабында белгіленген талап қою мерзімі шегінде табыс етіледі.  
      6. Салық органының осы баптың 5-тармағында көрсетілген сауалдары бойынша мәліметтер, егер осы Кодекстің 
581-бабының 12) тармақшасында өзгеше көзделмесе, оны алған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмей табыс етілуге тиіс.  
     7. Салық органы барлық мәліметтерді алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей камералдық бақылауды жүзеге асыруға міндетті, оның нәтижелері бойынша осы Кодексте белгіленген тәртіппен қорытынды жасалады. Қорытындыда камералдық бақылаудың нәтижелері, оның ішінде анықталған бұзушылықтар көрсетіледі. Анықталған бұзушылықтар туралы деректер көрсетілген қорытындының негізінде камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама салық төлеушіге осы Кодекстің 84-тарауында белгіленген тәртіппен жіберіледі. 
      Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындауды салық төлеуші осы Кодекстің 587-бабында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады. 
      8. Қызметін тоқтататын дара кәсіпкердің салық берешегі аталған дара кәсіпкердің ақшасы есебінен, оның ішінде оның мүлкін өткізуден алынған ақша есебінен Қазақстан Республикасының 
заңнамалық актілерінде белгіленген кезектілік тәртібімен өтеледі.  
      9. Егер қызметін тоқтататын дара кәсіпкерде салықтың, бюджетке төленетін төлемақылар мен өсімпұлдардың артық төленген сомасы бар болса, көрсетілген сома осы Кодекстің 
599-бабында белгіленген тәртіппен осы дара кәсіпкердің салық берешегін өтеу шотына есепке жатқызылуға жатады.  
      Егер қызметін тоқтататын дара кәсіпкерде салықтың, бюджетке төленетін төлемақылар мен өсімпұлдардың қате төленген сомасы бар болса, көрсетілген сома осы Кодекстің 
601-бабында белгіленген тәртіппен есепке жатқызылуға жатады.  
      10. Қызметін тоқтататын салық төлеушіде салық берешегі болмаған жағдайда:  
      1) салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің қате төленген сомасы осы Кодекстің 
601-бабында белгіленген тәртіппен осы салық төлеушіге қайтарылуға жатады;  
      2) салықтың, бюджетке төленетін төлемақылар мен өсімпұлдардың артық төленген сомасы осы Кодекстің 
602-бабында белгіленген тәртіппен осы салық төлеушіге қайтарылуға жатады;  
      3) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің төленген сомасы осы Кодекстің 
606-бабында белгіленген тәртіппен осы салық төлеушіге қайтарылуға жатады; 
     
РҚАО-ның ескертуі! 
     
4) тармақша 2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі (ҚР 2010.06.30 N 297-IV Заңының 2-бабын қараңыз). 
      4) айыппұлдардың төленген сомалары осы Кодекстің 605-бабында белгіленген тәртіппен осы салық төлеушіге қайтарылуға жатады; 
     
РҚАО-ның ескертуі! 
     
5) тармақша 2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі (ҚР 2010.06.30 N 297-IV Заңының 2-бабын қараңыз). 
      5) кеден органдары алатын кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың бюджетке артық (қате) төленген сомалары Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен осы салық төлеушіге қайтарылуға жатады. 
      11. Дара кәсіпкердің қызметі:  
      1) аяқталған күні осы Кодекстің 
587-бабына сәйкес айқындалатын камералдық бақылаудың аяқталуы; 
     1-1) камералдық бақылау нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою; 
      2) салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ болу шарттары орындалған кезде тоқтатылған болып есептеледі.  
      12. Осы баптың 11-тармағында көзделген шарттар орындалған кездегі ең соңына келетін күндердің бірі дара кәсіпкерді салық органындағы тіркелу есебінен шығару күні болып табылады. 
Z080000100 
      13. Қызметi тоқтатылған деп есептелетiн дара кәсiпкер орналасқан жерi бойынша салық органына: 
      1) банктегі бар шоттарының жабылғаны туралы банктің және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның анықтамасын;  
      2) ішкі істер органдарының дара кәсіпкердің мөрін (ол болған кезде) жойылғаны туралы құжатын табыс етуге міндетті. 
      Қызметi тоқтатылған деп есептелетiн дара кәсiпкер осы тармақта көрсетілген құжаттарды мынадай талаптар: 
      1) салық берешегiнің, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегінің болмауы; 
      2) салықтардың, төлемдердің және өсімпұлдардың артық төленген сомаларының болмауы; 
      3) салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың қате төленген сомаларының болмауы; 
      4) кеден органдары алатын кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдар мен өсімпұлдарды есептеуді және (немесе) олардың артық (қате) төленген сомаларын қайтаруды жүргізуге арналған орындалмаған салықтық өтініштің болмауы бір мезгілде сақталған жағдайда, камералдық бақылау аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде табыс етеді. 
      Қызметі тоқтатылған деп есептелетін дара кәсіпкер салық берешегi, мiндеттi зейнетақы жарналары, әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегі, салықтардың, төлемдердің және өсімпұлдардың артық төленген сомалары, салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың қате төленген сомалары болған жағдайда осы тармақта көрсетілген құжаттарды: 
      1) салық берешегi, мiндеттi зейнетақы жарналары, әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегі өтелген күннен; 
      2) салықтардың, төлемдердің, өсімпұлдардың артық төленген сомалары қайтарылған күннен; 
      3) салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың қате төленген сомалары қайтарылған күннен; 
      4) кеден органдары алатын кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың артық (қате) төленген сомалары қайтарылған күннен кейін келетін күннен бастап үш жұмыс күні ішінде табыс етеді. 
     
Ескерту. 43-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.04 N 167-IV (2009.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.12.30 № 234-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.06.30 N 297-IV(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.21 № 467-IV (2011.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.     

44-бап.  Хабарсыз кеткен  деп танылған жеке тұлғаның салық  
              
міндеттемесін орындау     

1. Жеке тұлғаның  салық міндеттемесі ол соттың  күшіне енген шешімі негізінде  хабарсыз кеткен деп танылған кезден бастап тоқтатыла тұрады.  
      2. Сот хабарсыз кеткен деп таныған жеке тұлғаның салық берешегін хабарсыз кеткен деп танылған жеке тұлғаның мүлкіне қорғаншылық жасау жөніндегі міндет жүктелген адам өтейді.  
      3. Егер хабарсыз кеткен деп танылған жеке тұлғаның мүлкі салық берешегін өтеу үшін жеткіліксіз болса, онда оның салық берешегінің өтелмеген бөлігін салық органы мүліктің жеткіліксіздігі туралы сот шешімі негізінде есептен шығарады.  
      4. Сот адамды хабарсыз кеткен деп тану туралы шешімнің күшін жойған кезде, бұрын салық органы есептен шығарған салық берешегінің күші осы Кодекстің 
46-бабында белгіленген талап қою мерзіміне қарамастан, сот тәртібімен қайта басталады.     

45-бап.  Қайтыс болған  жеке тұлғаның салық берешегін өтеу     

1. Жеке тұлғаның  қайтыс болған күнгі, сондай-ақ  оны соттың күшіне енген шешімі  негізінде қайтыс болды деп жариялау күнгі жиналып қалған салық берешегін оның мұрагері (мұрагерлері) мұраға қалдырылған мүліктің құны шегінде және мұраны алған күнгі ондағы үлесіне барабар өтейді.  
      Егер қайтыс болған жеке тұлғаның, сондай-ақ соттың күшіне енген шешімі негізінде қайтыс болды деп жарияланған жеке тұлғаның мүлкі салық берешегін өтеу үшін жеткіліксіз болса, онда салық берешегінің өтелмеген бөлігін салық органы мүліктің жеткіліксіздігі туралы сот шешімі негізінде есептен шығарады.  
      2. Егер мұрагер (мұрагерлер) кәмелетке толмаған болса, онда жеке тұлғаның қайтыс болған күнгі немесе оны қайтыс болды деп жариялау күнгі жиналып қалған салық берешегін өтеу бойынша міндеттеме соттың күшіне енген шешімі негізінде ғана осындай мұрагерге (мұрагерлерге) мұраға қалдырылған мүліктің құны шегінде және мұраны алған күнгі ондағы үлесіне барабар шекте жүктеледі.  
      3. Жеке тұлғаның қайтыс болған күнгі немесе оны соттың күшіне енген шешімі негізінде қайтыс болды деп жариялау күнгі жиналып қалған салық берешегі, егер:  
      1) кәмелетке толмаған мұрагер (мұрагерлер) соттың күшіне енген шешімі негізінде осындай берешекті өтеу жөніндегі салық міндеттемесінен босатылса;  
      2) мұрагері (мұрагерлері) жоқ болса, өтелген болып саналады.  
      Сот жеке тұлғаны қайтыс болды деп жариялау туралы шешімнің күшін жойған кезде бұрын салық органы есептен шығарған салық берешегінің күші осы Кодекстің 
46-бабында белгіленген талап қою мерзіміне қарамастан, сот тәртібімен қайта басталады. 
      4. Осы баптың ережелері, қайтыс болған немесе соттың күшіне енген шешімі негізінде қайтыс болған деп жарияланған дара кәсіпкерге де, жекеше нотариусқа да, жеке сот орындаушысына да, адвокатқа да қолданылады. 
     
Ескерту. 45-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.     

46-бап.  Салық міндеттемесі мен талабы бойынша талап қою  
              
мерзімі      

1. Салық міндеттемесі  мен талабы бойынша талап қою  мерзімі:  
      1) салық қызметінің органы салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасын есепке жазуға немесе олардың есептелген, есепке жазылған сомасын қайта қарауға құқылы;  
      2) салық төлеуші (салық агенті) салық есептілігін табыс етуге міндетті, салық есептілігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуге, салық есептілігін кері қайтарып алуға құқылы;  
      3) салық төлеуші (салық агенті) салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, өсімпұлдарды есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды талап етуге құқылы;  
      4) салық қызметінің органы салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, өсімпұлдарды есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізуге міндетті болатын уақыт кезеңі.  
      2. Салық міндеттемесі мен талабы бойынша талап қою мерзімі — бес жыл. Салық міндеттемесі бойынша талап қою мерзімінің өтуі, осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, тиісті салық кезеңі аяқталғаннан кейін басталады.  
      3. Қызметін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес жүзеге асыратын салық төлеушілер бойынша салық қызметінің органы жер қойнауын пайдалануға келісімшарттың қолданылу мерзімі ішінде және жер қойнауын пайдалануға келісімшарттың қолданылуы аяқталғаннан кейін бес жыл ішінде үстеме пайда салығының, сондай-ақ салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасын есепке жазуға немесе олардың есепке жазылған сомасын қайта қарауға құқылы, оларды есептеу әдістемесінде мынадай көрсеткіштердің бірі: рентабельділіктің ішкі нормасы (РІН) немесе пайданың ішкі нормасы немесе R-фактор (табыс көрсеткіші) қолданылады.  
      4. Жалған кәсіпорын деп танылған салық төлеушімен жасалған операциялар бойынша немесе жеке кәсіпкерлік субъектісінің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз жасаған мәмілесі (мәмілелері) бойынша салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасын есепке жазуды немесе олардың есепке жазылған сомасын қайта қарауды салық қызметінің органы соттың үкімі немесе қаулысы заңды күшіне енгеннен кейін салық міндеттемесі мен талабы бойынша талап қою мерзімі шегінде жүргізеді.  
      5. Салық төлеуші (салық агенті) осы баптың 1-тармағында белгіленген талап қою мерзімі күнтізбелік бір жылға жетпейтін уақыт ішінде аяқталатын кезең үшін қосымша салық есептілігін табыс еткен жағдайда көрсетілген талап қою мерзімі салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасын есепке жазу және (немесе) есептелген сомасын қайта қарау бөлігінде күнтізбелік бір жылға ұзартылады.  
      6. Осы Кодексте белгіленген тәртіппен салық органдарының есепке жатқызуына және (немесе) қайтаруына жататын салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, өсімпұлдар бойынша есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізу үшін талап қою мерзімі осы Кодекстің 
548-бабында белгіленген жағдайды қоспағанда, салық кезеңі аяқталғаннан кейін бес жыл болады.  
     
РҚАО-ның ескертпесі! 
     
7-тармаққа өзгерту енгізу көзделген - 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 
      7. Осы бапта белгіленген салық міндеттемесі мен талабы бойынша талап қою мерзімі салық төлеушінің (салық агентінің) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) салық қызметінің жоғары тұрған органының хабарламаға жасалған шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарған шешіміне, сондай-ақ салық қызметінің органдары лауазымды адамдарының іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау кезеңінде аяқталған жағдайда талап қою мерзімі шағымды, талап қоюды қарау нәтижелері бойынша шығарылған шешім орындалғанға дейін шағым жасалатын бөлігінде ұзартылады. 
     
РҚАО-ның ескертпесі! 
     
46-бапты 8, 9-тармақтармен толықтыру көзделген - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Информация о работе Осы Кодексте реттелетін қатынастар