Шығындарды басқарудың шетелдік тәжірибесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2012 в 06:08, доклад

Описание

Дамыған мемлекеттерде соңғы 35-40 жылда өнімді өндіруге деген шығындарды анықтаудың калькуляция баптарының шектеулі номенклатурасы әдісі арқылы анықтау кең қоланылуда. Шығындардың құрамындағы ауыспалы шығындарға келесілер кіреді: шикізат және материалдар, еңбек төлемі, қосымша шығындардың ауыспалы бөлігі. Бұл шығындар өндіріс қызметінің көлем функциясы ретінде қарастырылады. Тұрақты шығындар жекелеген өнім түрлерінің өндіріс шығындарымен тығыз байланыспайтыны негізделеді. Осыған орай, кәсіпорынның өндіріс шығындарын тұрақты, ауыспалы, жалпы және шекті деп бөліп қарастыру кең таралған.

Работа состоит из  1 файл

Шығындарды басқарудың шетелдік тәжірибесі.doc

— 79.00 Кб (Скачать документ)

 

     1.3. Шығындарды басқарудың шетелдік  тәжірибесі        

Дамыған мемлекеттерде соңғы 35-40 жылда өнімді өндіруге деген  шығындарды анықтаудың калькуляция  баптарының шектеулі номенклатурасы әдісі  арқылы анықтау кең қоланылуда. Шығындардың  құрамындағы ауыспалы шығындарға келесілер кіреді: шикізат және материалдар, еңбек төлемі, қосымша шығындардың ауыспалы бөлігі. Бұл шығындар өндіріс қызметінің көлем функциясы ретінде қарастырылады. Тұрақты шығындар жекелеген өнім түрлерінің  өндіріс шығындарымен тығыз байланыспайтыны негізделеді. Осыған орай, кәсіпорынның өндіріс шығындарын тұрақты, ауыспалы, жалпы және шекті деп бөліп қарастыру кең таралған.      

Шығындарды  басқару әр түрлі баламалы басқарушылық шешімдерді анықтау мен бағалау процесін көрстеді: кәсіпорын қызметінің соңғы маңызды мақсаты - пайда табуды ұйымдастыру деңгейіне өнім өткізу мен өндірісті ұйымдастыру тәсілдері, ассортименттік бағдарламаның құрылуы, жаңа өнімді құрастыру мен өндіру және баға қалыптастырудың әсерін анықтау.  Шығындарды басқару өндірісте өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуде маңызды орын алады. Еуропа, АҚШ, Жапония, Қытай және басқа да өндірісі дамыған мемлекеттердің беделді кәсіпорындары шығындарды басқаруда міндетті түрде осы құралдардың бірін қолданады. Жоғарғы сапалы өнімді сатып алуда бұл өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және сәйкесінше АҚШ нарығында  өткізу көлемін өсіруге көмектеседі      

Сонымен қатар, АҚШ кәсіпкерлерінің өздері де шығындарды жүйелі және сапалы басқаруды үйрене алған жоқ. Ол туралы «7 нот менеджмента» ресейлік экономикалық бестллердің автор былай деп жазады: «Білікті басқарушылардың бірінші қадамдарының санатында шығындарды және өзіндік құнды төмендету шаралары маркетингтен кейінгі екінші орында, бірақ маркетингтік қадамдармен салыстырғанда үш есе төмен».     

Батыстық  тәжірибе шығындарды басқару жүйесі мен оларды басқаруда қолданылатын  шығындар жіктелімнің әр түрлі әдісін көрсетеді. 2 кестеде АҚШ фирмаларымен қабылданған шығындар жіктелімінің нұсқалары келтірілген.       

Кесте 2     

АҚШ фирмаларымен қабылданған шығындар жіктелімінің нұсқалары 

Шығындарды  есептеудің мақсаты

Шығындар

Өнім  қорының құнын анықтау

Есепті кезеңге  барлық өнімнің құны бойынша

Дайын өнімді өндіруге

Көрсетілген және процестік

Шаруашылық  шешімдерді қабылдау

Келешек кезеңге 

Қайтарымсыз

Жіктелген (баламалы қызметтер курсын қабылдау нәтижесінде туындаған)

Шекті (маржиналды) және өсімді  (инкрементті)

Шығындарды  реттеу ман бақылау

Нормативті

Нормативтен шегерілетін


 

           

2-ші кестеде көрсетілген жіктелім кәсіпорында басқарушылық және өндірістік есепті ұйымдастыру үшін қолданылады.     

Жіктелім  шығындарды басқару жүйесін құру мен шаруашылық шешімдерді қабылдау үшін маңызды құрал болып табылады.      

Батыс кәсіпорындарында шығындар жіктемесінің маңызды негізі болып олардың өндіріс көлеміне қатынасы табылады. Осы белгі бойынша шығындар тұрақты және ауыспалы болып бөлінеді. Шығындарды басқарудың батыстық тәжірибесі мен теориясында қолданылатын жіктелімінің мынадай нұсқаларын көрсетуге болады: аралас және өткен шығындар бөлімшелерінің пайда болу орнына байланысты шығындар, бақылау мен реттеу мүмкіндіктері, шығындарды тудырушылар бойынша жауапкершілік орталықтары. Батыс кәсіпорындарының шығындар жіктелімі 3 кестеде көрсетілген.      

Кесте 3     

Батыс кәсіпорындарының шығындар жіктелімі

Шығындарды  басқару үлгісі

Мінездеме

Ішкі өндірістік есептің мәліметтеріне бағытталған  шаруашылық субъектісінің басқарушыларының сұранысы

Өндіріс көлеміне қатынасы бойынша тұрақты  және ауыспалы шығындарға жіктелімді қолдану

Барлық жерлер бойынша таратылған

Қолдану аумағы

«Директ-костинг» шығындар есебі жүйесінде өндірістің залалсыздығын талдау үшін, болжалды есеп үшін

Реттеу  мен қадағалау мүмкіндіктері  мен жауапкершілік орталықтары  бойынша жіктелім

Барлық жерлер бойынша таратылған

Қолдану аумағы

«Стандарт-кост»  жүйесінде құрылымды бөлімшелердің  жұмысын бағалау үшін қолданылады

Экономикалық  элементтері бойынша шығындар жіктелімі

Белгілі бір  көлемге жеңілдетілген (шығынның үш элементі қалыптасқан: тікелей материалдық шығындар, тікелей еңбекақы шығындары, үстеме шығындар)

Қолдану аумағы

Өзіндік құнға  қатынасы бойынша шығындар жіктелімінің қолдану аумағымен сәйкес келеді

Калькуляция баптары бойынша шығындар жіктелімі

Бұндай жіктелім түрі көп кездеспейді

Қолдану аумағы

-

Өзіндік құнға қатынасы бойынша шығындар жіктелімі

Экономикалық  элементі бойынша жіктеліммен сәйкес келеді

Қолдану аумағы

Осы жіктелім шығындарды басқарудың барлық әдістері үшін негізгі  жіктелім болып табылады (қарапайым          «Директ - костингтан» басқасына)

Өткен және болашақ кезеңнің уақытша интервалына  қатынасы бойынша шығындар жіктелімі

Көптеген кәсіпорындарда «Стандарт-кост» жүйесінің негізінде  қолданылады.

Қолдану аумағы

«Стандарт - кост»  жүйесінің мәліметтерін талдау үшін


 

басқару дипломная(1).doc

 

  —  643.00 Кб 

 
     

Бұл жіктемеден көретініміздей, батыс кәсіпорындарында шығындарды басқаруда келесідей  базалық нұсқалар қолданылады:

  • тікелей-ауыспалы;
  • негізгі-үстеме;
  • тұрақты-ауыспалы.

 

        Бірақ, батыс кәсіпорындарында  өзіндік құнға әсерін тигізетін  фактор көп болған сайын шығындарды басқару әдістемесінің жиынтығы қызығушылықтың артқанын көрсетеді.     

Өндіріс шығындарын экономикалық элементтері  мен калькуляциялау баптары бойынша  топтастыруға келсек, батыстық кәсіпорындардың  топтастыру түрі біздің отандыққа ұқсайды.      

Экономикалық элементтері  бойынша шығындарды топтастыру өзіне  шикізатты, материалдары, жанармайды, энергияны алуға кеткен шығындарды, персоналды ұстауға кеткен шығындарды (жұмыскерлердің еңбек ақысы), негізгі капиталдың амортизациясын (негізгі қорлардың), пайыздарды төлеу бойынша шығындарды және басқа да сыртқы шығындарды (орынды жалға алу, сақтандыру төлемдері, көліктік шығындар, тараптық ұйымрардың қызметтері, жанамаға және басқа да шығындар) қосады.      

Шығындар  баптары бойынша шығындарды топтастыру құрамына келесі баптар кіреді:      

1 «Материалдар». Бұл шығындар  шығындардың маңызды баптарын  құрайды. Оларға шикізаттарды, негізгі  және қосымша материалдарды, жартылай  фабрикаттарды алуға кеткен шығындар жатады.   
Материалдарға деген шығындар көлемі өнім өндіру көлеміне байланысты болады және кәсіпорынның ауыспалы шығындарына жатады.   
Олар өнім өндірісі көлеміне пропорционалды түрде  өзгереді.     

2 «Еңбекақы төлемдері». Бұл  топқа әкімшілік персонал, жұмыскерлердің еңбек ақысы кіреді. Батыста сонымен қатар,  бір бірінен принципиалды түрде ерекшеленетін еңбекақы төлемдерінің екі түрі қолданылады: уақтылы және бөлшектеп.     

Еңбекақы  төлемдері екі түрі де өзіндік  әртүрлілікке ие.   
Мысалы, батыста жұмысты бағалаудың минималды кепілдігі бар бөлшектік түрі кең қолданылады.      

Батыс кәсіпорындарындада әкімшілік  персоналдың еңбекақы төлемдерінің түрі болып қызметтік жарналар табылады. Бұндай жұмыскерлерге жарналардан  бөлек кәсіпорынның пайдасына қатысты сыйақы төлейді.   
Кейбір фирмалар пайдасының бір бөлігін бөлуге өз жұмыскерлерімен келісімшартқа отырады.     

3 «Орынды жалға алғандығы  үшін төлем». Бұл төлемдер шығындардың  үлкен баптарын құрайды. Егер  кәсіпорын орын жалға алса, онда  осы бап бойынша шығындар көлемі жалдық төлемнің жалпы көлеміне тең болады.   
Егер де орын  кәсіпорынның өзіне тиесілі болса, онда оны жалға алу төлемі бірқатар баптардан тұрады:

  • ипотекелық қарыздар бойынша төлем;
  • жылжымайтын мүлікке салынатын салық;
  • сақтандыру және эксплуатациялық шығындар.

 

     4 «Амортизация». Батыс кәсіпорындарында  амортизация қолданудың бірнеше  кезеңіне алынатын негізгі капиталға кеткен бір мезгілдегі шығындарды бөлу жолымен қалыптасқан тұрақты шығындардың бөлігі кіреді.

Сондай  – ақ амортизация мөлшерінің есебінің әр түрлі әдістері қолданылады: қалдық құн бойынша амортизация, өндіріс  көлемі бойынша амортизация.     

5 «Басқа да шығындар». Бұған  эксплуатацияға, машинаны жөндеуге  және негізгі капиталдың басқа  да элементтері жатады. Әр түрлі  энергия ұстаушылардың түріне  шығындар, сатып алушыға өнімді  жеткізу шығындары, коммуникативті  шығындар, почталық жиналым және басқалар жатады.     

Сонымен қатар, батыс кәсіпорындарында шығын  құрылымына ішкі шығындарының аясында  ауыспалы және тұрақты кәсіпорындардың  пайыздық қатынасы жиі түсіндіріледі. Мұндай қатынас бойынша белгілі  қорытынды шығарылады. Мысалы, тұрақты  шығындардың салыстырмалы жоғары деңгейі өндірістің механизациясы мен автоматизациясының жоғары деңгейін көрсетеді, ал ауыспалы шығындардың жоғары деңгейі жұмысшыларға еңбекақы төлеудің жоғарғы шығынын көрсетеді.     

Батыс елдерінің кәсіпорындарында бәсекелестерінің өндірісінде шығындардың салыстырмалы талдауы жүргізіледі. Бұл талдау меншікті өндірістің шығындар құрылымын бәсекелестің шығындар құрылымымен салыстыруға мүмкіндік береді, олардың артықшылығын, сонымен қатар, бәсекелестің артық шығындарын көрсетіп, осы талдаудың негізінде өндірістің шығын құрылымын жақсартып, осы шығындарды төмендетудің қажетті бағыттарын ұсынады.     

Шығындарды  төмендету - бұл барлық компанияларға қойылатын талап, ол  Ресей, АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Швейцария және Жапония компанияларында қарқынды таралуда. Шығындарды төмендету стратегиясын қолдану барысында алынатын маңызды нарықтық артықшылықтар көптеген батыс компаниялары үшін шығындарды жылына 5-10% төмендету өздерінің қызметінің басты мақсаты екеніне алып келді.  Осы жұмыспен белсенді әрі мақсатты айналысқандардың алғашқысы «General Electrik» американ компаниясы болды. 90-шы жылдардың ортасында тұрмыстық техникаларды өндіретін осы компанияның бір бөлімінің басшылары өздерінің жеткізушілеріне «Цель-10» бағдарламасы іске енгізілетінін жариялады.   
Бұл бағдарлама осы бөліммен сатып алынатын өнім өндірісіне жылына 10% тез төмендейтін шығындарды қарастырды. Өз кезегнде «General Electrik» өзінің өндірістік шығындарын азайту жолын іздеуде барлық шараларға қатысу міндетін иеленді.  Бөлім президенті өз жеткізушілеріне қатысты осындай саясаттың қажеттілігін нарықта бәсекелестіктің күшейгенімен, тұрмыстық электротехниканы өндіруден түсетін пайданың баяу өсуімен түсіндірді, сол себепті өнімге деген бағаны азайтпау мүмкін емес.     

Бөлім бастауларын қолдаудан бас тартқан жеткізушілермен келісімді бұзуға уәде берілді. Шығынды төмендету ұсыныстарын ұйымдастыру қарқынды жүрді. Америкада фирмалар өндірістің барлық саласында , үлкен өндірісте және кіші бизнесте жеткізушілерге шығындарды төмендету талаптарын қоя бастады. Америкалық корпорациялардың жеткізушілерінің осындай ұсыныстардар бас тарту мүмкіндіктері болмады.     

Шығындарды  төмендету келесі факторлардың бірігуімен түсіндірілді:

  • өндірісті кеңейуімен туындайтын технологиялардағы артықшылықтар;
  • өндірісті ұйымдастырудың тиімді тәсілі тәжірибесіне үйрету;
  • өнім шығару масштабында үнемдеу әсері.

 

     Қазіргі таңдағы нарық динамикасы мен  экономикалық даму шарты компанияның  табыстылығын қамтамасыз ететін барлық факторларға назар аударады. Дамыған мемлекеттерде соңғы 10-15 жылда бақыланған экономикалық өсімнің жағымды тенденциясы  оның өзгерісі мен тұрақсыздығын қоса алғанда, сонымен қатар, бәсекелестіктің жоғарылауына қарамастан шығындарды төмендету стратегиясы пайда өсімінің маңызды факторыны ретінде қарастырылуына алып келді. Фирманың нарықтағы тұрақтылығы көп жағдайда үш негізгі элементтің бірігуімен қамтамасыз етіледі: өндірістің шығындарын төмендету мүмкіндігі, өнім сапасын арттыру мен шығарылатын тауарларды жаңарту.     

Жапондық  кәсіпкерлер шығындарды төмендетуде  материалдарды қолданатынудың  жоғары тиімділігі саласының дамуын қамтамасыз ететін экономиканы мемлекеттік реттеуді түсінеді. Кәсіпорында шығындарды төмендету үшін басты жауапкершілік жоғары әкімшілікке жүктеледі.      

 Шығындарды, атап айтқанда, өнімнің  өзіндік құнын төмендетудің негізгі жолдары құрал-жабдықтарды рационалдау мен жетілдіру, басқару құрылымын қайта ұйымдастыру, операцияларды зерттеу әдістерін кешенді қолдану және басқалар саналады.      

Өндірісте бұйымды шығару нормативті шығындарды түпкілікті талдауды қажет етеді.  Жапон тәжірибесінде нормативтік есептің үш нұсқасы ажыратылады:

  • бөлшектік (әрбір бұйым үшін);
  • жалпы ( жалпы өнімнің барлық түрі үшін);
  • жиынтық (алдынғы екі нұсқаны біріктіретін).

 

     Осы жүйені қолдану өндірістік операцияларды  жоғары деңгейде автоматтандыруды, өндірістік циклдың әр түрлі фазасында технологиялық процестердің синхронизациялануын талап етеді.     

Зерттеудің  көп бөлігі Жапонияның дамыған кәсіпорындарында енгізілген  фирма масштабы бойынша  сапаны басқару жүйесіне арналған.   
Америка ғалымдары  сапамен байланысты мәселенің тек 15-20 % ғана орындаушылардың кінәсінен туындайтынын айтқан, ал қалғаны өндірістің басқару жүйесінің орындалмауын анықтау,жоғары басшылар жауап беретін функционалдау үшін жауапкершіліктен болады.     

Информация о работе Шығындарды басқарудың шетелдік тәжірибесі