Үстеме шығындар есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 13:27, курсовая работа

Описание

Қазіргі басқару есебі шығындарды басқаруды қаржылық жауапкершілік орталығын бюджеттендіру және басқару негізінде жүзеге асыруды көздейді. Соған байланысты кәсіпорында әр қаржылық орталыққа жеке бюджет жасалады. Қаржылық орталықтың бюджеттері кәсіпорын бюджетіне бірігеді.

Содержание

Кіріспе.
1.Үстеме шығыстардың жалпы сипаттамасы және құрамы.
2.Үстеме шығыстардың есебі.
3.Үстеме шығыстарды бөліп тарату.
4.Үстеме шығыстарды басқару есебі.
Қорытынды.
Қолданылғын әдебиеттер тізімі.

Работа состоит из  1 файл

Үстеме шығындар есебі.doc

— 353.00 Кб (Скачать документ)

МАЗМҰНЫ:

 

Кіріспе.

 

  1. Үстеме шығыстардың жалпы сипаттамасы және құрамы.

 

  1. Үстеме шығыстардың есебі.

 

  1. Үстеме шығыстарды бөліп тарату.

 

  1. Үстеме шығыстарды басқару есебі.

 

Қорытынды.

 

Қолданылғын әдебиеттер тізімі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Қазіргі басқару есебі шығындарды басқаруды қаржылық жауапкершілік орталығын бюджеттендіру және басқару негізінде жүзеге асыруды көздейді. Соған байланысты кәсіпорында әр қаржылық орталыққа жеке бюджет жасалады. Қаржылық орталықтың бюджеттері кәсіпорын бюджетіне бірігеді.

Кәсіпорын үстеме шығыстарының есебін жүргізуде келесідей мәселелерді  шешеді:

  • Негізгі үстеме шығыстардың пайда болу көздерін анықтау;
  • шығындарды азайту себептерін анықтау;
  • Үстеме шығыстардың сметасы мен бюджетін жасау үшін негізгі көрсеткіштерді анықтау;
  • Үстеме шығыстардың динамикасын бақылау;

Үстеме шығыстарды бөлуді басқару шешімдерін қабылдау тұрғысынан қарастыратын болсақ, онда келесі негізгі  мәселелер туындайды:

1. Өндірістің табыстылық  бағасы мен әрбір өнімді өткізу  деңгейі;

2. Компанияға қай өнім түрі көбірек пайда түсіреді;

    1. Шығарылатын өнім ассортиментін өзгерту туралы шешім қабылдау;

Үстеме шығыстарды басқару  есебін бақылаудың бір нұсқасы АВС-талдау бойынша жүргізіледі.Бұл әдіс неғұрлым қарапайым, әрі жеңіл. АВС-талдау әдісі  үстеме шығыстарды таратуда келесі принципке сүйенеді: шығындардың пайда болу көздерінің аз ғана мөлшері салыстырмалы түрдегі шығындар құнының көптігін көрсетеді.Үстеме шығыстармен байланысты негізгі мәселелерді қарастыруға болады:

-шығыстарды тікелей  және үстеме шығыстарға бөлу – бұл әр кезде оңай бола бермейді, себебі шығыстардың кейбір түрі тікелей және жанама шығыстарға жатады.

-үстеме шығыстар тұрақты  болып келеді;

-шығындарды ақырғы  өнім арасында дұрыс бөліп  тарату.

Үстеме шығыстарға өндірісті  басқару, қызмет көрсету және ұйымдастыру шығыстары жатады.

 

1.Үстеме шығыстардың  жалпы сипаттамасы және құрамы.

Үстеме шығыстар –  негізгі және көмекші цехтардың  жұмыстарын ұйымдастыру шығыстары, сондай-ақ өндіріске қызмет көрсетумен байланысты шығыстар. Үстеме шығыстарды бөлудің негізгі бағыттары:

  • ақырғы өнімнің нақты құнын анықтау;
  • қолданылған ресурстарды бөлу;
  • жұмыскерлердің шығындарын қысқарту;
  • сыртқы пайдаланушылар үшін шығыстар мен кірістерді салыстыру; 

Үстеме шығыстармен  байланысты негізгі мәселелерді  қарастыруға болады:

-шығыстарды тікелей  және үстеме шығыстарға бөлу  – бұл әр кезде оңай бола  бермейді, себебі шығыстардың кейбір  түрі тікелей және жанама шығыстарға  жатады.

-үстеме шығыстар тұрақты  болып келеді;

-шығындарды ақырғы  өнім арасында дұрыс бөліп  тарату.

Үстеме шығыстарға өндірісті  басқару, қызмет көрсету және ұйымдастыру  шығыстары жатады. Бірінші кезекте  олар мыналармен байланысты:

-аналитикалық шоттардың  шығындар түрімен (жал төлемі,қызмет  көрсету, еңбекақы);

бақыланатын шығындар орталығымен (өндірістік цех);

Үстеме шығыстар құрамына мыналар кіреді:

  1. Жалпы өндірістік шығыстар - өндірістік жабдықтарды пайдалану және күтіп ұстау шығыстары;
  2. Өндірістік қажеттерге пайдаланылатын қосымша материалдардың барлық түрлері;
  3. Жұмысшылардың еңбекақысы. Цех персоналына, өндірістік құрал-жыбдықтарға қызмет көрсететін жұмыскерлерге есептелген еңбекақы;
  4. Еңбекақыдан аударымдар;
  5. Негізгі құралдарды жөндеу. Бұл шығындар түріне жалпы өндірістік мақсатқа арналған өндіріс құрал-жабдықтары мен негізгі құралдарды жөндеу шығыстары кіреді.
  6. Негізгі құралдардың тозуы мен материалдық емес активтердің амортизациясы;
  7. Коммуналдық қызметтер. Бұл шығыстарға жалпы өндірістік мақсаттарға арналған негізгі құралдар мен өндірістік құрал-жабдықтардың жұмыс істеуі үшін тұтынылған электр қуатының, судың, жылудың,т.б.құны кіреді.
  8. Жалгерлік ақы - өндірісте қолданылатын негізгі құралдарды жалдау бойынша төленетін жалгарлік ақы сомасы;
  9. Өзге де шығыстар.

Өндірістік шығындардың синтетикалық есебі 8410 “Үстеме шығыстар” шотында жүргізіледі. БҰл активті жинақтаушы, таратушы шот болып саналады. Бұл шоттың құрамында мынадай шоттар ашылады: 8410/1 - “Негізгі өндірістің үстеме шығыстары”, 8410/2 - “Көмекші өндірістің үстеме шығыстары.”

 

Өндірістік үстеме шығыстар – бұл өндірісті басқару, қызмет көрсету, ұйымдастыру шығыстары. Олар бөлімше, цех, өндіріс сияқты өндірістік буындарда пайда болады. Бұл шығындардың арналымы, сипаты және функционалдық ролі өндіріспен байланысты. Жалпы өндірістік үстеме шығыстар кешенді баптардан тұрады және есепті мерзім соңында өнім түрлері бойынша, дайын өнім мен аяқталмаған өндіріс бойынша бөліп таратылады.

 

 

2.Үстеме шығыстардың  есебі

 

Өндірістік үстеме шығыстар – бұл өндірісті басқару, қызмет көрсету, ұйымдастыру шығыстары. Олар бөлімше, цех, өндіріс сияқты өндірістік буындарда пайда болады. Бұл шығындардың арналымы, сипаты және функционалдық ролі өндіріспен байланысты. Жалпы өндірістік үстеме шығыстар кешенді баптардан тұрады және есепті мерзім соңында  өнім түрлері бойынша, дайын өнім мен аяқталмаған өндіріс бойынша бөліп таратылады.  Жалпы өндірістік үстеме шығыстар 8410 “Үстеме шығыстар” шотында есептеледі. Субсчет 8410/3 - “Жалпы өндірістік шығыстар” шоты. Сонымен қатар 8410 шотына бірнеше транзиттік шоттар ашылады:

8411 - “Материалдар”

8412 - “Цех персоналының еңбекақысы”

8413 - “Еңбекақыдан аударымдар”

8414 - “Негізгі құралдарды жөндеу”

8415 - “Негізгі құралдардың тозуы”

8416 - “Коммуналдық қызметтер”

8417 - “Жалгерлік ақы”

8418 - “Өзгелер”

№2 “Қорлар” ХҚЕС бойынша  үстеме шығыстар екі түрге бөлінеді.

  1. Тұрақты өндірістік үстеме шығыстар
  2. Айнымалы өндірістік үстеме шығыстар.

Тұрақты өндірістік үстеме шығыстар өңдеу бойынша шығыстарға бөлу және өндірістік қуаттылықтың қалыпты  өнімдеріне негізделеді және бұл  шығыстар өнім көлеміне байланысты емес. Өндіріс көлемі өзгерсе де, тұрақты өндірістік үстеме шығыстар өзгерусіз болып қалады. Бұл шығыстарға мыналар жатады:

  • Негізгі қорлардың амортизациясы,
  • Ғимараттар мен жабдықтарға есептелген амортизация;
  • Өндірістік басқару шығындары;

Айнымалы өндірістік үстеме шығыстар өндіріс көлеміне тікелей байланысты, тәуелді болатын өндірістік шығыстар. Бұларға жалпы өндірістік қажеттерге жұмсалатын материалдар және цех персоналының еңбекақысы жатады.

Жалпы өндірістік шығыстарды бөліп тарату белгілі бөлу базасы негізінде жүзеге асырылады. Отандық тәжірибеде мынадай бөлу базалары қолданылады:

1.Өндіріс жұмысшыларының  негізгі еңбекақысы;

2.Өндіріс жұмысшыларының  негізгі еңбекақысы мен өндірістік  құрал жабдықтарды күтіп ұстау  және пайдалану шығындары;

 

3.Өнімнің, жұмыстың, қызметтің  цехтық өзіндік құны.

Ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарда өндіріс жабдықтарын ұстап тұру және пайдалагу шығыстарының ерекше түрдегі есебі қажет. Бұл шығыстарды 8410 - “Үстеме шығыстар” шоты құрамында “Өндіріс жабдықтарын ұстап тұру және пайдалану бойынша шығыстар” атты субшот ашылады. Өндірістік құрал жабдықтарды пайдалану және ұстап тұру шығындарына мыналар жатады:

  1. Жанар-жағармайлардың құны;
  2. Өндірістік құрал-жабдықтың тозуы;
  3. Өндірістік құрал-жабдықтарды ағымдағы жөндеуден өткізу;
  4. Жабдықтарды күтіп ұстайтын, жүргізетін жұмысшылардың еңбекақысы;
  5. Еңбекақыдан аударымдар;
  6. Электр қуаты, бу мен судың құны;
  7. Көмекші өндірістің қызметі;
  8. Басқа да шығыстар;

 

 

 

3.Үстеме шығыстарды бөліп тарату

 

Шығын тасымалдаушылар  – шығындар деңгейіне әсер ететін себептер, олар оң және кері әсер етуі мүмкін. Шығын тасымалдаушылар шығындар көлеміне әсер етеді және олар  үстеме шығыстарды ақырғы өнім арасында бөлуге бағытталған. Шығын тасымалдаушылардың көп кездесетін түрлері:

  1. Өндірілген өнім көлемі
  2. Жұмыс – сағат
  3. Машина – сағат
  4. Бастапқы шығындар
  5. Материалдық шығындар
  6. Еңбек шығындары

 

Пропорционалды, пропорционалды емес бөліп тарату.

Тарату әдістерінің  барлығы дерлік үстеме шығыстардың  пропорционалды және прпорционалды  емес тарату әдістеріне бөлінеді.

Кәсіпорында қалыптасқан  шығындардың нақты деректері негізінде  шығындардың әр түрі бойынша шығын тасымалдаушылар мен үстеме шығыстарды тарату коэффициенттері анықталады. Бұл коэффициент таратуға негізделген шығындардың  жалпы сомасын тасымалдаушы ретінде алынған соммалық факторға бөлу арқылы анықталады. Бұл коэффициент үстеме шығыстарды пропорционалды бөліп тарату үшін қолданылады.

Мысал А – Кеңсе заттары.

Компания кеңсе заттарына (қағазды қоса алғанда) айына 1 200 мың  теңге шығын жұмсайды. Компанияда екі бөлімше бар, олардың компания табысындағы үлестері 30% және 70%.

 

 

Бөлімше

Табыс (мың тг.)

Табыстан алынатын %

Шығыстарды  бөліп тарату

Бөлімше 1

70 000

70 %

1200*0,7=840

Бөлімше 2

30 000

30 %

1200*0,3=360

Барлығы

100 000

100 %

                      1200


 

Мысал Б. - Жал төлемі.

Жал төлемі көлемге байланысты бөліп таратылады.

Жал бойынша шығыстар (мың тг.) 6 000

1 м2 кеткен жалдау бойынша шығыстар 24

Аудан (м2) 250

Компанияның 1-ші бөлімшесі 200 м2 ауданды, ал 2-ші бөлімшесі 50 м2 ауданды  алып жатыр. Жал бойынша шығыстарды тарату төмендегідей болады.

 

 

Бөлімше

Алып  жатқан аудан

Шығыстарды  бөліп тарату

Бөлімше  1

200 кв.м

200*24=4 800

Бөлімше 2

50 кв.м

50*24=1 200

Барлығы

250 кв.м

           6 000


 

 

Бөліп таратудың әр түрлі  коэффициенттерін қолдану мысалдары.

Дәрі шығаратын кәсіпорынның 31-ақпанға жасалған бухгалтерлік жазулары:

 

Мың.тг.

 

Қосымша берілгендер

 

Материалдар

100 000

Жұмыс-сағат

75 000

Еңбек

150 000

Машина-сағат

50 000

Алғашқы шығындар

250 000

Өндіріс көлемі

50 000

Үстеме шығыстар

150 000

Барлық шығыстар

400 000


 

 

Үстеме шығыстарды бөліп  таратудың алты коэффициентін қарастырамыз. Жалпы өндіріс көлемі 50 000 бірлік болғанда 3 000 бірлікке жұмсалатын үстеме шығыстарды бөліп тарату. Бұл партияға материалдық шығндар 5 000 мың тг., еңбек шығындары 6 000 мың тг., (1 сағ.-2000 тг.), машина сағат – 500.

 

Өндірілген  өнім көлемінің коэффиценті

Үстеме  шығыстар/жалпы өнім көлемі

150 000/50 000

3

Жұмыс сағатының  коэффиценті

Үстеме шығыстар/жалпы  жұмыс сағаты

150 000/75 000

2

Машина-сағат коэффициенті

Үстеме шығыстар/жалпы машина-сағат саны

150 000/50 000

3

Бастапқы шығындар проценті

Үстеме шығыстар/бастапқы шығындар сомасы*100%

150 000/250 000*   100%

60%

Материалдық шығындар проценті

Үстеме шығыстар/материалдық  шығындар*100%

150 000/100 000* 100%

150%

Еңбекақы шығындарының проценті

Үстеме шығыстар/еңбек  шығындары*100%

150 000/150 000* 100%

100%

Информация о работе Үстеме шығындар есебі