Стратегиялық жоспар түрі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2012 в 07:46, реферат

Описание

Көпшілік қауымға белгілі «Стратегия» термині, гректердің «Strategos» сөзінен туындаған, өз тілімізге аударғанда «генерал өнері» немесе «адамдарды басқару өнері» деген түсініктерді беріп, болашақта мақсатты бағытталған және шешуші іс-қимыл тобын, жиынтығын көрсетеді немесе «Стратегия» іске асырылуы мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін бөлшекті, жан-жақты және кешенді жоспар. Көне Қытайда біздің дәуірімізге дейінгі 480 жылдары «Стратегия өнері» атты кітап жазылған, бұдан біз стратегия ұғымы адам, қоғам өмірінде өте ерте кезден қолданылып келе жатқандығын көреміз[1].

Содержание

Кіріспе .......................................................................................................................................3

І . Стратегиялық жоспарлау.....................................................................................................4
1.1. Стратегиялық жоспарлаудың мәні және құрылымы .....................................................4
1.2. Стратегиялық жоспарлау құрылымы мен жүйесі...........................................................8

ІІ. Банк секторындығы Бенчмаркинг пен SWOT-талдауы.................................................10

ІІІ. Каспий Банкінің қызметіне стратегия құру және оны тұжырымдау...........................14

Қорытынды .............................................................................................................................16

Қолданылған әдебиеттер .......................................................................................................17

Работа состоит из  1 файл

маркетинг реферат.docx

— 56.92 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар 

 

Кіріспе .......................................................................................................................................3  

 

І . Стратегиялық жоспарлау.....................................................................................................4

1.1. Стратегиялық  жоспарлаудың мәні және құрылымы  .....................................................4

1.2. Стратегиялық жоспарлау құрылымы мен жүйесі...........................................................8  

 

ІІ. Банк секторындығы Бенчмаркинг пен SWOT-талдауы.................................................10

 

ІІІ. Каспий Банкінің қызметіне стратегия құру және оны тұжырымдау...........................14

 

Қорытынды .............................................................................................................................16  

 

Қолданылған әдебиеттер .......................................................................................................17

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

       Көпшілік қауымға белгілі «Стратегия» термині, гректердің «Strategos» сөзінен туындаған, өз тілімізге аударғанда «генерал өнері» немесе «адамдарды басқару өнері» деген түсініктерді беріп, болашақта мақсатты бағытталған және шешуші іс-қимыл тобын, жиынтығын көрсетеді немесе «Стратегия» іске асырылуы мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін бөлшекті, жан-жақты және кешенді жоспар. Көне Қытайда біздің дәуірімізге дейінгі 480 жылдары «Стратегия өнері» атты кітап жазылған, бұдан біз стратегия ұғымы адам, қоғам өмірінде өте ерте кезден қолданылып келе жатқандығын көреміз[1].

       Стратегиялық жоспарлау – оған жету жолында шешім қабылдау мен оны ұйымдастыру үшін мақсаттарды таңдау процесі. Ол бүкіл басқару шешімдері үшін оның негізін қамтамасыз етеді.

      Стратегиялық жоспарлау – көптеген мемлекеттер, ірі және орта компаниялар соңғы кездері кеңінен қолданып жүрген арнаулы білім (қызмет) саласы. Ол басқаруда ертеден қолданылып келеді, бірақ жиі және кең көлемде қолданылуы екінші дүниежүзілік соғыс кезінен басталды және тек әскери ғана емес, сонымен қатар азаматтық қызмет пен бизнес сферасында да кеңінен қолданылғандықтан қазіргі кезде жеке ғылым саласы ретінде қалыптасты.

      Стратегиялық жоспарлаудың мәні айқындалған, шекті қор көлемі бойынша дамудың магистральді бағытын, қазіргі экономиканың қолайлы тұстарын дұрыс пайдалану және жағымсыз жақтарының әсерін бейтараптандыру арқылы болашаққа нақты қойылған мақсатқа қол жеткізетін іс-әрекеттерді анықтауда.

     Стратегиялық жоспар, ұзақ уақыт бойы тұтас болып қана қоймай, сонымен бірге тұрақты өзгеріп отыратын іскерлік, әлеуметтік ортаның әсерімен қажет болған жағдайда, оларға түзетулер енгізуге болатындай жеткілікті түрде икемді болуы тиіс.

       Стратегиялық жоспар жасау болашаққа мұқият, жүйелі дайындықты білдіреді. Стратегиялық жоспарлау – бұл бірінші кезекте жоғары буын жетекшілерінің міндеті. Орта буын және төменгі буын жетекшілері тиісті ақпараттар беру арқылы және кері байланысты қамтамасыз ете отырып, осы жұмысқа қатысады.

      Жоспарлау түсінігіне мақсаттарды бегілеу және анықтау кіреді. Батыста кәсіпкерлік қызметті жоспарлаудың негізгі бағыттары қаржы, өндіріс, сату және сатып алу. Сонымен қатар, барлық жеке жоспарлар бір-бірімен өзара байланысты болуы керек.

     Стратегиялық жоспарлау спецефикалық стратегияларды құрастыруға қажетті мәселелерді шешу, кәсіпкерлікті басқару іс-әрекеттері жиынтығы болып табылады. Бұл стратегиялар кәсіпорынның мақсатына жетуге арналады. Стратегиялық жоспарлау процессі кәсіпорынды басқарудағы негізгі құралы болып табылады.Оның негізгі мақсаты кәсіпорынды қажетті жағдайда жаңалықтармен және өзгерістермен қамтамасыз ету.

 

 

 

 

 

 

 

І. Стратегиялық жоспарлау

    1. Стратегиялық жоспарлаудың мәні және міндеттері

 

    Стратегиялық жоспарлау басқарушылармен қабылданған ұйым мақсатына жетуге арналған спецификалық стратегияларды жасауға апаратын шешімдер мен іс-қимылдардың жиынтығы болып табылады, яғни кәсіпорынның нәтижелілігін ұзақ мерзімді қызмет ету мен жаңа мүмкіндіктерін білу мақсаты болады. Осылайша ең алдымен қоршаған ортамен байланысты барынша берік иелену керек. Және оларды келістіру керек.

Стратегиялық  жоспарлау. “Стратегия” ұғымы ежелгі  грек  еліндегі ауқымды өкілеттілікке ие болатын басқарушыны, тура аудармасында “генерал шеберлігін” береді. «Стратегия» термині осы уақытқа дейін жарыс, бәсеке мағынасында қолданылып келгенмен, қазіргі кезде бұл атау кәсіпорын қызметінің жалпы концепциясын білдіреді[3].

Стратегия дегеніміз ұйымның  міндетті ісін орындауды және мақсатына  жетуді қамтамасыз ететін жан –  жақты жоспар жиынтығы болып саналады.

Стратегиялық жоспарлау  дегеніміз басшы қабылдаған әрекеттер  мен шешімдер жиынтығы, сол арқылы ұйымның өз мақсатына жетуі үшін басшы арнайы стратегияны іздестіреді.

Старатегиялық жоспарлау  – ұйым алдындағы мақсатқа жетудегі басшылықтаң қабылданған кешенді, жан-жақты шешімдер жиынтығын береді. Басқару қызметін жүзеге асыруда старатегиялық жоспарлау  шеңберінде шектеулі ресурстарды бөлу, сыртқы ортаға бейімделу, ішкі үйлесімдікті орындау және ұйымдық стратегияны ұғыну әрекеттері орындалады[2].

Стратегиялық  жоспарлау басқару қызметінің төрт түрін қамтиды: ресурстарды бөлу; сыртқы ортаға бейімделу; ішкі үйлестіру  және ұйымдық стратегиялық болжаудау.

Ресурстарды бөлу қызметі барлық қоғамдық ресурстардың шектеулігімен байланысты. Яғни, ұйымдағы қолда бар еңбек, материалдық және қаржылық ресурстарды мақсат барысында тиімді бөле отырып, барынша жоғары нәтижеге қол жеткізуге  бағытталады.

Сыртқы ортаға бейімделу. Басқару ісінің барысы көп жағдайда қоршаған ортадағы экономикалық, саяси, әлеуметтік-мәдени, техникалық факторлардың әсерінде болады. Жоспарды жүзеге асыруда басшылық ұйым тарапынан тысқары факторларды зерттеп, солар тарапынан төнетін қауіп-қатерді анықтайды.

Ішкі үйлесімділікті орындау дегеніміз – стратегияны іс жүзінде асырудағы ұйымның ішкі мүмкіндіктерін, жетістіктер мен әлсіз тұстарын басқарушылық зерттеуге  ұйымдағы өндіріс, қаржы, маркетинг қызметкерлер және мәдениет бөлімі қызметтері еңгізілді.

Ұйымдық стратегияны  ұғыну  басқарудағы осыған дейіңгі орын алған тәжірибе, кешенді жоспарлар мен деректерге сүйене отырып дамудың бағытын белгілеуді ұсынады. Ал енді осы айтылғандарды қортындылай келе, ұйымдаодағы стратегияны анықтап өтейік.

 

 

Кәсіпорын (ұйым) деңгейіндегі  стратегия.

  1. ӨНДІРІС:

Өндірістің талап етілетін деңгейі қандай?

Қор мөлшері қанша мерзімге алдын ала  есептелгені орынды?

Қаржы салуды қалайша тиімді орындауға болады?

Өндіріс барысына оған еңбек күшінің біліктілігі сай келеме?

Жабдықтау, құрастыру бөлшектерін  кімнің жасағаны дұрыс?

2. ҚАРЖЫ:

Ағымдағы және күрделі шығындар мөлшері қандай?

Айналым қаражатын қалайша арттыруға болады?

Қаржы жағдайын талдауды дамыту жолдары қандай?

Қаржы көздері ауқымы қандай?

  1. МАРКЕТИНГ:

Нарықтағы қайсы сегментке үлкен көңіл бөлу қажет?

Өнімді өткізу саласындағы  қаражат қалай бөлінуі керек?

Ұсынылатын өнімнің сапасы мен құрамы қандай болуы тиіс?

Баға саясаты қалайша тиімді жүзеге асырылады?

Нарық үлесі мен бәсекелесу қабілеті қандай деңгейде?

  1. ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР:

Персоналды (қызметкер құрамын) оқыту мен дамытудың тиімді шаралары қандай?

Басшы мен қызметкерлерді даярлауға қойылатын  талаптар қандай?

Іс-әрекетті бағалау, ынталандыру мұқият орындала ма?

Болашақта қызметкерлерге қандай талаптар қойылады?

Басқаруға қатысуды қалайша дамытуға болады?

  1. МӘДЕНИЕТ:

Әдеп-ғұрып пен дәстүрді қолдауға қандай шаралар қажет?

Фирма репутациясын (беделін) сақтап қалу жолдары қандай?

Ұйымдағы қарым-қатынасты қалайша жетілдіруге болады?

Қоғамдық пікірді жақсарту шаралары қандай?

           Стратегиялық  жоспар қабылданған кезде ол бүкіл ұйымның болашағын анықтайтын, нақтылы деректермен негізделіне  отырып, кәсіпорын айқындылығын  білдіретіндей жағдайда жоғары басшылықтың  ұйғарымымен жүзеге асырады. Аталған  жоспар ұйымның барлық дамуын белгілей отырып, тек қана тұтас, кешенді жиынтық қана емес, сонымен қатар, жағдайға қарай икемді де болуы тиіс. Міне, осының бәрі стратегилық  жоспардың белгілерін анықтап береді.

Стратегиялық жоспарды жүзеге асырудың  үлкен маңызы бар, себебі қолда бар ресурстарды тиімді пайдалана отырып, мақсатты орындағанда  ғана жоспардың маңызды сипаты болады. Жоспар қабылданғаннан кейін оны  орындау бағдарлама, бюджет, әдістермен қатар, тактика, саясат, іс жосығы (процедура) және ереже арқылы жүзеге асырылады[3].

          Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың бағалануы, ұйымның әлеуметтік-экономикалық дамуды сандық, сапалық жағынан талдап, бағалап, оның жалпы мемлекет экономикасындағы рөлі мен үлесін сипаттауы қажет. Осындай талдау, бағалау негізінде ұйымның әлеуметтік-экономикалық даму миссиясы мен басты мақсаты анықталынады. Ал миссия мен басты мақсат мемлекеттің стратегиялық даму жолындағы ұйым рөлінен анықталынып, тұжырымдалынады.

        Басты мақсат – бұл ұйымның стратегиялық дамуының негізгі мақсаты. Ол қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың негізінде анықталынып ұзақ мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму бағытын білдіреді. Басты мақсаттарды орындау, оларға қол жеткізу үшін әлеуметтік және экономикалық салалар, сфералардағы іс-қызметтер, қимылдар стратегиясы жасалынады.

       Экономикалық дамудағы негізгі стратегиялық бағыттарды анықтау үшін ұйымның ішкі-сыртқы факторларына талдау жасалынады. Осы талдау негізінде ұйым экономикасының басым бағыттары анықталынады. Басым бағыттардың анықталынуы, немесе оны көп тізбектегі басты буынның  белгіленуі барлық мүмкіндіктер мен күштерді осы қызметтерді шешуге шоғырландыруға мүмкіндік береді.

        Басым бағыттарды анықтауда күшті, әлсіз, мүмкіндіктер және қауіп матрицасы пайдалынады. Мұндай SWOT талдауды төмендегіше көрсетуге болады:

    1. Ұйым экономикасының (ол мемлекет-экономикасынында) күшті, әлсіз жақтары талданып, олардың маңыздылары анықталынады, тізімдері белгіленеді.

    2. Мүмкіндік және қауіпті (тиімді дамуға кері ықпал жасайтын) факторлар анықталынып талданады, олардың тізімі анықталынады.

    3. Осы мәліметтер негізінде SWOT матрицасы жасалынады.

       Тұжырымдалған стратегияларды іске асырудағы негізгі талап, ол оның қаржы, тағы басқа мемлекеттік реттеу құралдарымен қамтамасыз етілуі. Сол себепті әрбір стратегияның қаржылық көзі белгіленіп, сол арқылы ол тұжырымдалынуы керек.

       Ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарлар ағымдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайдың талдауына, даму тенденцияларының эксперттік бағалануына, болжамдық есептеулерге негізделіне отырып төмендегідей жағдайларды анықтауға міндетті:

  • Болашақ даму мақсаттар мен міндеттер жүйесін;
  • Халық шаруашылығының маңызды басым бағыттары мен олардың іске асырылу кезеңдерін;
  • Экономика өсуінің мүмкін қарқынын және негізгі макроэкономикалық пропорцияларды;
  • Экономикадағы құрылымдық өзгерістерді;
  • Ресурстық күштерді және олардың тиімділігін, пайдалану бағыттарын;
  • Сыртқы және ішкі экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын;
  • Шаруашылық жүйесіндегі негізгі институционалдық өзгерістерді;

     Бақыланбайтын күштер мен критикалық тенденциялар қоршаған орта жағынан алдын алуы  және оның кәсіпорынға әсер ету мүмкіндігі шектеулі болу керек. өзінің негізгі сипаттарын мақсаты бойынша, идеяны тасушы, проблема, горизонт, интенсивтілігі, қамтылатын облысы және принциптері бойынша ие болады[4].

     Маркетингтік стратегияның басты назары мақсатты тұтынушыларға бағытталған болуы тиіс. Компания нарықты таңдап болғаннан кейін оны сементтерге бөліп, оның ішінен болашағы барын таңдап алады. Сөйтіп барлық күш-жігерін осы таңдап алынған сегменттерге қызмет етуге жұмылдырады.

      Маркетингтік стратегия маркетингтің негізгі мақсаттары мен нақты бағдарламаларын анықтауға мүмкіндік береді.

      Маркетингтік зерттеулер ситуациялық талдау барысында жасалып, екі бағытты көздейді:

  1. мамандардың тауарды зерттеуі;
  2. нарықты зерттеу.

Информация о работе Стратегиялық жоспар түрі