Стратегиялық жоспар түрі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2012 в 07:46, реферат

Описание

Көпшілік қауымға белгілі «Стратегия» термині, гректердің «Strategos» сөзінен туындаған, өз тілімізге аударғанда «генерал өнері» немесе «адамдарды басқару өнері» деген түсініктерді беріп, болашақта мақсатты бағытталған және шешуші іс-қимыл тобын, жиынтығын көрсетеді немесе «Стратегия» іске асырылуы мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін бөлшекті, жан-жақты және кешенді жоспар. Көне Қытайда біздің дәуірімізге дейінгі 480 жылдары «Стратегия өнері» атты кітап жазылған, бұдан біз стратегия ұғымы адам, қоғам өмірінде өте ерте кезден қолданылып келе жатқандығын көреміз[1].

Содержание

Кіріспе .......................................................................................................................................3

І . Стратегиялық жоспарлау.....................................................................................................4
1.1. Стратегиялық жоспарлаудың мәні және құрылымы .....................................................4
1.2. Стратегиялық жоспарлау құрылымы мен жүйесі...........................................................8

ІІ. Банк секторындығы Бенчмаркинг пен SWOT-талдауы.................................................10

ІІІ. Каспий Банкінің қызметіне стратегия құру және оны тұжырымдау...........................14

Қорытынды .............................................................................................................................16

Қолданылған әдебиеттер .......................................................................................................17

Работа состоит из  1 файл

маркетинг реферат.docx

— 56.92 Кб (Скачать документ)

Осы үлгілер бенчмаркетингті іске асыру үшін басқа да коммерциялық банктермен қолданылуы мүмкін.

Сондықтан, банктегі бенчмаркетингті  стратегиялық бағытталған маркетингтік зерттеулердің маңызды бағыттарының бірі ретінде қарастыруға болады.

 

1 - кесте – Банк секторын талдау кестесі

 

Зерртеу процесінің мінездемесі

Нарық зерттеулері

Бәсекелестерді талдау

Бенчмаркетинг

Жалпы мақсат

Нарықтарды, нарықтық сегменттерді немесе өнімдерді мойындауды талдау

Бәсекелестердің стратегиясын талдау

Бәсекелестер немесе алдағы банктер  нені, не үшін және қалай талдау

Зерттеу пәні

Клиенттердің қажеттіліктері

Бәсекелестер стратегиясы

Клиенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыратын  бизнесті жүргізу 

Зерттеу объектісі

Өнім мен қызмет көрсету

Нарық пен өнімдер

Істі жүргізу әдістері және де өнімдер

Негізгі шектеулер

Клиенттердің қанағаттанушылық деңгейі

Нарықтағы қызмет

Шектеусіз

Шешім қабылдау маңыздылығы

Аса маңызды емес

Кішкене

Өте үлкен

Ақпараттың негізгі көздері

Клиенттер

Салалық эксперттер

Алдағы банктер және бәсекелестер


 

Банктің нарықтағы орнын білу үшін көбінесе SWOT- талдау жүргізіледі.

SWOT - талдау — бұл кәсіпорынның  күшті және әлсіз жақтарын, сонымен  бірге сыртқы ортадан төнген  мүмкіндіктері мен қауіп қатерлерін  белгілеу болып табылады.

  • Күшті жақтары (Strengths) — ұйым артықшылықтары;
  • Әлсіз жерлері (Weaknesses) — ұйым жіберетін кемшіліктері;
  • Мүмкіндіктері (Opportunities) — ұйымға артықшылық мүмкіндік тудыратын сыртқы орта факторлары,
  • Қауіп - қатер (Threats) — нарықтағы ұйым жағдайын потенциалды төмендете алатын факторлар жиынтығы.

Талдау жүргізу үшін қажетті:

  • Ұйымның негізгі даму бағытын  (ұйым миссиясын) белгілеу керек.
  • Нарық жағдайы мен кәсіпорын жағдайын бағалау нәтижесінде белгіленген бағытпен жүре аламыз ба және жетудің тиімді жолдарын бегілеу (SWOT- талдау)
  • Банк алдында мақсаттар қою, оның нақты мүмкіндіктерін бағалау арқылы.

2 - кесте – Каспий Банк қызметіне SWOT  талдау[7].

Күшті

Әлсіз

Бөлшек сауда саласына алғаш кірген көшбасшы;

Ұзақ уақыт бизнес жүргізген және адами байланыстары мықты жеке тұлғалар консорциумы иелігінде;

Нақты өнімдер мен қызметтерді оптимизациялау және жаңаларын ұсыну;

Каспий Банкінің даму қарқыны жалпы  банк секторынан артық;

Жаңа бөлшек сауда өнімдерін (пластикалық  карта, т.б.) енгізу;

Веб-ориентирленген іс-қағаздар уақытылы орындалуын бақылаушы «Мотив»  автоматтанған  жүйесін қодануы ;

Банк бәсекелестік қабілеттігін арттыра  алатын, қажет жағдайларда жаңа технологиялар  енгізе алатын мамандар кадры болуы;

Дүние жүзі алдыңғы қатарлы банк корреспондеттер мықты қатынас  құруы;

Стратегияны іске асыруда қажетті қаржылық көздердің жетіспеуі;

Ұзақ мерзімді жоспарлау жүйісінің  әлсіздігі;

Қаржы базасы мен несиелік портфолио диверсификациясы;

Корпоративті және бөлшек сауда  клиенттерінің ұзақ мерзімді депозиттері  жеткіліксіздігі;

 


 

Мүмкіндіктер

Қауіп-қатерлер

Қазақстан нарықтық экономика мен  ВТО-ға кіруі салдарынан сауда баж  салықтары төмендеуі;

Банктің республика өңірлерінде даму қарқынын жеделдету үшін қызмет ету  орындарын кеңейту;

Корреспонденттер  мен  4  шетел  банктерімен  альянсы   негізінде  халықаралық  экспорт  импорт қатынастарында делдалдықты кеңейту;

Банк секторы өсу қарқыны ұлттық көрсеткіштерден жоғары болуы макроэкономикалық  көрсеткіштерге аса тәуелділік;

Жылжымайтын мүлік нарығының даму қарқындылығы тұрақсыздығы  мен  банк несиелендіру портфолиосының салмақты үлесін иемденуі;

Жоғары валюталық тәуекелділік, асыра ликвидтіліктің орын алуы;


ІІІ.  Каспий Банкінің қызметіне стратегия құру және оны тұжырымдау

 

      «Kaspi Bank» - тез дамып келе жатқан орта-көлемді бүкіл ұлттық байланыстары бар Қазақстан Банкі .

       1991 жылдың 1 қаңтарында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Әл Барака Қазақстан» Халықаралық банкін құру туралы Жарғыға қол қойып, кейін "Каспийский" Банкі" ААҚ  оның құқықтық мұрагері болды. «Әл Барака Қазақстан» ХБ халықаралық есеп айырысуларды жүзеге асыруда, Қазақстан Республикасының экономикасына шетел инвестицияларын тартуда және қызмет көрсетуде жетекші орындардың бірін  иеленді. Алты жылдық тиімді қызметі барысында Банк өзінің халықаралық банк ретінде беделін күшейтіп, Қазақстан Республикасындағы көшбасшы банктердің арасында мықты позицияны иеленді және келбетті клиенттер желісін құрды.

Бөлшек өнімдерге алғаш кірген сөзсіз көшбасшы есебінде, экспресс несиелендіруге недәуір зор маңыз беруде

Ұзақ уақыт бизнес жүргізген  және адами байланыстары мықты жеке тұлғалар консорциумы иелігінде.

Енді ұйымның негізгі даму бағытын  көрсетуде алдымен стратегияның миссиясын белгілеуіміз керек, сонымен  миссиямыз: “Кең көлемді тұтынушыларды  несиелендіру мен ШОБ сегменттерінің маңыздылығын арттыра отырып Қазақстанның ең тиімді жұмыс істейтін банктердің бірі болуы”.

          Әрбір клиентке үздік сапалы қызмет көрсету арқылы оның қажеттіліктерін күткенінен де асыра қамтамасыз ету.

          Банк клиенттері мен серіктестеріне озық нарық мүмкіндіктерінің толық спектрін ұсынуды өз қызметінің басты мақсаты деп біледі.

          «Kaspi Bank» АҚ кәсіби қызмет тиімділігі мен корпоративтік әдеп нормаларына бейімділігін үйлестіре отырып, мемлекеттің көркеюіне өз үлесін қосу арқылы нарықтағы өз позициясын нығайтуға және болашақта жоспарлы түрде даму үшін база қалыптастыруға ниетті.

«Kaspi Bank» АҚ-тың негізгі даму бағыттары:

  • Мына ресурстардың есебінен клиенттік базаны ұлғайту: - Ресеймен бірге жұмыс жасауға қызығушылық танытатын ірі корпорациялар; - несиеге және жедел кассалық есеп айырысу қызметіне мұқтаж орта және шағын кәсіпорындар; - депозиттік базаны кеңейтуге және несие портфелін түрлендіруге үлкен әлеуеттік мүмкіндіктері бар тұрғындар; 
  • Активтер мен меншікті капиталдың кірісін арттыру, жоғары өтімділікті қолдай отырып тәуекелдіктердің барлық түрлерін басқарудың қазіргі заманғы тәсілдерін қолдану, соның салдарынан теңгерімділік пен әртараптандыру. Технологияларды жаңарту, қызмет саласын кеңейту және қызмет сапасын арттыру арқылы пайданы өсіру; 
  • Жаңа акционерлерді тартып, бағалы қағаздар эмиссиясы арқылы меншікті капиталды арттыру актив мөлшерін де өсіруге мүмкіндік береді. Салымдар бірінші кезек экономиканың қарқынды дамып келе жатқан бөлшекті желілер, құрылыс, машина жасау, ауыл шаруашылығы, мұнай химиясы, көлік және байланыс сияқты салаларына жасалады; 
  • Банктік халықаралық стандарттарға сәйкес болу, соның ішінде бөлшекті бизнес, жаңа қаржы өнімдерін уақтылы енгізу; 
  • Банк бөлімшелерінің желісін дамыту мақсатында экономикалық тұрғыдан тиімділігін сақтай отырып, жаңа филиалдар ашу. Жаңа филиалдар ашу техникамен қамтамасыз етуге, қызметкерлерді оқытуға, барлық құрылымдық бөлімшелердің өзара әрекет етуінің тиімді жүйесін құруға байланысты Банктен қосымша күш талап етеді; 
  • Банктің орталық кеңсесінің, оның барлық филиалдары мен кассалық есеп айырысу орталықтарындағы қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру. Бизнесті дамыту және күшейту мәселелерін шешуге қабілетті командада жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру[7].

        Каспий банкі өз миссиясын Қазақстандық қауымдастықтың банктік өнімдерге деген қажеттіліктерін қанағаттандыру деп біледі. Миссия Банк қызметінің негізгі қозғаушы күші елге және банк серіктестеріне пайдалылық болып табылады. Тек сондай пайдалылық жағдайында ғана Каспийй Банкі өз қызметіне заңды марапат алуға құқылы деп біледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Дамыған нарықтық экономикасы бар мемлекеттерде  стратегиялық жоспарлау кәсіпкерлікті  мемлекеттік реттеудің негізгі  инструменті болып табылады. Қоғамның жан-жақты  дамуы — адам құрған мәдениеттің негізгі жетістігі  болып табылады. Оған деген қажеттілік жалпы өндірістік процестің объективті заңдылық талабымен бегіленеді. Оның көмегімен қоғамның барлық шаруашылық жүйесінің    келісілген мақсатты бағытталған іс-әрекетін қамтамасыз етеді.

Банктер салымшылар мен қарыз алушылардың  арасындағы делдал. Шаруашылық субъектілерінің  өз қызметтерін жүзеге асыру барысында  қаржы қаражаттарының жеткіліксіз  болған жағдайларында пайда болған қаржыға деген жоғары сұранысты  коммерциялық банктердің несиелері  қанағаттандырады. Нарықтық экономикаға  көшкен біздің мемлекетімізде қаржы  ресурстарына деген сұраныс артуда. Сонымен қатар, банктер бағалы қағаз  нарығының ірі қатысушылары бола отырып, ұлттық бағалы қағаздар нарығының  дамуына үлкен атсалысуда.

Стратегиялық  жоспарлау — кәсіпорынның мақсат таңдау прцессі мен оған жету жолдарын қарастыратын басқару функцияларының бірі болып табылады. Стратегиялық жоспарлау барлық басқарушылық шешімдердің, ұцымдастыру қызметінің, стратегиялық жоспарлар құруға сүйенген мотивация  мен контрольді қамтамасыз етеді. Стратегиялық жоспарлаудың динамикалық процессі қол шатырының астында барлық басқарушылық функциялар біріктірілген, стратегиялық жоспарлау артықтықшылыұтарын қолданбасақ, ұйымдар мен жеке адамдар  мақсаттарда бағалау мен кәсіпорынның корпоративтік бағытын бағалау  мүмкіншілігінсіз қалады. Стратегиялық жоспарлау процессі ұйым мүшелерінің  басқаруына негізін қаматамасыз  етеді. Жоғарыда жазылған еліміздің  жағдайын қорытындылай келе, стратегиялық жоспарлау Қазақстандық ұйымдардың бір-бірімен және шетел корпорацияларымен қатаң бәсекелестікке кіруіне байланысты актуалдылығының артун атап өткен жөн.

         ҚР банк секторының қызмет аясын талдай келе, келесідей қорытындыға келдік:

- Еліміздің макроэкономикалық  көрсеткіштері кәсіпкерлік секторға  оңтайлы әсер етеді.

- Банктік секторының ұлттық  экономикадан тез дамуы баланстың  болмауын көрсетеді.

- Еліміздегі жоғары ликвидтілік  көптеген көрсеткіштерідің жоспардан  артық дамуына не кемітуіне  алып келеді, бұл көптеген қаржы  эксперттерін алаңдатуда.

- Банк секторының дамуы үшін  жоғарыда аталған шарттардың  нәтижесі ретінде тиімді экономикалық  – құқықтық механизмнің қалыптасуы  қажет.

Каспий  Банкі мақсаттарына сай дамуы  үшін келесі щарттар орындалуы тиіс:

- Жоспарланған қаржылық супермаркеттері,  РКО-лар, қызмет көрсету нүктелерін  ашу

- ШОБ мұқтаждықтарын мұқият  қарастырып, оларға тиімді қызмет  көрсету

- Банк акционерлерінің (ұзақ  уақыт бизнес жүргізген және  адами байланыстары мықты жеке  тұлғалар консорциумы) кәсіпкерлік  мүмкіндіктерін оптималды қодану.

- Бизнес тәуекелділілін төмендету  қаржы базасын диверсификациялау.

- Нақты өнімдер мен қызметтерді  оптимизациялау және жаңаларын  ұсыну.

Стратегиялық жоспарлауды талдай келе, оның бүкіл Қазақстан банк секторын қамтитындығын көрдік, оған баға беру арқылы банк миссиясын құрдық, даму перспективаларын белгілеп оған жетудің қысқа және ұзақ мерзімді мақсаттар қойдық және оларға жету жолдарын қарастырдық.

Қолданылған әдебиеттер:

 

1. Котлер Ф. Основы маркетинга. Краткий курс = Essentials of Marketing. — М.: «Прогресс»/«Вильямс», 1991/2007. — С. 656.

2. Котлер Ф. Маркетинг и менеджмент. — СПб.: ПИТЕР, 1999. — С. 896.

3. Анафияева Ж.  Менеджмент: Оқу құралы. – Астана: Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, 2008. – 146 б.

4. Байжолова Р.Ә. Маркетинг.Оқулық.-Астана: Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ баспасы, 2011-151 б.

5. Нысанбаев С.Н., Садыханов Г.А. Маркетинг негіздері: Оқулық.-Алматы: «Эверо», 2009.-200 б.

6. Рахимбаев А.Б. Маркетинг теориясы және практикасы: Оқу құралы.- Алматы: «Заң әдебиеті», 2009.-372б.

7. http://www.kaspibank.kz

8.  http://www.bcc.kz

9. http://www.atfbank.kz

 

 


Информация о работе Стратегиялық жоспар түрі