Табыстар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 17:26, реферат

Описание

Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады. Табыстылықтың абсолютті көрсеткіші - бүл табыстар немесе пайдалардың сомасы.

Работа состоит из  1 файл

реферат.doc

— 142.00 Кб (Скачать документ)

Шығындарды  тұрақты және өзгермелі деп жіктеу біршама шартты сипатта екенін айта кеткен жөн, себебі шығындардың бір бабы әр түрлі жағдайда өндіріс көлеміне тәуелді немесе тәуелсіз болуы мүмкін. Мысалы, кәсіпорын қызметінің саласын кеңейту, тиісті қызмет бөлімшелерінің қызметкерлерінің жұмыс көлемін ұлғайтады (бухгалтериялар, маркетинг бөлімі, жоспар-лау-өндірістік бөлімі және т.б.)- Бұл жағдайда белгілі бір кезеңде басқару аппаратын ұстау шығындарының өсуі пайда болады, ол шығындар белгілі бір кезеңде тұрақты ретінде қарастырылады.

Сонымен қатар, тұрақты шығындар қатарына жатқызылған жеке баптар бойынша өнім шығару көле-мінің тұрақсыздығына тәуелсіз бір кезеңнен екіншіге өзгеру байқалуы мүмкін (мысалы, жал төлемінің өсуі, материалдар   мен  тауарларды   сақтау   бойынша  шығындардың көбеюі және т.б.)- Басқа бір жағынан алғанда, айнымалы шығындар, өндірісті ұйымдастыру және технологияның жаңаруы сияқты факторлардың салдары-нан өндіріс көлемінің өзгеруі кезінде өзгеріссіз қалмай-ды. Шығындарды түрақты және айнымалы деп бөлу қысқартылған (толық емес, шектеулі) өзіндік қүнды есептеу мақсатында жүргізіледі. Оны есепке алу және жоспарлауға тек айнымалы шығындар ғана қосылады, яғни "директ-костинг" жүйесі кезінде өнімнің толық өзіндік қүнын калькуляциялау әдісі қолданылмайды. Біздің елімізде бухгалтерлік есептің қазақстандық стан-дартына көшпес бүрын, толық өзіндік құнды есептеу және калькуляциялау жүйесі кеңінен тарады, ал "директ-костинг" жүйесі іс жүзінде қолданылмады.

Бухгалтерлік есептің  №3 "Қаржы-шаруашылық қыз-метінің нәтижесі туралы есеп" стандартының мазмұны ҚР-да шығындарды есептеуді ұйымдастыру "директ-костинг" жүйесі бойынша жүргізілуі керек екендігін куәландырады. Бұл есепте тұрақты шығындар, ендірістік өзіндік құнға жатқызылмайтын және кәсіпорынның жалпы табысынан алынып тасталатын кезең шығын-дарына жатқызылған. Жыл бойы бұл шығындар субъек-тінің қаржы-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есебі-нің шоттарының Бас жоспарындағы 821 "Жалпы және әкімшілік шығындары", 831 "Пайыздар бойынша шығындар" және 811 "Тауарларды өткізу бойынша шы-ғындар" шоттарында жинақталады.

 Бұл жүйенің  мәні туралы арнайы әдебиетте  (37, 38) біржақты көзқарас жоқ екенін атап өту керек. Бұл авторлар "директ-костинг" - бұл өндіріс шығындарының есебінің жүйесі деп есептейді. С.С. Стуков оны "өн-дірістік шығындардың қысқартылған номенклатурасы бойынша тек айнымалы шығындар бөлігінде есепті жүргізу деп атайды (39). Басқа авторлар "директ-костинг" жүйесін калькуляциялау әдісіне жатқызады. С.С. Сатыбалдин былай деп жазады: "Біздің көзқарасымыз бойынша, осы жүйенің мазмұнын әлдеқайда дүры-сырақ сипаттайтын термин айнымалы шығындардың өзіндік құнын калькуляциялау болып табылады" (36), дегенмен осы сілтеме алынған оның монографиясының тарауы "Директ-костинг" жүйесі бойынша өндіріс шығындарының есебі және өнімнің өзіндік қүнын каль-куляциялау" деп аталады. Осы жүйені калькуляция-лаудың бір әдісі деп тани отырып, В.И. Ткач және М.В. Ткач "директ-костинг" терминінің орыс тіліндегі дұрыс аудармасы "қиылған өзіндік қүн" емес, "пропор-ционалды өзіндік құн" деп есептейді (35). В.Ф. Палий (40) өз еңбегінде "директ-костинг" жүйесін "тікелей шығындар бойьшша калькуляциялау" деп, ал С.А. Стуков "шектелген өзіндік құнды есепке алу әдісі (41)" деп атайды.

Соңғы сілтеменің тұжырымы мынадай, яғни автор "директ-костинг" жүйесі өндіріс шығындарын есептеудің және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың біртекті әдісі деп санайды, ал Н.Г. Чумаченко бұл жүйе кезінде өндіріс шығындарының есебі және өнімнің өзіндік құ-нын калькуляциялау жеке қолданылады деп есептейді (37).

Біз қарастырып отырған мәселе бойынша бірнеше авторлардың көзқарастарын келтірдік. Біздің көзқарасы-мыз бойынша "директ-костинг" жүйесі, өндіріс шығын-дарының есебін және өнімнің өзіндік құнын калькуля-циялауды бірге байланыстырады.

"Директ-костинг"  жүйесін қолдану белгілі бір қиындықтармен байланысты. Шығындарды тұрақты жә-не айнымалы деп жіктеу, тіпті нақты кәсіпорын бойынша да мүлдем анықталуы мүмкін емес, ол қызметтің өзгермелі жағдайларына байланысты қарастырылуы тиіс. "Директ-костинг" жүйесін қолдану барысында калькуляциялау және баға белгілеу үшін өнімнің толық өзіндік құнын жүйеден тыс жолмен анықтауға тура келеді. Сонымен қатар, салық органдарымен де өзара қатынастар қиындайды,  себебі өндіріс шығындары мен салық салуға жататын табыс есептік жолмен анықтала-ды. "Сонымен қатар, - деп жазады проф. В.К. Радосговец -шығындарды түрақты және өзгермелі деп бөлу есептің бақылау және талдау мүмкіндіктерін күшейтеді, ұтымды шешім қабылдауға ықпал етеді" (42). Басқаша айтқанда, шығындарды бөлу шарттылығының кемшіліктері "директ-костинг" жүйесінің аналитикалық артықшылық-тарымен жабылады, олардың негізгілері:

  • шығарылған өнімдердің сүрыпталымы мен табысын үйлестіру;
  • жаңа  өнім   бағасын   анықтау,   кәсіпорынның   өндірістік қуатының өзгеру нұсқаларын есептеу;
  • өндіріс    тиімділігін    бағалау    (жартылай    фабрикаттарды алу);
  • қосымша тапсырыс қабылдау, жабдықтарды ауыстыру   тиімділігін   бағалау   және   тағы   басқалар болып табылады.

"Директ-костинг"  жүйесі - бүл шығындарды олар-дың түрлері, пайда болу орындары мен таратушылары бойынша шығындардың есебінен, өндірістік қызмет нәтижелерінің есебінен, сонымен бірге шығындар мен нәтижелерін талдау және басқару шешімдерін қабыл-даудан тұратын басқарушылық (өндірістік) есеп жүйесі. С. С. Сатыбалдиннің ойынша бұл жүйе кезінде "өнді-рістік және қаржылық есеп интеграциясы" орын алады, бүл "директ-костинг" жүйесінің екінші ерекшелігі болып табылады (36). Бұл көзқараспен С.А. Николаева келіс-пейді, ол "бүл жүйе бойынша ендірістік есеп қаржылық есептен бөлек және онымен бірлесе ұйымдастырылады" -деп санайды С.С. Сатыбалдин бұл жүйе қаржы жүйесінен жеке ұйымдастырылуы мүмкін екенін мойын-даған және олардың интеграциясына негізделген "директ-костингтің" харрисовтық жүйесін дұрыс көр-сетеді. Американдық оқулықта оны "есеп жүргізудің монистикалық жүйесі" деп те атайды. "Оның мәні -деп жазады С.С. Сатыбалдин өндірістік және қаржылық есептің жазулары жалпы жүйеге келесі жолмен біріктіріледі, өндірістік есептің ішкі операциялары бас кітапта көрсетіледі. Өндірістік шығындар және пайда мен шығындар туралы есеп басшылыққа "құн-көлем-пайда" мәліметтерінің тәуелділігі түрінде беріледі... Бірақ бұл жүйенің американ ғалымының кезқарасы бойынша белгілі бір кемшіліктері бар. Олар мыналар: біріншіден, өндірістік және қаржылық есептің сипаты мен мақсаты әр түрлі, сондықтан оларды біріктіру дұрыс емес. Есепті өндірістік және қаржылық деп бөлу негізінде коммерциялық құпияны сақтауда жатыр" Тұрақты     шығыкдар     өзгерісінің     бағыты     қарастырылған айнымалы шығындарға ұқсас болып келеді.

Осы формуладан көріп отырғанымыздай, тұрақты шығындардың сомасының кез келген өсімі қауіпті көлемінің өсуіне әкеледі және керісінше. Басқаша айт-қанда, өткізуден түскен табыс жаңа, өскен шығындарды өтеуі ұшін өнімнің белгілі бір көлемін қосымша сату қажеттілігі туады, яғни белгілі бір көлемде қосымша өнім сатылуы керек.

Осы мысалды одан әрі қарастыра отырып, мысалы жал төлемінің өсуіне байланысты тұрақты шығын-дардың 10%-ға өсуі қауіпті көлемге қалай әсер ететінін анықтайық. Мәліметтерді жоғарыда келтірілген форму-лаға қойып, жаңа, өскен тұракты шығындар жағдайында тек зиянсыз жұмыс істеу үшін ғана, қосымша 3000 өнім бірлігін сату қажет екендігін анықтаймыз. Кері тұжырымдама да дұрыс болады, *^цц гұрақты шығындардың азаюы зиянсыздық нүктесін төмендетудің және кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсартудың бірден-бір әдісі болып табылады. Осылайша, 30000 өнім өткізіп, кәсіпорын шығянсыз жұмыс істейді. Бір өнімге шаққандағы тұрақты шығын мөлшері 15 теңгені (450000:3000)) қүрайды. Өндірістік қуаттар толық жұмыспен қамтылмаған. Сатып алушы 20 теңгеден 6000 бұйымды сатып алғысы келеді.Табыстылықты талдауды логикалық түрде жалғастыра отырып, біріншіден, өткізуден түскен табыстың қандай көлемінде кәсіпорын үшін қажет негізгі қызметтен түсетін табысты алуға болатынын, екіншіден, тұрақты шығындардың деңгейінің өзгеруі қаржы нәти-желеріне қалай әсер ететінін анықтайық. Біздің мысалы-мызда 30 000 өнімді өткізу барлық шығындарды өтеген болатын. Яғни, осы мөлшерден ең болмаса бір өнімді артық сату ең аз табысты алуға мүмкіндік береді. Есепті кезеңде 40000 өнім сатылды делік. Негізгі қызметтен түскен табыс 150 мың теңгені құрайды. (40000 • 24 - 40000 • 9 - 450000 = 960000 - 360000 -450000).

Кәсіпорын басшылары  табыс а) 5%-ға, ә) 10 %-ға өсуіүшін өткізу көлемін қаншаға өсіру керек екендігі туралы мәселе қояды.



Берілген  формула маржиналды табысты тұрақты шығындар мен негізгі қызметтен түскен жоспарлы табыстың сомасы ретінде анықтаудан шығады.

Ол үшін формуланың оң және сол жағын өнім бірлігіне есептелген маржиналды табыс өлшеміне көбейту керек:

Келтірілген формулаға белгілі мәліметтерді орнына қоя отырып, негізгі қызметтен  түскен табыс сәйкес 5% және 10%-ға өскендігін жоспарлы сату көлемімен анықтаймыз:

Негізгі қызметтен  алынатын табысты 5%-ға көтеру үшін жалпы сомасы 12 мың теңгеге тең 500 өнім (500-24), ал 10%-ға - жалпы сомасы 24 мың теңгеге тең 1000 өнім өткізу керек (1000-24).

Яғни өнім көлемінің 1,25%-ға    ■ I өсуі негізгі

(   4000    )

қызметтен   табыстың   5-ке   өсуін   қамтамасыз   етеді,   ал 
өткізуді   2,5%-ға өсуі   непзп   қызметтен

түскен табысты 10%-ға арттырады.

Егер кәсіпорын  өнімнің бір емес, бірнеше түрін өткізетін болса, онда кәсіпорын үшін зиянсыздық нүк-тесі құндық түрінде келесі формула бойынша анықталады:

"Шығындар - шығару (өткізу) - табыс" арақатынасын талдау әдісі маркетингтік талдауда өнімнің аз көлемін жоғары бағамен немесе көп өнімді төмен бағамен сату керек пе деген сұраққа жауап беру барысында пайдаланылуы мүмкін.Кәсіпорын үшін тиімді вариантты тавдау осы арақатынасты талдау процесінде жүргізілетін есептеу-лерді қажет етеді. Шығындарды өнім көлемімен және табыспен өзара байланыссыз қарастыру мүмкін емес, себебі бұл жағдайда қойылған сұраққа жауап алын-байды. Сондықган, "шығындар - шығару (өткізу) - табыс" арақатынасын талдау басқа салалармен қатар маркетингтік талдауда да қолданылады.

Жоғарыда  айтылған "директ-костинг" жүйесі және оның негізінде іске асырылатын маржиналды табыстың талдауы нарықтық экономиканың белгілері болып та-былады. Оларды пайдалану есеп, аудит және басқару шешімдерін қабылдаудың интеграциясының жоғары дәрежесіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бүл жүйеде басты көңіл ресурстар шығындарының өндіріс көлемінің өзгеруіне тәуелді жағдайды зерттеуге бөлінеді, бұл кәсіпорынньщ қаржы жағдайын түрақтандыру бойынша тез және икемді шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Оньщ  ең маңызды жағы - өнімнің өзіндік  құнын тек айнымалы шығындармен шектеу, күрт төмендеген шығындар баптарының санын нормалау, жоспарлау, калькуляциялау жүмысын, есеп және бақылауды жеңіл-детуге мүмкіндік береді: өзіндік құн "әлдеқайда анығырақ" болады, ал жеке шығындар - жақсырақ бақыланатын болады.

Бұл жүйе, тұрақты шығындардың көлемін  жоспар-лау мен нормалаудың негізделу мәселесін шешуге мүмкіндік береді, себебі осы шығындардың сомасы табыс туралы есепте жеке қатарда көрсетіледі.

Бұдан басқа "директ-костинг" жүйесінде түрақты шығындарды жедел бақылау жүзеге асырылады, себебі езіндік құнды бақылау кезінде стандартты шығындар немесе икемді бюджеттер жиі қолданылады. "Директ-костинг" жүйесінде "стандарт-кост" жүйесін пайдалану барысында, тұрақты шығындарға стандарттар қойылады, ал икемді бюджеттер негізінде өндірістік қуаттың жұмысқа жүктелуінің әр түрлі деңгейлері үшін тұрақты шығындардың әр түрлі деңгейлерінің қойьшуы жатыр.

"Директ-костинг"  жүйесі кезінде келесі басқарушы-лық шешімдерді қабылдауға болады: ең жоғары маржи-налды табыс белгісі бойынша өндірістік бағдарламаны ұтымды етуге байланысты; бәсекелес белгілі бір баға-мен сататын жаңа өнімге баға белгілеу мәселесі бойын-ша; жабдықтарды таңдау және ауыстыру бойынша; өзінде өндіру немесе шеттен сатып алу бойынша; қо-сымша тапсырыс қабылдаудың дұрыстығы туралы және т.б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ТАБЫСТЫЛЫҚТЫҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ КӨРСЕТКІШТЕРШ ТАЛДАУ

Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштеріне нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның қаржы-лық қызмет жасау, қаржыландыру көздерін ынталандыру және оларды тиімді пайдалану сияқты мүмкіндіктерін анықтайтын, осы кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштері жатады. Олар кәсіпорын қызметін түрлі бағытта белгілейді және олар экономикалық процеске қатысушылардың мүдделеріне сай топ-тастырылады. Табыстылық коэффиценттері салыстырма-лы талдау мен кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалаудың міндетті элементтері болып табылады, өйткені олар кәсіпорын табысын қалыптастырудың факторлық ортасын сипаттайтын маңызды көрсеткіштер.

Табыстылық  көрсеткіштері 3 топқа бөлінеді:

1) жалпы активтер (авансталған, жиынтық капитал) және олардың жекелеген элементтері;

ә) өнімдер;

б) ақша қаражаттарының таза ағымы (немесе түсімі) негізінде есептелетін табыстылық көрсеткіштері.

Кәсіпорын активтерін (мүлкін) пайдалану тиімділігі — берілген кәсіпорынға қаражаттар салудың дұрыстығы туралы шешімдер қабылдауда қажетті әрі маңызды бел-гілердің бірі болып саналады.

Кәсіпорын мүліктерінің (активтерінің) тиімділігін өлшеудің бірден-бір дұрыс, танылған әрі кең тараған қорытындылаушы көрсеткіштерінің бірі - табыстылық коэффициенті, ол таза табыстың жалпы активтерге (авансталған капиталға) қатынасын көрсетеді. Активтер-дің табыстылық деңгейін капиталды пайдаланудың таңдау жолдарымен, мысалы, кәсіпорынның алған табысымен салыстырған жөн.

Табыстылық  коэффициентіне талдау жүргізушілер:

•   басқару  тиімділігінің көрсеткіштері;

  • кәсшорынның инвестициялау мақсатында қажетті табысты жеткілікті түрде  ала  алу  қабілетін  көрсететін өлшеуіш;табысты болжау әдісі;
  • шешім   қабылдау   және   бақылау   құралы   ретінде пайдаланады.

Басқару тиімділігінің  көрсеткіші ретінде, авансталған капиталдың табыстылық деңгейі оның сапасының  индикаторы болып табылады. Кәсіпорынның инвестициялау-ға қажетті табысты жеткілікті көлемде алу мүмкіндігін білдіретін өлшеуіш ретінде, авансталған (жалпы) капи-талдың табыстылық деңгейі кәсіпорынның ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылығының сенімді көрсеткіші болып саналады. Осыған байланысты ол, инвесторлар мен ұзақ мерзімді несиелер, заем берушілердің үлкен назарына ие болады.

Бұл көрсеткішті  табысты (пайданы) болжау мақса-тында пайдаланудың тиімділігі сонда, ол кэсіпорынның болашақта алынатын табысын активтермен (жалпы капитал) байланыстыруға мүмкіндік береді. Бұл бол-жаудың нақтылығын жоғарылатады.

Информация о работе Табыстар