Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 17:26, реферат
Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады. Табыстылықтың абсолютті көрсеткіші - бүл табыстар немесе пайдалардың сомасы.
Активтердің тиімділік деңгейі, кәсіпорындарда ин-вестициялық шешімдер қабылдауда, қаржылық жоспарлауда, үйлестіруде, сондай-ақ шаруашылық қызметі мен оның нәтижесін бақылау мен бағалауда маңызды роль атқарады. Үлгілі басқарылатын кәсіпорын, табыстың қалыптасуын, оның әрбір орталықтары бойынша қатаң түрде бақылап отырады және сәйкесінше осы нэтижелер негізінде бөлімше басшыларына сыйақылар беріледі. Активтерге немесе жобаларға жаңа қаржы салымдарын салу қажеттілігін бағалаған кезде, олардан алынатын табыс есептеледі және бүл есептер, шешімдер қабылдауда негіз болып табылады.
Барлық активтердің тиімділік деңгейі (авансталған, жиынтық капитал) мына формула бойынша есептеледі:
Талданып отырған кәсіпорын мәліметтері бойынша кәсіпорынның барлық капиталының табыстылық коэф-фициенті, 18-кестеде берілген мәліметтермен сипатталады.
18-кесте
Авансталған капиталдың (жалпы активтер) табыстылық
№ |
Көрсеткіштер |
Өткен жыл |
Есепті жыл |
Ауытқуы (+,-) |
А |
Б |
1 |
2 |
3 |
1. |
Таза табыс, мың теңге |
5040 |
6538 |
+ 1498 |
2. |
Жалпы активтер (авансталған, жиынтық капитал=баланс ва-лютасьі^ |
30512 |
37254 |
+6742 |
3. |
Жалпы активтердің табысты-лық деңгейі (авансталған ка-питал), % |
16,52 |
17,55 |
+ 1,03 |
Жалпы активтердің табыстылық деңгейі (авансталған капитал) өткен жылмен салыстырғанда 1,03 пунктке өскен және 17,55%-ды құрайды. Алайда бұл көрсет-кіштің деңгейін білу жеткіліксіз. Оның қандай фактор-лардың есебінен құрылғанын және активтердің табыс-тылық деңгейін өсіру және сақтау үшін бұл факторлар-дың сенімділігін талдау, әлдеқайда маңызды болып табылады.
Арнайы оқулықтарда (әдебиеттерде) бұл көрсеткіш деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларға және оларды есептеуге қатысты екі түрлі көзқарас кездеседі. Факторларды сандық және сапалық етіп бөлу және активтерді есептеу, дәстүрлі көзқарас болып табылады. Сандық фактор сомасы бойынша жыл басына және жыл аяғына есептеліп, 2-ге бөлінген, активтердің орташа жылдық құны жатады, ал сапалық факторға кәсіпорын-ның таза табысы жатқызылады.