Тауарлы - материалды құндылықтар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2012 в 21:13, курсовая работа

Описание

Материалдық запастар және олардың жіктелуі мен бағалауы.
Тауарлы - материалдық құндылықтарды түгелдеу – меншіктің сақталуын, құндылықтардың сапалы күйін, олардың қоймалық және бухгалтерлік есепке алынуын қамтамасыз ететін бақылаудың бір тәсілі. Оны меншік нысанына, қызмет түріне және жұмыстың режимділігіне қарамастан барлық ұйымдар мен кәсіпорындарда жүргізіледі. Түгелдеу комиссиясы тауарлы – материалдық құндылықтардың ( шикізаттың, материалдардың, дайын өнімнің және басқалардың ) нақты қолда барын көрсету үшін қолданылады.

Работа состоит из  1 файл

Тауарлы - материалды құндылықтар.doc

— 92.00 Кб (Скачать документ)


 

1.1. Материалдық запастар  және олардың жіктелуі мен бағалауы.

              Тауарлы - материалдық құндылықтарды түгелдеу – меншіктің сақталуын, құндылықтардың сапалы күйін, олардың қоймалық және бухгалтерлік есепке  алынуын қамтамасыз ететін бақылаудың бір тәсілі. Оны меншік нысанына, қызмет түріне және жұмыстың режимділігіне қарамастан барлық ұйымдар мен кәсіпорындарда жүргізіледі. Түгелдеу комиссиясы тауарлы – материалдық  құндылықтардың ( шикізаттың, материалдардың, дайын өнімнің және басқалардың ) нақты қолда барын көрсету үшін қолданылады. Түгелдеу  тізімін  комиссия материалдық құндылықтарды әрбір тұрған орны мен материалдық жағынан жауапты тұлғалары бойынша жүргізіледі. Түгелдеу басталғаннан бұрын әрбір материалдық  жағынан жауапты адамнан  қолхат алынады, ол үлгінің  бас жақ бөлігінде  көрсетілген. Тауарлы – материалдық  құндылықтар түгелдеу тізіміне әрбір жеке атау бойынша номенклатуралық нөмірі, түрі, тобы, артикулы, сорты және саны көрсетіледі. Түгелдеу  кезінде анықталған жарамсыз немесе бүлінген материалдар мен дайын өнімдерге тиісті актілер жасалады. Нысанның соңы бетінде комиссия төрағасының қолын қояр алдында тауарлы – материалдық  құндылықтарды түгелдеу кезінде қозғалысқа түскен жағдайда құжаттардың  соңғы  нөмірлерін жазу үшін екі бос жол қалдырылған.

Егер кем шыққан  материалдар түгелдеу барысында  табылса , онда оны тізімге енгізеді. Белгіленген тәртіппен рәсімделгеннен кейін түгелдеу тізімін салыстыру тізімімен салыстыру үшін бухгалтерияда беріледі.

Тауарлы – материалдық құндылықтарды түгелдеу, әдетте, белгілі бір қоймада, үй – жайында  тұрса  ғана жүргізіледі. Түгелдеу кезінде тауарлы – материалдық құндылықтың бір  түрінен екінші түріне ретсіз ауысуға жол берілмейді. Тауарлы – материалдық  құндылықтар бір материалдық жауапты адамда әртүрлі оқшауланған үй – жайында сақталған кезде  түгендеуді сақтау орны бойынша жүйелі түрде жүргізіледі.  Құндылықтар тексеріліп болған соң, үй -  жайда кіруге  пломба қойылып, комиссия жұмыс істеу үшін келесі үй – жайға  ауысады. Түгелдеу жұмыс комиссиясының төрағасы немесе оның тапсырмасы бойынша комиссия мүшелері қойма меңгерушісінің және басқа да материалдық жауапты  адамдардың көзінше  тауарлы – материалдық құндылықтардың  нақты бар – жоғының оларды міндетті түрде қайта  есептеу, қайта өлшеу арқылы тексереді. Тізімдерге материалдық жауапты адамдардың  сөзінен немесе олардың нақты бар – жоғын   тексерместен  еспке алу деректері бойынша деерктер енгізуге жол берілмейді. Түгелдеу кезінде түскен тауарлы – материалдық  құндылықтарды  материалдық жауапты адамдар түгелдеу комиссияыс  мүшелерінің көзінше қабылдап алады және түгелдеу  аяқталғ аннан кейін түскенін тізімге енгізіп, кіріске алады. Материалды құндылықтар « Түгелдеу кезінде келіп түскен тауарлы – материалдық құндылықтар » деген атауы бар жеке тізімге жазылады. Тізімде: олар қашан, кімнен түскені, кіріс құжаттарының  күні мен нөмірі, атауы, саны, бағасы  мен сомасы көрсетіледі. Сонымен бір мезгілде кіріске алу құжатында түгендеу  комиссиясының төрағасы қол қойып, « Түгелдеуден кейін » деген белгі қояды, онда осы құндылықтар жасалған күні көрсетіледі.

Түгелдеу ұзақ уақыт бойы жүргізілген кезде, ерекше жағдайларда және кәсіпорын басшысы мен бухгалтердің жазбаша рұқсатымен ғана түгендеу  процесінде тауарлы – материалдық  құндылықтарды материалды жауапты тұлға түгендеу  комиссиясының мүшелерінің көзінше босата алады. Бұл құндылықтар « Түгелдеу кезінде босатылған тауарлы – материалдық құндылықтар » деген атпен жеке  түгелдеу тізіміне енгізіледі. Түгелдеу тізімі түгелдеу кезінде түскен  тауарлы – материалдық құндылықтарға арналған құжаттарға ұқсас рәсімделеді. Шығыс құжаттарында түгелдеу комиссиясы  төрағасының қолы қойылып, белгі соғылады.

Басқа кәсіпорындарға тиесілі, бірақ жауапты сақталуда  тұрған тауарлы – материалдық құндылықтарды  да өз меншігіндегі тауарлы – материалдық құндылықтар сияқты түгендеуден өткізеді. Жауапты сақтауға қабылданған  тауарлы – материалдық құндылықтарға арнап  түгендеу  тізімдемесін құрастырыады да, бұндай құндылықтардың жауапты сақталуына алынғандығын растайтын тиісті құжаттарға сілтеме  жасалынады. Жолда келе жатқан, тиелген, сатып алушылар мерзімінде ақы төлемеген, басқа кәсіпорындардың  қоймаларында жатқан тауарлы – материалдық құндылықтарды түгелдеу тиісті шоттардағы  сомалардың негізділігін  егжей – тегжейлі  тексеру арқыл жүргізіледі. Бұл шоттарда тауарлы – материалдық құндылықтардың ( жолдағы, тиелген тауарлар және  басқаларының ), тиісті түрде рәсімделген құжаттармен расталған қалдықтары  болуы мүмкін; жолда келе  жатқандары тиісті шоттармен, өнімді берушілердің төлем талаптарымен  немесе оларды алмастыратын құжаттармен; тиелгендері -  сатып алушыларға ұсынылған шот -  фактурасымен , ақы төлеу мерзімі өткізілгендерді – банк мекемесінің  міндетті растауымен; басқа ұйымдардың қоймаларында жатқандары – түгелдеу  күніне жақын күндердің аралығында  қайта сақтау туралы рәсімделген қолхаттарымен; бір қалада орналасқан өнім берушілердің қоймаларында жатқандары – түгелдеу күніне қайта рәсімделген сақтау қолхаттарымен расталады.

Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер үшін тиелген тауарлар , орындалған жұмыс немесе көрсетілген қызмет үшін ұзақ уақыт бойы ақы төлеуді  кешіктіргенде мұндай кешіктірудің себебі анықталады, ол түгелдеу  комиссиясының хаттамасында жазылады. Келіп түскен тауарлы – материалдық құндылықтардың кіріске тіркелмеу фактілері анықталған кезде, оларды алған адамдардың  түсініктемелері талап етілуге тиіс.

Жол үстіндегі тауарлы – материалдық құндылықтарды түгелдеудің нәтижелері « Жол  үстіндегі  материалдар   мен   тауарларды  түгендеу актісімен » рәсімделеді.

Жол үстіндегі  тауарлы – материалдық құндылықтарды түгелдеу актісінде әрбір жеке жөнелту бойынша мынадай  деерктер келтіріледі : атауы ( құжатқа сәйкес ) , саны мен құны ( есепке алу деректеріне сәйкес ) , тиеу күні , сондай – ақ осы құндылықтардың тиісті шоттарда есепке алынуына негіз болған құжаттардың тізбесі мен нөмірлері. Бұл ретте белгіленген мерзімде  келмеген және есепте жолда келе жатқан материалдар мен тауарлар ретінде есепте тұрған жүктер бойынша оларды іздестіру үшін қандай шаралар  жүргізіліп  жатқандығын тексеру керек . Тиелген және сатып алушылар мерзімінде ақы төлемеген тауарлы – материалдық құндылықтарға арналған  түгелдеу  тізімдерінде әрбір жеке тиеу бойынша сатып алушының аты ,  тауарлы – материалдық құндылықтардың атауы , тиеу күні , шот – фактурасының жазылған күні, нөмірі және шот – фактура бойынша сомасы жүргізіледі.

Басқа кәсіпорындардың қоймаларында сақталатын тауарлы – материалдық құндылықтар негізінде Түгелдеу тіізміне енгізіледі. Осы құндылықтарға түгелдеу  тізімдерінде олардың атауы , саны , сорты , нақты құны ( есепке алу деректері  бойынша ) , жүкті сақтауға  қабылданған  күні , сақтау орны, құжаттардың нөмірлері мен күні  көрсетіледі . Жаупты сақтауында осы  құндылықтар тұрған кәсіпорындардан түгелдеу  тізімдерінің көшірмелері комиссия нақты  бар құндылықтарды ( түгелдеу тізімдері көшірмеелрінің деректері  бойынша ) құжаттары бойынша белгіленген санымен салыстырады.

Басқа кәсіпорындарда қайта өңдеуде тұрған тауарлы – материалдық құндылықтарға арналған тізімдерде өңдеуші кәсіпорынның атауы , құндылықтардың атауы, саны , есепке алынған деректтері  бойынша нақты  құны,  құндылықтардың  қайта өңдеуде  берілген күні, құжаттардың  нөмірлері  мен күні көрсетіледі .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2. Материалдық запастардың қозғалысын есептеу кезінде жасалатын құжаттары.

Түгелдеу нәтижелерін анықтау үшін бухгалтерия түгелдеу  тізімдерінің  негізінде тауарлы – материалдық құндылықтарды түгелдеу нәтижелерін салыстыру  ведомостарын жасайды. Оларға тек  ауытқушылығы  бар құндылықтар ғана енгізіледі.

Ведомостарда тауарлы – материалдық құндылықтардың  атауы мен олардың  сипаттамасы , түгелдеу нәтижелері , есепке алуды нақтылаудың  есебінен түзетілуі ,  қайта  сұрыпталуы ,  түпкілікті қалдықтарының кіріске тіркелуі, түпкілікті жетіспеушілікті  есптен шығаруы  көрсетіледі. Тізімге бухгалтер қол қояды ; материалдық жауапты адам да  түгелдеу нәтижелерімен  келісетіндігін растау  үшін қолын қлояды.

Түгелдеу нәтижелерін бухгалтерияда  мынадай  тәртіппен реттейді :

- артық  қалдықтар мен жетіспеушіліктің  өзара есебі « Материалдар » бөлімі шоттарының дебеті мен кредиті бойынша  бейнелейді ;

- артық  болып шыққан  құндылықтар кірістелуі тиіс және олардың пайда болу себептері мен кінәлі тұлғалары  ашылады ; артылып қалған құндылықтардың сомасына « Материалдар » бөлімшесінің шоттары  дебеттеліп , « Негізгі емес  қызметтен алынатын басқа табыстар » , яғни 6160 – шот  кредиттеледі. Құндылықтардың  жетіспеушілігі , зияны мен бүліну сомасына 1280 « Басқа  дебиторлық қарыздар » шотының ,                                          « Құндылықтардың  бүлінуінен болған жетіспеушіліктер мен зиян » деген аралық шот дебеттеліп 1310 – шы « Материалдар » ішкі бөлімінің шоттары  кредиттеледі .

- Табиғи кемуінің салдарынан  нормалардың шегінде материалдық  құндылықтардың жетіспеушілігін  өндіріс қалдықтарына  есептен шығарады : 1280 « Басқа  дебиторлық қарыздар » шотының « Құндылықтардың бүлінуінен болған жетіспеушіліктер мен зиян » деген аралық шоты кредиттеледі және 2930 « Аяқталмаған құрылыс » , 7210 « Жалпы және әкімшілік шығыстар », 8048 « Басқа шығыстар » шоттары және басқалары дебеттеледі ;

- кему нормаларынан тыс жетіспеушілік құндылықтардың  бүлінуінен болуы мүмкін зияндар сондай – ақ  құндылықтардың  ұрлануынан болуы мүмкін және соған себепті  болған  тұлғалар  табылмалы мүмкін , сондықтан оған жауапты адамға  қойылған  талап негізсіз болған  жағдайда 1280 « Басқа  дебиторлық қарыз » шотының  « Құндылықтардың бүлінуінен болған жетіспеушіліктер  мен зиян » аралық шотының  кредитінен 7210 « Жалпы және әкімшілік шығыстар » шотының  дебетіне есептен шығарылады.

Материалдық құндылықтарды ұрлау , олардың жетіспеушілігі , қасақана жою  немесе  материалдарды бүлдіру кезінде шеккен  зиян белгіленген тәртіп бойынша айқындалады.

 

1.3.Есеп беруде тауарлы – материалдық запастарды ашып көрсетілуі.

 

      Шаруашылық  жүргізуші субьектінің қаржылық есеп беруінде : тауарлы – материалдық запастарын бағалау  үшін қабылданған есеп саясатын ; тауарлы – материалдық  запастарының жіктемесі бойынша  баланстық құнын ; егерде тауарлы – материалдық запастардың  өзіндік құны « ЛИФО » әдісімен  анықталатын болса , онда олардың  ең аз сомасымен және балансы бойынша арасындағы айырмашылығын ашып көрсетеді ;

« ФИФО » әдісінің немесе орташа мен таза құнының нәтижесін , ТМҚ  сатылған өзіндік құнын ; жыл соңындағы міндеттемелер үшін кепілдік ретінде қойылған ТМҚ баланстық құнын т.б. осы сияқты мәліметтерін ашып көрсетуге тура келеді .

« ФИФО » әдісі  - босалқыларды алғашқы сатып алу бағалары бойынша бағалау әдісі . Бірінші кезекте сатып алынған құндылықтардың нақты өзіндік  құны  жұмсалған материалдарға жатқызылады деп есептеледі, яғни бірінші  келген – бірінші кетеді . Сонымен , соңғы қалдық құны ең кейінгі сатып алынғанның  құнына негізделеді .Біздің  мәмілеттің негізінде « ФИФО » әдісі бойынша соңғы қалдықтың және жұмсалған материалдық құны мынаны құрайды :

Ай соңында қалған қалдығы : 31 тонна ( 17 – 5 + 19 ) х 3400 ( 1 тоннаның бағасы ) = 105400 теңге.

Бензин

Бұл жерде де цементтің есебіне ұқсас етіп шығарылды.

Соңына қалдығы 300 литр ( 200 х 47 және 100 х 45 )

200 х 47  =  9400 теңге;

100 х 45  =  4500 теңге;

Жиыны 13900 теңге ;

 

Шығыстың құны : 4500 + 45700 – 13900 = 36300 теңге

50 литр х 45 теңге  = 2250 теңге ;

150 литр х ( 50 литр х 45 теңге , 100 литр х46 теңге ) =  6850 теңге ;

300 литр х ( 200 литр х 46 теңге , 100 литр х 45 теңге) = 13700 теңге ;

100 литр х 45 теңге = 4500 теңге ;

100 литр х 45 теңге = 4500 теңге ;

100 литр х 45 теңге = 4500 теңге ;

Шығыс жиынтығы   36300 теңге

 

« ЛИФО » әдісі – запастарды соңғы сатып алынғандардың бағасы бойынша бағалау әдісі . Соңғы алынған қорлардың өзіндік құны бірінші кезекте  жұмсалғандардың құнын анықтау  үшін қолданылады, ал ай соңындағы қорлардың өзіндік құны бірінші сатып алынған қорлардың өзіндік құнымен есептелінеді деген тұжырымға негізделген әдіс. Біздің мысалымызда                         « ЛИФО » әдісінің  көрсеткіштері мынадай болады :

Цемент :

Бастапқы қалдығы : 20 тонна х 3000 бағасы = 60 000 теңге

Кіріс :

10 тонна х 3100 теңге = 31 000 теңге

2 тонна х 3200 = 6400 теңге

17 тонна х 3400 теңге = 57 800 теңге

19 тонна х 3400 теңге = 64 600 теңге

кіріс жиынтығы  159 800 теңге

Шығыс :

15 тонна х 3400 теңге = 51 000 теңге

10 тонна х 3400 теңге = 34 000 теңге

12 тонна = 40 600 теңге

( 11 тонна х 3400 теңге = 37 400 теңге

1 тонна х 3200 теңге = 3200 теңге )

Шығыстың жиынтығы  125 600 теңге

 

Соңғы қалдығы :                                                          

31 тоңнанның құны 94 200 теңге;

Арнайы идентификациялау әдісі . Бұл әдіс запастардың партиялық есебін дәл ұйымдастыру мүмкіндігі болған жағдайда қолданылады .

Бастапқы қалдықтың 15 тоннасы х 3100 теңгемен                    - 45 000 теңге ;

02.01.02.күні келіп түскеннің 10 тоннасы х 3100                       - 31 000 теңге ;

20.01.02. күні келіп түскеннің 12 тоннасы х 3400                      - 40 800 теңге ;

Шығыс жиыны

Цемент қалдығынаан қалғаны :                                                  

Бастапқы қалдықтан    5 х 3000                                                    - 15 000 теңге ;

                                       2 х 3200                                                    - 6400 теңге ;

20.10.02. келіп  түскеннен 5 х 3400 ( 12 – 17 )                            - 6400 теңге

              19 х 3400               - 17 000 теңге ;

Информация о работе Тауарлы - материалды құндылықтар