Тауарлы - материалды құндылықтар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2012 в 21:13, курсовая работа

Описание

Материалдық запастар және олардың жіктелуі мен бағалауы.
Тауарлы - материалдық құндылықтарды түгелдеу – меншіктің сақталуын, құндылықтардың сапалы күйін, олардың қоймалық және бухгалтерлік есепке алынуын қамтамасыз ететін бақылаудың бір тәсілі. Оны меншік нысанына, қызмет түріне және жұмыстың режимділігіне қарамастан барлық ұйымдар мен кәсіпорындарда жүргізіледі. Түгелдеу комиссиясы тауарлы – материалдық құндылықтардың ( шикізаттың, материалдардың, дайын өнімнің және басқалардың ) нақты қолда барын көрсету үшін қолданылады.

Работа состоит из  1 файл

Тауарлы - материалды құндылықтар.doc

— 92.00 Кб (Скачать документ)
justify">Ай соңына қалған цементтің құны                                          - 103 000 теңге;

Бензин бойынша :

Қалдықтан қалған 50 л х 45 теңгеден босатылған               - 2250 теңге ;

05.01.02 күні келіп түскеннен 150 х 46                     - 6900 теңге ;

20.01.02 күні келіп түскеннен 300 х 45               - 13 500 теңге ;

20.01.02 күні келіп түскеннен 100 х 45               - 4500 теңге ;

20.01.02 күні келіп түскеннен 100 х 45               - 4500 теңге ;

05.01.02 күні келіп түскеннен 100 х 46               - 4600 теңге ;

Шығыс жиыны

Бензиннің қалдығынан қалғаны :

Бастапқы қалдықтан  50 х 45               - 2250 теңге ;

05.01.02 күні келіп түскеннен 50х 46               - 2300 теңге ;

29.01.02 күні келіп түскеннен  200 х 47               - 9400 теңге ;

Ай соңында қалған бензиннің құны               - 13 950 теңге ;

Сатылыатын таза құнын да , өнімнің өзіндік құннан да төмен бағасы бойынша анықтау үшін ТМҚ – ға мына төмендегідей әдістерді қолдануы мүмкін :

- баптық әдісі - әрбір ТМҚ  түрлерінің баланстық және сатылатын таза құнының ең кіші мәні алынады ;

- негізгі материалдар тобының әдісі – ТМҚ  топтарының баланстық және сатылатын таза құнының ең кіші  мәні алынады ;

- жалпы запастар деңгейінің әдісі – барлық ТМҚ – дың баланстық және сатылатын таза құнының ең кіші мәні алынады.

Тауарлы – материалдық запастардың түсуін құжатпен рәсімдеу . ТМҚ – ды кәсіпорын әртүрлі жағдайда алуы мүмкін : жабдықтаушының қоймасынан, темір жол станциясынан, айлақтардан, аэропорттан, материалды жауапты тұлғалар арқылы өз қоймаларынан.

Жабдықтаушылардың ( жіктеушілердің ) қоймаларынан ТМҚ –ды алған кезде алушы – кәсіпорын өздерінің жауапты тұлғалары арқылы жүзеге  асырады. Материалдардың қозғалысын  есепке алған кезде мынадай  типтік құжаттар пайдаланылады.

Жабдықтаушылардың қоймасынан тауарларды алу үшін материалды жауапты тұлғаға сенімхат беріледі. Сенімхатты бухгалтерия  рәсімдеп , алушының қолын қойғызып , қолхат алу арқылы беріледі.№ М – 2а типтік ведомсы  аралық нысаны,  алдын ала нөмірленген және түптелген Журналға ( ү. № М – 3 ) ТІРКЕЛЕДІ. № М – 2а нысаны төменде келтірілген.

Берілген сенімхатты есптеу Журналы, сенімхатты тіркеуге және беруге жауапты тұлғада  сақталады. Сенімхатты беру үшін лауазымды тұлғамен келісім шарт жасалады, ондай келісім шарты жоқ болған жағдайда бір жолғы сенімхаттар беріледі.Берілген сенімхатта шаруашылық жүргізуші субъектілер оның мерзімін көрсетеді. Сенімхатқа кәсіпорын басшысы , бас бухгалтері қол қойып, мөр басады. Сол сенімхатта алынатын тауарлардың тізімі сенімхаттың артқы жағында жазылады.

Егер де алынатын тауарлар саны жағынан көп болмаса және түрлері де бір тектес болып келсе,онда олардың жалпы саны мен сомасы бір жолға жазылады.

Бір қоймаға ТМҚ алынған жағдайда оған бірнеше накладной керек болса,сенім беруші  сенімді тұлғаға бір сенімхатын беруіне болады, бірақ онда берілген барлық накладнойдың нөмірі , күні көрсетілуі тиіс. Егер де бір ғана сенімді тұлғаның бірнеше қоймадан тауар алуына тура келсе, онда оған әрбір қоймаға ұсыну үшін жеке сенімхат беріледі.

Сенімхат, әрекет ететін мерзіміне  қарамастан , тауарлы – материалдық құндылықтарды алған кезінен бастап беріледі. Мерзімі өткен сенімхаттары бойынша есеп бермеген  лауазымды тұлғаға жаңа сенімхаттар берілмейді. ТМҚ ала салысымен материалды жауапты тұлға  тапсырманы орындағаны туралы құжаттарды бухгалтерияға беріп, ТМҚ қоймаға өткізу керек, олардың сол құндылықтарды бухгалтерияға  беріп, ТМҚ қоймаға өткізу керек, олардың сол құндылықтарды қуаттайтын сенімхаты толық болмаса да.

Егер де ТМҚ – ды  алу құқы  жойылса , онда одан  сенімхаты қайтып алынады, ал жіберушілерге басқа сенімхат беріледі.

Пайдаланбаған сенімхаттар мерзімі өткеннен кейін келесі күні сенім білдірушіге қайтарылады. Пайдаланбаған сенімхатты қайтарған кезде оны                « Сенімхаттарды есепке алу журналына » тіркейді және оның түбіршегіне           « пайдаланбаған » деген белгісін жасайды. Осындай сенімхаттар есеп беру еезеңнің соңына дейін сақталады, сосын есепті кезеңнің соңында жойылады.

Жабдықтаушылар ( жіберушілер ) ТМҚ  босатқан кезде, әрбір жіберілген бөлігіне  үш данада накладной жазып , онда сенімхаттың нөмірі, күні көрсетіледі. Оның бірінші ТМҚ  алушыда, екіншісі  жіберушінің өзінде  қалады, онда ол алдағы кезеңде жіберілетін ТМҚ – ды бақылау жасау үшін пайдалнады. Ал үшіншісі  бухгалтерияға беріледі.ТМҚ босатып біткен соң, ең соңғы партиясының құжаттарымен  бірге  сенімхатын да бухгалтерияға тапсырады. ТМҚ – ды мынадай жағдайларда сенімхат бойынша босатуына болмайды :

-         сенімхаттың барлық реквизиттері толық толтырылмаса , жөнделген немесе өшірілген болса ;

-         көрсетілген сенімхаттағы құжаттары болмаса ;

-         сенімхаттың мерзімі біткен болса ;

-         субъектіден берілген сенімхаттың жойылғаны туралы хабар алса ;

-         сенімхат берген субъекті өз қызметін тоқтатса ( жойылса, қайта құрылымдық өзгерістер жасаса )

.Жабдықтаушылар сатып алушының қоймасына автотранспортпен ТМҚ – ды жеткізіп берген кезде сатып алушылардың материалды жауапты тұлғасы  жабдықтаушылардың экспедиторынан алған ТМҚ – дың санын және брутто салмағын, тауарлы – транспорттық ( көлік ) накладной мәліметімен салыстырады, олар екі данада жазылады. Тауарлы – транмпорттық накладной ( ТТН ) оның бір данасына қол қойып  және штамп басып, ТМҚ қабылданды деп жазады. Накладнойдың бір эксземпляры материалды жауапты тұлғада қалады. Ал егер айырмашылық болса, онда оның саны мен сомасына Акті жасалады. Ол екі дана  етіп жазылады және оған екі жақтың да жауапты тұлғалары қол қояды. Оның біреуін жабдықтаушыға жібереді, ал екіншісі ТМҚ  қабылданған жауапты тұлғада қалады, одан әрі ол бухгалтерияға беріледі. Акты жабдықтаушыға талап – тілек қоюға негіз бола алады.

ТМҚ –ды  теміржол транспортымен жеткізіп берген кезде  ТМҚ қабылдау вагондардан, контейнерден, цистернадан түсірген жерінде немесе  теміржол  қоймаларынан қабылданады. ТМҚ лаушы өкілі олармен қоса келген құжаттардың  негізінде  қабылдап алады және қабылдау процесіне тасымалдаушының өкілі де , Сауда - өнеркәсіп палатасынан келген тәуелсіз бақылаушы да қатысады.

ТМҚ –ды кірістіруге мына құжаттар негіз болып  саналады :

-         шот – фактура , онда : қатар нөмірі мен күні , атауы және жабдықтау мег ТМҚ – ты сатып алушының  СТН , ҚҚС – ын есепке қою туралы нөмірі , әкелінген ТМҚ  атаулары мен саны , құны , акцизделетін ТМҚ сомасы т.б. ;

-         тауарлы – транспорттық накладной ;

-         тауарды қабылдап алған материалды жауапты тұлғаның жазған накладнойы мен құжаттары , атап айтқанда :

Кіріс ордері. Жабдықтаушылардан немесе өңдеуден түскен запастарды есепке алу үшін пайдаланады . Ол бір ғана данада жазылады және жауапты

тұлғадан материалдар қоймаға келіп түскен кезде толтырылады.

Материалдарды қабылдау туралы акті.Жабдықтаушылардың бар босалқыларды қабылдау кезінде қолданылады ;Қабылдау  комиссиясы міндетті түрде  материалдық жауапты тұлғаның , жіберуші өкілінің немесе мүдделі емес мекеме өкілінің қатысуымен актіні 2 дана етіп жасайды. Құндылықтар қабылданнан  кейін құжаттармен қоса актілердің бір данасы материалдық қорлардың қозғалысын есепке алу үшін бухгалтерияға , екінші – жабдықтаушыға талап хатын жазу үшін , жабдықтау бөліміне немесе олардың бухгалтериясына жіберіледі.

Материалдық құндылықтарды өндірісте дайындаоған және сақталған кезіндегі жетіспеушілігі мен жоғалуы туралы актісі.Табиғи шығын нормалары айқындалмаған материалдық қорларын дайындау , сақтау немесе өндіру процесінде орын алған жоғалтуды анықтау үшін қолданады. Қорлардың сақталуына жауапты бөлімдердің балансынан шығаруға және кінәлі адамдардан өндіріп алуға  аталған құжат негіз бола алады.Бұл құжат материалды қабылдау жөніндегі АКТ – ге тіркеледі. Екі данасы толтырылып, комиссия мүшелері мен кінәлі кісілер қол қояды. 1– ші данасы бухгалтерияға жіберіледі, ал екіншісі – бөлімшеде қалады.

Қоймалардағы материалдық босалқыларды есепке  алуды материалдық жауапты адамдар немесе  олардың келісімімен жұмысын атқаратын есепшілер материалдарды есепке алу үшін арналған карточкаларына жүргізеді Босалқылардың әрбір номенклатуралық нөміріне жекелеген карточкалар ашады , содан соң ол бухгалтериядан қоймаға жартылай толтырылған күйінде беріледі.

Айдың аяғында қоймаға бухгалтериядан  материалдың қалдықтарын есепке алатын кітабын қоймашыға береді, оған қойма меңгерушісі материалдарды есепке алу карточкасындағы қалдықтарын көшіріп жазады. Мұнан кейін деректерді  салыстырып тексеру үшін материалдық босалқы қорлардың есептік топтары бойынша және бүтіндей алғанда кітап бойынша жиынын бухгалтерияға қайтарады.

Сөйтіп, қойма меңгерушісі материалдарды есепке алуға , олардың карточкаларын жүргізуге , құжаттардың тізімдерін жасауға және қойма есеп  кітабының қалдықтарын шығаруға міндетті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар

 

Кіріспе

I. Тауарлы – материалдардың есебі

 

1.1.Тауарлы – материалдық құндылықтардың  түгелдеуі және олардың есебі

1.2. ТМҚ – ның  түгелдеу нәтижелерінің  ведомостарының жасалуы

1.3. Есеп берудегі тауарлы – материалдық  запастардың ашылуы

1.4 Материалдардың бухгалтериядағы есебі

II.Бастапқы мәлімет

III. Есептеу бөлімі

 

3.1. Бас журнал

3.2. Жұмыс кестесі

3.3. Бухгалтерлік баланс

3.4. Қаржы шаруашылық нәтижесі туралы есеп

3.5. Табысқа салынған салыстыру үлгісі

3.6. Таратылмаған пайда жөніндегі есеп

 

Қорытынды

 

Пайдаланылған  әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                   

 

 

 

 

                                              Кіріспе

 

Қазақстан  Республикасының  аймағында  әрекет етіп тұрған барлық субъектілерге , резиденттік емес  өкілдіктер мен филиалдар, заңды тұлғалар, кәсіпкерлік қызметпен

шұғылданатын жеке тұлғалар қаржылық есеп  беруді және  бухгалтерлік  есепті жүргізу  міндеттілігі  жүктеледі.

Тауарлы - материалдық құндылықтардың түгелдеу – меншіктің сақталуын, құндылықтардың сапалы күйін, олардың қоймалық және бухгалтерлік есепке  алынуын қамтамасыз ететін бақылаудың бір тәсілі. Оны меншік нысанына, қызмет түріне және жұмыстың режимділігіне қарамастан барлық ұйымдар мен кәсіпорындарда жүргізілуі.Түгелдеу жұмыс комиссиясының төрағасы немесе оның тапсырмасы бойынша комиссия мүшелері қойма меңгерушісінің және басқа да материалдық жауапты  адамдардың көзінше  тауарлы – материалдық құндылықтардың  нақты бар – жоғының оларды міндетті түрде қайта  есептеу, қайта өлшеу арқылы тексереді. Тізімдерге материалдық жауапты адамдардың  сөзінен немесе олардың нақты бар – жоғын   тексерместен  еспке алу деректері бойынша деерктер енгізуге жол берілмейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Тауарлы - материалдық құндылықтардың түгелдеу – меншіктің сақталуын, құндылықтардың сапалы күйін, олардың қоймалық және бухгалтерлік есепке  алынуын қамтамасыз ететін бақылаудың бір тәсілі. Оны меншік нысанына, қызмет түріне және жұмыстың режимділігіне қарамастан барлық ұйымдар мен кәсіпорындарда жүргізілуі.Түгелдеу жұмыс комиссиясының төрағасы немесе оның тапсырмасы бойынша комиссия мүшелері қойма меңгерушісінің және басқа да материалдық жауапты  адамдардың көзінше  тауарлы – материалдық құндылықтардың  нақты бар – жоғының оларды міндетті түрде қайта  есептеу, қайта өлшеу арқылы тексереді. Тізімдерге материалдық жауапты адамдардың  сөзінен немесе олардың нақты бар – жоғын   тексерместен  еспке алу деректері бойынша деерктер енгізуге жол берілмейді.Басқа кәсіпорындарға тиесілі, бірақ жауапты сақталуда  тұрған тауарлы – материалдық құндылықтарды  да өз меншігіндегі тауарлы – материалдық құндылықтар сияқты түгендеуден өткізеді. Жауапты сақтауға қабылданған  тауарлы – материалдық құндылықтарға арнап  түгендеу  тізімдемесін құрастырыады да, бұндай құндылықтардың жауапты сақталуына алынғандығын растайтын тиісті құжаттарға сілтеме  жасалынады. Жолда келе жатқан, тиелген, сатып алушылар мерзімінде ақы төлемеген, басқа кәсіпорындардың  қоймаларында жатқан тауарлы – материалдық құндылықтарды түгелдеу тиісті шоттардағы  сомалардың негізділігін  егжей – тегжейлі  тексеру арқыл жүргізіледі. Түгелдеу нәтижелерін анықтау үшін бухгалтерия түгелдеу  тізімдерінің  негізінде тауарлы – материалдық құндылықтарды түгелдеу нәтижелерін салыстыру  ведомостарын жасайды. Оларға тек  ауытқушылығы  бар құндылықтар ғана енгізіледі.Шаруашылық  жүргізуші субьектінің қаржылық есеп беруінде : тауарлы – материалдық запастарын бағалау  үшін қабылданған есеп саясатын ; тауарлы – материалдық  запастарының жіктемесі бойынша  баланстық құнын ; егерде тауарлы – материалдық запастардың  өзіндік құны « ЛИФО » әдісімен  анықталатын болса , онда олардың  ең аз сомасымен және балансы бойынша арасындағы айырмашылығын ашып көрсетеді ;

« ФИФО » әдісінің немесе орташа мен таза құнының нәтижесін , ТМҚ  сатылған өзіндік құнын ; жыл соңындағы міндеттемелер үшін кепілдік ретінде қойылған ТМҚ баланстық құнын т.б. осы сияқты мәліметтерін ашып көрсетуге тура келеді .ТМҚ – ды кәсіпорын әртүрлі жағдайда алуы мүмкін : жабдықтаушының қоймасынан, темір жол станциясынан, айлақтардан, аэропорттан, материалды жауапты тұлғалар арқылы өз қоймаларынан.

Информация о работе Тауарлы - материалды құндылықтар