Тікелей салықтар: корпорациялық табыс салығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 13:57, реферат

Описание

7.1. Корпорациялық табыс салығының экономикалық мазмұны, құрылу негіздері
7.2. Корпорациялық табыс салығын есептеу мен төлеу тәртібі

Работа состоит из  1 файл

корпорациялық табыс салығы.doc

— 94.00 Кб (Скачать документ)

      Өткен салық кезеңi үшiн корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияда көрсетiлген iс жүзiндегi салық мiндеттемесiнiң сомасы өткен салық кезеңi үшiн аванстық төлемдер сомаларының есебiндегi аванстық төлемдер сомаларынан асып кеткен кезде, салық төлеушi өткен салық кезеңi үшiн корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияда көрсетiлген iс жүзiндегі салық мiндеттемесi мөлшерiн негiзге ала отырып, декларация тапсырғаннан кейiнгi кезең үшiн аванстық төлемдер сомаларын есептеуге мiндеттi.

      Салық төлеушi төлеуге  тиiс аванстық төлемдер сомалары салық кезеңi iшiнде тең үлестермен төленедi.

      Салық төлеушi корпорациялық  табыс салығы бойынша декларация тапсырғанға дейiнгi кезең iшiнде  төленуге тиiс аванстық төлемдер сомаларының  есебiн жасап, есептi салық кезеңiнің 20 қаңтарына дейiн салық төлеушiнiң  тiркелген орны бойынша салық органына табыс етедi.

      Корпорациялық табыс  салығы бойынша декларация тапсырылғаннан кейiн төленуге тиiс аванстық төлемдер сомаларының есебiн салық төлеушi декларацияны тапсырған күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде, бірақ есептік салық кезеңінің 20 сәуірінен кешіктірмей табыс етедi.

      Салық кезеңiнiң қорытындысы  бойынша залал шеккен немесе салық  салынатын табысы жоқ салық төлеушiлер  корпорациялық табыс салығы бойынша  декларация тапсырған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде, сондай-ақ жаңадан құрылған салық төлеушілер құрылған күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде салық кезеңi iшiнде төленуге тиiс аванстық төлемдердiң болжамды сомасының есебiн салық органына табыс етуге мiндеттi.

      Салық төлеушi салық  кезеңi iшiнде, өткен салық кезеңi үшiн декларация тапсырғанға дейiн төленуге тиiс аванстық төлемдердiң сомаларын қоспағанда, түзетудің себептерiн жазбаша негiздей отырып, салық кезеңiнiң алдағы айлары үшiн аванстық төлемдер сомаларының түзетiлген есебiн беруге құқылы.

      Салық төлеушiлер корпорациялық табыс салығын төлеудi өзiнiң тұрып жатқан орны бойынша жүзеге асырады.

      Салық төлеушiлер  корпорациялық табыс салығы бойынша  аванстық төлемдердi бюджетке белгiленген салық кезеңi iшiнде, анықталған мөлшерде ағымдағы айдың 20-сынан кешiктiрмей ай сайын төлеп тұруға мiндеттi.

      Салық кезеңi iшiнде  енгiзiлген аванстық төлемдер сомалары салық кезеңi үшiн корпорациялық  табыс салығы жөнiндегi декларация бойынша  есептеп шығарылған корпорациялық  табыс салығын төлеу есебiне жатқызылады.

      Салық төлеушi салық кезеңiнің қорытындысы бойынша корпорациялық табыс салығы бойынша түпкiлiктi есеп айырысуды (төлемдi) декларация тапсыру үшiн белгiленген мерзiмнен кейiн он жұмыс күнiнен кешiктiрмей жүзеге асырады.

      Күнтiзбелiк  жыл корпорациялық табыс салығы үшiн салық кезеңi болып табылады.

      Егер ұйым күнтiзбелiк  жыл басталғаннан кейiн құрылса, оның құрылу күнiнен бастап күнтiзбелiк  жылдың аяғына дейiнгi уақыт кезеңi ол үшiн бiрiншi салық кезеңi болып  табылады.

      Бұл ретте ұйымның оның уәкiлеттi органда  мемлекеттік тiркеуге алынған күнi оның құрылған күнi болып саналады.

      Егер ұйым күнтiзбелiк  жылдың аяғына дейiн таратылса, қайта  ұйымдастырылса, жыл басталғаннан бастап тарату, қайта ұйымдастыру аяқталған  күнге дейiнгi уақыт кезеңi ол үшiн  соңғы салық кезеңi болып табылады.

      Егер күнтiзбелiк  жыл басталғаннан кейiн құрылған ұйым осы жылдың аяғына дейiн таратылса, қайта ұйымдастырылса, өзiнiң құрылған күнiнен бастап тарату, қайта ұйымдастыру  аяқталған күнге дейiнгi уақыт  кезеңi ол үшiн салық кезеңi болып  табылады.

      Арнайы салық режимiн қолданатын заңды тұлғаларды және Қазақстан Республикасындағы төлем көздерiнен тек қана төлем көздерiнде салық салынуға тиiс табыс алатын және қызметiн Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырмайтын резидент еместердi қоспағанда, корпорациялық табыс салығын төлеушiлер корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияны салық органдарына есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей табыс етедi.

      Корпорациялық табыс  салығы жөнiндегi декларация декларациядан  және корпорациялық табыс салығы бойынша салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлер туралы ақпараттарды ашу жөнiндегi қосымшалардан тұрады.

      Резидент  емес шетел тұлғаларына  салық салу ерекшеліктері.

      ҚР  заңдарына сәйкес құрылған заңды  тұлғалар және өздерінің  тиімді басқару орны ҚР-да орналасқан өзге заңды тұлғалар резиденттер деп танылады.

      Негізгі басқаруды жүзеге асыратын және заңды  тұлғаның кәсіпкерлік қызметін жүргізу  үшін қажет стратегиялық коммерциялық шешімдерді қабылдайтын орын тиімді басқару орны  (нақты басқару органы) деп танылады.

      Резидент  еместің тұрақты мекемесі болып:

  1. тауарларды өндірумен, ұқсатумен, жинақтаумен, орап-буумен, жеткізумен, өткізумен байланысты қызмет жүзеге асырылатын кез-келген орын;
  2. резидент еместің кез-келген басқару орны, филиалы, бөлімшесі, өкілдігі, бюросы,агенттігі, фабрикасы, цехы, дүкен, қоймасы т.б.;
  3. табиғи ресурстарды өндірумен байланысты қызметті жүзеге асыратын кез келген орын: шахта, кеніш, мұнай және газ скважинасы, каръер, жер үсті немесе теңіз мұнаралары және скважиналары;
  4. ойын автоматтарын, компьютерлік желілерімен байланыс арналарын, аттракциондарды, көлік немесе өзге де инфрақұрылымды пайдаланумен байланысты қызметті жүзеге асыратын кез келген тұрақты орын резидент еместің ҚР-ғы тұрақты мекемесі деп танылады.

      Резидент  еместердің ҚР-ғы көздерден алатын табыстары болып:

  1. ҚР-да тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан,қызмет көрсетуден түскен табыстар;
  2. Нақты қызмет көрсетілген жеріне қарамастан, тұрақты мекеме арқылы ҚР-да қызмет атқаратын және осындай тұрақты мекемемен  байланысты резиденттерге және резидент еместерге  көрсетілген басқару, қаржылық, консультациялық, аудиторлық, маркетингтік заңдық, агенттік, ақпараттық қызмет көрсетуден алынатын табыстар;

      Резидент  емес заңды тұлғаның ҚР-ғы тұрақты  мекемемен байланысты емес табыстарына белгіленген шегерімдерді жүргізбестен төлем көзінен табыс салығы салынуы тиіс.

      Мемлекеттік бюджетке төлем көзінен табыс  салығын есептеу, ұстау және төлеу  бойынша міндет пен жауапкершілік  табыстарды төлеуші тұлғаға жүктеледі. Осындай тұлға салық агенті болып табылады.

      Резидент  еместердің ҚР-ғы тұрақты мекемеге байланысты емес, көздерден алынатын табыстарының төлем көзіне мынадай  ставкалар бойынша салық салынуға тиіс:

  1. дивидендтер, қатысу үлесінен түскен табыстар және сыйақылар-15%;
  2. тәуекелдерді сақтандыру шарттары бойынша төленетін сақтандыру сыйақылары-10%;
  3. тәуекелдерді қайта сақтандыру шарттары бойынша төленетін сақтандыру сыйақылары -5%
  4. халықаралық тасымалдарға көлік қызметін көрсетуден түскен табыстар-5%
  5. ҚР-ғы көздерден алатын табыстар-20%

      Резидент  емес заңды тұлғаның табысына тұрақты  мекеменің қызметіне байланысты табыстың барлық түрлері жатады.

      ҚР-да тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырылатын қызметтің табыстар алуға тікелей  байланысты шығыстар ҚР-да не одан тыс  жерлерде жасалғанына қарамастан шегірімге жатады.

      Резидент  емес заңды тұлғаның ҚР-да тұрақты  мекеме арқылы жүзеге асырған қызметінен алынған таза табысна -15% ставка бойынша  салық салынады.

      Есептелген  корпорациялық табыс салығының  сомасы алып тасталған салық салынатын  табыс таза табыс деп танылады.

Корпорациялық табыс салығы түрлі жеңілдіктер, төмендетулер және санкциялар арқылы әсер ететін салықтық реттеудің негізгі  құралы болып табылады.

      Корпорациялық табыс салығын төлеушілерге ҚР ҰБ мен мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, ҚР резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ ҚР-да қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе ҚР-дағы көздерден табыс алатын резидент емес заңды тұлғалар жатады.

      Табыс салығының салық салу объектілеріне: салық салынатын табыс; төлем көзінен салық салынатын табыс; ҚР-да  қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның таза табыс жатады .

      Салық салынатын табыс жылдық жиынтық табыс пен көзделген шегерімдер арасындағы айырма ретінде анықталады.

      Салық төлеушiлер корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдердi бюджетке белгiленген салық кезеңi iшiнде, анықталған мөлшерде ағымдағы айдың 20-сынан кешiктiрмей ай сайын төлейді.

      Салық төлеушінің  салық салынатын табысы 30%-тік ставка бойынша салық салуға жатады.

      Негізгі өндіріс құралы жер болып табылатын салық  төлеушінің  салық салынатын табысы 10%-тік ставка бойынша салық салуға жатады.

      Резидент  еместердің ҚР-ғы көздерден алынатын табыстарын қоспағанда, төлем көзінен  салық салынатын табыстар төлем  көзінен 15%-тік ставка бойынша  салық салуға  жатады.

      ҚР-да тұрақты мекеме  арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды  тұлғаның таза табысы корпорациялық  табыс салығының үстіне белгіленген  тәртіппен 15%-тік ставка бойынша  салық салуға жатады. 

      Өзіндік жұмыс үшін сұрақтар мен тапсырмалар

        Тест сұрақтары

    1. Салық салынатын табыс:

а) шығындар мен кірістер арасындағы айырма ретінде анықталады;

б) барлық табыстардың сомасы ретінде анықталады;

с) ЖЖТ пен шығындар арасындағы айырма ретінде анықталады;

д) ЖЖТ пен шегерімдер арасындағы айырма ретінде анықталады;

е) барлық кірістер ретінде анықталады.

2. Тауарларды (жұмыстар, қызметтер) сатқаннан түскен табыстарға:

а) үйлерді, ғимараттарды, құрылыстарды және амортизацияға жатпайтын активтерді сатқан кездегі құн өсімінен түскен табыстар;

б) ҚҚС қоса алғанда сатылған тауарлардың, орындалған жұмыстың, көрсетілген қызметтің құны;

с) сатып алынған тауарлар жіне жұмысшыларға төленетін табыстар мен өтемақылар бойынша міндеттелер;

д) ҚҚС қоспағанда сатылған тауарлардың, орындалған жұмыстың, көрсетілген қызметтің құны;

е) негізгі қарыздарды талап ету мен  қарыз алушыға төленетін сома арасындағы оң айырма ретінде анықталатын табыс.

    3. Қарызды есептен  шығарудан түскен  табыс болып:

а) негізгі қарызды талап ету мен қарыз алушыға төленетін сома арасындағы оң айырма ретінде алынатын табыс;

б) кредитордың салық төлеушінің міндеттемесін есептен шығаруы;

с) тауарлар (жұмыстар, қызметтер) алынған кезде туындайтын және олар туындаған кезден бастап үш жыл ішінде қанағаттандырылмаған міндеттемелер;

д) дебитордың салық төлеушінің міндеттемесін есептен шығаруы;

е) бұрын күмәнді деп танылып, шегерімге жатқызылғын және келесі салық кезеңінде қайтарылған талаптар сомасы табылады.

4. Қандай жағдайларда  тауарларды сатқаннан  түскен табыс түзетуге  жатпайды:

а) тауарларды тұтастай немесе жартылай қайтарған кезде;

б) мәміленің шарты өзгерген жағдайда;

с) ҚҚС қоса алғанда сатылған тауарлардың, орындалған жұмыстың, көрсетілген қызметтің құны;

д) баға өзгерген жағдайда;

е) сатылған тауарлар (жұмыс, қызмет) үшін төленетін өтемақылар.

    5. Қандай шығындар ЖЖТ алынатын шегерімдерге жатқызылады:

Информация о работе Тікелей салықтар: корпорациялық табыс салығы