Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 08:03, дипломная работа
Нарықтық экономика кезінде Қазақстан Репсубликасында сатып алушылар, жабдықтаушылар, бәсекелес ұйымдар, мемлекеттік органдар көзқарасында анықсыздылық кең орын алады. Осындай кезеңде кәсіпорындардың қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте үлкен.
Қаржылық талдау қоғамда біреудің қалауы бойынша пайда болған жоқ, ол ұйымның өткен уақыттардағы өндіріс және басқа да көрсеткіштерін салыстырып, одан алдағы уақытта оң нәтижеге, яғни пайда табу мақсатында жетістікке жетуіне байланысты пайда болды. Ұйымның мүліктік жағдайын білмей, оның бұл жағдайына әсер ететін факторларды анықтамай, табыстар мен шығындарды салыстырмай шаруашылықты мөлшерсіз, есепсіз жүргізуге болмайды.
іріспе.......................................................................................................................2
Ι бөлім Ұйымдардағы бухгалтерлік есеп жұмысының ұйым дастырылуы
1.1 Ұйымдағы бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы ......................................5
1.2 Ұйымның шаруашылық қызметіне техника-экономикалық сипаттама, есеп саясаты.............................................................................................................9
ΙΙ бөлім Ұйымның активтері мен олардың қалыптасу көздерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау 2.1 Баланс активтерінің құрамы мен құрылымы динамикасын талдау…….............11
2.2 Баланс активтерінің қалыптасу қөздерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау..............................................................................................21
ΙΙΙ бөлім Ұйымның төлем қаблеттілігін талдау
3.1 Баланс өтімділігін талдау................................................................................32
3.2 Ағымдағы және келешектегі төлем қаблеттілікті талдау............................42
Қорытынды.............................................................................................................56
Қосымша.................................................................................................................63
Кәсіпорын активтерінің таратылуының тиімділігін сипаттайтын келесі көрсеткіш — мобильді және иммобильді қаражаттарының ара-қатынас коэффициенті. Ол ағымдағы активтер құнын Ұзақ мерзімді активтер құнына болу арқылы табылады.
Бұл коэффициенттің оптималды және сыни мөлшері кәсіпорынның салалық ерекшеліктерімен айқындалады. Біздің жағдайда, яғни өндірістік кәсіпорындарда бұл көрсеткіштің деңгейі 0,5-тен төмен болмауы керек. "КазИнтер" жабық акционерлік қоғамында бҰл коэффициенттің деңгейі жыл басында - 2,6 (346553 : 135007), ал жыл соңында - 3,6 (527354 : 148730) болды. Бұл коэффициенттің өсуі мобильді қаражаттардың өсу жылдамдығының иммобильді қаражаттардың өсу жылдамдығынан артуы нәтижесінде болды.
Кәсіпорынның міндеттемелерінің ағымдағы активтермен жабылатындай минималды қаржылық тұрақтылығы ағымдағы және ұзақ мерзімді активтер ара-қатынасы коэффициенті тартылған және меншікті капиталдардың ара-қатынасы коэффициентінен жоғары болған кезде болады.
Әрі қарай кәсіпорынның мүліктік жағдайында қандай өзгерістер болғанын қарастыру керек. Ұзақ мерзімді активтер - ұзақ мерзімді мақсаттармен қозғалмайын мүліктерге, облигацияларға, акцияларға, пайдалы қазбалар қорларына, еншілес серіктестіктерге, материадды емес активтерге, тағы басқаларға салынған салымдар. Айрықша көңіл негізгі қүралдардың жағдайы, серпінділігі және құрылымын талдауға бөлінеді, себебі олардың ұзақ мерзімді активтерде негізгі үлес салмағы бар.
Банкілер және басқа инвесторлар кәсіпорынның мүлкінің құрамын зерттеген кезде негізгі құралдардың жағдайына, олардың техникалық деңгейі, өнімділігі, экономикалық тиімділігі, физикалық және сапалық тозуы жағынан ерекше көңіл бөледі.
Негізгі құралдардың нақты (қалдық) құнының кәсіпорын мүлігінің жалпы құнындағы үлес салмағының өзгеруінің айрықша маңызы бар, себебі бұл көрсеткіш кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметінің ауқымдылығын анықтауға мүмкіндік береді. Негізгі құралдардың нақты құнының коэффициентінің мөлшері 0,5-тен төмен болмауы тиіс. Ол біздің жағдайда бұл көрсеткіш едәуір төмен: жыл басына - 0,26 (125183 : 481560), жыл соңына - 0,18 (124256 : 676084).
Негізгі қүралдардың техникалық жағдайын сипаттайтын тозу коэффициенті негізгі құралдардың тозу сомасының олардың бастапқы құнына қатынасы арқылы табылады да, оның оптималды мәні 0,5-тен артық болмауы тиіс. "КазИнтер" жабық акционерлік қоғамында бұл коэффициент жыл басында — 0,62 (203809 : 328992), жыл аяғында - 0,63 (213846 : 338102) құрады. Бұл мәліметтер негізгі құралдардың 2/3 бөлігі физикалық тозып кеткендігін білдіреді. Кәсіпорын басшылығына Ұйымның материалды-техникалық базасын жаңартуға айрықша назар аударуы қажет.
Әрі қарай кәсіпорынның ағымдағы активтерінің қүрамы мен құрылымын талдау қажет. Ол үшін келесідей 2-кесте құрамыз.
2-кесте
"КазИнтер" жабық акционерлік қоғамындағы ағымдағы активтерінің құрамы мен құрылымы:
№ |
Көрсеткіштер |
Жыл басына |
Жыл аяғына |
Ауытқуы | ||
|
|
Сомасы, |
Үлес |
Сомасы, |
Үлес |
Салмағы |
мың тг. |
салмағы, % |
мың тг. |
салмағы, % |
мың тг. | ||
1. |
Ағымдағы активтер, |
346553 |
100 |
527354 |
100 |
+180801 |
1.1 1.2 1.3 |
Материалдар аяқталмаған өндіріс дайын
өнім және тауарлар |
107665 25519 |
31,06 7,36 |
112267 37226 |
21,29 7,06 |
+4602 + 11707 |
1.4 1.5 |
дебиторлық борыш қысқа мерзімді қаржылық |
8233 19036 |
2,38 54,92 |
38055 339576 |
7,22 64,39 |
+29822 +149250 |
|
|
|||||
1.6 |
инвестициялар ақша қаражаттары |
14810 |
4,27 |
163 |
0,03 |
- 14647 |
2-кестеден көріп отырғанымыздай, ақша-қаражаттарының ағымдағы активтердегі үлес салмағы өте аз. Ақша қаражаттар сомасының мөлшері барлық қысқа мерзімді міндеттемелерді өтейтіндей болуы керек. Біздің жағдайымызда ағымдағы міндеттемелер сомасының мөлшері жыл басына - 298017 мың теңгені, жыл аяғына — 472584 мың теңгені қүрады. Сонда біздің ақша қаражаттарымыз жыл басында ағымдағы міндеттемелердің 5%-ын, жыл аяғында 0,4%-ын ғана жаба алады. Мұндай жағдайда көбінесе сатып алушылардың сатып алған тауарлар үшін ақша қаражаттарымен есеп айырыса алмай, баспа-бас айырбас арқылы есеп айырысулардың нәтижесінде қалыптасқан.
Есепті жыл ішінде дебиторлық борыштың мөлшері едәуір көтерілді. Жылдың басында ол 190326 мың теңгеге тең болса, жыл соңында — 339576 мың теңгені қүрады. Үлкен дебиторлық борыштың жинақтауының нәтижесі — ақша қаражаттарының күрт төмендеуіне әкеліп тіреді. Бірақ та, ақша қаражаттарының бір бөлігі ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияларға салынды, олардың жыл соңындағы сомасы - 24285 мың теңге, бұл жыл басына қарағанда 14461 мың теңгеге артық.
Қиын өтетін тауарлы-материалдық қорлардың, үлкен дебиторлық борыштың, әсіресе оның күдікті бөлігінің бар болуы айналым қаражаттарының айналымдылығының болуларына әкеледі де, кәсіпорынның қаржылық жағдайына әсерін тигізеді. Сөйтіп, кәсіпорынның ағымдағы активтерінің өсуіне қарамастан, кәсіпорын басшылығына оның құрылымындағы өзгерістердің себептерін талдап, дебиторлық борышты таддаудың нәтижесіне айрықша назар аудару қажет.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына дебиторлық борыштың болу себептерінің өзі емес, оның мөлшері, қозғалысы және нысаны әсер етеді. Дебиторлық борыштың пайда болуы кредиторлық борыш секілді кәсіпорынның қолма-қолсыз есеп айырысу жүйесіндегі шаруашылық қызметіндегі объективті процесс болып табылады. Дебиторлық борыш есеп айырысулар тәртібінің бүзылуы нәтижесінде ғана пайда болып, қай кезде кәсіпорынның қаржылық жағдайын төмендете бермейді. Сондықтан оны толық сомасында меншікті қаражаттардың айналымынан шығуы деп есептеуге болмайды, және ол кәсіпорындардың төлем қабілеттілігіне әсер етпейді.
Дебиторлық борыштың қалыпты және жөнсіз түрлері бар. Жөнсіз дебиторлық борышқа төлену уақыты өтіп кеткен есеп айырысу құжаттары, талапхаттар, материалдық зиянның орнын толтыру тағыда басқа қүжаттары бойынша жөнелтілген тауарлар үшін борыштар жатады.
Жөнсіз дебиторлық борыш айналым қаражаттарының заңсыз оқшаулануы және қаржылық төртіптің бүзылу нысаны болып табылады. Соған байланысты жөнсіз дебиторлық борышты оның құрылымын талдау негізінде анықтау керек.
Дебиторлық борыштың құрамы және құрылымымен жалпылама танысудан кейін, оның нақты құнын бағалау керек. Бұл дебиторлық борыштың барлығының төлену кепілдігінің жоқтығына байланысты. Оның қайтарылуы өткен кезеңдегі тәжірибе және ағымдағы шнарттарға байланысты анықталады. Өткен кезең тәжірибесі келешектегі зиянның баламалық емес шарасы болу мүмкіндігінде немесе ағымдағы шаралар толық есепке алынбау мүмкіндігінде бухгалтерлік тәуекелділік бар. Нәтижесінде, кәсіпорын елеулі зиян шегуі мүмкін. Сол үшін дебиторлық борышты талдағанда, оның қайтарылу мүмкіндіктерін дұрыс және нақты анықтай білу керек.
2.2 Баланс активтерінің қалыптасу көздерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау
Талдаудың келесі кезеңі - баланс активтерінің қорлану көздерін талдау. Кәсіпорын мүлкінің құрылуы оның қаржылық тұрақтылығын анықтайтын меншікті және тартылғын капитал есесінен жүргізіледі.
Нарық жағдайында кәсіпорын қызметі және оның дамуы көбінесе меншікті капитал арқылы жүзеге асырылады. Меншікті қаржылық қорлар жеткіліксіз болған жағдайда ғана сырттан капитал тартылады. Бұл жағдайда сыртқы қарыз көздерінен қаржылық тәуелсіздіктің ерекше маңызы бар. Сондықтан қаржылық есеп берудің ағымдағы активтерінің құрылу көздерін ажыратып алу керек. Олардың минималды бөлігі меншікті айналым капитал есебінен өндірістік жоспарды қамтамасыз ету үшін қүрылады. Жеке кезеңдерде пайда болатын ағымдағы активтерге деген қосымша қажеттілік банктың қысқа мерзімді несиелері мен коммерциялық несие арқылы, яғни тартылған қаражаттар арқылы өтеледі.
Талдау барысында меншікті және тартылғын капиталдардың нақты мөлшерін тауып, пайда болу себептерін анықтап, оларға баға беру керек, мүнда меншікті капиталға ерекше назар аудару керек, себебі меншікті қаражаттар көздерінің қорлары - қаржылық тұрақтылықтың қорлары болып табылады.
Меншікті капиталдың нақты мөлшерін ғана емес, сонымен қатар оның капиталының жалпы сомасындағы үлес салмағын да анықтау қажет. Бұл көрсеткішті арнаулы әдебиеттерде әртүрлі атаған (меншік коэффициенті, тәуелсіздік коэффициенті, автономдық коэффициенті), дегенмен, оның мәні бір — бұл көрсеткіш бойынша кәсіпорын қаншалықты қарыз қаражаттардан тәуелсіз екенін жөне өзінің меншікті қорларын қаншалықты оңтайландыра алатынын табуға болады. Тәуелсіздік коэффициенті меншікті капиталдың қатынасы арқылы табылады.
Бұл көрсеткіштің өсуі кәсіпорынның өсуін, алдағы кезеңдегі қаржылық қиыншылықтардың тәуекелділігінің төмендеуін білдіреді.
Батыс экономистерінің пікірлері бойынша, тәуелсіздік коэффициентінің деңгейін жеткілікті жоғары деңгейде үстап түру қажет. Бұл қаражаттар көздерінің тұрақты құрылымын үстап түруға мүмкіндік береді. Дәл осындай қүрылымды инвесторлар және несие берушілер артық көреді, себебі ол кәсіпорындарға өздерінің міндеттемелерінің кепіддігін арттыра түседі.
Активтердің құрылу көздерінің
құрылымын 3-талдамалық кесте бойынша
талдайық.
Көрсеткіштер |
Жыл басына |
Жыл аяғына |
Ауытқуы |
Құрылымының өзгеруі,тармақ б/ша (46. - 26.) | |||
|
Сомасы Мың тг. |
үлес салмағы %-бен |
сомасы мың тг. |
үлес салмагы %-бен |
сомасы мың тг. |
үлес салмағы, % |
|
Ә |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
Авансталған капитал, |
481560 |
100 |
676084 |
100 |
+194524 |
+4039 |
X |
Оның ішінде: |
|||||||
Меншікті капитал |
183543 |
38,11 |
203500 |
30,10 |
+ 19957 |
+ 10,87 |
- 8,01 |
Гартылған капитал |
298017 |
61,89 |
472584 |
69,90 |
+174567 |
+58,58 |
+8,01 |
Тәуелсіздік коэффициенті |
X |
0,38 |
X |
0,30 |
X |
X |
- 0,08 |
Қаржыландыру |
X |
0,62 |
X |
0,43 |
X |
х |
-0,19 |
фициенті |
|||||||
Инвестициялау |
X |
1,47 |
X |
1,64 |
X |
X |
+0,17 |
коэффициенті |
3-кесте
Кестеден көріп отырғанымыздай
активтердің қорлану көздері
есепті жыл ішінде — 194524 мың теңгеге немесе
40,39%-ға көбейеді.
Бұл өсу негізінен кредиторлық борыштың
көбеюіне байланысты
болды. Оның жыл соңындағы
мөлшері жыл басындағы мөлшерінен
1,6 есе көбейді. Тәуелсіздік коэффициенті
жыл ішінде 0,38-ден 0,3-
ке дейін төмендеді. Ауытқуы онша да елеусіз
болғанымен (0,08
тармаққа төмендеді), жалпы бұл көрсеткіш
мөлшерінің деңгейі өте
төмен.
Мұны авансталған капиталдағы тартылған капиталдың үлес салмағынан да көруге болады; бұл коэффициент тәуелсіздік коэффициентіне кері болып табылады. Оны тәуелділік коэффициенті деп атауға болады. Ол былай есептелінеді:
Ктәуелділік = Кт: Ка немесе Ктәуелділік =1- Ктәуелділік
мұнда: КтәуелдШк - тәуелділік коэффициенті;
Кт - тартылған капитал;
Ка — авансталған капитал.
Бұл коэффициент авансталған капиталдың жалпы сомасындағы қарыз үлесін сипаттайды. Оның мөлшері неғүрлым көп болса, соғұрлым кәсіпорынның сыртқы қаржыландыру көздеріне тәуелділігі жоғары. "КазИнтер" жабық акционерлік қоғамында оның деңгейі жыл басына - 0,62(298017 : 481560), жыл аяғына - 0,70 (472584 : 676084) құрады. Қарастырылып отырған кәсіпорын қаржы жағынан тәуелсіз емес.
Кәсіпорын қаржылық жағдайын сипаттайтын келесі көрсеткіш – қаржыландыру коэффициенті ол былай есептелінеді:
мұнда қаржыландыру - қаржыландыру коэффициенті; Км — меншікті капитал.
Біздің жағдайымызда бұл коэффициенттің мөлшері жыл басына - 0,62, жыл аяғына - 0,43-ке тең болады. Бұл көрсеткіш деңгейі неғүрлым жоғары болса, соғұрлым банктер мен инвесторлар үшін қаржыландыру тиімді болып табылады. Біздің мысалда бұл көрсеткіш мәні 1-ден төмен, бұл кәсіп-орын мүлкінің үлкен бөлігінің қарыз қаражаттармен қаржыландырыла-тындығын көрсетеді, яғни кәсіпорынның несие алуы қиынға түседі.
Дегенмен, кей жағдайларда авансталған капитал мөлшеріндегі меншікті капитал үлесі жартысынан аз болып, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы жеткілікті жоғары деңгейде болуы мүмкін. Бұл көбінесе активтердің айналымдылығы жоғары, сатылатын тауарларға тұрақты сүраныс бар, тұрақты шығындар деңгейі төмен кәсіпорындар үшін тән. Алайда, "КазИнтер" жабық акционерлік қоғамы секілді күрделі қаржыны қажет ететін, қаражаттар айналымдылығы ұзақ мақсатты бағыттағы активтердің үлес салмағының көп болуын қажет ететін кәсіпорындар үшін қарыз қаражаттарының 40-50%-к үлесі оның қаржылық тұрақтылығына кері әсер етеді.