Уйымның төлемқабілеттілігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 08:03, дипломная работа

Описание

Нарықтық экономика кезінде Қазақстан Репсубликасында сатып алушылар, жабдықтаушылар, бәсекелес ұйымдар, мемлекеттік органдар көзқарасында анықсыздылық кең орын алады. Осындай кезеңде кәсіпорындардың қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте үлкен.
Қаржылық талдау қоғамда біреудің қалауы бойынша пайда болған жоқ, ол ұйымның өткен уақыттардағы өндіріс және басқа да көрсеткіштерін салыстырып, одан алдағы уақытта оң нәтижеге, яғни пайда табу мақсатында жетістікке жетуіне байланысты пайда болды. Ұйымның мүліктік жағдайын білмей, оның бұл жағдайына әсер ететін факторларды анықтамай, табыстар мен шығындарды салыстырмай шаруашылықты мөлшерсіз, есепсіз жүргізуге болмайды.

Содержание

іріспе.......................................................................................................................2
Ι бөлім Ұйымдардағы бухгалтерлік есеп жұмысының ұйым дастырылуы
1.1 Ұйымдағы бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы ......................................5
1.2 Ұйымның шаруашылық қызметіне техника-экономикалық сипаттама, есеп саясаты.............................................................................................................9
ΙΙ бөлім Ұйымның активтері мен олардың қалыптасу көздерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау 2.1 Баланс активтерінің құрамы мен құрылымы динамикасын талдау…….............11
2.2 Баланс активтерінің қалыптасу қөздерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау..............................................................................................21
ΙΙΙ бөлім Ұйымның төлем қаблеттілігін талдау
3.1 Баланс өтімділігін талдау................................................................................32
3.2 Ағымдағы және келешектегі төлем қаблеттілікті талдау............................42
Қорытынды.............................................................................................................56
Қосымша.................................................................................................................63

Работа состоит из  1 файл

econ_1332.doc

— 636.50 Кб (Скачать документ)

 

         3.2 Ағымдағы  және  келешектегі төлем қабілеттілікті  талдау

    Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі оның қаржылық тұрақтылығының маңызды бөлімдерінің бірі болып табылады. Сондықтан, экономиканың нарықтық жағдайында оған көп көңіл бөлінеді.

    Арнайы әдебиетте төлем қабілеттілікті анықтаудың әр түрлі көзқарастары бар. Қаржылық талдау бойынша кей жұмыстардың авторлары төлем қабілеттілік ретінде кәсіпорынның өзінің ұзақ мерзімді міндеттемелерін жабу қабілеттілігін түсінеді. Мысалы, Фирманың қызметін қаржылық талдау кітабының авторларының айтуынша: Төлем қабілеттілікті компанияның ұзақ мерзімді міндеттемелерін уақыты келгенде жабу қабілеттілігін анықтау үшін бағалайды.

    Басқа авторлар кәсіпорынның төлем қабілеттілігі ретінде оның тек қысқа мерзімді міндеттемеелрін жабу қабілеттілігі деп түсінеді.

    Ол В.В. Ковалевтың көзқарасы бойынша: Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі — бұл оның өзінің тез өтелуі тиіс барлық міндеттемелері бойынша есеп айырысулар жүргізуге жететіндей ақша қаражаттары мен олардың эквиваленттерінің болуы.

    Бірақ, ол үшін кәсіпорынның төлемдік қаражаттары болуы керек, оларға ең алдымен есеп айырысу, валюталық және басқа да шоттардағы ақша қаражаттар жатады.

    Қарыздарды жабудың әлуетті қаражаты болып дебиторлық борыш табылады: ол қаражаттардың қалыпты айналымдылығы жағдайында ақшаға айналуы тиіс. ,

     Міндеттемелерді өтеудің төлем көздері болып кәсіпорынның тауарлы-материалдық қорлары да болуы мүмкін. Оларды өткізсе, кәсіпорын ақша қаражттар алады.

    Басқаша айтқанда, теория бойынша кәсіпорынның қарыз қаражаттарының жабылуы онда бар барлық ағымдағы активтермен қамтамасыз етіледі. Осыдан, егер, соңғы концепцияға сәйкес, ағымдағы активтер сомасы ағымдағы міндеттемелер сомасын жабатындай мөлшерде болса, бұл кәсіпорын өзінің қарыздарын толығымен жабуға дайын деуге болатын еді. Бірақ, егер кәсіпорын шынымен де өзінің барлық ағымдағы активтерін міндеттемелерін жабуға жіберсе, оның өндірістік қызметі тоқтап қалады, себебі өндіріс қаражттарынан онда тек негізгі құралдар қалады.

    Сондықтан, төлем қабілетті деп барлық міндеттемелерді уақытылы жабатындай, сонымен қатар өндіріс процесін үздіксіз жүргізіп, дайын өнімді өткізе  алатындай  қаражаттары  бар  кәсіпорындарды  айтуға  болады.                Кәсіпорынның  төлем  қабілеттілігін  талдау  ең  алдымен  өтелетін  төлемдер және  кәсіпорындарда бар  және түсетін  қаржаттарды  салыстыру  арқылы жүргізіледі. Төлем қабілеттілік ағымдағы төлем қабілеттілік және келешектегі төлем қабілеттілік болып жеке-жеке талданады.

    Төлем қабілеттілік белгілі бір мерзімге кәсіпорында бар ақша қаржаттар сомасын ең алдымен өтелуге тиіс міндеттмелер сомасына қатынасы арқылы табылатын төлем қабілеттілік коэффициентімен сипатталады. Егер төлем қабілеттілік коэффициенті 1-ге тең келмесе одан көп болса, кәсіпорын төлем қабілетті болып есептеледі. Егер бұл көрсеткіш 1-ден төмен болса, онда талдау барысында төлем қаражаттарының жетіспеушілігінің себептерін анықтау қажет.

    Төлем қаражаттарының  сомасын анықтау мәселесі бойынша көптеген көзқарсатар бар. Төлем қабілетті қаражаттарға ақша қаржаттарды, қысқа мерзімді құнды қағаздарды (себебі оларды өткізіп, ақша қаражттарына айналдыруға болады), өтеледі деген сенім бар дебиторлық борыштың бөлігін апарған дұрыс. Ағымдағы міндеттемелерге ағымдағы пассивтер, яғни өтелуге тиісті міндеттмелер мен қарыздар, банктердің қысқа мерзімді қарыздар, кредиторлық борыш және басқа да пассивтер жатады. Төлем қаражаттарының ағымдағы міндеттемелерден асуы кәсіпорынның төлем қабілетті екендігін білдіреді. Кәсіпорынның төлем қабілетсіздігін есеп айырысу және банктегі басқа да шоттардағы ақша қаражаттардың аздығынан, мерзімі өтіп кеткен банк несиелері, қарыздары, қаржылық органдарға борыштардың бар болуынан, еңбекақы бойынша есеп айырысулар мерзімінің бүзылмауынан және т.б. жағдайлардан көруге болады.

Төлем қабілеттілік деңгейі оны салыстырмалы қысқа  мерзім ішінде талдаған кезде анығырақ көрінеді.

    Есепті кезеңдегі ағымдағы төлем қабілеттілік төлемдік күнтізбе арқылы есептелінуі мүмкін. Бұл күнтізбе негізінде ағымдағы төлем қабілеттілік коэффициенті анықталып, кредитормен, банкімен, қаржылық және басқа да органдармен уақытылы есеп айырысуларды қамтамасыз ететін шаралар әзірленеді. Төлемдік күнтізбе талдамалы есеп мәліметтері, банк көшірмелері, төлемдер мерзімділігі картотекасының, т.б. мөліметтері негізінде құрылады. Мұндай есептеулер күн сайын немесе 3-5 күнде немесе басқа да уақыт аралығында бір рет жүргізілуі мүмкін. Есептеулердің жүргізілу арасы кәсіпорынның төлем қабілеттілігінің жағдайына байланысты. Егер ол тұрақты болса, еспетеулерді сирек жүргізуге болады, ал егер тұрақсыз болса — жиі жүргізу керек. Ағымдағы төлем қабілеттілікті анықтау үшін кәсіпорынның төлем қаражаттары және неғұрлым шұғыл міндеттемелер жайлы мәлімдейтін 6-кестені қарастырайық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   

 

6- кесте 

                                                 Төлем қаражаттарын  ағымдағы  міндеттемелермен салыстыру.

 

Төлем қаражаттар

Сомасы мың  тг

Ағымдығы  міндеттемелер

Сомасы мың  тг

1. Есеп айрысу  шотындағы  ақша қаражаттарының  қалдығы

2.Кассадағы ақша қаражаттарының қалдығы

3.Сатып алушылардың  төленуге тиісті борыштар

 

4. Дебиторлық  борыштар

5.Басқадай  ақша қаражаттары, дебиторлық  борыш

14716

 

277500

 

47293

 

7990

1. Жабдықтаушылармен  есеп айырусылар бойынша борыштар

2. Жұмысшы-қызметкерлер  алдында еңбекақы бойынша борыш

3. Бюджеттен  есеп айырусылар бойынша міндеттемелер

4.  Бюджеттен   тыс төлемдер  бойынша  борыштар

5.  Басқадай  кредиторлық борыш

 

413569

 

23296

 

14434

5077

16208

Барлығы

332938

Барлығы

472584

Ағымдағы  міндеттемелердің  төлем қаражаттарынан артық сомасы

 

139638

Ағымдағы  міндеттемелердің  төлем қаражаттарынан артық сомасы

 

Баланс

472584

Баланс

472584


 

     Кестеден көріп отырғанымыздай, кәсіпорынның талданып 
отырған мезеттегі төлем қабілеттілік коэффициенті — 0,705-ке тең 
болып отыр, яғни бұл кәсіпорын сол кезде өзінің қарыздарының 
70,5% -ын ғана жаба алады, ал қарыздарының қалған 29,5% —ы 
төленбей қалып, уақыты өтіп кеткен борыштар қатарына өтеді, ал 
бұл болса айыппұлдар төлеуге әкеледі, демек кәсіпорны тағы да 
шығындалады. 

    Ағымдағы төлем қабілеттілікті талдаған кезде сандық көрсеткіштерден басқа сандық өлшемдері жоқ, кәсіпорынның қаржылық икемділігіне тәуелді болып сипатталуы мүмкін сапалық көрсеткіштерді де қарастыру керек.

    Қаржылық  икемділік кәсіпорынның күтпеген  жағдайларға байланысты ақша қаражаттар түсуінің тоқтап қалуларға қарсы тұру қабілеті ретінде сипатталады. Бұл әртүрлі көздерден қарыз алып, акционерлік капиталды көбейту, активтерді сату және қайта сату жағдайлардың өзгеруіне қарсы тұру үшін кәсіпорын қызметінің деңгейі мен сипатын өзгерту қабілетін білдіреді.

    Ақша қаражаттарды қарызға алу қабілеті көптеген факторларға байланысты болап, күрт өзгерістерге тән болады. Ол кәсіпорынның табыстылығымен, тұрақтылығымен, салыстырмалы мөлшерімен, саладағы жағдайлармен және капитал құрамы және құрылымымен анықталады. Ең алдымен ол несие нарығының жағдайы мен өзгерістердің бағыттылығы секілді сыртқы факторға тәуелді.

    Ақша  қаражаттар қажет болған жағдайда, несие алу қабілеттілігі олардың маңызды көзі болып саналады, әсіресе, кәсіпорны қысқа мерзімді несиелерін ұзартқысы келеген жағдайда оның маңызы өте үлкне. Алдын-ала келісілген қаржыландыру немесе ашық несие жолдары (кәсіпорынның белгілі бір мерзім ішінде және белгілі бір  шарттар негізінде ала алатын несиесі) қажетті кезде әлуетті қаржыландыруға қарағанда, қаражат алуға қарағанда сенімдірек көздері болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық икемділігін бағалаған кезде, оның артықшылығы бар акцияларының, вексельдерінің және облигацияларының рейтингі; активтерді сатудың шектеулілігі; шығындар кездейсоқтығының деңгейі, сонымен қатар өзгеріп жатқан шарттарға жылдам тітіркену (мысалы, сұранымның түсіп кетуі немесе қамтамасыз ету көздерін жою) қабілетін есепке алу керек.

    Ағымдағы  төлем қабілеттіліктің мағынасы  өте тар, себебі ол келешекке бағытталмаған.

    Нарық  экономикасының теориясы мен тәжірибесінде келешектегі төлем қабілеттілікті терең талдау үшін қолданылатын көптеген көрстекіштер бар. Олардың ішінде ең жиі қолданылатындар: абсолютті өтімділік коэффициенті;

  1. жедел өтімділік коэффициенті;
  2. ағымдағы өтімділік коэффициенті.

    Абсолютті өтімділік коэффициенті ақша қаражаттары және құнды қағаздар сомасының ағымдағы міндеттемелерге қатынасы ретінде табылады. Баланс құру мезетіне кәсіпорынның ағымдағы міндеттемелердің қандай бөлігін жаба алатындығын көрсететді. Бұл көрсеткіштің қалыпты деңгейі 0,2-0,5 ара-лығында болуы тиіс. Бұл  кәсіпорын төлем қабілеттілігінің ең қатаң кри-терийі; ол ағымдағы міндеттемелердің қандай бөлігі дереу жабыла алатынын көрсетеді. Біз қарастырып отырған кәсіпорында бұл көрсеткіш деңгейі жыл басына - 0,05 (14810 : 298017), жыл аяғына - 0,0004 (163 : 472584) құ-рады.    Бұл көрсеткіштің қалыпты мәнінен едәуір төмен. Кәсіпорны жыл аяғында ағымдағы активтерінің тек ақша қаражатымен ағымдағы міндеттеме-лердің тек 0,04%-ын ғана жаба алады.

    Жедел өтімділік коэффициентін (аралық жабу коэффициенті) есептеу үшін жоғарыдағы көрстекіштің алымына ақша қаражаттарымен бірге дебиторлық борыш және басқа да активтер қосылады. Ол кәсіпорынның дебиторлармен есеп айырысуларды уақытылы жүргізгендігі болжамалы төлемдік мүмкіншіліктерін көрсетеді, яғни ағымдағы міндеттемелердің қандай бөлігінің ақша қаражаттар есебінен ғана емес, сонымен қатар жөнелтілген өнім, істелген жұмыс, көрстеілген қызмет үшін күтілетін төлемдер есебінен жабылуы мүмкін екендігін сипаттайды.

    Айналым қаражаттарының ең өтімді бөлігінің ағымдағы міндеттемелерге қатынасын сипаттайтын бұл көрстекіштің есептелінуі айналым қаражаттарының жеке категорияларының өтімділіктерінің әртүрлілігіне байланысты қажеттіліктен туындайды, егер, мысалы, ақша қаражаттар ағымдағы міндеттемелерді жабудың тікелей көздері болып табылса, тауарлы-материалдық қорлар бұл мақсатта тек оларды өткізгеннен кейін ғана пайдаланылады.

     Бұл коэффициенттің қалыпты мәні 1-ден жоғары немесе тең. Жедел өтімділік коэффициенті көсіпорынның дебиторлық борышының бір айналымдылығын орташа ұзақтығына тең мерзімге күтілетін төлем қабілеттілігін сипаттайды. Талданып отырған кәсіпорында бұл көрстекіштің мәні жыл басында - 0,69 ((14810 + 190326) : 298017), жыл аяғында - 0,72 ((163 + 339576) : 472584) санын құрады. Бұдан шығатын қорытынды кәсіпорынның ақша қаражаттары мен төленеді деп есептелген дебиторлық борыштары ұйымның ағымдағы міндеттемелерін жаба алмайды.

    Ағымдағы өтімділік коэффициенті барлық ағымадағы активтердің (алдағы кезең шығындарынан басқа) ағымдағы міндеттемелерге қатынасын көрсетеді. Ол ағымдағы активтердің ағымдағы міндеттемелерді қандай уақытта жаба алатынын анықтауға мүмкіндік береді де, дебиторлардың уақытылы есеп айырысуы мен дайын өнімдердің жақсы өтуі ғана емес, сонымен қатар қажет кезде материалдық айналым қаражаттарының басқа да элементтерінің сатылу шартымен бағаланатын кәсіпорындардың төлемдік мүмкіншіліктерін көрсетеді.

Ағымдағы  өтімділік коэффициенті өтімді қаражаттар сомасы ағымдағы міндеттемелердің сомасын  жаба алатындығын анықтауға мүмкіндік береді де, кәсіпорынның баланс құрылымының тұрақтылық деңгейі мен оның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін уақытылы жабу қабілетін көрсетеді. Экономикасы дамыған елдерде кәсіпорынның ағымдағы өтімділігін анықтаған кезде, бұл көрсеткішке ерекше көңіл бөлінеді. Оның көп қолдануының себептері мынада:

- біріншеден, ол ағымдағы активтердің ағымдағы  пассивтерді жабудың деңгейін көрсетеді. Бұл көрсеткіш мөлшері неғұрлым жоғары болса, соғұрлым кэсіпорынның қысқа мерзімді міндеттемелері бойынша есеп айырыса алатынына сенім көп;

- екіншіден,  ағымдағы активтердің ағымдағы  пассивтерден асуы ағымдағы активтерді сатқанда немесе есептен шығарғанда (ақша қаражаттарынан басқа) кәсіпорынның зиян шегуіне жол бермейді. Бұл ағымдағы активтердің ағымдағы пассивтерден асу сомасы неғұрлым көп болса, соғұрлым осы кәсіпорынды қаржылындыру кредиторлар үшін тиімді. Шет елдерде бұл соманы жұмыс капиталы немесе қаржылық-пайдалану капиталы деп атайды.

    Ағымдағы өтімділік коэффициентінің мәні өндіріс сипатына байланысты толқымалы болады. Оның деңгейіне жөнелтілген тауарлар мен көрсетілген қызметтер бойынша есеп айырысулар түрлері, өндірістік циклінің ұзақтығы, тауарлы-материалдық қорларының құрылымы және тағыда басқа факторлар әсер етеді. Бұл көрсеткіштің қалыпты мәні 2-ден кіші болмауы тиіс. Бұл шектеу кәсіпорынның өтімді активтерге деген оптималды қажеттілігі олар ағымдағы міндеттемелерден 2 есе көп болатындай деңгейде болуын көрсетеді. Ағымдағы өтімділік коэффициенті кәсіпорындағы барлық айналым қаражаттарының бір айналымының ұзақтылығымен бірдей мерзімге оның төлем қабілеттілігін сипаттайды. Бұл көрсеткіштің қалыпты деңгейі жайлы бақа да көзқарастар бар; ол 1 мен 3 аралығында болуы тиіс. Төменгі шектеу ағымдағы активтер ең болмаса ағымдағы міндеттемелерді жабатындай болу керектігімен түсіндіріледі, әйтпесе кәсіпорынның төлемі қабілетсіз болады. Ол ағымдағы активтердің ағымдағы міндеттемелерден 2 еседен көп асуы кәсіпорын үшін қалаусыз болып есептеледі, себебі мұндай жағдай кәсіпорын қаражаттарының тиімсіз таратылып, тиімсіз пайдаланып жатқандығын білдіреді.

Информация о работе Уйымның төлемқабілеттілігі