Қазақстан республикасындағы жер қойнауын пайдаланушылырдың салықтары мен ставкалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 10:42, курсовая работа

Описание

Нарықтық экономика мен мемлекеттің салық саясатының негізгі мақсаты- бюджеттің кіріс бөлігін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету болып табылады.
Салық саясатының басты мақсаты- салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіндік беретін салық механизмін іске асыру.
Салық жүйесі өз алдына сала болып қалыптасуы үшін, біршама қиындықтарды бастан кешіре отырып, көптеген өзгерістер мен толықтырулар жасалынып, қазіргі кезде тұрақты жүйеге түсті.

Содержание

Кіріспе

I Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен төлемдерінің экономикалық мәні
1.2. Қазақстан Республикасының Салық жүйесі
1.2. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтарының экономикалық мәні

II Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен төлемдерін төлеу және ресімдеу тәртібі
2.1 Жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдері бонустарды төлеу мерзімі
мен ресмдеу әдістері
2.2 Жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдері роялтиді төлеу мерзімі
мен ресмдеу әдістері
2.3 Жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдері өнiмдi бөлу бойынша
Қазақстан Республикасының үлесi
2.4 Жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдері келiсiм-шарт бойынша
жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемiy
төлеу мерзімі мен ресмдеу әдістері
2.5 Жер қойнауын пайдаланушылардың үстеме пайда салығы

III Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен төлемдерін жүзеге асырудағы қазіргі кездегі жетілдіру жолдары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

курсовая 1.doc

— 216.50 Кб (Скачать документ)

      313-1. Өтелмейтiн шығындардың құрамы

      Өтемдiк өнiм есебiнен өтелмейтiн шығындарға мынадай шығын түрлерi:
      1) өнiмдi бөлу шарттарына орай жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған инвестициялық бағдарламалар конкурсына қатысуға жарна төлеу бойынша;
      2) геологиялық ақпаратты сатып алу бойынша;
      3) келiсiмде шектеулер, оның iшiнде әкiмшiлiк шығыстар белгiленген шығындарды арттыру бөлiгiндегi баптар бойынша;
      4) қоршаған ортаға белгiленген лимиттерден тыс эмиссия үшiн ақы төлеу бойынша;
      5) жер қойнауын пайдаланушыға тиесілі өтемдiк өнiм мен пайда түсiретiн өнiмдер үлесiн жеткiзіп беру (бөлу) пунктінен өткiзу пунктiне дейiн жеткiзуге арналған шығындарды, тасымалдау кезiндегi шығындарды, өнiмдi межелi жерге дейiн тасымалдау кезiнде сақтандыруға арналған шығындарды, комиссиялық және өзге де шығындарды қоса алғанда, осы өнiмдi өткiзуге байланысты;
      6) акционерлердің (құрылтайшылардың) талабы бойынша жүзеге асырылған қаржы-шаруашылық қызметтi тексеруге (аудитке) байланысты;
      7) жер қойнауын пайдаланушының келiсiм-шартта белгiленген өз мiндеттемелерiн, соның iшiнде Қазақстаннан қамтылуға тиiс мiндеттемелерiн орындамауына немесе тиiсiнше орындамауына байланысты туындаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарын бұзғандықтан шеккен шығындары жатады. Қазақстаннан қамтылуға тиiс деп мiндеттi түрде келiсім-шартқа енгізiлуге тиiстi және құзыреттi органмен бiрлесе отырып тиiстi мемлекеттiк органдар растайтын әдiстемелер бойынша есептелетін, жылдар бойынша көлемдерi қайта бөлінуі мүмкiн:
      қазақстандық кадрлардың міндеттi оқу бағдарламаларын iске асыру және бiлiктiлiгiн арттыру жағдайына қарай жыл сайын саны азаюға тиiс, әр санат бойынша шетелдiк персоналмен арақатысының жеке проценттiк ұмтылу құрамы көрсетiле отырып, персонал санаттары бойынша бөлiнетiн келiсiм-шартты орындау кезiнде жұмыс iстеген қазақстандық кадрлардың;
      тiкелей сондай-ақ қосалқы мердiгерлiк шарттар жасасу арқылы сатып алынатын, Қазақстаннан шыққан тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң проценттiк қамтылуы түсінiледi.
      Бұл ретте Қазақстанда шығарылған деп тауарларды, жұмыстарды, қызметтер көрсетудi тікелей Қазақстан Республикасының аумағында өндiру (орындау) танылады;
      8) экскурсиялар мен саяхаттарға арналған жолдамалардың құнына ақы төлеуге байланысты;
      9) кредит (заем) және заем қаражаттарын пайдалану үшін сыйақыларды төлеу, сондай-ақ заем қаражатын тартуға және пайдалануға байланысты комиссиялық төлемдер және басқа да шығыстар;
      10) технологиялар мен техника қауiпсіздігінің сақталмауы нәтижесінде жер қойнауын пайдаланушының кінәсінен жол берiлген авариялар салдарынан келтірілген залалдар;
      11) әлеуметтік жобалар бойынша шығындар;
      12) қызметкерлердi epiкті сақтандыру бойынша шығыстар;
      13) coт талқылауларына байланысты шеккен шығындар;
      14) жер қойнауын пайдаланушыдан мемлекеттік органдар алатын айыппұлдар мен өсімпұлдар;
      15) қызметкерлердің Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген жеке тұтынуына арналған шығыстарды төлеуге байланысты шығындар;
      16) жер қойнауын пайдаланғаны үшін тіркелген бiржолғы төлемдеp немece коммерциялық табу бонустары;
      17) төленген салықтар және бюджетке төленетін міндетті төлемдер;
      18) (алып тасталды)
      19) келісім-шарт бойынша қызметке тікелей қатысы жоқ басқа да шығындар жатады.
      

Жер қойнауын пайдаланушының шығындарын
                өтеу тәртiбi

      1. Жер қойнауын пайдаланушының шығындарын өтеу өнiмде бөлу туралы келісiм-шартта белгіленген ерекшелiктер ескеріле отырып, осы бапта айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
      2. Жер қойнауын пайдаланушыға шығындарды өтеу пайдалы қазбаларды сынамалық пайдалану және (нeмece) коммерциялық мақсатта өндiру (бұдан әрi - коммерциялық өндiру) басталған кезден бастап өтемдiк өнiмнің шекті үлесiнен аспайтын мөлшерде жүзеге асырылады. Бұл peттe өз қажеттерi үшін өндіруге жатпайтын пайдалы қазбалар өндіру коммерциялық өндіру болып табылады.
      3. Өтемдік өнімнiң шектi үлесі қазылатын кен орнының экономикалық құндылығы ескеріле отырып, өнімді бөлу туралы әрбір келісім-шарт бойынша жеке белгіленедi және олар:
      жобаның өзін-өзi өтеуіне жеткенге дейінгі кезеңде - салық кезеңi ішінде жер қойнауын  пайдаланушы өндірген пайдалы қазбалардың жалпы көлемiнiң жетпiс бес процентiнен аспауға;
      кейінгі кезеңдерде - елу процентiнен аспауға тиіс.
      4. Әрбiр кен орны бойынша шығындарды өтеу келісім-шарт аумағында өндірілген барлық өтемдік өнiм есебiнен жүзеге асырылады.
      5. Салық кезеңiнің аяғында өтелмеген, өтелетiн шығындардың қалдығы:
      салық кезеңiнің басында жер қойнауын пайдаланушыға өтелмеген, өтелетін шығындар,   қосу

      салық кезеңі ішінде жер қойнауын пайдаланушы жүргізген өтелетiн шығындар,
      алу

     салық кезеңінде жер қойнауын пайдаланушыға өтелген, өтелетін шығындар ретінде айқындалады.
      6. Егер салық кезеңінiң басында өтелетін шығындардың және көрсетілген салық кезеңінде шеккен өтелетін шығындардың қалдықтары сомасына тең өтемдік өнімнің мөлшері өнімді бөлу туралы келісім-шартта белгiленген өтемдік өнімнің тиісті шекті үлесінен аз болса, онда көрсетілген кезеңде өтелетін шығындардың қалдығы толық көлемде өтеледі.

      313-3-бап. Өтемдiк және пайда түсiретiн өнiм есебi

      1. Жер қойнауын пайдаланушы өтемдiк және пайдалы өнiм есебiн ұлттық валютамен және осы Кодексте белгiленген салық есебi ережелерiне сәйкес осы баптың ережелерiн ескере отырып жүргiзедi.
      2. Жер қойнауын пайдаланушы өтемдiк өнiм есебiн жүргiзудi бiр шығынның өтемдiк өнiмде екi рет көрсетiлуiн болдырмайтындай түрде қамтамасыз етуге тиiс.
      Ескерту. 313-3-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2004.12.13. N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      313-4-бап. Өндiрiлген өнiм құнын есептеу

      1. Өндiрiлген өнiм құны бөлу нүктесiнде белгiленедi және әрбiр есептiк кезең үшiн өндiрiлген өнiмнiң бөлу нүктесiнде өлшенген және тоннамен көрсетiлген көлемiнiң осындай есептiлiк кезеңi iшiнде бөлу нүктесiнде өткiзудiң орташа бағасына көбейтiндiсi ретiнде айқындалады. Өнiмдi бөлу нүктесi жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шартта айқындалады.
      2. Өнiмдi өткiзудiң орташа бағасы аталған өнiмдi өткiзумен байланысты және осы Кодекстiң 313-1-бабының 5) тармақшасына сәйкес есептiлiк кезеңде өтелетiн шығыстарға қосылмаған шығыстар алынған есептiлiк кезеңде жанама салықтар ескерiлмей, өнiмдi өткiзуден түскен табыстың есептiлiк кезеңде өткiзiлген өнiмнiң тиiстi жалпы көлемiне бөлiнген жалпы сомасын бiлдiредi.
      3. Есептiлiк кезеңде өнiмдi өткiзу толығымен болмаған кезде өнiм соңғы өткiзiлген есептiлiк кезеңдегi өнiмдi өткiзудiң орташа бағасы кейiннен түзетiле отырып, өнiмдi өткiзудiң орташа бағасы ретiнде алынады.
      4. Өндiрiлген өнiм құны Қазақстан Республикасының трансферттiк бағаларды қолдану кезiндегi мемлекеттiк бақылау жөнiндегi заңдарына сәйкес түзетуге жатқызылуы мүмкiн.
      Өндiрiлген өнiм құнын түзету осы Кодекстiң 312-1-бабының 3-тармағында айқындалған триггерлер мәнiнiң өзгеруiне алып келген жағдайда Қазақстан Республикасының өнiмдi бөлу бойынша үлесiнiң және қызметiн өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемiнiң мөлшерi де түзетiлуi тиiс.
 

Салық кезеңi      Өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасы үлесiнiң төлемдерi бойынша салық кезеңi күнтiзбелiк ай болып табылады.               

Pecпубликасының үлесiн төлеу мерзiмi

      Өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесi салық кезеңiнен кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрiлмей төленедi.
Салық декларациясы

      Өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесi жөнiндегi декларацияны жер қойнауын пайдаланушы тiркелген жерi бойынша салық органына салық кезеңiнен кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей табыс етедi.
 

2.4 Жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдері келiсiм-шарт бойынша
жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемiy төлеу мерзімі мен ресмдеу әдістері

 

Қызметiн өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт бойынша
жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемi

Төлеушiлер

      Өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт жасасқан жер қойнауын пайдаланушылар қызметiн өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемiн төлеушiлер болып табылады.

Қызметiн өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт
                 бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын
                 пайдаланушының қосымша төлемiн есептеу
                 тәртiбi

      1. Өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шартты орындау кезiнде мемлекет түсiмдерiнiң үлесi әрбiр салық кезеңiнде өндiру басталған кезден салынған инвестициялар қайтарылған кезге дейiн өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шартта белгiленген мәннiң бес процентiнен он процентiне дейiнгiден кем болмауға және жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңiнде, келесi кезеңдерде алған өнiм көлемiнiң қырық процентiнен кем болмауға тиiс.
      2. Осы баптың мақсаттары үшін мемлекет түсімдерінің үлесі жер қойнауын пайдаланушының салық кезеңі ішіндегі өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесi, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер болып табылатын, орындалған салықтық мiндеттемелерiн бiлдiредi.
      Мемлекет түсiмдерiнiң үлесi қосылған құн салығын және жер қойнауын пайдаланушы оларға қатысты салық агентi ретiнде әрекет ететiн салықтарды қамтымайды.
      3. Егер қайсыбiр салық кезеңiнiң қорытындылары бойынша түсiмдер сомасы осы баптың 1-тармағында көрсетiлген мәннен кем болып шықса, тиiстi айырманы жер қойнауын пайдаланушы бюджетке Қазақстан Республикасы үлесiнiң шотына осы

Салық кезеңi

      Күнтiзбелiк жыл қызметiн өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемi жөнiндегi салық кезеңi болып табылады.

Қызметiн өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт
                 бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын
                 пайдаланушының қосымша төлемдi төлеу мерзiмi

      Қызметiн өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемi декларацияны табыс ету мерзiмi басталғаннан кейiн он бес күннен кешіктiрiлмей төленедi.

Салық декларациясы

      Қызметiн өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемi жөнiндегi декларацияны жер қойнауын пайдаланушы тiркелген жерi бойынша салық органына осы Кодекстiң 137-бабында белгіленген мерзiмде табыс етедi.

 

2.5 Жер қойнауын пайдаланушылардың үстеме пайда салығы

      Төлеушiлер

      Өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарттар, кең таралған пайдалы қазбалар мен жерасты суларын өндіруге, сондай-ақ барлау мен өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және пайдалануға жасалған келiсiм-шарттар бойынша қызметтi жүзеге асыратындарды қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушылар осы келiсiм-шарттар пайдалы қазбалардың басқа түрлерiн өндiрудi көздемеген жағдайда, үстеме пайдаға салық төлеушiлер болып табылады.
Салық салу объектiсi

      Жер қойнауын пайдаланушының жинақталған табыстардың жинақталған шығыстарға қатынасы 1,2-ден жоғары болған салық кезеңiндегi әрбiр жекелеген келiсiм-шарт бойынша таза табысының бір бөлiгi үстеме табысқа салық салу объектiсi болып табылады. 
Салық базасы 

      Жер қойнауын пайдаланушының салық кезеңiндегi әрбiр жекелеген келiсiм-шарт бойынша таза табысының салық кезеңiнiң аяғына көзделген шегерiмдер сомасының 20 процентiнен асатын бөлiгі салық базасы болып табылады.
      Осы бөлiмнiң мақсаттары үшiн таза табыс салық салынатын табыс және корпорациялық табыс салығы, сондай-ақ резидент еместiң тұрақты мекемесiнiң таза табысына салынатын салық арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
      Салық базасы қазақстандық кадрларды оқытуға iс жүзiнде жұмсалған шығындардың және (немесе) тiркелген активтер өсiмiнiң сомасына түзетiледi, бiрақ ол салық базасының он процентiнен аспауға тиiс.
      Есептеу тәртiбi 

      1. Салық кезеңi iшiнде үстеме пайда салығын есептеу осы Кодекстiң 306-1-бабына сәйкес айқындалатын салық базасына осы Кодекстiң 308-бабында белгiленген ставканы түзетулер ескерiле отырып қолдану арқылы жүргiзiледi.
      2. Жинақталған табыстар жер қойнауын пайдаланушының келiсiм-шарт жасалған күннен бастап алған жиынтық жылдық табысының сомасы ретiнде айқындалады.
      3. Жинақталған шығыстар осы Кодекстiң 306-1-бабына сәйкес салық базасын түзететiн шығыстар сомасын қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушының келiсiм-шарт жасалған күннен бастап шегерiмге жатқызылатын шығыстарының сомасы ретiнде айқындалады.
      Ескерту. 307-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2004.12.13. N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

Кесте №7

      Үстеме пайда салығы мынадай мөлшерлерде белгiленедi:

________________________________________
Жинақталған табыстардың   | Ставкасы
жинақталған шығыстарға    |
қатынасының алынған мәнi  |
__________________________|_____________
 1,2-ден кем                 0 процент
 1,2-ден 1,3-кe дейiн       10 процент
 1,3-тен 1,4-кe дейiн       20 процент
 1,4-тен 1,5-кe дейiн       30 процент
 1,5-тен 1,6-ға дейiн       40 процент
 1,6-дан 1,7-гe дейiн       50 процент
 1,7-ден жоғары             60 процент
_________________________________________
Салық кезеңі күнтiзбелiк жыл болып табылады

Салық төлеу мерзімі

      Үстеме пайда салығы салық кезеңінен кейінгі жылдың 15 сәуірінен кешіктірілмей төленеді.

 Салық декларациясы Yстеме пайда салығы жөнiндегi декларацияны жер қойнауын пайдаланушы тiркелген жерi бойынша салық органына салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 10 сәуiрiнен кешiктiрмей табыс етедi.

 

 

 

 

III Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен төлемдерін жүзеге асырудағы қазіргі кездегі жетілдіру жолдары 

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстан халдқының әл ауқатын аттырумемлекеттік саясаттың басты мақсаты» - Макроэкономикалық саясаттың басымдықтары туралы. Былай делінген:

Үкімет, Ұлттық банк, Қаржылық бақылау агенттігі мемлекеттің қаржылық тұрақсыздық қатерлеріне қарсы жүйелі де жедел іс-қимылдар жасауының ықпалды тетігін қалыптастырып, халықаралық рыноктардың Қазақстан экономикасына деген сенімін нығайтуы керек. Салық жүйесін Қазақстанның жаңа сатыдағы дамуының міндеттерімен сәйкестендіру қажет.

Қолданыстағы Салық кодексі экономикалық өсуде оң рөл атқарды, дегенмен, қазіргі кезде оның әлеуеті іс жүзінде таусылды. Кодексте үнемі және жүйесіз өсіп отыратын 170-тен астам жеңілдіктер мен преференциялар бар.

Үкіметтің жаңа Салық кодексін әзірлеуі қажет. Ол экономиканы жаңғыртуға, әртараптандыруға және бизнестің “көлеңкеден” шығуына жағдай жасауға тиіс.

Жаңа Кодекс салық қызметтерінің оның нормаларын өз қалауларынша түсіндірулерінен қорғайтындай, әкімшілендіру сапасы мен салық төлеушілер мүдделері үйлесетіндей тікелей іс-әрекет ету заңы сипатына ие болуы керек.

Бірақ, ең бастысы, ол экономиканың шикізаттық емес секторы, әсіресе, шағын және орта бизнес үшін жалпы салықтық ауыртпалықтардың төмендетілуін қарастыруы керек. Бюджеттің күтілетін шығындарының орны өндіруші сектордың экономикалық қайтарымын арттыру есебінен өтелуі тиіс.

Информация о работе Қазақстан республикасындағы жер қойнауын пайдаланушылырдың салықтары мен ставкалары