Қазақстан республикасындағы жер қойнауын пайдаланушылырдың салықтары мен ставкалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 10:42, курсовая работа

Описание

Нарықтық экономика мен мемлекеттің салық саясатының негізгі мақсаты- бюджеттің кіріс бөлігін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету болып табылады.
Салық саясатының басты мақсаты- салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіндік беретін салық механизмін іске асыру.
Салық жүйесі өз алдына сала болып қалыптасуы үшін, біршама қиындықтарды бастан кешіре отырып, көптеген өзгерістер мен толықтырулар жасалынып, қазіргі кезде тұрақты жүйеге түсті.

Содержание

Кіріспе

I Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен төлемдерінің экономикалық мәні
1.2. Қазақстан Республикасының Салық жүйесі
1.2. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтарының экономикалық мәні

II Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен төлемдерін төлеу және ресімдеу тәртібі
2.1 Жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдері бонустарды төлеу мерзімі
мен ресмдеу әдістері
2.2 Жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдері роялтиді төлеу мерзімі
мен ресмдеу әдістері
2.3 Жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдері өнiмдi бөлу бойынша
Қазақстан Республикасының үлесi
2.4 Жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдері келiсiм-шарт бойынша
жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемiy
төлеу мерзімі мен ресмдеу әдістері
2.5 Жер қойнауын пайдаланушылардың үстеме пайда салығы

III Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен төлемдерін жүзеге асырудағы қазіргі кездегі жетілдіру жолдары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

курсовая 1.doc

— 216.50 Кб (Скачать документ)

ҚР Парламенті Мәжілісінде жаңа өтіп, құжаттағы негізгі жаңалықтар бойынша Салық кодексі жобасының таныстырылымы болып, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов баяндама жасады

2008 жылдың Қыркүйектің 8-інде ҚР Парламенті Мәжілісінде жаңа Салық кодексі жобасының таныстырылымы болып өтті.

Салық кодексінің жобасы Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес әзірленіп, ол бойынша экономиканы жаңғырту мен әртараптандыруға, бизнестің «көлеңкеден» шығуына ықпал еткізу шаралары қамтылып отыр. Осыған орай Үкімет тарапынан әзірленген жаңа Салық кодексінің жобасымен тікелей әсер ету заңының қағидаттарын енгізу, өңдеуші сектордың түсімдерін арттыра отырып, экономиканың шикізаттық емес секторына ауыртпалықты төмендету, салықтық әкімшілендіру жүйесін жетілдіру көзделеді.

Жобадағы негізгі жаңалықтар бойынша баяндама жасаған Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, Кодексте салық салу барысында туындайтын мәселелермен айналысатын Консультациялық кеңес құру қарастырылған. Бұл кеңесті ҚР Премьер-Министрі басқаратын болады. «Кеңестің негізгі жұмысы салықтық міндеттемелерді атқару барысында туындайтын айқын емес, нақтыланбаған тұстарды және қайшылықтарды жою мәселелерін жедел шешу. Сондай-ақ, салық төлеуден жалтарудың болуы мүмкін жолдарын кесу жұмыстары да аталған кеңес тарапынан жүргізіледі», деді министр. Оның сөзіне қарағанда, жаңа Салық кодексін қабылдау экономиканың тұрақты дамуына, әртараптануына жағдай жасап, «көлеңкелі» секторды барынша қысқартуға септігін тигізетін болады.

2009 жылы қосымша құн салығының ставкасы 12 пайызға тең мөлшерде болады. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінде жаңа Салық кодексі жобасының таныстырылымы барысында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті. «Бұл көрсеткіштің өзінен қазақстандық қосымша құн салығы ставкасының әлемдегі стандартты салықтар арасындағы ең төменгі деңгейдің бірі болатынын көруге болады. Бұнымен қоса, жобада қазіргі жеңілдіктер жиынтығының орнына есепке жатқызылған қосымша құн салығы есептелгеннен асып кету сомасын автоматты түрде бірыңғай қайтару енгізіледі. Ал 2012 жылы тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде дебетті сальдоны автоматты түрде қайтару жүйесін толық енгізу көзделеді», деді Б. Сұлтанов. Сонымен бірге, Қазақстанда шығарылмайтын қондырғыларға, жабдықтарға қатысты жеңілдіктер 2012 жылға дейін сақталатын болады.

Жобаны таныстыру барысында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов 2009 жылы Қазақстанда өндірілетін жалпы мұнайдың 44 млн. тоннаға жуығына Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық бойынша салық салынатындығын хабарлады.

Министрдің баяндамасынан кейінгі сауалдар барысында депутат Кенжеғали Сағадиев жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын салық жүктемесі бойынша қамтылған негізгі өзгерістерге назар аудартты. «Қазақстанда биыл шамамен алғанда 70 млн. тоннаға жуық мұнай өндірілді. Келесі жылы да осы шамалас өнім өндіріледі деп күтілуде. Осы тұрғыдан алғанда елде өндірілетін мұнайдың қаншалықты бөлігіне салық салынады? Өйткені, бұл салық ауыртпалығынан Өнімді бөлу туралы келісім шартын жасасқандар, «ТШО» секілді ірі жер пайдаланушылар құтылып отыр ғой», деді депутат К. Сағадиев.

Депутат сауалына жауап бере отырып министр Б. Сұлтанов, алдын ала болжамдарға да тоқталды. «2009 жылы Қазақстанда өндірілген жалпы мұнайдың 44 млн. тоннаға жуығына Пайдалы қазбалар өндіруге салынатын салық бойынша салық салынады. Жалпы алғанда салық кодексінде қамтылған өзгерістер нәтижесінде мұнай саласындағы жерді пайдаланушылар үшін салық ауыртпашылығы коэффицентін 49 пайыздан 62 пайызға дейін арттыруға мүмкіндік бар», деді Б. Сұлтанов.

Жаңа Салық кодексі жобасының таныстырылымы барысында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов 2009 жылы Қазақстанда 72 млн. тоннаға жуық мұнай мен газ конденсаты өндіріледі деп болжанып отырғандығын айтты.

Министрдің айтуынша, келесі жылы жер қойнауынан алынатын мұнай мен газ конденсаттарының көлемі биылғы жылғы көрсеткішпен салыстырғанда соншалықты қомақты болмайды. «Биылғы жылы шамамен 70 млн. тоннаға жуық мұнай өндірілсе, келесі жылы Қазақстанда өндірілетін мұнай мен газ конденсатының көлемі 72 млн. тонна шамасында болжанады. Жалпы қазіргі кезең Қазақстан үшін дайындық жылы болғандықтан да мұнай-газ өндірудің көлемі айтарлықтай өзгермейді. Біздегі ауқымды мұнай өндіру көрсеткіші 2012 жылға қарай күтіледі», деді министр

Қазақстан үкіметі жаңа Салық кодексінде әлеуметтік салықты 11% деңгейінде белгілеуді ұсынуда. Бұл туралы республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың қатысуымен өткен "Салық салуды реформалаудың басты бағыттары" атты дөңгелек үстелде таратылған материалдарда айтылған, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Әлеуметтік салықты 11% мөлшерінде белгілеу ұсынылған, ал қолданыстағы заңнамада ол 5 - 13% тең. Әлеуметтік салық сомасы мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылатын мөлшерге азайтылып отыратынын ескергенде, бюджетке аударылатын нақты әлеуметтік салық ставкасы 2009 жылы 7%-ға, 2010 жылы 6%-ға тең болмақ,- деді еліміздің экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов.

Жаңа Салық кодексін қабылдау экономиканың тұрақты дамуына және әртараптануына жағдай жасайды, экономиканың көлеңке секторын қысқартуды қамтамасыз етеді, Қазақстанның инвестициялық климатын жақсартады, ол елге капитал ағымын ықпал етеді және экономиканың шикізаттық емес секторына салықтық жүктемені төмендетуге мүмкіндік береді. Салық кодексін тікелей қолданылатын заңның принциптеріне сәйкес келтіру, салық органдары әрекеттерін терең регламенттеу, салықтық бақылау жүйесін құру салықтық жүйесінің сыбайлас жемқорлығын азайтуға мүмкіндік береді және салық органдары мен салық төлеушілердің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді.

Бұл заңнан мемлекеттің ұтатыны – салық салудың тәртібін жеңілдету нәтижесінде кәсіпкерліктің дамуына серпін береді. Жеке меншік секторға пайдалы жағы – айналымдағы қаржылары салықтан босап, салық есепте­месі жеңілдетіледі. Онымен бірге, жеке меншік бизнес те анағұрлым жеңілдетілген салық жүйесімен өмір сүреді. Яғни салық органдарында сағаттап кезек күтпей, уақытының көп бөлігін өз шаруасына бөледі деген сөз.

Жаңа жоба салықты әкімшіліктендіру бағытында да жақсы нәтиже­лерге қол жеткізеді. Өйткені былай алып қарасақ, біз салық салуды, оның есептелуін және салық төлеудің тәртібін жеңілдету арқылы салық органдарының қызметін же­тілдіреміз. Атап айтар болсақ, ақпараттық жүйелер дамиды. Мұның нәтижесінде, әкімшіліктендіру жүйесі де жаңа­рады деген сөз.

Қандай да бір себептермен енгізілмей қалған нормалар бар. Бұл жерде әңгіме бір жағынан мемлекет және екінші жағынан кәсіпкерлік қауымдастық ұсынған нормалар туралы болып отыр. Оны тарқатып айтар болсам, мемлекет өз тарапынан салықтық бақылауды күшейтуге бағытталған іс-әрекеттерді жүзеге асыруды ұсынды. Бірақ жаңа заңның жобасын сараптау барысында ондай бақылаудың күшеюі кәсіпкерліктің өркендеуіне кедергі келтіретіндіктен ондай өзгерісті қабылдамауға шешім шығарылды. Ал кәсіпкерлік қауымдастықтың ұсынғаны – жекелеген субъектілерге салықтық жеңілдіктер беру. Жаңа кодекстің тұжырымдамасының өзі жалпы салықтардың салмағын төмендетуге бағытталғандықтан бұл ұсыныс та енгізілген жоқ. Бұған дейін әртүрлі санаттағы салық төлеушілерге қолданылып келген жекелеген салық жеңілдіктеріне қатысты нормалар мақұлданған жоқ.

Жаңа кодексті әзірлеуге Үкіметке бар жоғы алты ай уақыт берілгендігімен талқылағанда жұмыс тобына Парламент депутаттары көбірек тартылды. Яғни олардың заң жобасын жан-жақты қарап, өздерінің ой-пікірлерін, ескертулерін айтуға көп мүмкіндік берілді. Оның Мәжілістегі қаралуына екі ай уақыт берілді. Уақыттың аздығы депутаттардың ұсыныстар жасауына кедергі келтіруі мүмкін. Алайда мәжілісшілер қазір аса жоғары құлшыныспен бұл заңды қарап жатыр. Жұмыс тобының мүшелері күн сайын отырыс өткізеді. Барлық тараптардың ұсыныстары назардан тыс қалмауы тиіс. Осындай қызу тірліктің нәтижесінде мемлекеттің де, кәсіпкерлік қауымдастықтың да көңілінен шығатын заң дүниеге келуі керек.

Батыс Еуропада, АҚШ-та салық жүйесі жақсы дамығандықтан, олардың тәжірибесіне көбірек үңілді Бұл жобаны дайындау кезінде Дүниежүзілік банктің, Еуропалық Одақтың, ЮСАИД-тің, Халықаралық инвестициялық салық орталығының сарапшы-мамандары шақырылып, қол ұшын берді. Олармен қоян-қолтық жұмыс істелді. Бұл жерде айта кетейін, Салық кодексінің жаңа жобасы қазіргі кезде әлемнің өркениетті елдері қолданып отырған Батыстағы салық жүйесінің барлық жақсы жақтарын қамтыды.

Ең бастысы, қазіргі кезде кәсіпкерліктің алдында тұрған ең үлкен әкімшілік кедергі – салық есептілігінің шамадан тыс болуы. Бұл бағытта үлкен-үлкен шаралар жүзеге асырылды. Салықтың негізгі түрлері бойынша салық есептілігі барынша қысқартылды. Жаңа кодексте салық есептілігін берудің біртұтас мерзімі қарастырылып отыр. Яғни салық төлеудің жалпыға ортақ мерзімін бір айға дейін ұзарттық деуге болады.

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

      Пайдалы қазбалар өндiрудi жер қойнауын пайдалануға келiсiм-шарт жасалғанға дейін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдаланғаны үшiн республикалық бюджеттің кiрiсiне Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн мөлшерде роялти түрiнде аударымдар жасайды.

      Салық сараптамасы жүргізілген күн мен өнімді бөлу туралы келісім-шартқа қол қойылған күн аралығындағы кезеңде Қазақстан Республикасының салық заңдары өзгерген жағдайда қайтадан сараптама жүргізіле отырып, салық режимi осы өзгерістерге сәйкес келтірілуге тиiс.

     Жер қойнауын пайдалануға жасалған келiсiм-шарттардың салық режимiнiң үлгiлерi

      Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу келiсiм-шарттардың негiзгi түрлерiне қарай екi үлгiге бөлiнедi:

      1) бiрiншi үлгi, өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесін қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушының осы Кодексте көзделген салық пен басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуiн көздейдi;

      2) екiншi үлгі жер қойнауын пайдаланушының өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесiн төлеуiн (беруiн), сондай-ақ осы Кодексте

көзделген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің барлық түрлерінің төленуін көздейді, оларға:
      экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына салынатын рента салығы;

        роялти;

        шикi мұнайға, газ конденсатына салынатын акциз; 

       үстеме пайда салығы;

      жер салығы;

      мүлiк салығы қосылмайды. 

       Жер қойнауын пайдалануды жүзеге асыруға қатысы  жоқ операциялар бойынша салық режимi

      Келiсiм-шарт шеңберiнде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салық мiндеттемелерiн орындау жер қойнауын пайдаланушыны осындай мiндеттемелердiң пайда болған күнi қолданылып жүрген салық заңдарына сәйкес, келiсiм-шарт шеңберiнен тыс қызметтi жүзеге асырғаны үшiн осы Кодексте көзделген салық мiндеттемелерiн орындаудан босатпайды. 

Салық заңдары өзгерген кезде өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт бойынша салық салу шарттары

      1. Өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарттарда белгiленген салық салу шарттары тараптардың келiсiмi бойынша салық заңдарының өзгеруiне байланысты түзетiлуi мүмкiн. 
      Салық заңдарындағы өзгерiстер нәтижесiнде жер қойнауын пайдаланушыға салық салу шарттары жақсарған жағдайда, өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарттарда Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерiн қалпына келтiру мақсатында салық салу шарттарына түзету жасалады.

      2. Өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шартта көзделген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң жекелеген түрлерiнiң күшi жойылған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы осы баптың 1-тармағында айқындалған тәртiппен келiсiм-шартқа тиiстi өзгерiстер енгiзiлгенге дейiн келiсiм-шартта белгiленген тәртiппен және мөлшерде оларды бюджетке төлеудi жалғастыра бередi.

Салық сараптамасы

      1. Салық сараптамасы - құзыреттi орган жасайтын жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарт жобасына, оған толықтырулар мен өзгерiстерге талдау жасау мен баға берудi қамтитын, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдерi мен салығын белгiлеудi қоса алғанда, салық режимiн бекiту мақсатында жүргiзiлетiн мiндеттi сараптама. 
      2. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi барлық келiсiм-шарттарға қол қойылғанға дейiн олар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен және мерзiмдерде мiндеттi салық сараптамасынан өткiзiлуге тиiс. Осы ереже бұрын жасалған келiсiм-шарттарға енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыруларға да қолданылады.
      3. Салық сараптамасының нәтижелерi бойынша белгiленген салық салу шарттары өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарттың түпкiлiктi мәтiнiне ешбiр өзгертулер мен түзетулерсiз мiндеттi түрде енгiзілуге тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1.      Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995ж.

2.      Қазақстан Республикасының Салық Кодексі.

3.      Қазақстан Республикасының Үкімет қаулысы, 16 мамыр 1996ж.

4.      Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығы, 24 сәуір 1995ж.

5.      Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2030» жолдауы.

6.      «Қаржы-қаржат» журналы, №10-11, 1999ж.

7.      Бухгалтер бюллетені №10, наурыз 2008ж.

8.      Бухгалтер бюллетені №6, ақпан 2008ж.

9.      Бухгалтер бюллетені №17, 2008ж.

10. Интернет ресурстары:

      а) www.goverment.kz

      б) www.kyzmet.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Информация о работе Қазақстан республикасындағы жер қойнауын пайдаланушылырдың салықтары мен ставкалары