қазақстан республикасының салық жүйесін реформалау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2011 в 20:28, курсовая работа

Описание

Мемлекет салық жүйесіндегі реформаларды қолдана отырып мынадай негізгі мақсаттарға жетуді көздейді:
- тұрақты экономикалық өсуге жету;
- жұмысқа қабілетті барлық тұрғындарды толық жұмыспен қамту;
- тұрғындардың нақты, номинималды табыс деңгейін қамтамасыз ету;
- азаматтардың әлеуметтік қорғау жүйесін игеру;
- табыс пен байлықты қайта бөлу.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1 ТАРАУ.РЕСПУБЛИКАНЫҢ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕГІ РЕФОРМАЛАР ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі салық реформалары ...............5
1.2 Қазақстан Республикасындағы салық реформасының негізгі кезеңдері ..
1.3 Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі реформалардың мәні мен негізгі мақсаттары ................................................................................................12
2 ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІ РЕФОРМАЛАРЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІН ТАЛДАУ
2.1 Мемлекеттің салық саясатын жүргізудегі салықтық реформаның ролін талдау......................................................................................................................16
2.2 Республика бюджетін қалыптастырудағы салықтардың қаржы-экономикалық шараларын бағалау......................................................................20
2.3. Мемлекеттің салық қызметінің қалыптасуының экономикалық ерекшеліктері ........................................................................................................23
3 ТАРАУ.САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕГІ РЕФОРМАЛАРДЫ ДАМЫТУ ЖЕТІСТІГІНЕ ЖЕТУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Салық жүйесі реформаларын жүргізуді нарық талаптарына сай дамыту мәселесі .................................................................................................................26
3.2 Салық жүйесіндегі салық саясатының экономиканы реттеудегі ролі .......27
3.3.Қазақстанның салық жүйесіндегі реформаларды жетілдіру жолдары..................................................................................................................29
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИТТЕР ТІЗІМІ ......................................................33

Работа состоит из  1 файл

ҚР салық салу жүйесін реформалау..doc

— 178.50 Кб (Скачать документ)

    Қазақстанның  салық саясаты төмендегідей қызметтер  атқарады:

  • Фискалды (тіркелген) немесе жұмылдыру қызметі. Осы қызметке бюджеттік шығындарды қаржыландыру үшін салық жинайды. Фискалдық қызмет мемлемекеттің қаржы табысын ұйымдастыруда көрінеді;
  • Бөлу қызметі, мемлекет қаржыны бөлуді әр түрлі топтардың арасында, территория, облыс, аудандар бойынша жүргізіледі;
  • Реттеуші қызметі, мемлекет салықтың көмегімен тұтыну және қорлану арасындағы пропорцияны реттейді;
  • Ынталандыру қызметі, мемлекет өндіріс пен техникалық прогрессті дамыту үшін әртүрлі ынталандыру шараларын жүзеге асырады;
  • Шектеу қызмті, мемлекет салық саясаты арқылы кейбір өндіріс түрлерінің дамуын тежейді немесе шектейді.
  • Бақылап-есептеу қызметі, мұнда кәсіпорын мен тұрғындар топтарының, қаржы көлемінің табысын есептеуді жүзеге асырады.

    Ал, нарық жағдайында салықтар 3 қызмет атқарады: а)фискалды;            б) қайта бөлу; в) реттеуші;

    Қазақстан Республикасының салық саясаты  экономиканы жанама түрде реттейтін  маңызды құралдардың бірі болып  табылады.

    28

    Осы мақсатта салықтар көбінесе дағдарыстық  құбылыстарды тезірек жоюға, нарық  конъюктурасына әсер етуге, эканомканы тұрақтандыруға пайдаланылады. Салықтық реттеуде салық ставкалары мен салық жеңілдіктерінің алатын орны ерекше. Себебі, ғылыми негізделген, шектен тыс жоғары қойылған ставкалар кәсіпкерлердің ынтасын төмендетіп, өндірістің қарқынын бәсеңдетеді, ал шектен тыс тыс төмен қойылған ставкалар салық төлеушілердің жауапкершілігін азайтып, өндірістің төмендеуіне және мемлекеттік бюджет кірісінің азаюына әкеліп соқтырады.  Осы сияқты салық жеңілдіктерінің де тиімсіз жағы және бар.  

    3.3. Қазақстанның салық жүйесіндегі реформаларды  жетілдіру жолдары

    Жаңа  салық кодекісінің енгізілуімен мемлекеттің жаңа салық саясаты  айқындалды. Қазақстан салық жүйесі жетілген, барынша дамытылған дегенмен оның да өз кемшіліктері бар. Қандайда болмасын мемлекеттің салық жүйесі негізінен екі қызметті атқарады. Біріншісі фискалды қызмет болса, екіншісі реттеуші қызметі. Фискалды қызмет ешкімді де алаңдата қоймайды себебі кез келген мемлекеттің өмір сүруі үшін қаражаттың қажеттілігі өте маңызды нәрсе.Реттеуші қызмет әркімнің, мейлің мемлекеттің немесе кәсіпкерлердің болсын,аса қызықтыратын мәселесі болып табылады. Қазақстандағы салықтардың атқаратын реттеуші қызметіне кеңінен тоқталсақ  оның оншалықты өз атына сәйкес келе бермейтін жақтарын байқауымызға болады.Салықтардың реттеушілік ролі негізінен мынадай шарттарға жауап беруі қажет: мемлекеттік бюджетке түсетін кіріс мөлшерінің белгілі бір деңгейін ұстап отыру және кәсіпорындар мен жеке тұлғаларға салынатын салықтардың ауыр 

    Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар.

    2-тармақтың  бірінші бөлігі мынадай редакцияда  жазылсын:

    29

    «2.Әрбір  ішкі топ, бойынша амортизациялық аударымдар амортизация нормасын қолдану арқылы ,бірақ ішкі топтыңсалық кезеңінің соңындағы құн балансына осы Кодекстің 110-бабында  белгіленген шекті нормадан асырмай есептеледі.

    3-тармақ  мынадай редакцияда жазылсын:

    «3. Үйлер мен ғимараттар (мұнай, газ  ұғымылары мен беріліс құрылғыларын қоспағанда) бойынша амортизациялық аударымдар әрбір объект бойынша жеке айқындалады және 1- топтың негізгі құралының құны ішкі топтың құн баланысына теңестіріледі.

    Қазақстан Республикасының резидент заңды  тұлғалары, сондай-ақ қызметін Қазақстан  Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместер, шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері филиалдар мен өкілдіктері арқылы жүзеге асыратын резидент еместер мынадай ставка бойынша әлеуметтік салық төлейді:

    Қазақстан Республикасының резидент заңды  тұлғалары, сондай-ақ қызметін Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместер, шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері филиалдар мен өкілдіктері арқылы жүзеге асыратын резидент еместер әкімшілік-басқарушы, инженер-техник қызметкерлердің шетелдік мамандары үшін мынадай ставка бойынша әлеуметтік салық төлейді.

    Қазақстан Республикасының Үкіметі шетелдік азаматтарды тартуға белгілейтін  квота шегінде жұмыспен қамту  мәселелері жөніндегі уәкілетті  орган берген шетелдік жұмыс күшін  тартуға рұқсатқа сәйкес Қазақстан Республикасына тартылған, жұмыс беруші еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жалдаған шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ:

    шетелдік  заңды тұлғалардың филиалдары мен  өкілдіктерінің бірінші басшылары;

    Қазақстан Республикасының Үкіметімен ақшалай баламада елу миллион АҚШ долларынан жоғары инвестициялар сомасына келісім-шарттар жасасқан ұйымдардың бірінші басшылары және бас менеджерлері;

    30

    қызметтің басым түрлерінде инвестициялық  қызметті жүзеге асыратын және инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен келісім-шарт жасасқан Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының бірінші басшылары;

    қаржы ұйымдарының бірінші басшылары  және бас менеджерлері болып істейтін шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар әкімшілік-басқару, инженер-техник қызметкерлердің шетелдік мамандары болып табылады.

    Жеке  кәсіпкерлер, арнаулы салық режимін  қолданатындарды қоспағанда, қызметтің  жекелеген түрлері үшін арнаулы  салық режимінен басқа, жеке нотариустар, адвокаттар өзі үшін үш айлық есептік  көрсеткіш және әрбір қызметкер үшін екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік салық төлейді.

    Тірек-қимыл  мүшесі бұзылған, есту сөйлеу көру қабілетінен  айрылған мүгедектер жұмыс істейтін мамандандырылған ұйымдар 6,5 процент  ставка бойынша әлеуметтік салық төлейді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

31

ҚОРЫТЫНДЫ 

    Нарықты экономикалық елдерде салықтар мемлекеттік  және мунициапалдық табыстарды қалыптастыруда басты роль атқарады да, экономиканы басқаруды ынталандыру құралы болып келеді, әсіресе олар ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуге, антиинфляциялық және құрылымдылық саясатты жүзеге асыруда белсенді орын алады. Сондықтан да салықтарды төлеу өте қажетті де маңызды роль болып табылады.

    Дүниежүзілік  тәжірибе көрсетіп отырғандай бүкіл  өркениетті мемлекеттердегі салықтық реттеу несие-қаржылық реттеумен бірігіп әрекет еткенде ғана нарықтық экономиканы жүргізудің аса тиімді формасы болып табылады. Ол нарықтық қатынастардың қалыптасуына әсерін тигізіп, мелеекттік экономикаға тигізетін әсерін реттеп отырады. Сондай-ақ, салықтар қоғамның экономикасын тұрақтандырудың және әлеуметтік теңдкті оған қоса реформалаудың тиімділігін қамтамасыз ететін маңызды элементтері болып келеді.

      Бүгінгі күні барлық салық жүйесінің міндеті салық жинау жұмысын одан әрі жақсарту жетілдіру болып табылады. Салық органдары қазір осы шарларды өзгеде тиісті бақылаушы ұйыммен бірлесе отырып, жүзеге асыру үстінде.

    Қорыта      айтқанда,       салықты      уақытылы      жинау      нарық дағдарысынан шығудың бірден бір жолы. Салықтар, қазынаны толтырып кана қоймай, өндірісті әрі карай дамытудың белсенді ынталандырушы, тежеу механизмі болып келмей, керісінше оның тиімді әрекет етуінің қосымша бірден-бір факторының, ролін атқаруы қажет. Салықтардың басты мақсаты мемлекеттік бюджетті толтыру болып табылатындықтан, бюджет тапшылығының болуы, салық механизмінің бірқатар кемшіліктерінің бар екендігін дәлелдейді.  
 

32

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: 

  1.  «Салық  және бюджетке төленетін басқа  да міндетті төлемдер туралы»  Қазақстан Республикасының Кодексі  (Салық кодексі), Алматы, «Бико», 2003 жыл.
  2. «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы», Заң, Алматы, «Қаржы қаражат», 1992 жыл.
  3. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Алматы, «Қаржы қаражат», 1995 жыл.
  4. Ермекбаева Б.Ж. «Жалпы мемлекеттік салықтар» (оқу құралы), Алматы, «Экономика», 1997 жыл.
  5. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің жаршысы», №12 арнайы шығарылым, Алматы, «Бико»,2000 жыл.
  6. «Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі), Алматы, «Бико», 2001 жыл.
  7. «Қызмет көрсететін кәсіпорындардың табысына салық салу туралы Салық кодексі» (Салық кодексін түсіндіру сериясында шығарылған), Алматы, «Бико», 2001 жыл.
  8. «Налоги и налогообложение» под.ред. И.Г.Русаковой, В.А.Кашина-Москва, «Финансы», 1998г.
  9. Налоговый эксперт. Пилотный номер. 2000г.
  10. Финансово-кредитный словарь: в 3-х томах. Мосвка.
  11. Черник Д. Налоги Франции и Великобритании.
  12. Черник Д. Налоги Италии. Финансы. 1995г. №1. с.35.
  13. Черник Д. Налоги Испании. Финансы. 1996г. №2.с.32.
  14. Батаева С. Там, где платят налоги. Московские новости. 1996г.№41.
  15. Черник Д. Налоги Германии. Финансы. 1996г.№6.
 

33

Информация о работе қазақстан республикасының салық жүйесін реформалау