Қосылған құн салығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2011 в 21:15, курсовая работа

Описание

Қосылған құн салығы тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өндiру және олардың айналысы процесiнде қосылған, оларды өткiзу бойынша салық салынатын айналым құнының бiр бөлiгiн бюджетке аударуды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы тауарлар импорты кезiндегi аударымды бiлдiредi. Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиiстi қосылған құн салығы сатылған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшiн есептелген қосылған құн салығының сомасы мен алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшiн төленуге тиiстi қосылған құн салығының сомасы арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

Содержание

Кіріспе 4
1 Қосылған құн салығы бойынша есепке қою 6
1.1 Салық салынатын айналым және салық салынатын импорт 9
1.2 Салық салынатын айналым мен салық салынатын
импорт мөлшерін анықтау 14
Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар 16
2 Қосылған құн салығынан босатылған айналымдар және импорт 19
2.1 Қосылған құн салығы бойынша есепке жатқызу 26
2.2 Шот-фактура 30
3 Салықты есептеу және төлеу тәртібі 32
3.1 Қосылған құн салығы бойынша өзара қатынас 35
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар

Работа состоит из  1 файл

Курсовая.doc

— 364.00 Кб (Скачать документ)
 

Мазмұны 

Кіріспе            4

1  Қосылған  құн салығы бойынша  есепке  қою      6

1.1  Салық  салынатын айналым және салық  салынатын импорт   9

1.2  Салық  салынатын айналым мен салық  салынатын

      импорт мөлшерін анықтау        14

    1.   Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар    16

2  Қосылған  құн салығынан босатылған айналымдар  және импорт  19

2.1  Қосылған  құн салығы бойынша есепке  жатқызу     26

2.2  Шот-фактура           30

3   Салықты есептеу және төлеу  тәртібі       32

3.1  Қосылған  құн салығы бойынша өзара қатынас     35

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Қосымшалар 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе 
 

     Қазақстан Республикасының салық кодексінің 205-бабы бойынша қосылған құн салығының  негізгі ережелері бекітілген. Қосылған құн салығы жанама салықтың бір түріболып табылады. Қосылған құн салығы деп-елдегі тауарларды сату,өткізу және қызмет көрсетулерді жүргізу барысында олардың алғашқы құнына қосылған құнның бір бөлігі мемлекеттік бюджетке төленуін айтады.

     Қосылған  құн салығы тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өндiру және олардың айналысы процесiнде қосылған, оларды өткiзу бойынша салық салынатын айналым құнының бiр бөлiгiн бюджетке аударуды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы тауарлар импорты кезiндегi аударымды бiлдiредi. Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиiстi қосылған құн салығы сатылған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшiн есептелген қосылған құн салығының сомасы мен алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшiн төленуге тиiстi қосылған құн салығының сомасы арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

-  салық салынатын айналым; 
- салық салынатын импорт қосылған құн салығын салу объектiлерi болып табылады.

     Төлеушiлер

-  Салық Кодекстiң 208-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында қосылған құн салығы бойынша есепке тұрған мынадай тұлғалар: 
жеке кәсiпкерлер; 
мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда, заңды тұлғалар; 
қызметiн Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместер; 
- заңды тұлғаның Салық Кодекстiң 208-бабының 6-тармағына сәйкес қосылған құн салығын дербес төлеушiлер ретiнде танылған құрылымдық бөлiмшелерi қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылады.   
- Тауарлар импорты кезiнде қосылған құн салығын төлеушiлер Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес осы тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына импорттайтын тұлғалар болып табылады. 
 

       
 
 
 
 
 
 
 
 

    1  Қосылған құн салығы бойынша есепке қою 
     

     Қорытындысы бойынша тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн  қызметтердi) өткiзу бойынша айналымның мөлшерi осы баптың 3-тармағында белгiленген өткiзу бойынша ең төменгi айналымнан асатын болса, Салық Кодекстiң 207-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген тұлғалар кез келген кезең (он екi айлық кезеңнен аспайтын) аяқталған күннен бастап күнтiзбелiк он бес күннен кешiктiрмей қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы салық органына өтiнiш беруге мiндеттi. 
        Өткiзу бойынша айналымды анықтау кезiнде Салық Кодекстiң 225-бабына сәйкес салықтан босатылатын өткiзу бойынша айналым, сондай-ақ жеке тұлғаның жеке мүлкiн өткiзу бойынша айналым, егер ондай мүлiк кәсiпкерлiк қызмет мақсатында пайдаланылмаса, есепке алынбайды. 
208-баптың 1-тармағының мақсаттары үшiн шаруа (фермер) қожалығы үшiн арнаулы салық режимiнде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын салық төлеушi, өткiзу бойынша айналым мөлшерiн анықтау кезiнде осы арнаулы салық режимiне кiретiн қызметтi жүзеге асырудан түскен өткiзу бойынша айналымды есепке алмауына болады.

     Заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерi болған жағдайда өткiзу бойынша айналым  көлемi осы тұлғаның барлық құрылымдық бөлiмшелерiнiң өткiзу бойынша айналымдары ескерiле отырып айқындалады. 
- Өткiзу бойынша айналымның ең төмен деңгейi осы баптың 1-тармағында көрсетiлген кезеңнiң соңғы айына белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 15000 еселенген шамасын құрайды. 
- 208-баптың 1-тармағына сәйкес қосылған құн салығы бойынша есепке қойылуға жатпайтын, бiрақ қосылған құн салығын салуға жататын тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзудi жүзеге асыратын немесе жүзеге асыруды жоспарлаған тұлға қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы өтiнiштi салық органына ерiктi түрде бере алады. 
- Салық Кодекстiң 207-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген тұлғалар қосылған құн салығы бойынша ол есепке қою туралы өтiнiш берген айдан кейiнгi айдың алғашқы күнiнен бастап қосылған құн салығын төлеушiге айналады.

     Жеке  кәсiпкер он жұмыс күнiнен кешiктiрмей қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы салық органына өтiнiш  берген жағдайда, жеке кәсiпкер ретiнде  мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн  осы тұлға жеке кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап қосылған құн салығын төлеушiге айналады.

     Мемлекеттiк  мекемелердi, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы  қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместi қоспағанда, заңды тұлға ол мемлекеттiк тiркелгеннен (есепке алынғаннан) кейiн он жұмыс күнiнен кешiктiрмей салық органына қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы өтiнiш берген жағдайда осы тұлғалар өздерi салық төлеушiлер ретiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап қосылған құн салығын төлеушiлерге айналады. 
- Егер Салық Кодекстiң 208-1-бабының 3-тармағында өзгеше көзделмесе, уәкiлеттi мемлекеттiк орган қосылған құн салығын төлеушi заңды тұлғаның өтiнiшi бойынша оның құрылымдық бөлiмшелерiн қосылған құн салығын дербес төлеушiлер ретiнде қарастыра алады. 
- 208-баптың 6-тармағына сәйкес құрылымдық бөлiмшелерi қосылған құн салығын дербес төлеушiлер деп танылған қосылған құн салығын төлеушi заңды тұлға құрылымдық бөлiмшелердiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына қосылған құн салығы бойынша оларды есепке қою туралы өтiнiш беруге (немесе өзiнiң құрылымдық бөлiмшелерiне тапсырма беруге) мiндеттi. 
- Қосылған құн салығын төлеушi заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерi қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы өтiнiшi берiлген айдан кейiнгi айдың бiрiншi күнi қосылған құн салығын төлеушiлерге айналады. 
- Салық Кодекстiң 207-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген тұлғалар қосылған құн салығы бойынша есепке қойылған кезде, осы тұлғалардың Салық Кодекстiң 235-бабына сәйкес қосылған құн салығы бойынша есепке қойылған күнiндегi тауарлар (негiзгi құралдарды қоса алғанда) қалдығы бойынша қосылған құн салығы сомасын есепке жатқызуға құқығы бар. 
- Салық органы осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайлар анықталған кезде Салық Кодекстiң 207-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген тұлғаларды өтiнiшсiз, қосылған құн салығы бойынша есепке қоюға құқылы. 
Қосылған құн салығы бойынша есепке қойылатын орын

- Егер 208-бапта өзгеше көзделмесе, қосылған құн салығы бойынша есепке қою салық төлеушi ретiнде мемлекеттiк тiркеу орны бойынша жүзеге асырылады.  
- Заңды тұлға арнайы экономикалық аймақтың аумағында объектiлер салу жөнiндегi қызметтi жүзеге асырған жағдайда, ондай заңды тұлғаны не оның құрылымдық бөлiмшесiн қосылған құн салығы бойынша есепке қоюды арнайы экономикалық аймақ аумағындағы салық органы жүзеге асырады.  
- Егер 208-баптың 2-тармағында аталған заңды тұлға өзiн қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы өтiнiш бермесе, оның арнайы экономикалық аймақтың аумағында объектiлер салу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын құрылымдық бөлiмшесi аталған заңды тұлғаның өтiнiшiнсiз қосылған құн салығын дербес төлеушi деп қарастырылады. 
Қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлiк

1  Қосылған құн салығы бойынша есепке қойған кезде салық органы тұлғаға оның қосылған құн салығын төлеушi ретiнде есепке қойылғаны туралы куәлiк беруге мiндеттi, онда:  
-  тұлғаның атауы және оның деректемелерi; 

- Салық Кодекстiң 523-бабына сәйкес салық төлеушiге берiлетiн салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;  
- тұлға Салық Кодекстiң 208-бабының 5-тармағына сәйкес қосылған құн салығын төлеушi болған күн көрсетiледi. 

     Қосылған  құн салығы бойынша есепке қою  туралы куәлiктiң бланкiсi қатаң есеп беру бланкiсi болып табылады және салық  төлеушiге ақша төлетпей берiледi. 

     Қосылған  құн салығы бойынша есепке қою  туралы куәлiктiң нысаны мен оны  беру тәртiбiн Салық Кодекске сәйкес уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.  
- Қосылған құн салығы бойынша есепке қойылғаны жөнiндегi куәлiк қосылған құн салығын төлеушiде сақталады.

     Қосылған  құн салығы бойынша есептен шығарылған жағдайда куәлiк салық органына қайтарылуға  тиiс.  

     Қосылған  құн салығын төлеушiнiң атауы  өзгерген жағдайда оның қосылған құн  салығы бойынша есепке қою туралы куәлiгi атауы өзгерген соң 10 жұмыс  күнi iшiнде уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен ауыстырылуға тиiс.   
Қосылған құн салығы бойынша есептен шығару

- Егер қосылған құн салығын төлеушiнiң соңғы он екi айлық кезеңдегi салық

салынатын айналым мөлшерi салық салынатын  ең төмен айналым мөлшерiнен аспаса, ол тiркелген жерiндегi салық органына өзiн қосылған құн салығы бойынша есептен шығару туралы өтiнiш беруге құқылы. 

Қосылған  құн салығын төлеушi мұндай құқықты  өзiн қосылған құн салығы бойынша  есепке қойған кезден бастап, кем дегенде  екi жыл өткеннен кейiн пайдалана алады.  
- Егер қосылған құн салығын төлеушi болып табылатын тұлға салық салынатын айналымдарға байланысты қызметiн тоқтатқан жағдайда, мұндай тұлға қызметi тоқтатылған салық кезеңiнен кейiнгi алты айдың аяқталуынан кешiктiрмей, өзiн қосылған құн салығы бойынша есептен шығару туралы өтiнiш беруге мiндеттi. 

     Салық органы қосылған құн салығын төлеушi болып табылатын және осы Кодексте белгiленген салық есептiлiгiн беру мерзiмiнен кейiн алты ай кезең iшiнде  оны бермеген тұлғаны тапқан жағдайда, салық органы қосылған құн салығы бойынша есептен шығаруды қосылған құн салығын төлеушiнi хабардар етпестен, уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен жүргiзедi.   
- Қосылған құн салығын төлеушi болып табылатын заңды тұлға таратылған жағдайда, мұндай тұлға Салық төлеушiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмiнен алып тасталған күннен бастап қосылған құн салығы бойынша есептен шығарылуға тиiс.  
- Салық Кодекстiң 207-бабының 1-тармағында көрсетiлген салық төлеушiлер осы баптың ережелерiне сәйкес келетiн, қосылған құн салығы бойынша өзiн есептен шығару туралы өтiнiш берген кезеңнен кейiнгi салық кезеңiнiң алғашқы күнiнен бастап қосылған құн салығын төлеушi болуын тоқтатады.   
- Тұлғаны қосылған құн салығы бойынша есептен шығару кезiнде Салық Кодекстiң 235-бабына сәйкес олар бойынша қосылған құн салығы есепке алуға жатқызылған оның тауарларының (соның iшiнде негiзгi құралдардың) қалдығы салық салынатын айналым ретiнде қарастырылады.

     Қосылған  құн салығын төлеушi - заңды тұлға, жаңадан пайда болған заңды тұлғалар қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылса, оның қайта ұйымдастырылуына байланысты қосылған құн салығы бойынша есептен шығарылған жағдайда осы тармақтың ережесi қолданылмайды.   

     1.1  Салық салынатын айналым және салық  салынатын импорт 

     Тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өткiзу бойынша айналым

- Тауарға қатысты өткiзу бойынша айналым: 
- тауарға меншiк құқығын берудi, оның iшiнде: 
тауарды сатуды; 
тауарды тиеп жөнелтудi, оның iшiнде басқа тауарларға (жұмыстарға, қызмет көрсетулерге) алмастыруды; 
тауар экспортын; 
тауарды тегiн берудi; 
жарғылық капиталға жарна төлеудi; 
жұмыс берушiнiң жалдамалы қызметкерге жалақы есебiнен тауар беруiн;

- тауарды төлем мерзiмiн ұзарту шартымен тиеп жөнелтудi;   
- мүлiктi қаржы лизингiне берудi; 

- комиссия шарттары бойынша тауарды тиеп жөнелтудi; 
- қарызды төлемеген жағдайда кепiл берушiнiң кепiлге қойылған мүлкiн (тауарын) беруiн;   
- кәсiпкерлiк қызмет мақсаты үшiн сатып алынған тауарды кәсiпкерлiк қызметке жатпайтын шараларды өткiзу үшiн, сондай-ақ қосылған құн салығын төлеушiнiң не оның жалдамалы қызметкерлерiнiң, қатысушылардың немесе басқа да тұлғалардың жеке тұтынуы үшiн пайдалануын;  
- Салық Кодекстiң 208-бабының 6-тармағына сәйкес бiр заңды тұлғаның қосылған құн салығын дербес төлеушiлерi болып табылатын бiр құрылымдық бөлiмшесiнiң екiншi құрылымдық бөлiмшесiне тауар жөнелтуiн; 
- бұрын экспорт режимiнде шығарылған тауарды керi импорт режимiнде қайтаруды бiлдiредi.  

- Жұмыстарды, қызмет көрсетулердi өткiзу бойынша айналым кез келген жұмыстар орындауды немесе қызмет көрсетудiң, соның iшiнде олардың тегiн орындалуын, сондай-ақ тауарды өткiзуден өзге сыйақы үшiн кез келген қызметтi, оның iшiнде:  
- мүлiктi уақытша иелiкке берудi және мүлiктi жалдау (жалгерлiк) шартымен пайдалануды;  
- санаткерлiк меншiк объектiлерiне, соның iшiнде жарғылық капиталға салым ретiнде берiлетiн құқықтар берудi;  
- жұмыс берушiнiң жалдамалы қызметкерге жалақы есебiнен жұмыстар орындауын, қызметтер көрсетуiн;  
- Салық Кодекстiң 208-бабының 6-тармағына сәйкес қосылған құн салығын дербес төлеушiлер болып табылатын бiр заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерi арасында жұмыстар орындауын, қызметтер көрсетуiн бiлдiредi.  
-  Мыналар:  
- бiрлiгiнiң құны екi айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын,  тауарды жарнамалық мақсатта беру не сыйлау;   
- тапсырысшының мердiгерге дайын өнiмдi мердiгердiң дайындауы, ұқсатуы, құрастыруы (монтаждауы, орнатуы), жөндеуi және (немесе) объектiлер салуы үшiн алыс-берiс тауарларын тиеп жөнелтуi. Аталған тауарлар Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде дайындалған, ұқсатылған, құрастырылған, жөнделген жағдайда, егер оларды әкету Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес "Тауарларды кеден аумағынан тыс жерлерде ұқсату" режимiмен жүзеге асырылса, аталған тауарлардың тиеп-жөнелтiлуi өткiзу бойынша айналым болып табылмайды;   
3) қайтарылатын ыдысты тиеп жөнелту. Құны онымен жiберiлетiн өнiмдi өткiзу құнына кiрмейтiн және осы өнiмдi беру жөнiндегi шартта (келiсiм-шартта) белгiленген талаптармен және мерзiмде, бiрақ ұзақтығы алты айдан аспайтын мерзiмде өнiм берушiге қайтарылуға тиiс ыдыс қайтарылатын ыдыс болып табылады. Егер ыдыс белгiленген мерзiмде қайтарылмаса, мұндай ыдыс өткiзу бойынша айналымға енгiзiледi;  
4) бұрын экспорт режимiнде шығарылған тауарды керi импорт режимiнде қайтаруды қоспағанда, тауарды қайтару;   
5) шартта белгiленген талаптар мен мерзiмдерде қайта әкелуге жататын тауарларды көрмелер, басқа да мәдени және спорт шараларын өткiзу үшiн Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге әкету, егер бұл Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес "Тауарларды уақытша әкету" кеден режимiмен ресiмделсе; 
6) жер қойнауын пайдаланушы жаңадан құрған және (немесе) сатып алған, жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды орындау үшiн пайдаланылатын және Қазақстан Республикасына берiлуi тиiс мүлiктi жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға жасалған келiсiм-шарт талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының меншiгiне беруi, өткiзу бойынша айналым болып табылмайды.   
   Салық салынатын айналымды анықтау

Информация о работе Қосылған құн салығы