Қосылған құн салығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2011 в 21:15, курсовая работа

Описание

Қосылған құн салығы тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өндiру және олардың айналысы процесiнде қосылған, оларды өткiзу бойынша салық салынатын айналым құнының бiр бөлiгiн бюджетке аударуды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы тауарлар импорты кезiндегi аударымды бiлдiредi. Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиiстi қосылған құн салығы сатылған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшiн есептелген қосылған құн салығының сомасы мен алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшiн төленуге тиiстi қосылған құн салығының сомасы арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

Содержание

Кіріспе 4
1 Қосылған құн салығы бойынша есепке қою 6
1.1 Салық салынатын айналым және салық салынатын импорт 9
1.2 Салық салынатын айналым мен салық салынатын
импорт мөлшерін анықтау 14
Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар 16
2 Қосылған құн салығынан босатылған айналымдар және импорт 19
2.1 Қосылған құн салығы бойынша есепке жатқызу 26
2.2 Шот-фактура 30
3 Салықты есептеу және төлеу тәртібі 32
3.1 Қосылған құн салығы бойынша өзара қатынас 35
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар

Работа состоит из  1 файл

Курсовая.doc

— 364.00 Кб (Скачать документ)

4. есептелген  қосылған құн салығының сомасы  осы Кодекстiң 247-бабында белгiленген қосылған құн салығы бойынша декларация табыс етiлетiн мерзiмнен кешiктiрiлмей төленедi. 
5. қосылған құн салығының төленгенiн растайтын төлем құжаты немесе уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан бойынша салық органы берген құжат осы Кодекстiң 235-бабына сәйкес салық сомасын есепке жатқызуға құқық бередi. 
6. Егер берiлген жұмыстар, көрсетiлген қызметтер Салық Кодекстiң 225-бабында аталған жұмыстар, көрсетiлген қызметтер болып табылса, осы баптың ережелерi қолданылмайды.
 
 
 
 
 

      
1.3  Нөлдiк ставка бойынша салық салынатын айналымдар
 

     Тауарлар  экспорты

1. Экспортқа  тауарлар өткiзу жөнiндегi айналымға  нөлдiк ставка бойынша салық  салынады.   
      Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тауарлар әкету тауарлар экспорты болып табылады.

2. Салық Кодекстiң 223-бабына сәйкес тауарлар экспорты расталмаған жағдайда аталған тауарларды өткiзу бойынша айналымға осы Кодекстiң 245-бабының 1-тармағында көрсетiлген ставка бойынша қосылған құн салығы салынуға тиiс.

     Тауарлар  экспортын растау

1. Мыналар:

1) экспортталатын  тауарларды беруге жасалған шарт (келiсiм-шарт); 
2) тауарлар шығаруды экспорт режимiнде жүзеге асыратын кеден органының белгiсi соғылған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кеден шекарасындағы бекетте орналасқан кеден органының белгiсi соғылған кедендiк жүк декларациясы тауарлар экспортын растайтын құжат болып табылады.

     Тауарларды  магистральдық құбырлар жүйесi бойынша  немесе электр тарату желiлерi бойынша  экспорт режимiнде шығарған жағдайда кедендiк ресiмдеудi жүргiзген кеден органының белгiсi бар толық кедендiк жүк декларациясы экспортты растаушы болып қызмет етедi; 

     Тауарларды  мерзiмдiк декларациялау рәсiмiн  қолдана отырып экспорт режимiнде  шығарған жағдайда, кедендiк ресiмдеудi жүргiзген кеден органының белгiсi бар толық кедендiк жүк декларациясы да экспортты растаушы болып табылады. 
3) тауардың iлеспе құжаттарының көшiрмелерi тауарлар экспортын растайтын құжаттар болып табылады.

     Тауарларды  магистральдық құбырлар жүйесi бойынша немесе электр тарату желiлерi бойынша экспорт режимiнде шығарған жағдайда тауардың iлеспе құжаттары көшiрмелерiнiң орнына тауарларды қабылдау-өткiзу актiсi табыс етiледi;  
4) зияткерлiк меншiк құқығын қорғау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның магнит жеткiзгiште тауардың және оған авторлық құқықтардың болуы туралы, сондай-ақ зияткерлiк меншiк объектiсiн экспорттаған жағдайда оның құны туралы растамасы тауарлар экспортын растайтын құжаттар болып табылады. 
3. Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерлерге бұдан бұрын кеден аумағынан тыс жерлерде ұқсату режимiнде әкетiлген тауарларды немесе оларды ұқсату өнiмдерiн одан әрi экспорттау жүзеге асырылған жағдайда экспортты растау осы баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес, сондай-ақ мынадай құжаттардың негiзiнде жүргiзiледi:  
1) ұқсату режимi экспорт режимiне өзгертiлетiн кедендiк жүк декларациясы;  
2) тауарларды кеден аумағынан тыс ұқсату режиммен ресiмделген кедендiк жүк декларациясы;  
3) тауарларды шет мемлекет аумағына әкелу кезiнде оларды кеден аумағында ұқсату (тауарларды кеден бақылауымен ұқсату) режимiнен ресiмделген, осындай ресiмдеудi жүзеге асырған кеден органы куәландырған кедендiк жүк декларациясының көшiрмесi;  
4) тауарларды немесе олардың ұқсатылған өнiмдерiн өңдеген мемлекеттiң аумағынан әкету кезiнде экспорт режимiнде ресiмделген және осындай ресiмдеудi жүзеге асырған кеден органы куәландырған кедендiк жүк декларациясының көшiрмесi.

     Халықаралық тасымалдарға салық салу 

1. Халықаралық  тасымалдар бойынша мынадай қызмет  көрсетудi iске асыру жөнiндегi айналымға: 
1) Қазақстан Республикасының аумағынан экспортталатын және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларды, соның iшiнде поштаны тасымалдауға; 
2)Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзит жүктерiн тасымалдауға; 
3)халықаралық қатынаста жолаушылармен жолжүктерiн тасымалдауға нөлдiк ставкамен салық салынады. 
2.Егер тасымалдауды ресiмдеу бiрыңғай халықаралық тасымалдау құжаттарымен, ал экспортталатын тауарларды магистралдық құбыр желiсiнiң жүйесi бойынша тасымалдау - экспортталатын тауарларды сатып алушыға не аталған тауарларды экспорттың кедендiк режимiнде ресiмделген кедендiк жүк декларациясын табыс ете отырып, одан әрi жеткiзудi жүзеге асыратын басқа тұлғаларға берудi растайтын құжаттармен жүзеге асырылған жағдайда, осы баптың 1-тармағының мақсаты үшiн тасымалдау халықаралық тасымалдау деп есептеледi.

     Жолаушыларды, экспортталатын тауарларды Қазақстан  Республикасының аумағы бойынша  тасымалдауды бiрнеше көлiк ұйымдары жүзеге асыратын жағдайда, халықаралық  тасымалдың басталуы деп тасымалдауды Қазақстан Республикасының шекарасына дейiн жүзеге асыратын көлiк ұйымының жолаушыларды, тауарларды (поштаны, жолжүктi) тасымалдауы басталатын жер танылады.

     Импортталатын тауарларды (поштаны, жолжүктi) тасымалдауды бiрнеше көлiк ұйымдары жүзеге асыратын жағдайда, Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнген жолаушыларды, тауарларды (поштаны, жолжүктi) көлiк ұйымының көлiгiмен тасымалдауды жүзеге асыратын тасымал халықаралық тасымалға жатады.  
Арнайы экономикалық аймақтардың аумағында өткiзiлетiн тауарларға салық салу

1. Салық Кодекстiң 140-1-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында аталған қызмет түрлерiн арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жүзеге асыруға арналған жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес әкiмшiлiк және өндiрiстiк мақсаттағы объектiлердi салу және пайдалануға беру процесiнде толық тұтынылатын тауарларды арнайы экономикалық аймақтардың аумағында өткiзуге қосылған құн салығы нөлдiк ставка бойынша салынады.

     Электр  энергиясын, бензиндi, дизель отыны  мен суды қоспағанда, осы тармақтың мақсаттары үшiн әкiмшiлiк және өндiрiстiк мақсаттағы объектiлердi тұрғызу процесiне тiкелей тартылған тауарлар құрылыс процесiнде толық тұтынылатын тауарлар деп түсiнiледi. 
2. Есепке алуға жатқызылатын салық сомасының осы баптың 1-тармағында аталған айналымдар бойынша есеп беру кезеңi iшiнде есептелген салық сомасынан асып түскен сомалар арнайы экономикалық аймақ аумағындағы салық органынан растау алғаннан кейiн әкелiнген тауарлардың әкiмшiлiк және өндiрiстiк мақсаттағы объектiлердi салу процесiнде нақты тұтынылу бөлiгiнде белгiленген мерзiмдерде салық төлеушiнiң өтiнiшi бойынша оған қайтарылады. Арнайы экономикалық аймақ аумағында құрылған атқарушы орган арнайы экономикалық аймақ аумағындағы салық органының сұрау салуы бойынша беретiн, әкелiнген тауарлардың әкiмшiлiк және өндiрiстiк мақсаттағы объектiлердi салу процесiнде пайдаланылғаны туралы құжат растау үшiн негiздеме болып табылады. 
3. Осы бапқа сәйкес қосылған құн салығы бойынша нөлдiк ставканы қолдану үшiн:

1) арнайы  экономикалық аймақтың аумағында осы баптың 1-тармағында аталған объектiлердi салуды жүзеге асыратын ұйымдармен тауарлар беруге жасалған шарт (келiсiм-шарт);

2) тауарлар шығаруды еркiн кеден аймағының кеден режимiнде жүзеге асыратын кеден органы белгi қойған кедендiк жүк декларациясының көшiрмелерi;

3) осы  тармақтың 1) тармақшасында аталған  ұйымдарға тауарлардың тиеп жөнелтiлгенiн  растайтын тауарға iлеспе құжаттардың көшiрмелерi;

4) осы  тармақтың 1) тармақшасында аталған  ұйымдардың тауарларды алғанын  растайтын құжаттардың көшiрмелерi негiз болып табылады.

Жекелеген жағдайларда салық салу

1. Нөлдiк  ставка бойынша қосылған құн салығы: 
1) Қазақстан Республикасының Үкiметiмен инфрақұрылымдық жобаны iске асыруға концессиялық шарт жасасқан салық төлеушiге өткiзiлетiн, өзi өндiрген тауарларды сату жөнiндегi айналымға салынады. Осы тармақша жаңа объектiлердi салу кезеңiнде қолданылады; 
2) Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауын пайдалану келiсiм-шарты шеңберiнде қызметiн жүзеге асыратын, сол келiсiм-шарттың талаптарына сәйкес импортталатын тауарлары қосылған құн салығынан босатылатын салық төлеушiлерге өткiзiлетiн, өзi өндiрген тауарларды сату жөнiндегi айналымдарға салынады.

     Егер, жер қойнауын пайдалану келiсiм-шартында қосылған құн салығынан босатылатын  импортталатын тауарлар тiзбесi айқындалған болса, онда осы тiзбеде көрсетiлген тауарларды сату жөнiндегi айналымдарға нөлдiк ставка бойынша салық салынады.

     Осы баптың мақсатына орай, қосылған құн  салығын төлеушiнiң өзi өндiрген, өндiрiс  процесiнде пайдаланылған және өндiрiлген өнiмнiң (тауардың) құрамына кiрген шикiзаттар мен материалдар кодының алғашқы төрт таңбасының кез келгенiнiң деңгейiнен ерекшеленетiн сыртқы экономикалық қызметтiң тауарлық номенклатурасының коды бар өнiм (тауар) өзi өндiрген тауар болып танылады. 
2. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында аталған салық төлеушiлердiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. 
3. Тауарлардың осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында аталған салық төлеушiге өткiзiлгенiн растайтын құжаттар: 
1) Қазақстан Республикасының Yкiметiмен инфрақұрылымдық жобаны iске асыруға концессиялық шарт жасасқан заңды тұлғаға тауарлар беру шарты; 
2) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында аталған салық төлеушiге тауарлардың тиелiп жiберiлгенiн растайтын, тауарға iлеспе құжаттардың көшiрмелерi; 
3) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында аталған салық төлеушiнiң тауарларды алғанын растайтын құжаттардың көшiрмелерi болып табылады. 
4. Тауарлардың осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында аталған салық төлеушiлерге өткiзiлгенiн растайтын құжаттар: 
1) берiлетiн тауарлардың жер қойнауын пайдалану келiсiм-шартының жұмыс бағдарламасын орындауға арналғанын шартта көрсете отырып, Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауын пайдалану келiсiм-шарты шеңберiнде қызметiн жүзеге асыратын, сол келiсiм-шарт талаптарына сәйкес импортталатын тауарлар қосылған құн салығынан босатылатын, салық төлеушiлерге тауарлар беру шарты; 
2) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында аталған салық төлеушiлерге тауарлардың тиеп жөнелтiлгенiн растайтын тауарға iлеспе құжаттардың көшiрмелерi;

3) осы  баптың 1-тармағының 2) тармақшасында  аталған салық төлеушiлердiң тауарларды  алғанын растайтын құжаттардың  көшiрмелерi болып табылады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     2  Қосылған құн салығынан босатылған айналым және импорт 
 

     Қосылған  құн салығынан босатылған айналымдары

Мынадай тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi):

1) пошталық  ақы төлеудiң мемлекеттiк белгiлерi;   
2) акциздiк маркаларын;  
3) уәкiлеттi органдар жүзеге асыратын, соларға байланысты мемлекеттiк баж алынатын қызметтердi; 
4) адвокаттық қызметтi, нотариаттық iс-әрекеттердi жүзеге асыру бойынша көрсетiлетiн қызметтердi; 
5) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi өткiзетiн тауарлар (жұмыстар, қызметтердi); 
6) мемлекеттiк меншiктi жекешелендiру тәртiбiмен өткiзiлетiн мүлiктi; 
6-1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк қажеттiлiктер үшiн сатып алынған мүлiк;   
7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк мекемелердiң пайдасына өтеусiз негiзде негiзгi құралдарды беру, сондай-ақ мемлекеттiк мекемелердiң мемлекеттiк кәсiпорындар пайдасына өтеусiз негiзде негiзгi құралдарды берудi; 
8) жарғылық капиталға жарналарды; 
9) жарғылық капиталға жарна ретiнде алынған мүлiктi қайтарып алуды; 
10) жерлеу бюроларының әдет-ғұрыптық қызмет көрсетулерiн, зираттар мен крематорийлердiң қызмет көрсетулерiн; 
11) оларды өткiзу жөнiндегi қызмет көрсетулердi қоспағанда, лотереялық билеттердi өткiзу бойынша айналымды; 
12) банк карталарымен операциялар бойынша есеп-қисаптарға қатысушыларға жинау, өңдеу және таратып беру жөнiндегi қызмет көрсетулердi қоса алғанда, есеп-қисаптарға қатысушылар арасында ақпараттық және технологиялық өзара iс-қимылды қамтамасыз ету жөнiнде көрсетiлетiн қызметтердi өткiзу бойынша айналымдар; 
12-1) Қазақстан Республикасының кеден аумағына "Қазақстан Республикасының кеден аумағында тауарларды ұқсату" кеден режимiнде әкелiнген тауарларды ұқсату және (немесе) жөндеу бойынша қызмет көрсетулер;   
12-2) осы Кодекстiң 224-бабына сәйкес халықаралық тасымалдар болып табылатын тасымалдарға байланысты жұмыстар мен қызмет көрсетулер, атап айтқанда: Қазақстан Республикасының аумағынан экспортталатын, Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларды, оның iшiнде почтаны, тиеу, түсiру, қайта тиеу (ағызу-құю), жөнелту бойынша жұмыстар, қызмет көрсетулер, сондай-ақ транзит жүктер; техникалық, аэронавигациялық, әуежай қызметiн көрсету; халықаралық рейстерге көрсетiлетiн қызметтер бойынша теңiз айлақтарында қызмет көрсету;   
12-3) тұрғын үй қорын басқару, ұстау мен пайдалану жөнiнде қызмет көрсету;   
13) Салық Кодекстiң 226-233-баптарында көрсетiлген өткiзу; 
14) ұлттық валюта; 
15) егер мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерi, сондай-ақ өндiрiстiк ұйымдары мына шарттарға сәйкес келсе: 
      осындай өндiрiстiк ұйымдар қызметкерлерi жалпы санының кемiнде 51 процентi мүгедектер болса; 
      мүгедектерге еңбекақы төлеу бойынша шығыстар еңбекақы төлеу бойынша жалпы шығыстардың кемiнде 51 процентi (есту, сөйлеу, көру қабiлетiнен айрылған мүгедектер жұмыс iстейтiн мамандандырылған ұйымдарда - кемiнде 35 процентi) болса, осындай бiрлестiктер мен ұйымдардың тауарлары (жұмыстары, қызмет көрсетулерi) бойынша айналымдар (сауда-делдалдық қызметтен түскен тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өткiзу жөнiндегi айналымдардан және акцизделетiн тауарлар мен қызмет түрлерiн өндiру мен өткiзу бойынша айналымдардан басқа); 
16) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалған, "Еркiн қойма" кеден режимi қолданылатын аумақта өндiрiлген және Қазақстан Республикасы кеден аумағының қалған бөлiгiне өткiзiлетiн қазақстандық тауарларды; 
17) арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында өткiзiлетiн, арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында осы Кодекстiң 140-1-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында аталған қызмет түрлерiн жүзеге асыру процесiнде тұтынылатын тауарларды өткiзу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады. 
 Жерге және тұрғын үй қорындағы ғимараттарға байланысты айналымдар

1. Тұрғын  үй қорындағы ғимаратты (ғимараттың  бiр бөлiгiн) өткiзу және (немесе) осындай ғимаратты (ғимараттың  бiр бөлiгiн) жалға беру, оның iшiнде  қосалқы жалға беру мыналарды:  
1) қонақүй қызметiн көрсету мақсатында пайдаланылатын ғимаратты (ғимараттың бiр бөлiгiн) өткiзудi немесе жалға берудi; 

2) қонақүйде тұру бойынша қызмет көрсетудi қоспағанда, қосылған құн салығынан босатылады.  
       Ғимаратқа құны бастапқы құнының кемiнде 50 процентi болатын қайта жаңғырту (жөндеу) жасалып, егер осы ғимарат қайта жаңғыртудан кейiн тұрғын үй мақсатында пайдаланылатын болса, бұл ғимаратта тұрғын үй қорының салынған ғимаратына жатады. 
2. Жер учаскесiн иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оған билiк ету құқығын беру және (немесе) жер учаскесiн жалға, оның iшiнде қосалқы жалға беру, жер учаскесiн автомобильдердi, сондай-ақ өзге де көлiк құралдарын қою немесе сақтау үшiн беру ақысын қоспағанда, қосылған құн салығынан босатылады.   
Қаржылық қызмет көрсетулер

1. Егер  қаржылық қызмет көрсетулер бойынша  айналымдар осы баптың 2-тармағында  көзделсе, ол қызмет көрсетулер  қосылған құн салығынан босатылады.  
2. Қосылған құн салығынан босатылатын қаржылық қызмет көрсетулерге мыналар жатады: 
1) қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы негiзiнде банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар жүзеге асыратын мынадай банк операциялары және өзге де операциялар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген өкiлеттiктер шегiнде лицензиясыз өзге заңды тұлғалар жүргiзетiн операциялар: 
      депозиттердi қабылдау, жеке тұлғалардың банктiк шоттарын ашу және жүргiзу; 
      депозиттердi қабылдау, заңды тұлғалардың банктiк шоттарын ашу және жүргiзу; 
      банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттiк шоттарын ашу және жүргiзу; 
      жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашу және жүргiзу, оларда осы тұлғаға тиесiлi тазартылған қымбат бағалы металдардың және қымбат бағалы металдардан жасалған монеталардың нақты мөлшерi көрсетiледi; 
      аударым операциялары; 
      банктiк заем операциялары; 
      банкаралық клиринг; 
      кассалық операциялар; 
      шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру; 
      төлем құжаттарын (вексельдердi қоспағанда) инкассоға қабылдау; 
      аккредитив ашу (ұсыну) мен оны растау және ол бойынша мiндеттемелердi орындау; 
      сенiмгерлiк операциялары: сенiмгердiң мүддесi үшiн және тапсырмасы бойынша банктер жүзеге асыратын ақшаны, тазартылған бағалы металдарды басқару; 
      банктердiң ақшалай нысанда орындау көзделетiн банк кепiлдiктерiн беруi; 
      банктердiң үшiншi тұлғалар үшiн ақшалай нысанда орындау көзделетiн банк кепiлдемелерiн және өзге де мiндеттемелердi беруi; 
      банктер жүзеге асыратын факторингтiк және форфейтингтiк операциялар; 
2) бағалы қағаздармен жасалатын операциялар, бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушылардың қызмет көрсетуi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берiлген лицензиялар негiзiнде бағалы қағаздар нарығындағы қызметтi жүзеге асыру жөнiндегi ұйымдардың қызмет көрсетуi және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес мемлекеттiк инвестициялық саясатты iске асыруға уәкiлеттi банктiң Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес лицензиясыз жүзеге асыратын бағалы қағаздармен жасалатын операциялары; 
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) жөнiндегi операциялар, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасу және орындау бойынша сақтандыру брокерлерiнiң (сақтандыру агенттерiнiң) қызмет көрсетуi;

Информация о работе Қосылған құн салығы