Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2012 в 23:17, курсовая работа
Таңдалған тақырып көкейтестілігінің негіздемесі. Мемлекеттік бюджеттің түсімдерінің ең басты көзі – салықтар. Өнеркәсібі дамыған елдердің бюджетіндегі салықтардың үлесі 90 пайыз. Салықтың негізгі түрлеріне табыс салығы, одан басқа қоғамның құқықты мүшелерінің табыстарына, корпорация пайдаларына салынатын салықтар. Өндірістік бірлестіктер, кәсіпорындар, капитал иелері өздері жариялаған мәлімдемелері бойынша салық төлейді. Құрылымдық салық реформалары неғұрлым жалпы нысанда салықтар құрылымымен және салықты ұйымдастыруға байланысты салық салуды қайта құруды білдіреді.
Кіріспе.............................................................................................................3-4 бет.
I-тарау. Нарықтық экономикада салықтың алатын орны.
1.1 Салық ұғымы және оның әлеуметтік – экономикалық мәні...............5-6 бет.
1.2 Салықтар: типтері және эволюциясы.....................................................7-8 бет.
1.3. Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің қазіргі заманғы қалыптасу кезеңдері және түрлері.............................................................9-14 бет.
II-тарау.Қазақстан Республикасының бюджетіндегі салықтың кірістері.
2.1 Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы.........................................................................................................15-17 бет.
2.2 Бюджеттік жоспарлаудың маңызы және бюджеттің атқарылу сапасын арттыру.........................................................................................................18-21бет.
2.3 Салық бақылауын жүзеге асыру.........................................................22-26 бет.
III-тарау.Салық салу және салықтық бақылаудың теориялық және әдістемелік негіздері.
3.1 Нарықтық экономикадағы салық реформалары және салықтық қатынастар үйлесімі мен құрылымы.............................................................................27-30 бет.
3.2 Бірыңғай экономикалық кеңістікке кіретін төрт елдің салықтар және алымдар жүйесі...........................................................................................31-34 бет.
Қорытынды..................................................................................................35-36 бет.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.......................................................................37 бет.
Кіріспе.......................
I-тарау. Нарықтық экономикада салықтың
алатын орны.
1.1 Салық ұғымы және оның әлеуметтік –
экономикалық мәні...............5-6 бет.
1.2 Салықтар: типтері
және эволюциясы....................
1.3. Қазақстан Республикасындағы салық
жүйесінің қазіргі заманғы қалыптасу
кезеңдері және түрлері.......................
II-тарау.Қазақстан
Республикасының бюджетіндегі салықтың
кірістері.
2.1 Мемлекеттік бюджеттің кірістері
мен шығыстарының құрамы........................
2.2 Бюджеттік жоспарлаудың маңызы және
бюджеттің атқарылу сапасын арттыру.......................
2.3 Салық бақылауын
жүзеге асыру.........................
III-тарау.Салық салу және салықтық бақылаудың теориялық және әдістемелік негіздері.
3.1 Нарықтық экономикадағы салық
реформалары және салықтық қатынастар
үйлесімі мен құрылымы......................
3.2 Бірыңғай экономикалық
кеңістікке кіретін төрт елдің салықтар
және алымдар жүйесі........................
Қорытынды.....................
Қолданылған әдебиеттер тізімі........................
Таңдалған тақырып
көкейтестілігінің негіздемесі. Мемлекеттік
бюджеттің түсімдерінің ең басты көзі
– салықтар. Өнеркәсібі дамыған елдердің
бюджетіндегі салықтардың үлесі 90 пайыз.
Салықтың негізгі түрлеріне табыс салығы,
одан басқа қоғамның құқықты мүшелерінің
табыстарына, корпорация пайдаларына
салынатын салықтар. Өндірістік бірлестіктер,
кәсіпорындар, капитал иелері
өздері жариялаған
мәлімдемелері бойынша салық төлейді. Құрылымдық салық реформалары
неғұрлым жалпы нысанда салықтар құрылымымен
және салықты ұйымдастыруға байланысты
салық салуды қайта құруды білдіреді.
Бұл салықты қайта құрулар ең бірінші,
салық салу базасын анықтау бойынша,салық
мөлшерлемелерін тағайындау, салық жеңілдіктерін
ұсыну тетіктерін түбегейлі ұлғайта құру
бойынша өзгерістерді қамтамасыз етуге
бағытталған.
Зерттеу мақсаты мен міндеттері.Қазіргі кездегі салықтардың маңызы мен рөлі мемлекеттік органдарды қаржы ресурстарымен қамтамасыз етумен шектелмейді. Салықтар ұлттық табысты мемлекеттендірудің басты құралы. Олардың макроэкономикалық шешуші рөлі артып келеді, мұны ЖҰӨ-нің көлеміндегі салық үлесінің ұлғаюынан көруге болады. Салықтар экономикалық белсенділікті арттырудың, ұдайы өндіріс процесіне әрекет етудің басты бір тұтқасы ретінде жаңа сипатқа ие болуда. Кірістер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы нақты әлеуметтік- экономикалық және тарихи жағдайларда жүзеге асырылатын мемлекеттік бюджет және салық саясатын жүргізудің бағыттарына байланысты болады. Бұл кезде мемлекет белгілі бір жағдайларда кірістерді қалыптастырудың және шығыстарды жұмсаудың қолайлы нысандары мен әдістерін пайдаланады.
Зерттеу нысаны мен мән мағынасын суреттеу.Қазақстан Республикасының экономикасы басынан кешіріп отырған нарықтық қатнастарға көшу кезеңі оның бюджетінің мазмұнына, кірістері мен шығыстарына айтарлықтай ықпал етіп отыр. Бюджетке түсетін салықтар, олар арнайы қабылданған заңдарға сәйкес кәсіпорындардан тағада басқа ұйымдар мен мекемелерден бюджетке түсіп отырады. Салық салу және салықтық бақылаудың теориялық және әдістемелік негіздері. Нарықтық қатынастары дамыған елдерде салықтар экономика мен әлеуметтік хал-аһуалын тұрақты дамытудағы реттеушілік қасиеттері бюджеттік қатынастар мүмкіншілігіне тікелей басқару әдістері ретінде қолданады. Салықтардың жәрдемімен мемлекет қоғамдық қасиеттілік пен ресурстар арасындағы, оларды қанағаттандырудағы салыстырмалы тепе-теңдікке қол жеткізіледі. Салықтардың арқасында экология жағынан зиянды өндірістердің кеңейуіне айыппұлдар мен шектеулер енгізе отырып, табиғи байлықты тиімді пайдалануын қамтамасыз етеді. Салықтар мемлекеттің әртүрлі даму бағдарламасының даму мүмкіншілігіндегі қаржылық қамтамасыз ету және азаматтардың табыстарының деңгейін теңестіру мүмкіншілігіне ие болады. . Әлемдегі көптеген экономист ғалымдардың еңбектерінде салық тақырыбы, оның маңыздылығы, қоғамның дамуындағы рөлі, экономикадағы алатын орыны кең және терең зерттелген. Сонымен бірге тәжірибеде теориялық жағынан қамтылған және Батыс елдердің үлкен тәжірибесіне негіз болған ғылыми зерттеулер жарияланып жүр. Ғалымдар мен практиктердің жұмыстарында қаржылық бақылау тақырыбы кеңінен қамтылғанымен салықтық бақылау туралы өте аз зерттелген. Тіптен салықтың бақылау функциясы деген түсініктің өзі кейіннен шыққан түсінік. Өкінішке орай салықтық бақылау мәселелері, оның еліміздің салық жүйесіндегі орны мен маңызы, тәжірибе жүзінде қолданылуы Қазақстан Республикасында қазірше жеткілікті қамтылмаған.
Дерек көздері
мен әдебиеттерге жалпы талдау.Мемлекеттің қаржы және салық
саясатын жетілдіру мәселелерін зерттеуге
өз еңбектерін арнап, сол арқылы экономика
ғылымына айтарлықтай үлес қосқан төмендегідей
экономистер мен заңгерлерді айтуға болады:
А.Герун, А.И.Худяков, А.К.Арыстанова, Б.Б.Шермухаметова,
Б.Ж.Ермекбаева, В.Г.Фурсов, В.Д.Мельников,
Г.К.Жакупова, Г.М.Бродский, Е.Калюжанова,
Е.Х.Сигаев, З.Атығаева, К.А.Сержантов, М.Т.Оспанов,
М.Х.Тусеева, С.С.Сатубалдин, А.А.Нурумов,
А.Б.Зейнельгабдин, А.Смит, А.Соколов, А.Тривус,
В.Д.Ли, Г.А.Лесбеков, Г.Карагусова, Д.Г.Черник,
Е.В.Порохов, К.А.Аттапханов, К.Ә. Сағадиев,
К.К.Ильясов, М.Б.Кенжегузин, О.Тимофеева,
С.Г. Пепеляев, С.М.Мусин, Ф.С.Сейдахметова
және тағы басқалар. Бірақ, салық жүйесінің
бақылау қызметі мен мемлекеттік қаржылық
бақылауының көпжақтылығы және мәселелерінің
күрделілігі оның әрі қарай зерттеуді
қажет етеді.
Авторлық жаңашылдық
пен шығармашылық дербестікті көрсету.Менің
курстық жұмысымның мақсаты – Қазақстан
Республикасының салық жүйесі жайлы жан-жақты
мағлұмат беру, оның қалыптасу кезеңдерін,
принциптерін қарастырып,салықтың құрамы
мен құрылымым талдау, қазіргі мемлекеттің
бюджетіндегі салықтың кірістерін қарастыру.[10]
I-тарау. Нарықтық экономикада салықтың алатын орны
1.1 Салық ұғымы, тарихы және
оның әлеуметтік-экономикалық
Ұйымдық–құқықтық
жағынан салықтар – бұл мемлекет біржақты
тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі
бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін
қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті
ақшалай төлемдер. Салықтардың экономикалық
мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін
жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын
ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.
Салықтар қаржының
бастапқы категориясы болып табылады.
Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды
және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының
негізі болып табылады. Адамзат дамуының
бүкіл тарихы бойына салық нысандары мен
әдістері өзгерді, игерілді, мемлекеттің
қажеттіліктері мен сұрау салуларына
бейімделді. Салықтар тауар-ақша қатынастарының
ахуалына әсер ете отырып, олардың дамыған
жүйесінде айтарлықтай өрбіді. Мемлекет
құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан
салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен
қабаттаса жүреді.Салықтар барлық елдерде
олардың қоғамдық-экономикалық құрылысы
мен саяси іс-бағытына қарамастан ұлттық
мемлекет кірістерінің негізгі көзі –
ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық
құралы, мемлекеттің кірістерін және бюджеттің
кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі
болып табылады. Салықтарда мемлекеттің
экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді,
ал салықтардың әлеуметтік –экономикалық
мәні, олардың түрлері мен рөлі қоғамның
экономикалық құрылысымен, мемлекеттің
табиғатымен және функцйяларымен айқындалады.
Белгілі философ Френсис Бэкон салықтарды
төлеу - әрбір азаматтың қасиетті борышы
деген еді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының
35-ші бабында: заңды түрде белгіленген
салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті
төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі
міндеті болып табылады, - деп жазылған.Салықтарды
ежелден салық жүктемесін бөлудің екі
қағидаты қалыптасқан:
1. пайда (алынған игіліктер) қағидаты;
2. «қайыр көрсету» (төмен қабілеттілігі)
қағидаты.
Алынған игіліктерге және төлем қабілеттілігіне
салық салудың қағидаттарын пайдалану
салық мөлшерлемелерін белгілеуге және
табыстың өсуіне қарай олардың өзгеруіне
саяды.
Салықтың Ұтымды ұйымдастырудың классикалық
қағидаттарын бұрын Адам Смит ұсынған
еді. Олар мынаған саяды:
1. салық салық төлеушінің әрқайсысының
табысына сәйкес алынуы тиіс (әділеттілік
қағидаты);
2. салықтың мөлшері мен оны төлеу мерзімі
алдын ала және дәл анықталуы керек (анықталық
қағидаты);
3. әрбір салық салық төлеуші үшін неғұрлым
қолайлы уақытта және әдіспен алынуы тиіс
(қолайлылық қағидаты);
4. салықты алудың шығындары өте аз юолуы
тиіс (үнем қағмдаты).
Бұл қағидаттарды пайдалану салық салудағы
зорлық-зомбылықты жоқ етті, бұл процеске
реттемелеуді енгізді және Адам Смитке
«салықтар – оны төлейтіндерге құлшылықтың
нышаны емес, бостандықтың нышаны» деп
қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Салық
салудың кейінгі даму барысында қағидаттардың
тұжырымдамалары дәлденді, толықтырылды.Салық
төлеуші салық заңнамасына сәйкес салықтың
міндеттемелерін толық көлемінде және
белгіленген мерзімдерде орындауға міндетті.
Салықтар және бюджетке төленетін басқа
да міндетті төламдер айқын болуға тиіс.
Салық салудың айқындығы салық төлеушінің
салықтың міндеттемелері туындауының,
орындалуынынң және тоқтатылуының барлық
негіздері мен тәртібін салық заңнамасында
белгілеу мүмкіндігін білдіреді.Салық
салу мәселелерін реттейтін нормативтік-құқықтық
актілер ресми басылымдарды міндетті
түрде жариялануға жатады.Салықтардың
әлеуметтік- экономикалық мәні мен мазмұны
олар атқаратын функцияларда толық ашыла
түседі. Жалпы қаржы категориясы тұрғысынан
салықтар қосалқы категория болып табылатындығын
есте ұстаған жөн, сондықтан қаржыға қатысты
салықтардың функцияларын қаржының бөлгіштік
функциясының құрамдас қосалқы функциясы
ретінде қарастырған жөн. Қазіргі кезде
салықтар фискалдық, реттеуші және қайта
бөлу сияқты негізгі үш функция орындайды.
Бұлардың әрқайсысы осы қаржы категориясының
ішкі белгілері мен өзіндік ерешеліктерін
білдіреді.
Фискалдық функция-
барлық мемлекеттерге тән негізгі функция.
Оның көмегімен бюджеттің кірістерін
толтыра отырып, экономиканы, әлеуметтік-
мәдени шараларды жүзеге асыруды қамтамассыз
етеді.Салықтардың реттеуші функциясы
мемлекеттің экономикалық қызметінің
ұлғаюымен байланысты пайда болады. Бұл
реттеуіштер қоғамдық ұдайы өндірістің
құрылымы мен үйлесісіміне, қорлану мен
тұтыну көлеміне ықпал етеді.Қайта бөлу
функциясы арқылы түрлі субъектілер табысының
бір бөлігі мемлекеттің қарамағына өтеді.
Бұл функцияның іс- әрекетінің ауқымы
жалпы ішкі өнімде салықтардың алатын
үлесі арқылы анықталады; ол ұлттық табыстың
мемлекеттендірілу дәрежесін көрсетеді:
бұл үлес 1997 жылы - 19,7%, 1998 жылы – 16,6%,1999
жылы-17,4%, 2000 жылы- 22,6%, 2001 жылы-22,2% болды
(салыстыру үшін: Украйнада-29%, Ресейде
-33 %).
Мемлекет салық саясатын
– салық саласындағы шаралар жүйесін
қоғамның оның нақтылы кезеңіндегі әлеуметтік-экономикалық
міндеттеріне қарай әзірленген экономикалық
саясатқа сәйкес жүргізіледі.
Нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайындағы
салық саясатының негізгі бағыты тұтынудың
орталықтандырылған қоғамдық қорлары
арқылы халықтың нақты табыстарының едәуір
бөлігін қалыптастырудың өзін ақтамаған
қағидатынан бас тарту болып табылады.Еңбек
белсенділігінің күшеюіндегі экономикалық
ынталылықтың механизмі арқылы халықтың
еңбекке жарамды бөлігінің табыстарын
айтарлықтай арттыруға мүмкіндік жасайды.[10]
1.2 Салықтар: типтері және эволюциясы
Салық, алым, баж және
басқа төлемдер деп заң актілерімен белгіленген
тәртіп пен шарттарға сәйкес, төлеушілердің
бюджетке, немесе, бюджеттік емес қорларға
міндетті түрде жасайтын жарнамалары
аталады. Ұлттық табысты қайта бөлу факторы
бола отырып, салықтар мына жағдайларды
жүзеге асырады: бөлу жүйесінде пайда
болатын қателіктерді жоюға мүмкіндік
туғызады, адамдардың осы немесе басқа
әрекеттердің дамуын ынталандырады.[4]
Мемлекетке түсетін салықтардың, алымдардың,
баждардың және басқа төлемдердің жиынтығы
және олардың құрылуының формалары мен
әдістерінің жиынтығы салық жүйесін құрайды.
Салық жүйесі мемлекеттің сәйкес заңдылық
актілеріне негізделеді. Оның арқасында
салықтың құрылуының және жиналуының
нақты әдістері, яғни салықтың элементтері
белгіленеді:
• салықтың субъектісі, немесе, салық төлеуші
– арқылы салық төлеу міндеті артылған
адам. Бірақ, салықтың ауыртпашылығы бағалар
механизмі арқылы, басқа тұлғаға жүктелуі
мүмкін, сондықтан арнайы салық төлеу
қызметін атқарушы – салықты ақиқат төлейтін
тұлға белгіленеді;
• салықтың объектісі – салық есептелетін
табыс немесе мүлік (жалақы, пайда, құнды
қағаздар, жылжымайтын мүліктер т.б. )
• табыстың көзі – есебінен салық төленетін
табыс;
• салық ставкасы – салық салыну бірлігіне
келетін салықтың көлемі (табыстардың
ақша түріндегі бірлігі, тауардың өлшем
бірлігі және т.б.).
Тұрақты, пропорционалдық, прогрессивтік,
регрессивтік салық ставкалары болады.
Тұрақты ставкалар – табыстар көлемінің
мөлшеріне байланысты емес, салым бірлігіне
абсолюттік сомада белгіленеді.
Пропорционалдықтар – салық объектісіне
, оның жіктелуіне байланысты болмай, біркелкі
проценттік қатынаста салынады.
Прогрессивттік ставкалар
– табыстың өсіп отыруына байланысты
прогрессивтік салықтың орташа ставкасы
өсіп отырады. Салық салудың прогрессивтік
ставкасы бойынша, салық төлеуші табыстың
үлкен абсолюттік көлемін төлеп қоймайды,
ол оның үлкен үлесін төлейді.Прогрессивтік
салықтардың зардабын үлкен табысы бар
адамдар тартады.
Регрессивттік ставкалар
– табыстың өсіп отыруына сәйкес регрессивтік
салықтың орташа ставкасы төмендейді.
Регрессивтік салықтар үлкен табыстары
барларға пайдалы, ал табыстары көп емес
физикалық және заңды тұлғалар үшін өте
ауыр келеді.
Төлем жасау қабілеттілігіне байланысты
салықтар тікелей және данамаға бөлінеді.
Тікелей салықтарды салық субъектілері
тікелей төлейді. Олар заңды және физикалық
тұлғалардан алынады. Тікелей салықтар
төлем қабілеттілігіне тікелей пропорционалды
болады. Осыған жататындар:
• азаматтарға салынатын табыс салығы
және корпорациялардың (фирмалардың) пайдасына
салынатын салық;
• мүлік салығы, осының ішінде меншікке
(жерге, қозғалмайтын мүлікке), әлеуметтік
сақтандыруға, жалақы қорына және жұмысшы
күшіне (әлеуметтік салықтар және әлеуметтік
жарналар деп аталатындар) салынатын салықтар;
пайданы шетелге аударған үшін салынатын
салықтар.
Жанама салықтар – бұл белгілі тауарлар
мен қызметтерге салынатын салықтар. Жанама
салықтар бағаға үстеме жасалып алынады.
Бұлар жарым-жартылай, немесе, толық тауар,
немесе, қызметтер бағасына аударылады.
Жанама салықтардың негізгі түрлері:
• үстеме құнға салынатын салық, акциздер
(тауар немесе қызметтердің бағасына қосылатын
салықтар);
• мұрагерлік салық;
• жылжымайтын мүліктермен және құнды
қағаздармен жасалатын келісімдерге салынатын
салық және басқалар.
Дамыған елдердегі салық салу
тәжірибесіне жүгінсек, салықтардың жетекші
екі түрі болады. Мұның негізін табыс салығы
– азаматтар және заңды тұлғалар табыстарының
барлық көздерінен түскен жиынтық түсімдерге
прогрессивтік салық салу және үстеме
құнға салынатын салық құрайды.Табысқа
салынатын салықтар физикалық тұлғаларға
салынатын табыс салығы және заңды тұлғаларға
салынатын табыс салығы деп ажыратылады.
Индивидуалдық табыс
салығы – бұл жеке табыстар салығы, салық
төлеуші физикалық тұлғаның табыстарынан
(әдетте жылдық) алынатын алым болып табылады.
Төлемдер жыл бойы жасалынады, бірақ түпкі
есеп жыл аяғында жасалады. Салықтың бұл
түрі тікелей прогресивтік салыққа жатады.
Әр елдердің салық жүйелерінің ортақ ұқсастықтары
болады, бірақ солардың әрқайсысында өздерінің
ерекше салық ставкалары мен салық салуға
жатпайтын, салық несиелері мен төлем
даталары болады. Осымен қатар, салық жүйелерінің
көбінде серіктестіктер салық салудың
жеке объектісі деп саналмайды. Көп елдерде
бұл тікелей прогрессивтік салық болып
табылады. Осы салық корпорация заңды
тұлға болса ғана алынады.
Корпоративтік салық фирмалардың салық
төлемдердің басым көбін құрайды. Салық
фирманың таза пайдасына (жалпы түскен
түсімнен барлық шығындар мен зияндары
алып тастағанда қалғандар) салынады.
Дивиденд түрінде акйионерлер арасында
бөлінуге тиісті таза пайданың бөлігіне
салық салу әр елде әр түрде жүреді.Қосымша
құн салығы тауарлар мен қызметтер сататын
фирмаларға сатылатын тауар құнының 5-тен
38% көлеміне салынады және осы салық көп
қолданылатын тауарлар мен қызметтерге
салынады.Жанама салықтың қатарында кеден
, баж алымдары жатады.Олар тауарларды
мемлекеттік шекарадан әрі бері өткенде
төленетін салықтар. Қазіргі кезенде,
әсіресе шет елдер тауарлардан алынатын
кеден салығының маңызы зор.[14]
1.3 Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің қалыптасу кезеңдері және түрлері
«Салық» ұғымымен «салық жүйесі» ұғымы
тығыз байланысты. Мемлекетке алынатын
салық түрлерінің, оны құру мен алудың
нысандары мен әдістерінің, салық службасы
органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттік
салық жүйесін құрайды.1991 жылға дейін,
яғни КСРО ыдырағанға дейін елде көбінесе
экономиканы басқарудың әміршіл-әкімшіл
жүйесіне, бағаларға қатаң мемлекеттік
реттеуге сәйкес салық жүйесі қызмет етті.
Бюджеттің басты кіріс көздерінің бірі
болған айналым салығы тіркелген бөлшек
сауда және көтерме сатып алу бағаларын
қолдануға және мемлекеттік реттеп отыруға
бағытталған болатын. Қазақстан егемендікке
ие болғаннан кейін 1991-1995 жылдары қабылдаған
бірқатар заңдарға сәйкес республикада
жаңа салық жүйесі қалыптасты. 1991жылғы
желтоқсанның 25-інен бастап біздің елімізде
салық жүйесі жұмыс істей бастады. Ол «Қазақстан
Республикасындағы салық жүйесі туралы»
заңға негізделді. Бұл заң салық жүйесін
құрудың қағидаттарын, салықтар мен алымдардың
түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін
белгілеген алғашқы құжат еді. Осы заңға
сәйкес Қазақстанда 1992 жылғы қаңтардың
1-інен бастап 13 жалпы мемлекеттік салық,
18 жергілікті салықтар мен алымдар енгізілді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі 1995
жылдың басында салық реформасының ұзақ
мерзімді тұжырымдамасын қабылдап, онда
еліміздің салық жүйесі мен салық заңнамасын
бірте-бірте халықаралық салық салу қағидаттарына
сәйкестендіру көзделді. Осыған байланысты
«Салық және бюджетке төленетін басқа
да міндетті төлемдер туралы» 1995 жылғы
сәуірдің 14-інде Қазақстан Республикасы
Презмдентінің заң күші бар жарлығы шықты.
Енді бұрынғы 42 салықтар мен алымдар едәуір
қысқартылып, олардың саны небәрі 11 болып
қалды. Қазақстан Республикасы Президентінің
1995 жылғы сәуірдің 24-індегі заң күші бар
жарлығы Қазақстан Республикасының 1999
жылғы шілденің 16-сында №440-1 заңына сәйкес
заң мәртебесін алды. Осы уақыт аралықтарында
Президент жарлықтарымен және Қазақстан
Республикасының заңдарымен бұл заңға
өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.
Салықтардың, олардың төлеушілердің, салықтарды
алу әдістерінің, салық жеңілдіктерінің
жиынтығының болатындығынан салық жүйелерінің
әжептәуір күрделі үлгілері болуы мүмкін.
Барлық өркениетті елдерде салықтардың
бүкіл жиынтығы әр түрлі қағидаттар бойынша
былайша жіктеледі:
Салық салу объектілері
бойынша;
Салықты алатын және салықтан жиналған
сомаға билік жасайтын органға қарай;
Пайдалану тәртібі бойынша;
Объектінің экономикалық белгісі бойынша.
Салықты алатыын және оған билік жасайтын
органға қарай орталық (жалпымемлекеттік)
және жергілікті салықтарды ажыратады.
Пайдалану тәртібіне қарай барлық салықтар
жалпы және мақсатты болып бөлінеді. Жалпы
салықтар тиісті деңгейлердегі бюджеттерде
шоғырландырылады және жалпымемлекттік
қажеттіліктерді қаржыландыруға пайдаланылады.
Мақсатты (арнаулы) салықтардың нысаналы
арналымы болады және әеттегідей түрлі
арнаулы қорлардың қаржы базасын құруға
арналады.
Объектінің экономикалық белгілері бойынша
табысқа салынатын салықтар және тұтынуға
салынатын салықтар болып ажыратылады.
Табысқа салынатын салықтар төлеушінің
салық салынатын кез келген объектіден
алған табыстарынан алынады. Тұтынуға
салынатын салықтар – бұл тауарлар мен
қызметтер көрсетуі тұтыну кезінде төленетін
шығынға салынатын салықтар.
Салық салу объектілерін
есепке алу және оларды бағалау тәсілдеріне
қарай салық алудың мынадай төрт әдісі
қолданады: кадастрлық, салық төлеушінің
мағлұмдамасы бойынша, табысты алу көзінен
ұстап қалу, патенттік негізде.Бірінші
жағдайда салықты есептеу мен оны алу,
салық салу объектілерінің нақты табыстылығының
есепке алмай табыстылық (жер салығы, мүлік
салығы) нормасын көрсете отырып, олардың
тізімдемесі негізінде жүзеге асырылады.
Мағлұмдамада салық төлеушілер табыстың
көлемін, қажетті жеңілдіктерді, шегерімдерді
көрсетеді және салық сомасын есептеп,
төлейді. Олар салықтардың түрлері бойынша
салық мағлұмдамасын есепті салық кезеңіне
сәйкес тапсырып отырады. Мәселен, корпорациялық
табыс салығын, жеке табыс салығын, көлік
құралдарына салынатын салықты жәнежерсалығын
төлеушілер салық органына олар бойынша
мағлұмдаманы есепті салық кезеңінен
кейінгі жылдың 31-інші наурызына дейін
береді.
Жеке табыс салығы бойынша мағлұмдаманы
мынадай салық төлеушілер:
Төлем көзінен салық салынбайтын табыстары
барлар;
Тұрғын үй салу мен осындай құрылыс үшін
құрылыс материалдарын сатып алуды қоспағанда
салық жылында 2000 айлық есептік көрсеткіштен
жоғары сомаға біржолғы ірі сатып алуды
іске асырғандар;
Қазақстан Республикасының шегінен тыс
жерлерден табыстар алатын жеке тұлғалар;
Қазақстан Республикасының шегінен тыс
жерлердегі шетел банктеріндегі шоттарда
ақшасы бар жеке тұлғалар;
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес туралы заңнамалық актілеріне
сәйкес мағлұмдама беру жөнінде міндеттеме
жүктелген адамдар;
Қазақстан Республикасы Парламентінің
депутаттары, судьялары табыс етеді.
Салық төлеушіден салық мағлұмдамасын
табыс етудің белгіленген мерзіміне дейін
жазбаша өтініш алған жағдайда уәкілетті
мемлекеттік орган салық мағлұмдамасын
табыс ету мерзімін екі айдан аспайтын
мерзімге ұзартуға хұқылы. Бірақ салық
мағлұмдамасын тапсыру мерзімін ұзарту
салық төлеу мерзімін өзгертпейді.
Үшінші әдіс бойынша салық төлеуші жұмыс
істейтін ұйымның, мекеменің бухгалтериясы
одан салықты табыс алынған жерде есептеп,
ұстайды (төлейді).
Төртінші әдіспен салық кәсіпкерлік қызметтің
сан алуан түрлеріне берілетін патент
негізінде төленеді. Патент – арнаулы
салық режімін қолдану құқығын куәландыратын
және салық сомасының бюджетке төленгендігін
растайтын құжат.
Салық есебінің екі әдісі қолданылады:1) кассалық
әдіс;2) есептеу әдісі.
Кассалық әдіске сәйкес
табыстар мен шегерімдер жұмысты орындау,
қызмет көрсету, мүлікті жөнелту мен кірістеу
және ол бойынша жасалынған ақы төлеу
мезетінен бастап есепке алынады.
Есептеу әдісі бойынша
табыстар мен шегерімдер ақы төлеудің
уақытына қарамастан жұмысты орындау,
қызмет көрсету, тауарларды өткізу және
кіріске алу мақсатымен тиеп жіберу мезетінен
бастап есепке алынады. Бұл әдіс салық
службалары үшін қолайлырақ және оны Қазақстанның
барлық төлеушілері қолдануға қабылдаған.
Төлеушілер үшін оның кемшілігі – салық
төлемдері жеткізілім тіпті уақытында
төленбеген жағдайда да аударылуы тиіс,
бұл айналым қаражаттарын оқшауландыруға
ұрындырады.
Қазақстан Республикасының салық жүйесі
салықтардың, алымдардың және баждардың
түрлерін, салық қатынастарын реттейтін
құқықтық нормаларды және салық службасының
органдарын қамтиды.[3]
Қазақстан Республикасының салықтарның,
салық сипатындағы алымдардың тізбесі
мыналарды қамтиды:
1. Салықтар:
1. Корпорациялық табыс салығы.
2. Жеке табыс салығы.
3. Қосылған құнға салынатын салық.
4. Акциздер.
5. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары
мен арнаулы төлемдері.
6. Әлеуметтік салық.
7. Жер салығы.
8. Көлік құралдарына салынатын салық.
9. Мүлікке салынатын салық.
2. Алымдар:
1.Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені
үшін алынатын алым.
2.Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені
үшін алынатын алым.
3.Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және
олармен жасалған мәмілелерді мемлекеттік
тіркегені үшін алым.
4.Радиоэлектрондық құралдарды және жиілігі
жоғары құрылғыларды мемлекеттік тіркегені
үшін алым.
5. Механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді
мемлекеттік тіркегені үшін алым.
6.Теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді
кемелерді мемлекеттік тіркегені үшін
алым.
7. Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік
тіркегені үшін алынатын алым.
8. Дәрі-дәрмек құралдарын мемлекеттік
тіркегені үшін алынатын алым.
9. Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының
аумағы арқылы жүру алымы.
10. Аукциондардан алынатын алым.
11. Елтаңбалық алым.
12. Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу
құқығы үшін лицензиялық алым.
13. Телевизия және радио хабарларын тарату
ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға
рұқсат беру үшін алым.
3. Төлемақылар:
1. Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы.
2. Жер бетіндегі көздердің су ресурстарын
пайдаланғаны үшін төлемақы.
3. Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы.
4. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін
төлемақы.
5. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды
пайдаланғаны үшін төлемақы.
6. Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы.
7. Раиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін
төлемақы.
8. Кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны
үшін төлемақы.
9. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру
үшін төлемақы.
Салықтардың және бюджетке төленетін
басқа да міндетті төлемдердің сомасы
«Бюджет жүйесі туралы» Заң мен тиісті
жылға арналған республикалық бюджет
туралы заңда белгіленген тәртіппен тиісті
бюджеттердің кірісіне түседі.Салық жүйесі
өзінің құрамына мемлекеттік салық службасының
– Қаржы министрлігін, облыстардағы, аудандардағы,
қалалардағы және қалалардағы аудандардың
салық комитеттерін қамтиды. Салық службасы
органдары салық және бюджетке төленетін
басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін,
міндетті зейнетақы жарнамаларының толық
және дер кезінде аударылуын қамтамасыз
ету жөніндегі, сондай-ақ салық төлеушілердің
салықтық міндеттемелерін орындауына
салықтық бақылауды жүзеге асырады.[2]
Информация о работе Салық салу және салықтық бақылаудың теориялық және әдістемелік негіздері