Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2012 в 23:17, курсовая работа
Таңдалған тақырып көкейтестілігінің негіздемесі. Мемлекеттік бюджеттің түсімдерінің ең басты көзі – салықтар. Өнеркәсібі дамыған елдердің бюджетіндегі салықтардың үлесі 90 пайыз. Салықтың негізгі түрлеріне табыс салығы, одан басқа қоғамның құқықты мүшелерінің табыстарына, корпорация пайдаларына салынатын салықтар. Өндірістік бірлестіктер, кәсіпорындар, капитал иелері өздері жариялаған мәлімдемелері бойынша салық төлейді. Құрылымдық салық реформалары неғұрлым жалпы нысанда салықтар құрылымымен және салықты ұйымдастыруға байланысты салық салуды қайта құруды білдіреді.
Кіріспе.............................................................................................................3-4 бет.
I-тарау. Нарықтық экономикада салықтың алатын орны.
1.1 Салық ұғымы және оның әлеуметтік – экономикалық мәні...............5-6 бет.
1.2 Салықтар: типтері және эволюциясы.....................................................7-8 бет.
1.3. Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің қазіргі заманғы қалыптасу кезеңдері және түрлері.............................................................9-14 бет.
II-тарау.Қазақстан Республикасының бюджетіндегі салықтың кірістері.
2.1 Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы.........................................................................................................15-17 бет.
2.2 Бюджеттік жоспарлаудың маңызы және бюджеттің атқарылу сапасын арттыру.........................................................................................................18-21бет.
2.3 Салық бақылауын жүзеге асыру.........................................................22-26 бет.
III-тарау.Салық салу және салықтық бақылаудың теориялық және әдістемелік негіздері.
3.1 Нарықтық экономикадағы салық реформалары және салықтық қатынастар үйлесімі мен құрылымы.............................................................................27-30 бет.
3.2 Бірыңғай экономикалық кеңістікке кіретін төрт елдің салықтар және алымдар жүйесі...........................................................................................31-34 бет.
Қорытынды..................................................................................................35-36 бет.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.......................................................................37 бет.
Қазақстан Республикасының
Жанама салықтар – жоғарыда атап өткеніміздей,
бағаға немесе тарифке үстеме түрінде
белгіленген салықтар, олар салық төлеушінің
табыстарына немесе мүлкіне тікелей байланысты
емес. Жанама салықтар мемлекттің фискалды
мүдделерін білдіреді. Оларды саналы пайдалану
баға белгілеу процесіне оңтайлы ықпал
жасауы және тұтыну құрылымына әсер етуі
мүмкін.Жанама салықтың ішіндегі ең маңыздысы
1992 жылы енгізілген қосылған құнға салынатын
салық - ҚҚС болып табылады. Салық төлеуші
мемлекетке оны төлеу нәтижесінде шеккен
шығысының орнын бағаны көтеру жолымен
толықтырады және салықты төлеуді сатып
алушыға аударады. Салық салу объектісі
материалдық шығындарсыз өндірілген өнім
болып саналатын қосылған құн болып табылады:
қосылған өнімге кешенді шығыстар, мысалы,
жарнамаға жұмсалатын және басқа бірқатар
шығындар қамтылуы мүмкін. ҚҚС дүние жүзінің
40-тан астам елдерінде, соның ішінде Еуропа
экономикалық одағының 17 елінде пайдаланылады.
ҚҚС қазіргі кезде Қазақстан Республикасының
бюджет кірістерінің аса маңызды көздерінің
бірі болып саналады. 2001 жылы мемлекеттік
бюджет кірістерінің жалпы сомасына бұл
төлемнің үлес салмағы 21,8 пайызын құрады.Салық
және бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдер туралы Қазақстан Республикасының
кодексі (Салық кодексі) бойынша қосылған
құнға салынатын салық деп тауарларды
(жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) өндіру
және лоардың айналасы процесінде қосылған,
оларды өткізу бойынша салық салынатын
айналым құнның бір бөлігін бюджетке аударуды,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының
аумағындағы тауарлар импорты кезіндегі
аударымды айтады. Қазақстан Республикасының
кеден заңнамасына сәйкес мағлұмдамануға
тиісті, Қазақстан аумағына әкелінетін
немесе әкелінген тауарлар қосылған құн
салығынан босатылғандарын қоспағанда
салық салынатын импорт болып табылады.
Салық салынатын табыс, төлем көзінен
салық салынатын табыс және Қазақстан
Республикасында қызметін тұрақты мекеме
арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды
тұлғаның таза табысы корпорациялық табыс
салығы салынатын объектілер болып табылады.
Резидент-заңды тұлғаның
жиынтық жылдық табысы салық кезеңі ішінде
Қазақстан Республикасы мен одан тыс жерлерден
алынуға тиіс табымтардан тұрады. Қазақстан
Республикасында қызметін тұрақты мекеме
арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды
тұлғаның жылдық жиынтық табысы салық
заңнамасына сәйкес анықталады, оған тұрақты
мекеменің қызметіне байланысты табыстардың
барлық түрлері жатады.
Жеке табыс салығы. Бұл төлем бойынша қаражаттардың
түсімі (2001 жылға дейін – жеке тұлғалардан
алынатын табыс салығы) барлық салық төлемдерінің
9% алады.Салық агенттері жеке табыс салығын
есептеу мен ұстап қалуды төлем көзінен
салық салынатын табыс төленетін күннен
кешіктірмей жүргізедіі. Олар салық төлеушілердің
тұрған жері бойынша есепті айдың табысын
төлеудің соңғы күнінен кейінгі бес жұмыс
күні ішінде жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының
щегінен тыс жерлерде төленген жеке табыс
салығының сомасы белгіленген тәртіппен
Қазақстанда салық төлеу кезінде есепке
жатқызылады.[1]
Әлеуметтік салық – мемлекетке алынатын
салықтардың бірі. Ол 1999 жылдан бері бұған
дейін қолданылып келген әлеуметтік қорларға:
зейнетақы, мемлекеттік әлеументтік сақтандыру,
міндетті медициналық сақтандыру, халықты
жұмыспен қамту қорларына аударылатын
сақтық жарналары аударымдарының орнына
енгізлген. Аударымдардың жиынтық мөлшерлемесі
еңбекке ақы төлеу қорның 28% мөлшерінде
белгіленді, ал төленетін жарналардың
сомасы өндіріс шығындарына жатқызылды.
Әлеуметтік салықтан түсетін түсімдер
мемлекеттік бюджетке 17% алады.
Қазақстан республикасының резидент-заңды
тұлғалары шетелдік заңды тұлғалардың
филиалдары мен өкілдіктері, сондай-ақ
Қазақстанда қызметін тұрақты мекемелер
арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер,
жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар
әлеуметтік салық төлеушілер болып табылады.Жұмыс
беруші төлейтін ақшалай немесе заттай
нысандағы кез келген табыстар нысанындағы
оның қызметкерлерге төлейтін шығыстары
резидент-заңды тұлғалар, сондай-ақ Қазақстанда
қызметін тұрақты мекемелер арқылы жүзеге
асыратын бейрезиденттер, заңды тұлғаның
құрылымдық бөлімшелері үшін әлеуметтік
салық салу объектісі, ал жеке кәсіпкелер,
жеке нотариустар, адвокаттар үшін олардың
өздерін қоса алғанда, қызметкерлер саны
бұл салық салудың объектісі болып табылады.
Меншікке салынатын салықтар нарықтық
экономика жағдайында мемлекет иелігінен
алу үшін және жекешелендіру процесінің
дамуына қарай меншік қатынастарындағы
натылы өзгерістермен байланысты едәуір
орын алады.
Жер салығы 1992 жылы енгізілді. Жерге салынатын
салықты енгізу мынандай мақсаттарды
көздейді: экономикалық әдістермен жерді
ұтымды пайдалану және жерге орналастыру,
жердің құнарлығын арттыру, оны қорғау
жөніндегі шараларды жүргізу үшін, сонымен
бірге аумақтың әлеуметтік-мәдени дамуы
үшін бюджет кірістерін қалыптастыру.
Жер салығын төлеу барлық жер иелері, жер
пайдаланушылар, соның ішінде жалгерлер
мен жер иелері үшін міндетті болады. Жер
салығын анықтау үшін жер учаскесінің
аланы салық базасы болып табылады. Салық
мүлік иелеріне оны тиімді иеленуге түрткі
болады.Заңды тұлғаның шешімі бойынша
оның құрлымдық бөлімшелері салық төлеушілер
ретінде қарастырылады.Мүлікке салынатын
салықты төлеудің көзі табыстың мүлікті
пайдаланудың нәтижесі болып табылатындығына
немесе өзге де әдістермен алынатындығына
қарамастан олардың табысы болып есептеледі.[3]
II-тарау.Қазақстан
Республикасының бюджетіндегі
2.1 Мемлекеттік
бюджеттің кірістері мен
Мемлекеттің
орталықтандырылған ақша қорын
қалыптастырумен және
Кірістер мен шығыстардың
құрамы мен құрылымы нақты әлеуметтік-
экономикалық және тарихи жағдайларда
жүзеге асырылатын мемлекеттік бюджет
және салық саясатын жүргізудің бағыттарына
байланысты болады. Бұл кезде мемлекет
белгілі бір жағдайларда кірістерді қалыптастырудың
және шығыстарды жұмсаудың қолайлы нысандары
мен әдістерін пайдаланады.Дағдыдағыдай,
кірістердің көзі салықтар немесе оларға
бара- бар төлемдер болып табылады. Қазақстан
Республикасының мемлекеттік бюджеті
кірістерінің құрамы мен құрылымы салық
төлемдерінің қолданыстағы жүйесімен
және салыстырмалы тұрақсыз сипаттағы
салықтық емес қаражаттардың түсімдерімен
айқындалады.
Бюджет жүйесі туралы
заңға сәйкес бюджеттің құрылымы мыналардан
тұрады;
1) түсімдерден;
кірістерден;
алынған ресми трансферттерден (гранттардан):
бұрын бюджеттен берілген кредиттер бойынша
негізгі борышты өтеуден;
2) шығыстардан және кредит беруден:
шығыстардан;
кредит беруден;
3) бюджет тапшылығынан (профицитінен);
4) бюджет тапшылығын ( профицитті пайдаланудан)
қаржыландырудан;
Өз кезегінде кірістер;
Салықтық түсімдер;
Салыққа жатпайтын түсімдер:
Капиталмен жасалатын
операциялардан алынатын кірістер болып
бөлінеді.
Бюджеттік түсімдердің бұл үш категориясы
алынған ресми трансферттер бөлігімен
(және бір уақытта санатымен) яғни тауарларды
немесе қызметтер көрсетуді сатып алуға,
кредиттер беруге немесе өтелмеген борышты
төлеуге байланысты емес тегін және қайтарылмайтын
төлемдермен толықтырылады.
Бюджеттен берілген кредиттерді өтеу
санаты бюджеттік кредиттер бойынша (қайтару
негізінде берілген- бұрынғы жылдардағы
несиелендіру) мемлекеттік шаруашылық
жүргізуші субъектілер тарапынан ақшалай
қаражаттардың түсуі болып табылады.Бюджеттік
шығыстар бөлігі функционалдық топтардың
шығыстарын қаржыландыруға жұмсалады.Мемлекеттік
борышқа қызмет ету ету жөніндегі шығыстар
« борышқа қызмет ету » функционалдық
тобы бойынша бюджеттік бағдарламалар
әкімшілерінің мемлекеттік мекемелерін-
әкімдер аппаратын және кіші бағдарламалар-
қарыздар бойынша сыйақылар төлеу және
қарыздарды орналастырғаны үшін комиссиялық
сыйақылар төлеу бойынша Қаржы министрлігін
бөле отырып жүргізіледі.Кейін бюджетке
өтеу түрінде қайтаруға жататын, басқа
экономикалық бірліктерді несиелендіруге
арналған қаражаттар тиісті бөлікте- функционалдық
топ болып табылатын несиелендіруде көрсетіледі.Бюджет
тапшылығы шығыстар мен бюджеттен қайтарымды
негізде бөлінген кредиттер ауқымының
бюджетке түсетін түсімдердің жалпы сомасынан
асып түсуін қамтып көрсетеді. Бекітілген
республикалық бюджет тапшылығының көлемі
ұлттық валютамен және жалпы ішкі өнімге
пайызбен, ал облыстық бюджеттер, Астана
және Алматы қалалары бюджеттерінің тапшылығы
ұлттық валютамен көрсетіледі.Ал бюджет
профициті- бұл бюджетке түсетін кірістер
мен ресми трансферттер түсімдерінің
және бұрын бюджеттен берілген кредиттер
бойынша негізгі борышты өтеудің жалпы
соммасының жалпы шығыстардың және қайтарымдық
негізде бөлінетін кредиттердің ауқымынан
асып түсуі. Бекітілген бюджет профицитінің
көлемі де ұлттық валютамен немесе жалпы
ішкі өнімге пайызбен есептеледі.Мемлекеттік
бюджеттің соңғы бөлігі- бюджет тапшылығын
қаржыландыру ішкі және сыртқы мемлекеттік
борышты өтеу жөніндегі шығыстарды қамтып
көрсетеді.Оның қос арналымы бар;
1) тапшылық болған жағдайда- ішкі көздерден
(Ұлттық банктен, коммерциялық банктерден,
бағалы қағаздар сатудан, есепке алу бойынша,
шығыстарды жабуға бағытталатын жыл басындағы
бюджет қаражаттарының қалдықтары) және
сыртқы қарыздардан қаражаттар тарту;
2) профицит кезінде- жоспардан тыс түсімдерді,
бірінші кезекте мемлекеттік міндеттемелерді
өтеуге немесе немесе бірінші кезектегі
бюджеттік бағдарламаларды қосымша қаржыландыруға
пайдалану.
Кірістер мен шығыстардың егжей-тегжейлі
тізбесі мен топтамасы бюджеттік сыныптамамен
айқындалады. Қаржы Министрлігі бекіткен
біріңғай бюджеттік сыныптама- функционалдық,
ведомствалық және экономикалық сипаттамалар
бойынша бюджетке түсетін түсімдер мен
бюджеттен жұмсалатын шығыстардың топтастырылуын
белгілейтін нормативтік құқықтық акт.
Ол кірістердің сыныптамасынан, шығыстардың
функционалдық және экономикалық сыныптамаларынан
тұрады. Біріңғай бюджеттік сыныптама
бюджеттің мемлекеттің экономикалық және
әлеуметтік дамуының жоспарларымен, болжамдарымен
және бағдарламаларымен, министрліктер
мен ведомствалардың, ұйымдар мен мекемелердің
қаржы жоспарларымен тығыз байланысын
қамтамассыз етеді; жеке сметалар мен
қаржы жоспарларын құрама сметалар мен
жоспарларға біріктіруге мүмкіндік береді,
құрама жоспарлар мен бюджеттің жазбаша
тізбесі арасындағы үйлесуді қамтамассыз
етеді.1996 жылға дейінгі бюджеттік сыныптама
мынадай бөліктерді қамтыды: бөлім, параграф,
бап, тарау.Алайда ұзақ уақыт қолданылып
келген сыныптама бюджет қаражаттарын
жобалаудың, оған есеп жүргізудің және
бақылаудың, сондай- ақ бюджет процесін
жүзеге асырудың қазіргі заман талаптарына
сай болудан қалды. Сондықтан 1996 жылдан
бастап ол жаңа, халықаралық стандартқа
сәйкес келетін сыныптамамен ауыстырылады.Жаңа
бюджеттік сыныптамаға сәйкес кірістер
енді төрт бөлікке жіктелетін болды, олар;
санат, сынып, ішкі сынып, ерекшелік. Мысалы;
бюджеттің кірістері мына санаттарды
қамтиды: салық түсімдері; салыққа жатпайтын
түсімдер; капиталмен жасалатын операциялардан
алынатын кірістер; алынған ресми трансферттер;
бюджеттен берілген кредиттерді өтеу;
жалпы қаржыландыру; бюджеттің қаражаттары
қалдықтарының қозғалысы. Қалған бөліктер
кірістерді кіріс көздерін неғұрлым тәптіштеу
ретінде сипаттайды. Мысалы; салық түсімдеріндегі
сынып- салықтобын, ішкісынып- салық түрін,
ерекшелік- нақты салық төлеушіні немесе
салық объектісін білдіреді.
Шығыстарда функционалдық
, экономикалық және ведомстволық сыныптама
қарастырылған. Функционалдық сыныптама
қызмет түрлерінің , шаралардың және бюджет
қатынастары қатысушыларының кең көлемді
сипаттамасы болып табылады. Функционалдық
сыныптамаға байланысты шығыстар бес
бөлімге бөлінеді: функционалдық топ ,
ішкі функция, мемлекеттік мекеме – бағдарламалардың
әкімшісі, бағдарлама, ішкі бағдарлама.
Аталған деңгейлердің ұштастырылуы шығыстардың
функционалдық сыныптамасының кодын құрайды.Шығыстардың
экономикалық сыныптамасы оларды экономикалық
белгілері бойынша төрт бөлімге бөледі:
санат, сынып, ішкі сынып, ерекшелік. Санат
мыналарды қамтиды: ағымдағы шығыстар,
күрделі шығыстар, кредит беру, қаржыландыру.
Сынып ішкі сынып және ерекшелік шығыстардың
арналымы мен сипатын нақтылай түседі,
мысалы, ағымдағы шығыстарда : тауарлар
мен қызметтер көрсетуге жұмсалатын шығыстар
– жұмысшылар мен қызметшілердің жалақысы
– жұмысшылар мен қызметшілердің негізгі
жалақысы.[5]
2.2 Бюджеттік жоспарлаудың маңызы
Бюджеттің атқарылуы
кезінде екі сыныптаманың негізгі бөлімшелерін
қамтитын тоғыспалы сыныптама түріндегі
функционалдық және экономикалық сыныптамалардың
ұштастырылуы пайдаланылады.
Ведомстволық сыныптама бойынша шығыстардың
атқарылуы мен бюджеттік несиелендіру
әкімшілер бойынша бюджет бағдарламаларын,
мысалы Қазақстан Республикасы Президентінің
Әкімшілігі, Парламенттің шаруашылық
басқармасы , Премьерминистрдің Кеңсесі,
облыстар мен Астана және Алматы қалаларының
әкімдері, министрліктер, комитеттер,
агенттіктер, Қазақстан Республикасының
басқа ведомстволары мен службалары бойынша
топтастыруды білдіреді. Бюджеттік сыныптама
автоматтандыру құралдарын қолданатын
басқарудың жоғары жеделдігіне жету үшін
түсімдер мен шығындарды жан – жақты,
айқын және арнаулы етіп жүйелеуге мүмкіндік
береді.
Бюджеттік жоспарлау
– мемлекеттің қаржы саясатының талаптарына
бағындырылған қаржылық жоспарлаудың
маңызды құрамды бөлігі. Мұндай жоспарлаудың
экономикалық мәні елдің жалпы ұлттық
әлеуметтік – экономикалық дамуы негізінде
түрлі деңгейдегі бюджеттердің жасау
мен олардың атқарылуы процесінде бюджет
жүйесінің буындары арасында қоғамдық
өнімнің құны мен ұлттық табысты бөлу
және қайта бөлуде болып отыр. Бюджеттік
жоспарлау барысында қаржы елдің дамуының
мемлекеттік бағдарламасының экономикалық
және сапалық көрсеткіштеріне және табиғи,
материал, еңбек және қаржы ресурстарына
белсенді ықпал жасайды.
Бюджеттік жоспарлаудың бірлігі мыналарға
негізделген:
1) республикалық және жергілікті бюджеттерден
қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалардың
тізбесін қалыптастыруға:
2) заңнамалық актілер мен кірістерді республикалық
және жергілікті бюджеттер арасында бөлу
нормативтерін, облыстық өкілді органдардың
шешімдерімен- кірісті облыстық бюджет
пен аудандар бюджеттерінің арасында
бөлудің тұрақты нормативтерін белгілеуге,
т. б.
Қазақстан Республикасының экономикасы
басынан кешіріп отырған нарықтық қатнастарға
көшу кезеңі оның бюджетінің мазмұнына,
кірістері мен шығыстарына айтарлықтай
ықпал етіп отыр. Бюджетке түсетін салықтар,
олар арнайы қабылданған заңдарға сәйкес
кәсіпорындардан тағада басқа ұйымдар
мен мекемелерден бюджетке түсіп отырады.[13]
2008 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкіметтің есебіне қорытындыны Есеп комитеті дер кезінде дайындап, заңды мерзімде Парламент Мәжілісіне ұсынды.Үкіметтің Есебі және біздің соған қорытындымыз жұмыс тобының отырыстарында және Парламент Мәжілісінің комитеттерінде жан-жақты қаралды.Жалпы алғанда, әлемдік экономиканы жайлаған дағдарысқа қарамастан, Елбасының 2008 жылғы 8 ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлектеттік саясаттың басты мақсаты» атты Жолдауында белгіленген міндеттерге сәйкес республикалық бюджеттің атқарылуын Үкіметтің қамтамасыз еткенін атап өткен жөн.Сонымен қатар, бюджетті атқару барысында бюджет саясатын іске асыру саласында бірқатар қателіктерге жол берілген, бұл әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешудің сапасына теріс әсерін тигізді.
Бюджеттің атқарылу сапасын арттыруға, оның кіріс және шығыс бөліктерінің негізгі параметрлерін қалыптастыруға, біздің ойымызша, аса маңызды болып табылатын бюджет процесінің кейбір мәселелеріне тоқталып өтсек Есеп комитетінің бағалауынша, бюджеттік бағдарлама әкімшілері жоспарлау процесіндегі кемшіліктерді жоймауына байланысты республикалық бюджет бірнеше рет нақтыланып түзетілген.Мұндай жағдайда салықтық әкімшілік етудің тиімділігі төмендеп, мемлекеттік міндеттемелердің уақтылы орындалмай қалу қаупі арта түсетіні анық.2008 жылғы қазанда республикалық бюджеттің қосымша нақтыланғанына қарамастан, негізгі салықтар бойынша жылдық жоспар орындалмай қалды.Қосымша құн салығы (ҚҚС) бойынша жоспар – 109,4 млрд. теңгеге, корпоративтік табыс салығы (КТС) бойынша– 23,8 млрд. теңгеге, акциздер бойынша 3,1 млрд. теңгеге орындалмаған.Сондай-ақ, нақтылау барысында осы салық түрлері бойынша көрсеткіштердің азайтылғанын айта кету керек.Әрине, қалыптасқан жағдайға бәрінен де қаржы дағдарысы мен тауар нарығындағы сұраныстың төмендегені қатты әсер еткенін түсінеміз.Дегенмен, салықтық және кедендік әкімшілік етудің тиімділігіне жүргізген бағалау республикалық бюджет түсімдерінің артуы үшін Үкіметтің барлық мүмкін резервтерді жұмылдырмағанын көрсетті. Салық салудан табысты жасыру тәсілдерінің бірі жалған кәсіпкерлік екенін барлығымыз жақсы білеміз.2009 жылғы 1 қаңтарға республикада 378 тұлға жалған кәсіпорын деп танылған. Олардың қосымша құн салығын (ҚҚС) есепке жатқызуынан бюджет 29 млрд. теңгеге, ал корпоративтік табыс салығынан (КТС) 52 млрд.-тан астам теңгеге зиян шекті.Сонымен, осы салықтар бойынша жалған кәсіпкерліктен шеккен жалпы шығын 81 млрд. теңгеден асып отыр. 2009 жылғы 1 қаңтарға салықтар бойынша бересі 81,0 млрд. теңгеге жетті және ол 2007 жылмен салыстырғанда 1,7 есеге өсіп кеткен.Салықтық тексерулердің сапасын арттыру.Жыл сайын салық қызметтері орасан айыппұлдар мен өсімпұлдар есептегенімен, 2009 жылғы 1 қаңтарға тексеру актілері бойынша қосымша есептелген бүкіл берешектің (ол 299 млрд. теңге) тек 4,6 пайызы ғана өндіріліп алынған.Тауарлар экспорты мен көрсетілетін қызметтер бойынша қосымша құн салығын (ҚҚС) уақтылы қайтару шаруашылық жүргізуші субъектілердің айналым қаражатын толықтырып отырады, яғни оларды қолдауды қамтамасыз етеді.Алайда, Есеп комитеті жүргізген бақылау-талдау іс-шаралары көрсетіп отырғандай, республикада қосымша құн салығы (ҚҚС) бойынша дебет сальдосы қарқынды өсуде. 2008 жылы оның мөлшері 527 млрд. теңгеге жетті, бұл 2008 жылы бюджетке төленген қосымша құн салығынан (ҚҚС) 177 млрд. теңгеге артық.Өз кезегінде, жаңа Салық кодексіне сәйкес, шаруашылық жүргізуші субъектілерге қосымша құн салығының (ҚҚС) барлық артық дебет сальдосы ағымдағы жылдан бастап бюджеттен қайтарылады.Сонымен, Үкіметтің салықтық және кедендік әкімшілік етудің тиімділігіне тиісті бақылаусыз, либералды салық саясатын жүргізуінен республикалық бюджет кірісі айтарлықтай шығынға ұшырап отыр.Мысалы, 2007 жылы Қазақстан алыс шет елдерге шығарылатын мұнай өнімдерінің экспортына кеден бажын енгізді. Бұл ретте ТМД елдеріне шығарылатын экспортқа баж салынбайтын болғандықтан, осы елдерге мұнай өнімдерін әкету 35 есе ұлғайған.Ал осы мұнай өнімдерін Қазақстанның қатысуынсыз алыс шет елдерге қайта экспорттаған кезде бюджеттің шығыны 11 млрд. теңгеден асатын болады.Салықтық және кедендік жүйелердің ынталандыру рөлі ағымдағы міндеттерді ғана емес, сондай-ақ ұзақ мерзімдік міндеттерді орындау бағытында да күшеюі тиіс деп ойлаймыз.Есеп комитеті 2008 жылғы республикалық бюджеттің шығыс бөлігінің атқарылуын бағалағанда Үкіметтің Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын толық орындауына аса көңіл бөлді.Мемлекет басшысы бюджеттің нәтижелілігіне басты назар аудара отырып, өз Жолдауында халықтың әлеуметтік әл-ауқатына қатысы жоқ барлық шығыс түрлерін қысқарту міндетін қойған еді.Алайда республикалық бюджетті нақтылау кезінде көптеген функционалдық топтар бойынша шығыстар өскен. Мәселен, экономиканың кейбір секторларындағы шығыстар 3 есе артты. Ал керісінше, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтағы шығыстар 2 пайызға, денсаулық сақтаудағы әлеуметтік шығыстар 20 пайызға қысқарды.Үкімет есепті жыл ішінде басым емес шығыстарды оңтайландырып, инвестициялық жобалардың тізбесіне көптеген түзету енгізді.Бірақ, осы шараларға қарамастан, 13 млрд.-тан астам теңге игерілмей қалған.Соңғы жылдары еліміз үшін стратегиялық жағынан маңызды бағдарламалық құжаттар бойынша бақылау-талдау шараларын жүргізу – Есеп комитеті қызметінің басым бағыттары болды.Мәселен, үш мемлекеттік және он үш салалық бағдарламаның тиімділігіне бақылау жүргізу кезінде жүйелік сипаттағы көптеген кемшіліктер мен олқылықтар анықталды.Үйлестіруші мемлекеттік органдар тарапынан оларды іске асырудың пәрменді мониторингі реттелмеген. Бұл бағдарламаларды іске асыру кезеңдері мерзімінің кешіктірілуіне алып келеді.Бүгінгі таңда жергілікті бюджеттер кірісіндегі трансферттердің үлесі жекелеген өңірлерде 70%-дан асады. Бұл белгілі бір дәрежеде әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуде өңірлердің республикалық бюджеттің кіріс бөлігінің атқарылуына тәуелділігін туындатады.Осы келтірілген деректер шағын және орта бизнесті дамытуға, экономиканың нақты секторын, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға бағытталған бюджет қаражатын пайдаланудан мультипликативтік әсердің күткен нәтиже бермей отырғандығын көрсетеді.Соның салдарынан, өңірлер жеткілікті дәрежеде дамымауда.Осы айтылғандарды ескере отырып, 2009 жылғы бюджетті атқару кезінде және одан кейінгі жылдардағы бюджеттерді қалыптастыру барысында мемлекеттің қаржы активтерінің жұмсалуына қатаң бақылаудың қажеттілігінің маңызды екеніне назар аудару керек.Сыртқы бақылаудың басты міндеті – бюджет процесін жетілдіру жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу, мемлекеттің алға қойған міндеттерін шешу үшін республикалық бюджетті қалыптастыру және атқару кезінде барынша дәл болжаммен қамтамасыз ету болып табылады.[19]
2.3 Салық бақылауын жүзеге асыру
Салық бақылауын жүзеге асыру
– іс жүзінде мемлекеттің қаржылық іс
әрекетіне бағытталып, ақша қорларын құюға
кететін және осы мемлекеттік қаржы жүйесінің
құрамына кіретін табыстарды жинау болып
табылады.
Салық бақылаудың субъектісі – мемлекеттік
салық қызметі, яғни тек салықтық тексеру
жүргізуге құқығы бар орган – салық комитеті.
Салықтық бақылау объектісі – салық заңдылықтары
бойынша заңды міндеттемелер жүктелген
тұлғалар. Олар салық төлеушілер, салық
агенттері, банктер, салық төлеуші туралы
ақпараттары бар тұлғалар. Салық төлеу
пәні – тексерушілердің салық заңдары,
Салық Кодексі, заңдылық нормативтік актілер
және де ресми құжаттар бойынша атқаруға,
орындауға тиіс міндеттері.
Салық бақылаушының мақсаты
– салық заңдарын бұзушылық фактілерді
немесе салық құқықтық қатынастарды қатысушының
өз міндетін санасыз орындалғанын анықтау;
айыптарды анықтау және оларды заңда бекітілген
жауапкершілікке тарту; салық заңын бұзушылықты
жою; қарыздарды өтеу бойынша шаралар
қолдану түріндегі мемлекеттік материалдық
қорғау; салық заңын бұзушылықтың алдын
алу.
Салық бақылауды жүзеге
асыру нысаны тікелей бақылау, сырттай
бақылау болып бөлінеді. Тікелей салық
бақылауына тексеру – тексеруші тұлға
алғашқы құжаттарымен, салықтық есепке
қатысты құжаттарды тексеруін талдау
жасайтындығымен сипаттауға болады. Оның
құжаттық, рейдтік, хронометражды түрлері
бар. Сырттай салық бақылау – бақылау
субъектісі мен объектісі тексеру жүргізу
кезінде байланысқа түспей сырттай жүргізіле
беретіндігімен сипатталып (камералдық)
түрі.
Салықтық бақылау өткізу
уақыты – алдын-ала, қазіргі және ағымдағы
немесе кейінгі түрлері болады.
Салықты бақылаудың ішкі және сыртқы болып
бөлінді, бақылау объектісі бір ұжымдық
жүйенің бөлімдерінде немесе ведомства
аралық бағытттарға байланысты.
Салықтық бақылау – салықтық тексеру
немесе тапсыру мақсатындағы бақылау
болады. Салықтық бақылау тексерілетін
салық төлеуші туралы ақпараттарды жинау,
жинаған ақпараттарды бағалау. Жинаған
ақпараттар бойынша шамалау немесе мөлшерлеу
кезеңдерінен тұрады. Құжаттар көздеріне
қарай салықтық тексеру құжаттық жәнеіс
жүзінде деп бөлінеді. Іс-жүзіндегі тексеру
– объектілердің сандық және сапалық
жағдайларын зерттеу лабораториялық сараптама
мен әртүрлі әдістер нәтижелерін шығару.
Салық әкімшілік теңдікті жетілдіруде
«Салық аудитінің электрондық бақылауы
(САЭБ)» ақпараттық жүйесін енгізу үлкен
жетістік болып отыр. Бұл ақпараттық жүйе
салықтық тексерулерді жүргізуді және
жоспарлауды автоматтандыруға мүмкіндік
береді.
Салықтық тексеру тексеруге дайындау
тексеруді жүргізу, тексеру нәтижелерін
рәсімдеу, анықталынған салық заңын бұзушылықты
жою үшін нұсқаманың қаулының орындалуын
бақылау мерзімдерінен тұрады.
Салық кодескі бойынша салықтық тексерулер:
31 құжаттық тексеру (кешенді тексеру, тақырыптық
тексеру, қарама-қарсы тексеру);
32 рейдтік тексеру (салық органының тіркеу
есебіне тұруы, бақылау-кассалық аппараттарын
дұрыс қолдану, лицензия және бір жолғы
талон құжаттарын тексеру, акциздік тауарларды
тексеру);
33 хронометражды зерттеу (салық төлеушінің
нақты табысы мен оны алуға кеткен нақты
шығынын білу мақсатында салық органы
жүргізеді).
Салық менеджменті – салықты салуда және
салықты өндіруді ұйымдастыру. Салық салуды
ұйымдастыру – салық төлеушінің салық
міндеттерін салық органы тарапынан заң
аясында дер кезінде толық орындалуы.
Салық міндеттемелері – салық төлеуші
тіркеуге тұрған сәттен бастап салық кодексіндегі
баптарға сәйкес салық түрлеріне қарай
төлеуші болуына байланысты сол салық
түрінің міндеттемелері Салықтық бақылау
салық сомасын есептелінуін бақылау, есептелген
салық сомасынан бюджетке өз уақытында
және толық түсуін бақылауды жүргізілу
шеңбері бар. Бақылау объектісіне қарай
салық төлеушілер жеке тұлға мен заңды
тұлға деп бөлінеді. Сонымен, салық менеджментінің
құрамдас бөлігі оны өндіру мен салу кезіндегі
салықтық бақылау объектісі болып табылады.
Салықтық бақылаулдың ұйымдастыру барысы
ғылыми негізделеді. Мысалы, салықты салуды
ұйымдастыруда: есептелінетін салықты
болжау мен жоспарлау, қабылдаған есептіліктегі
салық сомасы және оны талдау, салық сомасының
есептелінуін бақылау; салықты өндіруді
ұйымдастыру: бюджетке түсетін салықтарды
болжау мен жоспарлау, төленуге тиіс сомма
мен оны талдау, салық соммасының бюджетке
түсуін бақылау.
Салықтық бақылауды ұйымдастырудың қазіргі
кезеңдегі жағдайына талдау жасау. Экономикалық
және құқықтық әдебиеттерде салықтық
бақылаудың мәні тек салық заңдылықтарын
сақаталуындағы дұрыс есептелінуі мен
төленуін бақылау деген тұжырнама кеңінен
таралған. Бұл көзқарастар салық органдарының
өздігінен шынайы өркениет жасамауына
негізделінеді. Бақылауды ұйымдастырудың
дамуы соңғы жылдары салық заңдарынан
тұрақсыздығы салдарынан, салық комитеті
жұмысын ұйымдастырудағы мәселелердің
туындауынан,салық төлеушілердің салық
жүйесіне деген теріс пиғыл әсерінен көп
қиындықтарға тап болуда. Бұл салықтық
бақылауды ұйымдастыру және әрекет ету
барысында көрініс беруде. Бірақ соған
қарамастан бүгінгі қоғамда салық түсімдерін
бақылаудың мағынасы, оның экономикалық
және қоғамның әлеуметтік салаларына
әсері туралы салыстырмалы түрде бірқатар
ойларды түйіндеп, оны әрі қарай дамыту
қажет екенін көруге болады. Салықтық
бақылаудың негізгі міндеті – заңды бұзған
тұлғалардың жауапкершілікке тартылудан
құтылып кету мүмкін еместігін түсіну.
Әрине, ол үшін салықта бақылауды оны төлеушілерді
түгелімен тексерілуі қамтылуы керек.
Салықтық бақылаудың құқықтық қамтылу
мәселелерін біздің ойымызша келесі тұрғылардан
зерттеу қажет.
Салық жүйесінің функциялануының құқықтық
базасының бақылауды жүзеге асыруға және
оның тиімділігіне әсер етеді.
Салықты бақылаудың нәтижесі тек салықты
төлеушілердің заңсыздығы мен қатар, салық
органы қызметкерлері тарапынан жіберілетін
ескерту керек. Салықтық құқық бұзушылықты
талдау негізінен төменгі жағдайларда
заң бұзушылықтар жиі кездеседі:
34 қосылған құн салығы салым айналуын
анықтауды;
35 салық органдарына есеп бермейтін тіркеуде
жоқ, шот-фактуралары мен реквизиті жоқ
жеткізушілердің қосылған құн салығын
есепке жатқызуда;
36 қосымша құн салығы бойынша жеңілдіктерді
дұрыс қолданбау;
37 айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептеуде.
Салық төлеушілердіңелеулі бөлігі өздерінің
салық міндеттемелерін есептеуі және
де салық органдарына шағымданудағы өтініштер
жасауы қисынсыз. Себебі салық төлеушілер
салықтың төлемдік мөлшерін барынша төмендетуге
тырысады. Сондықтан салық алынатын объекті
алдымен әрқашанда тексерілуі тиіс. Салық
төлеушілер өз мүддесінің пайдасына жасау
үшін әрқашанда даулы мәселелерді туғызады,
немесе салық мөлшеріндегі сыбағалы сыбайластықтарға
да жол берілуі мүмкін. Осыған орай салық
органдарының алдында тұрған мақсаттаға
қол жеткізуі қажеттілігін бағалау құқықтық
құзыретін күшейтудегі әртүрлі экономикалық
талдау әдістерін бақылау процестерін
күшейтуге қолдана білу мен құқықтық шараларды
салық мәдениетін арттырып жетілуіне
талап етеді.
Салықтық бақылаудың
қамту интервалы – тексерумен қамтылған
объектілер санының жалпы объектілер
санына қатынасы. Сонда интервал 0,01-ден
1,0-ге дейінгі аралықты қамтиды. Оңтүстік
Қазақстан облысы бойынша салық комитеті
мәліметтері бойынша салық төлеушілердің
тексерумен қамтылғандарының санының
жалпы салық төлеушілер санына қатынасына
тоқталатын болсақ тексерумен қамту санының
коэффициенті:
38 2000 жылы 0,083;
39 2001 жылы 0,142;
40 2002 жылы 0,088;
41 2003 жылы 0,095;
42 2004 жылы 0,099;
43 2005 жылы0,087 болатындығын көреміз.
Салықтық бақылау интервалы 1,0-ге жеткенде,
бақылаумен барлық салық төлеушілер қамтылды
деген сөз, бірақ ондай көрсеткішке қол
жеткізу мүмкін болмай отыр.
Автордың ұсынысы бойынша салықтарды
өндіруді бақылау коэффициентін (К) есептеуге
келесі формуланы ұсынады;
K=Z/V
Мұндағы:
Z – қосымша есептелген салық сомасы
V – жалпы салық түсімдері.
Біздің ұйғаруымыз
бойынша салық органы жұмысының тиімділігінң
кешендік бағалау мақсатында толық дәрежесін
сипаттайтын жалпылама көрсеткіш қажет.
Оны салық төлеушілердің өздері есептеген
деклорациялардағы нақты салық сомасы
мен аймақтағы салық салу базасына есептелуге
тиіс сомалармен салыстыру арқылы алуға
болады. Нақты есептелген және есептелуге
тиіс салық сомасының қатынасы – салықтың
есептелуінің толық коэффициенті болып
табылады. Бұл көрсеткіш жалпылаушы болып
табылады да салық комитетінің жұмыс кешенінің
ұйымдастырылуын қамтиды, салық төлеушілермен
өзара қарым-қатынастардың дәрежесін
есепке алады. Коэффициенттің толықболуы
салық комитеті жағдайын зерттеу үшін
негіз болуы мүмкін. Бұл көрсеткіш кәсіпорындардың
төлеу қабілетіне және қарыз деңгейіне,
т.б. экономикалықкөрсеткіштерге байланысты
емес. Бұл көрсеткіштің енгізілуі бағалаушы
ретіндеөте маңызды мәселелерді: салық
салу базасының нақты есебінің әдісін
анықтап шешуді қажет етеді.
Бағалық көрсеткіштерді екітүрге бөлуге
болады:
8 салық органының жұмысын кешендік санаттаушы;
9 салық органы жұмысының әрбір жеке жақтарын
сандық және сапалық тұрғыдан жағдайын
көрсетуші.
Корпоративтік құрылымдар қызметі мен
салықты төлеу тәртібін бұзуда салықтық
бақылауды жетілдіру. Есептелген салықтар
мен басқа міндетті төлемдер жасалуының
толықтығы және уақтылылығы бақылау тікелей
кәсіпорындарда тексерулер барысында
да, салық органдарына түскен банктердің
құжаттары (салықтардың төленуін дәлелдейтін
төлем тапсырмаларының, көшірмелері регистрлерінің
және т.б.) негізінде де жасалады.[20]
Кәсіпорындардағы тексерулер,
әдеттегінше, өте тиімді болады, салық
төлеушілердің бухгалтерлік есепті ұйымдастырумен
төлем тәртібі деңгейінің жоғарылауына
мүмкіндік туғызады. Сонымен бірге салық
төлеушілер сипатында есепке тіркелген
кәсіпорындардың елеулі санын салық органдары
қызметкерлерінің біршама азғандай аппараты
бір мезгілде тексеруге шамасы келмейтіндіктен
мұндай бақылау тегіс қамти алатын бола
алмайды.
Мұндай жағдайларда кәсіпорындардың үстінен
тегіс қамти алатын бақылауға салық органдарында
әрбір салық төлеуші бойынша және салықтар
мен басқа міндетті төлемдерден әрбір
түрі бойынша есептеулер тағы түсімдердің
шұғыл-бухгалтерлік есебін жүргізу арқылы
жетеді. Салықтардың бір қатар маңызды
қайта өзгертулерді талап етеді. Мұндай
салықтарға жылжымайтын мүлікке салынатын
салық. Жылжымайтын мүлікке салынатын
салық әрекетінің механизімін өңдеу жер
кадастірінің жылжымайтын мүліктің кадастірінің
, меншік иелері реестрінің , жылжымайтын
мүлікті басқарудың автоматтандырылған
жүйесінің, жерді бағалау мәселелері бойынша
заңгерлік кеңес беру жүйесінің міндетті
түрде құруын болжамайды. Келешекте үш
салықты (жерге, кәсіпорындардың мүлкіне
және жеке тұлғалардың мүлкіне) төлеудің
орнына заңды тұлғалардың да, жеке тұлғалардың
да жылжымайтын мүлкіне бірыңғай салық
енгізуді қарастырған жөн болар еді. Жылжымайтын
мүлікке салынатын мұндай салықты енгізудің
мақсаты – мүлік пен жердің құрастырушы
негізінің тиімдірек салық салу есебінен
жергілікті бюджеттердің салықтық табыстарының
көбеюі.[16]
Салық саясатының негізгі
бағыттарын анықтау кезінде өндіріс пен
оның сапалық көрсеткіштерінің өсуін
ынталандырудың ерекше маңыздылығына
сүйену керек. Төлемдер проблемасы - бұл
салықтарды есептеу мен оларды өз уақытында
төлеу жөнінде бақылауды қиындататын,
жетілген заңдылық негізінің жоқтығынан
жеке тұлғалардың табыстарына және мүлікке
салынатын салықтарды төлету кезінде
де кездесіп отырады. Осындай қиындықтарды
шешу мақсатындағы мемлекеттің оңтайлы
қадамдарының бірі ретінде осы 2006 жылғы
5 шілдеде шыққан «Мүлікті жария етуге
байланысты рақымшылық жасау туралы»
Қазақстан Республикасының Заңын айтуға
болады. Мүліктерді заңдастыру туралы
Заң бір жағынан халыққа мүлігін заңдастыру
барысында көптеген есіктерге жүгіріп,
көптеген кезектерге тұру, құжаттарды
жинақтау сияқты қиындықтарсыз мүліктерін
заңдастыруға мүмкіндік берсе, екінші
жағынан мемлекет үшін салық салу базасын
ашуға мүмкіндік береді. Яғни, өз мүлкін
заңдастырған әрбір тұлға жергілікті
салық комитетіне мүлігін тіркеуге қояды.
Мүлікті заңдастыру үшін оның құнының
10 пайызы көлемінде алым төленетіндігімен
қатар, заңдастырылған сәттен бастап салық
бақылауына ілігетінін, келесі есептік
кезеңнен бастап аталмыш мүлікке салық
төленетінін ескерсек мемлекеттің ұтымды
шешім қабылдағаны анық байқалады. Және
бір айта кететін жай, егер заңдастырылатын
мүлік – тұрғын үй болып, оған 2006 жылдың
бірінші қаңтарына дейін мүлік салығы
төленген болса, ол 10 пайыздық алымнан
босатылады. Салық бақылауын жетілдіру
барысында базаны кеңейту мүмкіндігіне
бұл жеңілдіктің оң әсер береді деп күтілуде.
Салық органдарында атаулы Заңға сәйкес
жылжымалы мүліктер және көліктерді жария
ету жүзеге асырылады.[7]
Информация о работе Салық салу және салықтық бақылаудың теориялық және әдістемелік негіздері