Салық ұғымы және салық жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2012 в 10:21, курсовая работа

Описание

Қазақстан салық және оны жинау жұмыстары республикалық және жергілікті орындарда жүргізіледі. Республикалық салық төлеу мөлшерін және оны жинауды Қазақстан Республикасының Парламенті белгілейді және оны өзгертіп те отырады. Салық, баж дегеніміз – салық төлеушілерден міндетті түрде жиналып алынатын ақшалай қаражат. Оның мөлшері мен тқленетін міндетті уақыты заң бойынша анықталып отыралы. Салықтар мен баждарды жеке адамдар да, мекемелер де төлейді. Жеке адамдар дегенге Қазақстан Республикасының азаматы да, шетелден келген, бірақ азаматтығы жоқ адамдар да жатады.

Содержание

Кіріспе
1 тарау. Салық ұғымы және салық жүйесі
1.1 Салық ұғымы және әлеуметтік – экономикалық мәні.
1.2 Салықтың қалыптасуы мен салық жүйесі.
2 тарау. Қазақстан Республикасының салық жүйесі.
2.1 Салық жүйесінің қалыптасуы
3 тарау. Қазақстан Республикасының салық жүйесін жетілдіру жолдары.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
Қосымша

Работа состоит из  1 файл

KAMWAT салық 1.doc

— 128.00 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

 

«Қазақ  инженерлік-техникалық академиясы»  МЕКЕМЕСІНІҢ

Қарағанды қаласындағы өКІЛДІГІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Салық» пәні бойынша

 

РЕФЕРАТ

тақырыбы: «Салық ұғымы және салық жүйесі»

 

 

 

 

 

 

 

        Орындаған: 1108-УА-2кз(СПО) тобының

                                                             студенті Жақан К.С.

                                       Ғылыми жетекші: аға оқытушы Бейсенова Ж.Ж

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарағанды

2012

 

 

 

Жоспары

 

Кіріспе

1 тарау. Салық ұғымы  және салық жүйесі

1.1 Салық ұғымы және әлеуметтік – экономикалық мәні.

1.2 Салықтың қалыптасуы мен салық жүйесі.

2 тарау. Қазақстан  Республикасының салық жүйесі.

2.1 Салық жүйесінің  қалыптасуы

3 тарау. Қазақстан Республикасының салық жүйесін жетілдіру жолдары.

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

Қосымша

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Қазақстан салық және оны жинау жұмыстары республикалық  және жергілікті орындарда жүргізіледі. Республикалық салық төлеу мөлшерін  және оны жинауды Қазақстан Республикасының  Парламенті белгілейді және оны өзгертіп те отырады. Салық, баж дегеніміз – салық төлеушілерден міндетті түрде жиналып алынатын ақшалай қаражат. Оның мөлшері мен тқленетін міндетті уақыты заң бойынша анықталып отыралы. Салықтар мен баждарды жеке адамдар да, мекемелер де төлейді. Жеке адамдар дегенге Қазақстан Республикасының азаматы да, шетелден келген, бірақ азаматтығы жоқ адамдар да жатады. Демек, салықты тек өзіміздің республикасының заматтары ғана емес, шетелден келгендер де төлеуге міндетті. Бұл дұрыс та себебі, біздегі заң қабылдаған барлық қызметті шетел адамдары да пайдаланады. Мемлекет оларға тиімді жағдай жасайды, ьелгілі мөлшерде қаражат шығара отырып, олрадың өмірін, денсаулығын, мүлкін қорғайды. Сондықтан шетелдіктер мемлекетті материалдық жағынан қолдап, заң белгіленген мөлшерде ақша қаражатын төлеуі тиіс. Салық төлемеген жағдайда олар жауапқа тартылады.

Мемлекеттің, барлық адамдардың мемлекет қаржыландыратын ұйымдар  мен мекемелердің өмір сүруі қаражатқа  байланысты болғандықтан, мемлекет салық  төлеу, салық жинау жұмыстарының мағыздылығына үлкен мән береді.

Нарықтық өтпелі кезең  жағдайында, жеке кәсепкерліктің даму барысында салық пен қаражаттың едәуір бөлігі адамдардан келіп түседі. Салықты дер кезінде төлеп  отыпатын, бұл міндетін терең  түсінген адамдар неғұрлым көп болса, онда мемлекетіміз де қуатты бола түседі, жеке адамдардың әл-ауқаты, тұрмыс дәрежесі де жақсара береді.

Жаңа салық есептемесінің  тәсілі бұрынға жүйеден ілде қандай тиімді. Ол салық саласы қызметкерлеріне нақты, дәл есеп жүргізуге мүмкіндік берсе, салық төлеушінің салықшымен тікелей байланыс орнатуына жол ашады. Тиімділігі – бұрмаланбай электронды құралдар арқылы тура есепке алынады. Сондықтан да салық төлеу барысында әртүрлі келеңсіз жағдайларға жол берілмейді.

Салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардығ бір бөлігін білдіреді. Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту және оны тқрақтандыру барысында экономикалық тестік ретінде пайдаланады.

Салық және салық төлеу  қоғам өмірііндегі орнының айрықша екенін өз жұмысымыздың толық айипақшымыз.

 

 

 

 

 

 

 

Салық ұғымы және әлеуметтік-экономикалық мәні.

 Ұйымдық – құқықтық  жағынан салықтар – бұл мемелекет  біржақты тәртіпппен заң жүзінде  белгіленген, белгілі бір мөлшерде  және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.

Салықтардың экономикалық мәні олардың функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемелекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.

Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады.

Салықтар мемлекетпен  бірге пайда болып және мемлекеттің  өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Адамзат дамуының бүкіл тарихы бойына салық нысандары мен әдістері өзгереді, игереді, мемлекеттің қажеттіліктері мен сүрау салуларына бейімделеді. Салықтар тауар – ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып, олардың дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайиа құрылуымен, жаңаруымен қабаттаса жүреді.

Салықтар барлық еледерде олардың қоғамдық – экономикалық құрылысы мен саяси іс-бағытына қарамастан ұлттық мемелкет кірістерінің негізгі көзі – ұлттық табысты қайта бөлудің қаржылық құралы, мемлекеттердң кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады. Салықтарда мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік – экономикалық мәні олардың түрлері менрөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғаытмен және функцияларымен айқындаоады. Белгілі философ Фрэнсис Бэкон салықтарды төлеу – әрбір азаматтың қасиетті борышы деген еді.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-ші бабында: заңды  түрде белгілінген салықтарды, аламдарды  және өзге де міндетті төлемдерді төлеу  әркімнің борышы әрі міндеті болып  табылады, - деп жазылған.

Салықтарды ежелден салық жүктемесін (салық уартпалыңын)

бөлудің екі қағыдаты қалыптасқын:

  1. пайда (алынған игіліктер) қағыдаты;
  2. «Қайыр көрсету» (төлем қабілеттігі) қағидаты.

Алынған игілктерге және төлем қабілеттігіне салық салудың Қағидаттарын пайдалану салық мөлшерлерімен белгілеуге және табыстың өсуіне қарай олардың өзгеруіне саяды.

Салықты ұтымды ұйымдастырудың классикалық қағидаттарын бұрын  А.Смит ұсынған еді. Олар мынаған  саяды:

  1. салық салық төлеушінің әрқайсысының табысына сәйкес алынуы тиіс (әділеттілік қағидаты);
  2. салықтың мөлшері мен оны төлеу мерзімі алдын ала және дәл анықталуы керек (анықталған қағидаты);
  3. әрбір салық салық төлеуші үшін неғұрлым қолайлы уақытта және діспен алынуы тиіс (қолайлылық қағидаты);
  4. салық алудың шығындары өте аз болуы тиіс (үнем қағидаты).
  5. Бұл қағидаттарды пайдалану салық салудағы зорлық - зомбылықты жоқ етті, бұл процеске реттемелеуді енгізді және А.Смитке «салықтар – оны төлейтіндерге құлшылықтың нышаны емес, бостандықтың нышаны» деп қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Салық салудың даму барысында қағидаттардың тұжырымдамалары дәлелденді, толықтырылды.

Тұңғыш рет Қазақстан  Республикасында заңнамалық  деңгейде салық салудың қағидаттары баянды етілген. Қазақстан салы заңнамасында сонымен бірге салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеудің міндеттілігі, салық салудың айқындығы, ідлдгі, салық жүйесінің біртұтастығы және салық заңнамасының жариялылығы қағидаттары негізделеді.

Салық төлеуші салық  хаңнамасына сәйкес салқтық міндеттемелерін  толық көлемінде жән белгіленген  мерзімдерде орындауға міндетті.

Салықта мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер айқын болуыға тиіс. Салық салудың айқындығы салық төлеушінің салықтық міндеттемелері туындауының, орындалуынаң және тоқталуының барлық негіздері мен тіртңбңн салық заңнамасында белгілеу мүмкіндігін білдіреді.

Елімізде салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады. Жеке сипаттағы жеңілдіктерін беруге тыйым салынады.

Қазақстанның салық жүйесі оның бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге қатысты біріңғай болып табылады.

Салық салу мәселелерін  реттейтін нормативтік – құқықтық актілер ресми басылымдарда міндетті түрде жариялануға жатады.

Мемлекетке түсетін  салық түсімдерінің сипатты ерекшелігі олардың сан алуын қоғамдық қажеттерге кейін иесіз пайдалануы болып  табылады.

 Осысымен салықтардың   мемлекет, сондай-ақ басқа жергілікті  органдар белгілейтін түрлі міндетті  мақсатты жарналардан, төлем аудармаларынан  айырмашылығы болады; бұған әлеуметтік  сақтандыруға аударылатын қатаң  мақсатты аударымдар, соның ішінде  бюджеттен тыс қорларға төленетін жарналар мен аударымдар жатады, олар белглі бір, ұзақ мезімді көлемде өнімнің, жұмыстың және қызметтер көрсетудің өзіндік құнынан, табыстан (пайдадан), еңбекке ақы төлеу қорынан, амортизациядан және басқа көздерден есептелінеді.

Салықтардың әлеуметтік – экономикалық мәні мен мазмұны олар атқаратын функцияларда толық ашыла түседі. Жалпы қаржы категориясы тұрғысынан салықтар қосалқы категория болып табылатындығын есет ұстаған жөн, сондықтан қаржыға қатысты салықтардың функцияларын қаржының бөлгіштік функциясының құрамдас қосалқы функциясы ретінде қарастырған жөн.

Қазіргі кезде салықтар фискалдық, реттеуші қайта бөлу сияқты негізгі үш функция орындайды. Бұлардың «рқайсысы осы қаржы категориямының ішкі белгілері мен өзіндік ерекшеліктерін білдіреді.

Фискалдық функция – барлық мемлекеттерге тән негізгі функция. Оның көмегімен бюджеттік қор қалыптасады, мұның өзі салықтардың қоғамдық міндеттерін арттыра түседі. Өйткені салықтар мемлекеттік бюджеттің кірістерін толықтыра отырып, экономиканы, әлеуметтік – мәдени шараларды жүзеге асыруды қамтамассыз етеді.

Салықтардың реттеуші функциясы мемлекеттің экономикалық қызметінің ұлғаюымен  байланысты пайда болады. Ол ұлттық шаруышылықтың дамуына қабылданатын бағдарламаларға сәйес ықпал етеді. Бұл орайда салықтардың нысандарын таңдау, олардың мөлшерлемелерініңғ алу әдістерінің өзгеруі, жеңілдіктер мен шегерімдер пайдаланылады. Бқл реттеуштер қоғамдық ұдайы өндірістің құрылымы мен үйлесіміне, қолдану мен тұтыну көлеміне ықпал етеді.

Қайта бөлу функциясы арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлігі мемелекеттің қарамағына өтеді. Бұл функцияның іс- әрекетінің ауқымы табыстың мемлкеттендірілу дәрежесін көрсетеді: бұл үлес 1997 жылы – 19,7 %, 1998 жылы – 16,6 %, 1999 жылы – 17,4 %, 2000 жылы – 22,6 %, 2001 жылы – 22,2 % болды (салыстыру үшін: Украинада - 29%, Ресейде – 33,3 %).

Мемлекет салық саясатын – салқ саласындағы шаралар жүйесін  қоғамның оның нақтылы кезеніңдегі  әлеуметтік – экономикалық мақсаттар  мен міндеттеріне қарай әзірлегне  экономикалық саясатқа сәйкес жүргізеді.

Нарықтық қатынастардың  қалыптасу жағдайындағы салық саясатының негізгі бағыты тқтынудың орталықтандырылған ққоғамдық қорлары халықтың наөты  табыстарының едәуір бөлігін қалыптастырудың  өзін ақтамағн қағидатынан бас тарту  болып табылады. Бұл еңбек белсенділігінң күшеюіндегі экономикалық ынталылықтың уәждемелік мехнизмі арқылы халықтың еңбекке жарамды бөлігінің табыстарын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік жасайды. Салық жүйесі  арқылы қоғамның еңбекке жарамсыз мүшелернің неғұрлым тиімді және берік әлеуметтік қорғалуы қамтамасыз етіледі.

1.2. Салықтың қалыптасуы  мен салық жүйесі.

 

«Салық» ұғымымен «салық жйесі» ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салық түрлерінің, оны құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық службасы органдарының жтынтығы әдетте мемлекеттің салық жүйесін құрайды.

1991 жылға дейін, яғни  КСРО ыдырағанға дейін елде  көбінесе экономиканы баяқарудың әміршіл - әкімшіл жүйесіне, бағаларға қатаң мемлекеттік реттеуге сәкес келетін салық жүйесі қызмет етті. Бюджеттің баст кіріс көздерінің бірі болған айналым салығы тіркелген бөлшек сауда және көтерме сатып алу бағаларын қолдануға және мемлекеттік реттеп отыруға бағытталған болатын. Қазақстан егемендікке ие болғанна кейін 1991-1995 жылдары қаблданған бірқатар заңдарға сәйкес республикада жаңа салық жүйесі қалыптасты.

1991 жылға желтоқсанның 25-әнен бастап біздің елімізде  тұңғыш салық жүйес жұмыс істец  бастады. Ол «Қазақстан Республикасындағы  салық жүйесі туралы» заңға  негізделді. Бұл заң салық жүйесін  құрудығ қаңидаттарын, салықтар мен алымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгіленген алғашқы құжат еді. Осы заңға сәйкес Қазақстан 1992 жылға қаңтардың 1- інен бастап 13 жалпы мемлекеттік, 18 жергдікті салықта мен алымдар енгізілді.

Қазақстан Республикасының  Үкіметі 1995 жылдың басында салық реормасының ұзақ мерзімді тқжырымдамасын қабылдап, онда еліміздің салық жүйесі мен салық заңнамасына бірте – бірте халықралық салық салу қағидаттарына сійкестендіру көзделеді. Осы,ан байланысы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 1995 жылға сәуірдің 24-де Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығы шықты. Енді бұрынғы 42 салықтар мен алымдар едәуір қысқартылып, олардың саны небәрі 11 болып қалды.

Қазақстан Республикасының  Президентнің 199 жылға 24-гі заң күші бар жарлығы Қазақстан Республикасының 1999 жылға шілденің 16-дағы № 440-1 заңына сәйкес заң мәртебесін алды. Осы уақыт аралықтарында Президент жарлықтарымен және Қазақстан Республикасының заңдарымен бұл заңға өзгертулер мен толықтыруылар енгізілді.

Информация о работе Салық ұғымы және салық жүйесі