Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2012 в 10:21, курсовая работа
Қазақстан салық және оны жинау жұмыстары республикалық және жергілікті орындарда жүргізіледі. Республикалық салық төлеу мөлшерін және оны жинауды Қазақстан Республикасының Парламенті белгілейді және оны өзгертіп те отырады. Салық, баж дегеніміз – салық төлеушілерден міндетті түрде жиналып алынатын ақшалай қаражат. Оның мөлшері мен тқленетін міндетті уақыты заң бойынша анықталып отыралы. Салықтар мен баждарды жеке адамдар да, мекемелер де төлейді. Жеке адамдар дегенге Қазақстан Республикасының азаматы да, шетелден келген, бірақ азаматтығы жоқ адамдар да жатады.
Кіріспе
1 тарау. Салық ұғымы және салық жүйесі
1.1 Салық ұғымы және әлеуметтік – экономикалық мәні.
1.2 Салықтың қалыптасуы мен салық жүйесі.
2 тарау. Қазақстан Республикасының салық жүйесі.
2.1 Салық жүйесінің қалыптасуы
3 тарау. Қазақстан Республикасының салық жүйесін жетілдіру жолдары.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
Қосымша
Салықтардың, оларды төлеушілердің,
салықтарды алу әдістерінің салық
жеңілдіктерінің жиынтығының
Барлық өркениетті елдерде салықтардың бүкіл жиынтығы әр түрлі қағидаттар бойынша жіктеледі:
Салық салу объектілері бойынша:
Салықты алатын және салықтан жиналған сомаға билік жасайтын органға қарай;
Пайдалану тәртібі бойынша;
Объектінің экономикалық белгімі бойынша.
Салықтарды салу объектісі бойынша, олар тура және жанама салықтар болып бөлінеді.
Тура салықтар – салық төлеушінің кірі мен мүлкінің тікелей төленген салықтар. Олар өз кезегінде нақты және жеке салықтарға жіктеледі. Нақты салықтар салық төлеушілердің мүлкінің (меншігінің) кейбір түрлеріне (үй, жер, кәсіп, ақшалай капитал жіне т.с.с.) салынады. Жеке тура салықтар – бұл жеке адамдар мен заңды ұйымдардың табыстары мен мүлкіне салынатын салықтар. Нақты салықтардан айырмашылығ – жеке салық салу әрбір салық төлеушінің жеке табысы мен мүлкінде, оның қаржы жағдайын да ескереді.
Жанама салықтар – баға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленген салық төлеушінің кірістері мен мүлкіне байланысты емес салықтар. Жанама салықтарға қосылған құнға салынатын салы., акциздер жатады. Жанама салықтарға қосылған құнға салынатын салық, акциздер жатады. Жанама салықтарға сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметтен түсетін түсімдер де (кеден баждары түріндегі, экспортқа және импортқа салынатын салық түріндегі кеден кірістері, ішкі рынокта сатылатын туарлар бағасы мен олардың фактуралық құнының айырмасы) жатады.
Жанама салықтар мемлекеттің фискалдыұ мүдделерін білдіреді. Оларды саналы қолдану баға беліглеудің процессіне жағымды ықпал жасауы және тұтынудың құрылымына әсер етуі мүмкін.
Жанама салықтар салудың мәні салықтың тауар бағасына (немесе қызметтің тарифіне) қосылантындығында, кіріктірілетіндігінде. Бұл жағдайда салықты тауардың (қызметтің) нақты тұтынушысы төлейді, алайда тұтынушы мен мемлекет арасында тікелей байланыс болмайды.
Салықты алатын оған билік жасайтын органға қарай орталық (жалпы мемлекеттік) және оған жергілікті салықтарды ажыратады.
Пайдалану тәртібіне қарай барлық салықтар жалпы және мақсатты (арналы) болып бөлінеді.
Жалпы салықтар тиісті деңгейлердегі бюджетттерде шоғырландырылады және жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қаржыландыруға пайдаланыады. Мақсатты (арнаулы) нысаналы арналымы болады және әдеттегідей түрлі арнаулы қорлардың қаржы базасын құруға арналады.
Объектінің экономикалық белгілері бойынша табысқа салынатын салықтар және тұтынуға салынатын салықтар болып ажыратылады. Табысқа салынатын салықтар төлеушінің салық салынатын кез-келген объектілен алған табыстарыан алынады. Тұтынуға салынатын салықтар – бұл туарлар мен қыземттер көрсетуі тұтыну кезінде төленетін шығынға салынатын салықтар.
Салық салу объектілерін есепке алу және оларды бағалау тәсілдеріне қарай салық алудың мынадай әдісі қолданылады: кадастрлық, салық төлеушінің мағлұмдамасы бойынша, табысты алу көзінен ұстап қалу, патенттік негізде.
Бірінші жағдайда салықты есептеу мен оны алу, салық салу объектілерінің нақты табыстылығын есепке алмай табыстылық (жер салығы, мүлік салығы) нормасын көрсете отырып, олардың тізімдемесі негізінде жүзеге асырылады.
Мағлұмдамада салық төлеушілер табыстың көлемін, қажеттіі жеңілдіктерді, шегерімдерді көрсетеді және салық сомасын есептеп, төлейді. Олар салықтардығ түрлері бойынша салық мағлұмдамасын есепті салық кезеңіне сәйкес тапсырып отырады. Мәселен, корпорациялық табыс салынған, жеке табыс салынған, көлңк құралдарына салынатын салықты және жер салынған төлеушіоер (арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғаларды қоспағанда) салық органындағылар бойынша есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31-ші науырызна дейін береді.
Жеке табыс салығы бойынша мағлұмдаманы мынадай салық төлеушілер:
Төлем көзінен салық салынбайтын табыстары барлар;
Тұрғын үй салу мен осындай құрылысы үшін материалдарды сатып алуды қоспағанда салық жылына 2000 айлықтық есептік көрсеткіштен жоғары сомаға біржолғы ірі сатып алуды іске асырағандар;
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерден табыстар алатын жек тұлғалар;
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі шетел банктеріндегі шоттарда ақшасы бар жеке тұлғалар;
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамалық актілеріне сәйкес мағлұмдама беру жқнініде міндеттеме жүктелген адамдар;
Қазақстан Республикасы Президентінің депутаттары, судьялары табс етеді.
Салық төлеушіден салық
мағлұмдамасын табыс етудің белгіленген
мерзіміне дейін жазбаша өтініш
алған жағдайда уәкілетті мемлекеттік
орган салық мағлұмдамасын
Үшінші әдіс бойынша салық төлеуші жұмыс істейтін ұйымның, мекеменің бухгалтерлік одан салықты табыс жерде есептеп, ұстайды (төлейді).
Төртінші әдіспен салық кәсіпкерлік қызметтің сан алуан түрлеріне берілетін патент негізінде төленеді. Патент – ранаулы салық режимін қолдану құқығын кәуландыратын және салық сомасының бюджетке төленгендіін растайтын құжат.
Салық себенің екі әдісі қолданылады:
Кассалық әдіске табыстар мен шегірмедр жұмысты орындау қызмет көрсету, мүлікті жөнедту мен кірістеу жіне ол бойынша жасалынған ақы төлеу мезетінен бастап есепке алынады.
Есептеу әдісі бойынша табыстар ме шегерімдер ақы төлеудің уақытына қарамастан жұмысты орындау, қызмет көрсету, тауарларды өткізу және кіріске алу мақсатымен тиеп жіберу мезетінен бастап есепке алынады. Бұл әдіс салық службалары үшін қолайлырақ және оны Қазақстанның барлық төлеушілері қолдануға қабылданған. Төлеушілер үшін оның кемшілігі – салық төлемдері жғткізілім тіпті уақытында төленбеген жағдайда да аударылуы тиіс, бұл айналым қаражаттарын оқшауландыруға ұрындырады.
Қазақстан республикасының салық жүйесі салықтардың, алымдардың жне баждардың түрлерін, салық қатынастарын реттейтін құқықтық нормаларды және салық службасының органдарын қамтиды.
Қазақстан Республикасындағы салықтардың, салық сипатындағы алымдардың тізбесі мыналарды қамтиды:
1.Кеден бажы.
2. Кеден алымдары.
3. Төлемақы.
4. Алымдар.
Салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасы «Бюджет жүйесі туралы» Заң мен тиісті арналған республикалық бюджет туралы заңда белігленген тәртіппен тиісті бюджеттердің кірісіне түседі.
Салық жүйесі өзінің құрамына мемлекеттік салық службасының – Қаржы министрлігін, облыстардағы, аудандардағы, қалалардағы және қалалардағы аудандардың салық комитетін қамтиды. Салық службасы органдары салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін, міндетті зейнетақы жарналарының толық және дер кезінде аударылуын қамтамассыз ету жөніндегі, сондай-ақ салық төлеушілердің салықтық міндедемелерін орындауына салықтық бақылауды жүзеге асырады.
«Салық» және «салық алу» ұғымдарын ажырата білген жөн: бірінші жағдайда - бұл экономикалық және қаржы категориясы, екіншісінде экономикалық – құқықтық механизмді пайдаланып отырып салық төлемдерін өндіріп алу (есептеу және алу) процессі.
1.3. Салық алуды ұйымдастыру
Салық ұйымдастыру салық қатынастары нысандарының элементтерін, яғни салық түрлерінің нақты аттарын, сондай-ақ оларды қолданудың тәртібі мен әдістерін, іс-қимылының тәсілдерін қамтитын салық механизмін құруға және оның жұмыс істеуіне саяды. Салық механизмінде өзара байланысты элементтерден тқратын арнаулы нұсқаулық қолданылады. Қазақстан Республикасының қазіргі салық жүйесі салықтарды құру мен алудың нақтылы әдістерін анықтайды, салықтың тиісті элементтері арқылы салық салудың тәртібін белгілейді.
Негізгі салық элементтеріне мыналар жатады: салық субъектсі, салық салынушы, объектісі, салық базасы, салық салудығ өлшемі (единицасы), салық мөлшерлемесі, үлес (квота), салықпұл, салық жеңілдіктері, салық төлеудің мерзімі мен тәртібі, салық төлеушілер мен салық органдарының міндеттіліктері мен құқықтары, салықтарды төлеуд бақылау, салық заңнамасын бұзғаны үшін санкциялар және басқалары.
Салық субъектісі немесе салық төлеушісі. Ол – салықты және бюджетке басқа төлемдерді төлеуші тұлға, алайда нарық механизмі арқылы салық ауырпалығы басқа тұлғаға – салық салынушыға аударылуы мүмкін.
Салық салынушылар – нақты салық ауырпалығы түсетін жеке тұлғалар, түпкілікті салық төлеушілер, яғни мемлекет азаматтары.
Салық объектісі. Мүлік пен іс-әрекеттер салық объектілері және салық салуға байланысты объектілер болып табылады, олардың болуына байланысты салықтық міндеттемесі туындайды.
Салық базасы. Салық базасы – салық объектісі мен салық салуға байланыст объектінің құндық, заттық немесе өзге де сипаттамалары, олардың негізінде бюджетке төленуге тиіс салықтар және басқа да міндетті төлемдердің сомасы анықталады.
Салықтың негізгі базасы мыналар болып табылады:
табысқа салынатын салық. Бұған корпорациялық табыс салығы мен жеке табыс салығы жатады;
тауарларға салынатын салық. Олар қосылатын құнсалынатын салықтарды, кеден баждарын қамтиды;
капиталға салынатын салық. Оған жер салығы, мүлікке салынатын салық және басқалары жатады;
Салық мөлшерлемесі. Салық мөршерлемесі – салық базасының өлшем бірілігіне салық есептеулерінің шамасын білдіреді. Ол салық базасының өлшем бірлігіне пайызбен немесе абсолюттік сомамен белгіленеді.
Салық салу практикасында мөлшерлемелердің мынадай түрлерін ажыратады:
тұрақты (берік) салық мөлшерлемесі. Олар табыс көзіне қарамастан салық салу бірлігіне абсолюттік сомада белгіленеді (мысалы, мұнайдың 1 тоннасына, газдың 1 текше метріне);
үйлесімді салық мөлшерлемесі. Олар салық объектсініе (оның мөлшерін саралауды есепке алмай) бірдей пайыздық қатынаста іс-әрекет етеді;
Прогрессивті салық мөлшерлемесі. Бұл жағдайда прогрессивтік салық мқлшерлемесі табыстың артуына қарай өсіп отырады. Нәтижесінде салық төлеуші салықтың абсолюттік ғана емес, сонымен бірге оның үлесін де төлейді. Прогрессивті мөлшерлемелр ең алдымен таысы көп тұлғаларға ауырпалық түсіреді.
регрессивті салық мөлшерлемесі. Олар табыстың өсуіне қарай төмендейді, және табысы көп тұлғаларға тиімді болып келеді, ал табыс аз адамдардың иығына уыртаплық түсіреді.
Салық ккезеңі. Жекелеген салықтар мен басқа міндетті төлемдерге қатысты белгіленген уақыт кезеңі салық кезеңі деп түсініледі, ол аяқталған соң салық базасы анықталады және бюджетке төленуге тиісті салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің сомасы есептеледі.
Салықпұл – субъектінің бір объектіден төлейтін салық сомасы.
Салық жеңілдіктері - заңнамағы сәйкес төлеушілерді салықтан толық немесе ішінара босату. Салық жеңілдіктеріне мынлар жатады:
салық салынбайтын минимум – салық салудан толық босатыланыт салық объектісінің е аз бөлігі;
табыстың есептелген сомасынан шегерілетін шегерімдер (асыраудағы жандарға, мүгедектерге – халықтан алынатын табыс салығы бойынша;
Күрделі қаржыларға, әлеуметтік объектілрді ұстауға, табиғат қорғау шараларына жұмсалатын шығындардың сомасынан – пайдаға салынатын салық бойынша және т.т.);
Салық салынатын
табыстың құрамына кіріктірілмейтін сома)
мысалы, босату кезіндегі ұйғарымды
жәрдемақы, халықтан алынатын табыс
салығ бойынша өтемақы