Салық жүйесінің негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Апреля 2012 в 09:44, курсовая работа

Описание

Қазіргі нарықтық экономика жағдайында болып жатқан және мейлінше табиғи құбылысқа сәйкес халықтың әлеуметтік және экономикалық негізде бір-бірінен мүліктік жағынан алшақтай түскен ауқатты топтарына прогресшіл салықтар жүйесін енгізу болып табылады. Ондай ауқатты адамдар қазіргі күрделі өтпелі кезеңде салықтың негізгі ауыртпалығын салықтың өз мойындарына алулары тиіс екендігін жете түсінетін болуы қажет.

Содержание

Кіріспе...................................................................................................................2
І Тарау. Салық жүйесі негіздері
1.1. Салықтың маңызы.........................................................................................4
1.2. Салықтың даму тарихы.................................................................................7
1.3. Салықтың мәні, принциптері және атқаратын қызметтері........................8
1.4 Салық түрлері.................................................................................................10
1.5 Көлік құралдарына салынатын салықты есептеу бөлімін толтыру ерекшкліктері........................................................................................................11

ІІ Тарау. Көлік салығының нарықтық экономикадағы маңызы
2.1. Көлік құралдарына салынатын салық: есептеу тәртібі................................13
2.2. Салық төлеу мерзімдері, салық деклорациясы.............................................17
2.3 Автокөлікті жалдау :әр түрлі жағдайларда есепке алу ерекшеліктері..... 18
Қорытынды..............................................................................................................23
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................

Работа состоит из  1 файл

Салық жүйесі негіздері.doc

— 182.00 Кб (Скачать документ)

    Салық қаражаттары ең алдымен ғылыми-техникалық прогресті ынталандыру,прогрессивті технология мен өнім түрлерін игеру,экономикада құрылымдылық өзгерістер жасау, табиғат қорғау шараларын жүзеге асыру, әлеуметтік саланың объектілерін ұстау үшін белсенді түрде пайдаланылады. Мысалы, 1981 жылы, рейгандық әкімшілік жаңа өндіріс салаларын инвестициядан (өндіріске ұзақ мерзімді капитал жұмсау) түскен табыстарға салынатын салықтарды азайтты. Ол кәсіпкерлердің өндіріске қаржы бөлуді ұлғайтуына, еңбек өнімділігін арттыруына және потенциалды жалпы ұлттық өнімді көбейтуге түрткі болады.

    Салықтың  қайта бөлу қызметі – салық  механизмі арқылы мемлекеттік бюджетке жалпы ұлттық өнімнің едәуір бөлігін жұмылдыруда тұр. Батыста және біздің мемлекеттік бюджет арқылы жалпы ұлттық өнімнің 30%-тен 50%-ке дейінгісі қайта бөлінеді. Салық түсімі есебінен мемлекет әскери бағдарламаларды қаржыландырады. Бұдан басқа, айтарлықтай қаржы ағарту саласына, зейнет ақымен қамтуға жұмсалады. Қаржының бұндай мақсаттарға жұмсалуы, әлеуметтік саладағы мезгіл-мезгіл шиеленісіп тұратын қайшылықтарды басуға, азаматтардың барынша біркелкі бөлуге мүмкіндік береді.

    Сонымен бірге салықтар экономиканы жанама түрде реттейтін маңызды құралдардың бірі болып табылады. Осы мақсатта салықтар көбінесе дағдарыстық құбылыстарды тезірек жоюға, нарық конъюнктурасына әсер, экономика тұрақтандыру пайдаланылады. 
 
 
 
 
 

    1.4. Салықтың түрлері

      
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

1.5 «Көлік құралдарына салынатын салықты есептеу» бөлімін толтыру                              ерекшкліктері:

700.02.001-жолда  Салық кодексінің 346-бабына сәйкес салық салу объектісі болып табылатын көлік құралы көрсктіліп, көлік құралының маркасы мен үлгісі көрсетіледі;

700.02.002-жолда   көлік құралы шығарылған жыл көрсетіледі;

700.02.003-жолда бұрын ҚР аумағында есепте тұрмаған,сатып алынған көлік құралына меншік құқығын іске асырудың нақты кезеңі (айлар саны) көрсетіледі;

700.02.004-жолда тиісті өлшем бірліктері: жеңіл автомобиль двигателінің көлемі- текше сантиметрмен; жүк және арнаулы автомобильдердің жүк көтергіштігі- тоннамен; автобустардың отыру орындарының саны; катерлердің, кемелердің, буксирлердің, баржалардың, яхталардың двигателінің қуаты- ат күшімен; шағын көлемді кемелер мен ұшу аппараттары двигателінің  қуаты- киловатпен көрсетіледі;

700.02.005-жолда Салық кодексінің 347-бабының 1-тармағына сәйкес есептелген көлік құралына салынатын салық ставкасы көрсетіледі;

700.02.006-жолда тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы ҚР заңымен белгіленген, салық төленетін күнгі айлық есептік көрсеткіштің мөлшері  көрсетіледі;

700.02.007-жолда Салық кодексінің 347-бабының 2-тармағына сәйкес 1500-ден жоғары-2000 текше сантиметрді қоса, 2000-нан жоғары-2500 текше сантиметрді қоса,2500-ден жоғары-3000 текше сантиметрді қоса, 3000-нан жоғары-4000 текше сантиметрді қоса жеңіл автомобильдер двигателінің өсуі көрсетіледі;

700.02.008-жолда жеңіл автомобильдер бойынша 700.02.005х700.02.006+700.02.007х7 теңге ретінде,қалған көлік құралдары мен ұшу аппараттары үшін -700.02.005х700.02.006 ретінде белгіленген салық сомасы көрсетіледі;  

700.02.009-жолда Салық кодексінің 347-бабының 3,4,5 және 7-тармақтарында белгіленген тиісті түзету коэффициенті көрсетіледі;

700.02.010-жолда  700.02.008 және 700.02.009-жолдарды көбейту жолымен айқындалған түзету коэффициенті ескеріліп, салық кезеңі ішіндегі салық сомасы көрсетіледі; 

700.02.011-жолда  700.02.010:12х700.02.003 ретінде айқындалатын нақты иелену кезеңі үшін салық сомасы көрсетіледі. Егер нақты иелену кезеңі 12 ай болса, 700.02.011-жолға 700.02.010-жолда көрсетілген сома ауыстырылады; 

700.02.012-жолда  осы нысан жасалатын көлік құралдарының саны көрсетіледі;

700.02.013-жолда  700.02.011 және 700.02.012-жолдарды көбейту жолымен айқындалатын көлік құралдарының саны ескеріліп, салық сомасы көрсетіледі;

  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    2.1. Көлік құралдарына  салынатын салық,  есептеу тәртібі

    Көлік құралы меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығында салық кезеңінен аз уақыт болған жағдайда салық сомасы көлік құралы меншік  құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығында болған кезең үшін салықтың жылдық сомасын 12-ге бөліп, оны көлік құралы меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығында іс жүзінде болған айлардың санына көбейту арқылы есептеледі.

    Салық кезеңі ішінде жеке кәсіпкерлік, жеке нотариустар, адвокаттар өз қызметінде пайдаланатын салық салу объектілеріне меншік құқығын, сондай-ақ заңды тұлғалар салық салу объектілеріне меншік құқығын, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығын берген кезде, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, салық сомасы мынадай тәртіппен есептеледі:

БЕРЕТІН ТАРАП ҮШІН

    Салық кезеңнің басында қолда бар көлік  құралдары бойынша салық сомасы салық кезеңінің басынан бастап көлік құралына меншік құқығын, шаруашылық жүргізу құқығын немесе оралымды басқару құқығын берген айдың  бірінші күйіне дейінгі кезең үшін есептеледі. Салық кезеңінің ішінде сатып алынған көлік құралдары бойынша салық сомасы көлік құралына меншік құқығының шаруашылық жүргізу құқығын немес оралымды басқару құқығын алған айдың бірінші күнінен бастап көлік құралына меншік құқығын шаруашылық жүргізу құқығын немес оралымды басқару құқығын берген айдың бірінші күніне дейінгі кезең үшін есептеледі.

АЛУШЫ ТАРАП  ҮШІН

    Салық сомасы көлік құралына меншік құқығын  шаруашылық жүргізу құқығын немес  оралымды басқару құқығын алған  айдың бірінші күнінен бастап, салық кезеңінің соңына дейін немес алушы тарап одан кейін аталған көлік құралына меншік құқығын, шаруашылық жүргізу құқығын немес оралымды басқару құқығын берген айдың бірінші күніне дейінгі кезеңге есептеледі.

    Салық кезеңі ішінде жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар болып табылмайтын жеке тұлғалар салық салу объектілерніе меншік құқығын берген кезде  салық сомасы мынадай тәртіппен есептеледі:

    -көлік құралына меншік құқығын жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокатар болып табылмайтын жеке тұлғаларға берген кезде бюджетке енгізеді;

    - көлік  құралына меншік құқығын жеке  кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға,  адвокаттарға, заңды тұлғаларға  берген кезде бюджетке төлеуге  тиісті салық сомасын есептеу  осы баптың 2-тармағында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

    Алу кезінде Қазақстан Республикасында  есепте тұрмаған көлік құралын сатып  алған кезде салық сомасы көлік  құралына меншік құқығы, шаруашылық жүргізу  құқығы немес оралымды басқару құқығы туындаған айдың 1 күнінен бастап салық кезеңінің соңына дейінгі кезең үшін есептеледі.

    23.11.2002 ж. № 358 – ІІ ҚР Заңымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен қоса салық кодексінің 347-бабының 2-тармағына сәйкес жеңіл автомобильдердің:

    -7айлық  есептік көрсеткіш ставкасы бойынша  салық салынатын двигателінің көлемі 1500-ден жоғары  2000 текше сантиметрді қоса;

    -12 АЕК  ставкасы бойынша салық салынатын  2000-нан жоғары – 2500 текше сантиметрді  қоса;

    -17 АЕК  ставкасы бойынша салық салынатын 3000-нан жоғары – 4000 текше сантиметрді қоса алған көлемде болған кезде салық сомасы двигательдің аталған көлемінен асқан әрбір бірлік үшін 7 теңгеге ұлғайтылады.

Егер  осы тармақпен өзгеше белгіленбесе, салық төлеудің белгіленген мерзімі  аяқталғанға дейін пайдаланылу  мерзімі алты жылдан асқан жеңіл  автокөлік құралдары бойынша мынадай түзету коэффиценттері қолданылады:

  • 6 жылдан – 15 жылға дейін қоса алғанда – 0,3;
  • 15 жылдан жоғары – 25 жылды қоса алғанда – 0,2;
  • 25 жылдан жоғары – 0,1;

    Двигатель көлемі мынадай басқа автокөлік  құралдары үшін:

  • 3000 текше сантиметрге дейін қоса алғанда – 0,5;
  • 3000-нан жоғары – 4000 текше сантиметрді қоса – 0,7;
  • 4000-нан жоғары – 1,0

   салық кодексінің 345 бабының 2 тармағына сәйкес мынадай заңды тұлғалар көлік  құралдарына салық төлеушілер болып  табылмайды және аталған салықты  төлеуден босатылады.

  • ҚР Үкіметі белгілейтін көлік құралдарына қажеттілік нормативтері шегінде біріңғай жер салығын төлеушілер
  • Меншікті ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде пайдаланылатын мамандырылған ауыл шаруашылығы техникасы бойынша біріңғай жер салатын төлеушілерді қоса алғанда, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер, аталған мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникасының тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді:
  • Мемлекеттік мекемелер

    Мыналар:

  • Жүк көтергіштері 40 тонна және одан асатын карьерлік автосамосвалдар
  • Мамандандырылған медициналық көлік құралдары салық салу объектілері болып табылмайды.

    04.07.2003 ж. № 475 ҚР Заңымен және 29.01.2003 ж. №500-2 ҚР Заңымен Салық кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес салық төлеу мерзімі 341-1 бапта белгіленген.

    Егер  меншік құқығында, шаруашылық жүргізу  құқығында немес оралымды басқару  құқығында 1 шілдеге дейін болған көлік құралдары бойынша осы  бапта өзгеше белгіленбесе, бюджетке салық төлеу салық салу объектілерінің тіркелген жері бойынша, ағымдағы төлемдерді енгізу арқылы салық кезеңінің 5 шілдесінен кешіктірілмей жүргізіледі.

       Осы кодекстің 348 бабының 4 тармағында көрсетілген  көлік құралына меншік құқығын шаруашылық жүргізу құқығын немесе оралымды басқару құқығын салық кезеңінің 1 шілдесінен  кейін алған жағдайда, бюджетке салық төлеу көлік құралын мемлекеттік тіркеуге дейін немесе тіркеу кезінде жүргізіледі.

       Алу кезінде Қазақстан Республикасында  есепте тұрған көлік құралына меншік құқығын, шаруашылық жүргізу құқығын  немес оралымды басқару құқығын  1 шілдеден кейін алған жағдайда, жеке мерзімі басталғаннан кейінгі он жұмыс күнінен кешіктірілмей мерзімде көрсетілген көлік құралдары бойынша салық төлеуді жүргізеді.

    Бюджетпен есеп айырысуды ауыл шаруашылығы  өнімдерін өндірушілерге арналған арнаулы салық режимінде жүргізетін заңды тұлғалардың көлік құралдарына салық төлеу Салық кодексінің 389-бабында белгіленген мерзімдерде жүзеге асырылады.

   
700.02.001 жолда Салық кодексінің 346 бабына сәйкес салық салу объектісі  болып табылатын көлік құралы  көрсетіліп, көлік құралының маркасы мен үлгісі көрсетіледі
700.02.002 жолда Көлік құралы шығарылған жыл көрсетіледі
700.02.003 жолда Бұрын ҚР аумағында  есепте тұрмаған, сатып алынған көлік  құралына меншік құқығын іске асырудың нақты кезеңі
700.02.005 жолда Салық кодексінің 347 б. 1 тармағына сәйкес есептелген көлік құралдарына салынатын салық ставкасы көрсетіледі

       Көлік құралының меншік иесі атынан меншікті сенімгерлік басқару құқғымен көлік  құралын иеленуші тұлғаның көлік  құралдарына салық төлеуі көлік  құралы меншік иесінің осы салық  кезеңі үшін салық міндеттемесін  орындауы болып табылады.

         «Көлік құралдарына салынатын салықты есептеу» бөлімін толтыру ерекшеліктері 

    2.2. Салық төлеу мерзімдері, салық деклорациясы

    Заңды тұлғалар ағымдағы төлемдер есебін, яғни есеп-қисапты ағымдағы жылдың 5 шілдесінен  кешікітірмеу тіркелген жері бойынша табыс етіледі.

    Төлек мерзімі жылына бір рет ағымдағы жылдың 5 шілдесінен кешіктірілмей төлейді.

    Деклорацияны  ағымдағы жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етеді.

    Салық кезеңі күнтізбелік жыл.

Мысалы: Заңды тұлғада келесідегідей көлік құралдары бар:

  1. Мэрс. Двигатель көлемі 2400 текше сантиметр, 1999 жылғы
  2. БМВ. Двигатель көлемі 3500 текше сантиметр, 2001 жылғы
  3. Автобус. Орындық саны -10, 1986 жылғы
  4. Нива. Двигатель көлемі 1800 текше сантиметр, 1997 жылғы

Информация о работе Салық жүйесінің негіздері