Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 19:08, реферат
Жер салығын төлеушілер:
жеке меншік құқығындағы;
тұрақты жер пайдалану құқығындағы;
бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығындағы салық салу объектілері бар жеке және заңды тұлғалар.
Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес басқа да жер пайдаланушылар уақытша пайдаланатын жерлерді қоспағанда, қорғаныс мұқтажы үшін берілген жерлер осы баптың 1-тармағында белгіленген ставкалар бойынша салық салуға жатады.
Қорғаныс мұқтажы үшін берілген, қорғаныс мұқтажы үшін уақытша пайдаланылмайтын және ауыл шаруашылығы мақсаттары үшін басқа да жер пайдаланушыларға берілген жерлер осы Кодекстің 387-бабы 1-тармағының талаптары ескеріле отырып, 378-бабында белгіленген ставкалар бойынша салық салуға жатады.
Магистральды темір жолдарды бойлай қорғаныштық екпе ағаштар алып жатқан темір жол көлігі кәсіпорындарының жерлеріне осы Кодекстің 387-бабы 1-тармағының талаптары ескеріле отырып, 378-бабында белгіленген ставкалар бойынша салық салынады.
Елді мекендер шегінде орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын салық ставкалары
Елді мекендер шегінде (осы баптың 3-тармағында және осы Кодекстің 386-бабында аталған жерлерді қоспағанда) орналасқан өнеркәсіп жерлеріне (шахталарды, карьерлерді қоса алғанда) және олардың санитариялық-қорғаныштық, техникалық және өзге де аймақтарына осы Кодекстің 387-бабы 1-тармағының талаптары ескеріле отырып, 381-бабында белгіленген базалық ставкалар бойынша салық салынады.
Елді мекендер шегінде, бірақ селитебті аумақтан тыс (осы баптың 3-тармағында және осы Кодекстің 386-бабында аталған жерлерді қоспағанда) орналасқан өнеркәсіп жерлеріне (шахталарды, карьерлерді қоса алғанда) және олардың санитариялық-қорғаныштық, техникалық және өзге де аймақтарына базалық ставкалар жергілікті өкілді органдардың шешімдерімен төмендетілуі мүмкін. Осы Кодекстің 387-бабының 1-тармағында белгіленген төмендетуді ескере отырып, аталған жерлерге салық ставкасын жалпы төмендету базалық ставканың 30 процентінен аспауға тиіс.
Елді мекен шегінде орналасқан, аэродромдар алып жатқан өнеркәсіп жерлеріне осы Кодекстің 387-бабы 1-тармағының талаптары ескеріле отырып, 383-бабында белгіленген базалық ставкалар бойынша салық салынады.
Елді мекен шегінде орналасқан, аэродромдар алып жатқан жерлерді қоспағанда, әуежайлар алып жатқан өнеркәсіп жерлеріне осы Кодекстің 387-бабы 1-тармағының талаптары ескеріле отырып, 381-бабында белгіленген базалық ставкалар бойынша салық салынады.
Осы Кодекстің мақсаттары үшін әуе кемелерінің ұшуын, қонуын, бұрылуын, тұрағын қамтамасыз ету және оларға қызмет көрсету үшін арнайы дайындалып, жабдықталған жер учаскесі аэродром деп түсініледі.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман қоры мен су қорының жерлеріне салынатын салық ставкалары
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман қоры мен су қорының ауыл шаруашылығы мақсаттарында пайдаланылатын жерлеріне осы Кодекстің 387-бабы 1-тармағының талаптары ескеріле отырып, 378-бабында белгіленген базалық ставкалар бойынша жер салығы салынады.
Жеке және заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы мақсаттарынан басқа өзге де мақсаттарға пайдалануға берілген ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман қоры мен су қорының жерлері осы Кодекстің 387-бабы 1-тармағының талаптары ескеріле отырып, 383-бабында белгіленген ставкалар бойынша салық салуға жатады.
Автотұрақтар, (паркингтер) автомобильге май құю станциялары үшін бөлінген, казино орналасқан жер учаскелеріне салынатын салық ставкалары
Елді мекендердің автомобильге май құю станциялары үшін бөлінген жерлері Салық Кодекстің 381-бабында келтірілген кестенің 3-бағанында белгіленген елді мекендер жерлеріне базалық ставкалар бойынша он есе ұлғайтылған салық салуға жатады.
Автомобильге май құю станциялары үшін бөлінген басқа санаттағы жерлер жақын жатқан елді мекендердің жерлері үшін Кодекстің 381-бабында келтірілген кестенің 3-бағанында белгіленген елді мекендер жерлеріне базалық ставкалар бойынша он есе ұлғайтылған салық салуға жатады. Бұл ретте салықты есептеу кезінде жерлеріне базалық ставкалар қолданылатын жақын жатқан елді мекенді жергілікті өкілді орган айқындайды.
Жергілікті өкілді органның шешімі бойынша салық ставкалары кемітілуі мүмкін, бірақ ол Кодекстің 381-бабында белгіленгеннен кем болмауға тиіс.
Елді мекендердің казино орналасқан жерлері Кодекстің 381-бабында белгіленген елді мекендердің жерлеріне арналған базалық ставкалар бойынша он есе ұлғайтылған салық салуға жатады.
Казино орналасқан басқа да санаттағы жерлер тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлерді қоспағанда, жақын жатқан елді мекендердің жерлері үшін Кодекстің 381-бабында белгіленген елді мекендердің жерлеріне арналған базалық ставкалар бойынша он есе ұлғайтылған салық салуға жатады.
Елді мекеннің жерлеріне салықты есептеу кезінде қолданылатын базалық ставкаларды жергілікті өкілді орган белгілейді.
Жергілікті
өкілді органның шешімі бойынша салық
ставкасы төмендетілуі мүмкін, бірақ ол
Кодекстің 381-бабында белгілен
Елді мекендердің автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлері Кодекстің 381-бабында келтірілген кестенің 3-бағанында белгіленген елді мекендер жерлеріне базалық ставкалар бойынша салық салуға жатады.
Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген басқа санаттағы жерлер жақын жатқан елді мекеннің жерлері үшін Кодекстің 381-бабында келтірілген кестенің 3-бағанында елді мекендер жерлеріне белгіленген базалық ставкалар бойынша салық салуға жатады. Бұл ретте салықты есептеу кезінде жерлеріне базалық ставкалар қолданылатын жақын жатқан елді мекенді жергілікті өкілді орган айқындайды.
Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық ставкалары жергілікті өкілді органның шешімі бойынша ұлғайтылуы мүмкін, бірақ ол он еседен артық болмайды. Осы тармақта көзделген ставкаларды ұлғайту жергілікті өкілді орган белгілейтін автотұрақтар (паркингтер) санатына қарай жүргізіледі.
Базалық салық ставкаларын түзету
Мынадай төлеушілер салықты есептеген кезде тиісті ставкаларға 0,1 коэффициентті қолданады:
1) балаларды сауықтыру мекемелері;
2) діни бірлестіктерді қоспағанда, осы Кодекстің 134-бабында айқындалған заңды тұлғалар;
3) Салық Кодексінің 135-бабының 2-тармағында айқындалған заңды тұлғалар;
4) қызметінің негізгі түрі ормандарда өртке қарсы жұмысты ұйымдастыру, өртке, орман зиянкестері мен ауруларына қарсы күрес, табиғи биологиялық ресурстарды ұдайы молайту және ормандардың экологиялық әлеуетін арттыру жөніндегі жұмыстарды орындау болып табылатын мемлекеттік кәсіпорындар;
5) балықты ұдайы молайту мақсатындағы мемлекеттік кәсіпорындар;
6) ғылыми кадрларды мемлекеттік аттестаттау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорын;
7) психоневрологиялық және туберкулез мекемелері жанындағы емдеу-өндірістік кәсіпорындар.
8) Технологиялық парктер Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы заңнамалық актісінде көзделген қызметтің негізгі түрін жүзеге асыру үшін бөлінген жер учаскелері бойынша жер салығын есептеу кезінде жер салығының тиісті мөлшерлемелеріне 0,1 коэффициентін қолданады.
Салықты есептеу тәртібі және төлеу мерзімдері.
Заңды тұлғалар үшін:
Заңды тұлғалар жер салығының сомаларын салық базасына тиісті салық ставкасын қолдану арқылы дербес есептейді.
Ағымдағы төлемдердің сомасы ағымдағы жылдың 25 ақпанынан, 25 мамырынан, 25 тамызынан, 25 қарашасынан кешіктірілмей тең үлестермен төленуге жатады.
Жаңа құрылған салық төлеуші құрылған күннен кейінгі кезекті мерзім ағымдағы төлемдерді төлеудің бірінші мерзімі болып табылады.
Ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін құрылған салық төлеушілер ағымдағы салық кезеңі үшін салық сомасын салық кезеңі үшін декларацияны табыс ету мерзімі басталғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей түпкілікті есеп айырысуды жүргізіп, жер салығын төлейді.
Ағымдағы төлемдердің мөлшері салық кезеңінің басында болған салық салу объектілері бойынша салық базасына тиісті салық ставкаларын қолдану арқылы айқындалады.
Салық салу объектілеріне құқықтар салық кезеңінің ішінде берілген жағдайда, салық сомасы жер учаскесіне иелік етудің нақты кезеңі үшін есептеледі.
Осы құқықтарды беретін тұлғаның жер учаскесіне іс жүзінде иелік еткен кезеңі үшін төлеуге жататын салық сомасы құқықтарды мемлекеттік тіркеуге дейін немесе тіркеген кезде бюджетке енгізілуге тиіс. Бұл ретте бастапқы төлеуші ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап өзі жер учаскесін беретін айдың басына дейін салық сомасын есептейді. Одан кейінгі төлеуші өзінің жер учаскесіне құқығы пайда болған айдың басынан басталатын кезең үшін салық сомасын есептейді.
Жеке тұлғалар үшін:
Жеке тұлғалар төлеуге жататын жер салығын есептеудi салық органдары тиiстi салық ставкалары мен салық базасын негiзге ала отырып, ағымдағы жылдың 1 тамызынан кешіктірмей жүргiзедi.
Жеке
тұлғалар салық органдары
Салық кезеңі – жер салығын есептеу үшін салық кезеңі Салық Кодексінің 148-бабына сәйкес айқындалады.
Жер салығы бойынша декларация есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етілуі қажет.