Судың өнеркәсіптегі орналасуы мен өркендеуіндегі рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2011 в 18:35, реферат

Описание

Судың табиғатта, жалпы тіршілік әлемінде атқаратын рөлі аса зор әрі сан алуан. Академик В. Вернадскийдің сөзімен айтсақ: «Біздің планетамыздың тарихында судың орны бөлекше. Негізгі, ірі геологиялық үдерістерге ықпалы жөнінен суға тең келетін зат табиғатта жоқ». Сондықтан да соңғы кезде өзі салалас ғылымдар ішінен гидрология пәніне деген көзқарастың күннен-күнге ұлғаюы әбден түсінікті болып отыр.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
а) Судың жер бетінде кездесетін үдерістерге әсері және халық
шаруашылығында атқаратын рөлі
ә) Судың СЭС-ғы маңызы
б) Су энергетикасы, су техникасы құрылыстары
в) Табиғат суларының қазіргі жай-күйі
Қорытынды бөлім
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Реферат.docx

— 45.98 Кб (Скачать документ)

           Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педогогикалық Университеті 
 
 
 
 

 

 Судың өнеркәсіптегі  орналасуы мен өркендеуіндегі  рөлі 
 
 
 
 
 

                                                                       Орындаған: Максимова Ақбота Максимқызы

                                                                                                        5в0609-география мамандығы

                                                                                                                  3-курс, 309-топ

                                                                                             Тексерген: Тәліпбай Мөлдір Тәліпбайқызы

            2011 жыл 
 
 
 
 

                                Жоспары: 

      Кіріспе

      Негізгі бөлім

       а) Судың жер бетінде кездесетін үдерістерге әсері және халық

            шаруашылығында атқаратын  рөлі

       ә) Судың СЭС-ғы маңызы

       б) Су энергетикасы, су техникасы құрылыстары

       в) Табиғат суларының қазіргі жай-күйі

    Қорытынды бөлім

    Пайдаланылған әдебиеттер 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

       

                                         Кіріспе

    Судың табиғатта, жалпы тіршілік  әлемінде атқаратын рөлі аса  зор әрі сан алуан. Академик  В. Вернадскийдің сөзімен айтсақ: «Біздің планетамыздың тарихында  судың орны бөлекше. Негізгі,  ірі геологиялық үдерістерге  ықпалы жөнінен суға тең келетін  зат табиғатта жоқ». Сондықтан  да соңғы кезде өзі салалас  ғылымдар ішінен гидрология пәніне  деген көзқарастың күннен-күнге  ұлғаюы әбден түсінікті болып  отыр.

   Қазіргі  ғылыми-техникалық  өркениет  заманында – суды тұтыну көздері  толассыз көбейіп, су шығыны  да ұдайы өсіп тұрған кезде су мәселесі барған сайын өзекті, күрделі бола түсуде. Бұл мәселені  ойдағыдай шешу үшін гидросферада жүріп жатқан үрдістерді зерттеу жолдарын, әдіс-тәсілдерін игеру керек екендігіне е дау жоқ.

  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  Судың жер бетінде кездесетін үдерістерге әсері және

               халықшаруашылығында атқаратын рөлі

   Су бүкіл жер бетінде, табиғат аясында кездесетін барлық үдерістерге және адамзаттың тұрмыс-тіршілігіне үлкен рөл атқарады. Су – зат алмасу мен ағзалар дамуына қатысатын негізгі орта. Адамзат өмірі мен мәдениеттің дамуы көне замандардан бері сумен тығыз байланысты. Ол қазір өнеркәсіпте, энергетикада, ауыл шаруашылығы мен балық шаруашылығында, медицинада және т.б болып жатқан басқа да ғылым салаларының зерттеу обьектісі.

     Табиғатта тоқтаусыз жүріп жататын  су айналымы құрлықтардың сумен  қамтамасыз етудің кепілі. Су тау жыныстарын механикалық бұзу және еріту арқылы жер бетінің сыртқы көрінісін қалыптастырады. Жер қыртысындағы судың мөлшері өте мол. Құрлықтың негізгі бөлігін басып жатқан топырақ қабатындағы судың көлемі осы топырақ қабатының 70 %-ын немесе одан да көп мөлшерін құрауы мүмкін. Топырақтағы су топырақ құрамының қалыптасуына құнарлығын және басқа да қасиеттеріне үлкен әсерін тигізеді.

    Жер асты сулары жалпы көлемі жағынан теңіздер мен  мұхиттардағы сулардан кейінгі екінші орында. Су жердің терең қабаттарына дейін ұшырасады. Аса тереңдіктердегі зор қысымға байланысты таза су сұйық күйінде өте жоғары температураларда да (300  С жоғары) кездеседі,  ал әр түрлі тау жыныстарымен араласуы арқылы пайда болған ерітінділер + 400 С дейін жоғары температурада сұйық күйінде болады. Жер асты суларының ең төмендегісі шамамен жер бетінен 13-14 км тереңдікте. Одан тереңде су бу күйінде кездесуі мүмкін.

    Судың еріткіш ретіндегі рөлі  аса зор, себебі заттардың ерітіндіден  тысқары жерге бір-бірімен қарым-қатынасқа  түсуі өте қиын. Жер қойнауындағы  химиялық заттар су ерітіндісі  арқылы көптеген жаңа қосылыстар түзе алады. Химиялық заттар су ерітіндісімен жер қабатында үлкен қашықтықтарға еркін орын алмастырады және қолайлы жағдайларда олар химиялық құрамы  біртекті, аумақты шөгінділер құрайды.

   Судың маңызы әсіресе жер бетіндегі  органикалық өмірдің дамуы мен  сақталуы үшін өте зор.

    Биологиялық өмірде су зат  алмасу мен ағзалардың дамуын  қамтамсыз ететін бірден-бір негізгі  орта болып табылады. Мысалы, су  өсімдіктерге топырақтан қоректік  заттар жеткізеді және температурасын  реттеп тұрады: жапырақтың бетінен  буланып шығу арқылы су оларды  шілденің аңызағында күйіп кетуден сақтайды. Өсімдіктер өздерінің биологиялық тіршілігінде топырақ арқылы бойларына өте көп мөлшерде су сіңіреді.

   Атмосферадағы су жазда жерді  құрғап қалудан сақтаса, қыста  аса суып мұздыққа айналып  кетуден қорғайды, яғни ғаламшардың  біркелкі климаттық жағдайын  қамтамасыз етеді.

   Су халық шаруашылығында кең  көлемде пайдаланылатынын әркім  жақсы біледі. Жергілікті тұрғындарды  кәсіпорындарды сумен қамтамасыз  ету, судың ағын күшін пайдалану,  су көлігін дамыту, жер суару  және де басқа маңызды мәселелерді  шешу әрқандай өлкедегі аумақтарын  су қорларын пайдаланумен тығыз  байланысты.

   Үстіміздегі ғасырдың басына  дейін өзендерімізбен көлдерімізді  негізінен тек су жолы ретінде  және жер суару үшін қолданып  келгеніміз белгілі. Ескеретін жайт: өзендер мен көлдердің энергетикалық қуат қоры да өте мол.

  Бұрынғы   КСРО өзендерінің жалпы қуат  мүмкіндіктері шамамен 280 млн  кВт болса, ал АҚШ-та 80 млн кВт,  Канадада – 30млн кВт, Норвегияда  – 3млн кВт , Францияда –  6 млн кВт, Италияда – 8 млн  кВт. КСРО-да су қуатының қорларын  қарқынды түрде пайдалану 1921 жылғы  ГОЭЛРО жоспарынан басталады. 1926 жылы сол кездегі аса ірі  станциялардң бірі – Волхов  су элекр станциясы, ал 1932 жылы  Днепр ГЭС-і іске қоылды. Осы  кезде Беломор-Балтық каналы, Москва  атындағы канал, Волга – Дон  кеме қатынайтын каналРыбинск және басқа да ірі су қоймалары салынып бітті. Сонымен бірге жақсарту (мелиорациялық) және су көлігін дамыту жөніндегі жұмысстар басталды.

    Су шаруашылық құрылысы әсіресе Ұлы Отан соғысынан (1941-1945) соң зор қарқынмен өрістеді. Бұл жылдары ондаған аса ірі су электр станциялары – СЭС-тер (Нева, Өскемен, Храм, Минчесгаур, Цимлян, Кахов,  Нижний Новгород, Кама,Волга) іске қосылды. Осы жұмыстардың нәтижесінде КСРО-ғы көптеген өзендер мен көлдер өзінің табиғи қалпын өзгертті.

   Сібір су қуатының қорларын  игеруге байланысты су қуатын  пайдалану құрлысының жаңа кезеңі  басталды. Иркутск және Братск  СЭС-ры іске қосылды. Ангарадағы  Усть-Илим СЭС-ң құрылысы, Енисейде  Краснояр СЭС-і тұрғызылды, ал өзеннің жоғарғы саласында одан да зор Саяно-Шушенск СЭС-нің құрылысы басталып кетті. Обьта, Амур алқабында аса ірі су қуатын пайдалану құрылыстарын салу іске асырылды, су жолдарын жақсарту жөнінде көп жұмыстар істелінді.

    1971 жылы КСРО-да электр қуатын  өндіру 800 млрд кВт сағатқа жетті,  ал барлық электр станцияларының бірлескен қуаты 175 млн квт-тан асып кетті. Су электр станцияларының электр қуатын өндіру 128 млрд кВт сағатқа (16 %) жетті, ал олардың қуаты 33,5 млн кВт-қа ұлғайды, яғни барлық электр станцияларыдың жалпы қуатының 19 %-на теңелді.

    Сатылы СЭС электр қуатын берумен бірге терең су жолдарын  дүниеге әкелді. Днепрде, Припятьтың сағасынан Қара теңізге дейін, Волга мен Камада жалпы ұзындығы 4800 км су жолы т.б іске қосылды. КСРО-ның еуропалық бөлігінде біркелкі терең су жолының жүйесін құруға қол жеткізілді.

   Су қорларын кешенді пайдалануда  жер суару мен жайылымдарды  суландыру – өте маңызды мәселе. КСРО-дағы суаруға жарамды жердің  жалпы аумағы 140 млн. гектарға тең десек, қазіргі кезде суаруға дайындалған жердің көлемі 10-12 млн. гектарға жетті, оның 10,2млн. гектары – егістік, нақты суарылатыны – 9,8 млн.га. Осынша зор көлемді жерді суару үшін өзендердің ағын суынан жылына км суды алуға тура келеді. Осыншама судың негізгі бөлігі – өзендерге қайта құйылмайтын сулар. Елімізде, жалпы алғанда арналарға қайтып оралмайтын су шығынының 70% -ы ауыл шаруашылығының еншісіне тиеді. Мысалға, 1 т өнім алу үшін кететін су көлемі қант қызылшасына байланысты – , бидайға - , пішен-шөпке - , мақтаға - , күрішке -  .

  1940-1980 жылдар аралығында, халық шаруашылығының негізгі салаларындағы суды пайдалану шығыны 4 еседен де көп мөлшерге өсті, соның ішінде өндірісте 8 еседен көбірек, ал ауыл шаруашылығында 3 есеге жуық.

   Елімізде өнеркәсіп пен коммуналдық  шаруашылық үшін алынған судың  көлемі 1980 ж. -ге жетті. Суды ең көп шығындайтын сала жалпы өнеркәсіптік су шығынының 35-40%-ы кететін жылу энергетикасы болып есептелінеді. Ал қара металлургияның үлесіне өнеркәсіптегі барлық су шығынының 13%-і тиесілі, келесі орындарды түсті металлургия (10%), химия (9%), отын және мұнай-химия (7%), қағаз-целлюлоза(6%)өнеркәсіптері алады.

   Су тасымалдауды адам баласы  ертеден-ақ түсінген. Адамзатқа тән  өркениет қанат жая бастағанда-ақ  су тасымалдаудың ең қолайлы  тәсілі – су ылдиға қарай  өздігінен ағатын арна-арықтар  пайдаланылды. Ертеде су жүйелерін  (ирригация) халықты сумен қамтамасыз ету үшін пайдаланды. Ол кезде су шағын қашықтықтарға апарылды: Қытайдағы ұлы канал мен қазіргі Суэц каналы секілді алып су арналары болғанымен, ең үлкен каналдар мен су науаларының (акведуктер) ұзындығы жалпы алғанда 100 км-ден асқан жоқ.

   Көне дәуірлердегі суару мен  су құбырларының жүйесі көп  тармақты және аса ұзынды болды.  Император Троянның кезеңінде  (б.з.д 117-53 жж.) Римнің 9 құбыры жүйесінің  жалпы ұзындығы 443 км болды, оның  ішінде 50 км-ге жуығы су науалары  еді. Ал Римнің нағыз гүлдену шағында қаладағы 14 су құбырының ұзындығы 570 км жетіп, оның 80 км су науаларының үлесіне тиді. Бірақ та көне дәуірдегі барлық аса ірі жүйелермен тасымалданатын судың көлемі жылына 1 текше км-ге жеткен жоқ, ал су алмасу тек әр алаптың (бассейннің) өз ішінде жүргізілді.

    Ғаламшарымызда ірі қалалардың  тез өсуі, олардағы өнеркәсіп  орындарының аса үлкен жылдамдықпен  дамуы су тасымалдау көлемінің  өсуін жылдамдатты. ХХ ғасырдың  басында аса ірі су тасымалдау  жүйелері арқылы тасылған судың  көлемі 1,5 текше км-ден асқан жоқ.

   Ғасырымыздың басынан бастап аса ірі су жүйелері салына бастады. Мысалы Суэц, Панама каналдары және ХХ ғасырдың бірінші жартысында бірден бірнеше текше км су тасымалдай алатын жүйелер салынды. Олар: КСРО-дағы Үлкен Ферғана каналы – жылына , Москва – Волга каналы – жылына , Америкадағы Нью-Йоркте Далавер өзенінде сумен қамтамасыз ету жүйесі – жылына және т.б. Аталған жүйелердің әрқайсысымен көне дәуірде салынған жүйелердің барлығын қосқандағыдан да көп су тасымалданатын болды. Әсіресе аса ірі су жүйелерін салу ХХ ғасырдың екінші жартысында жоғары қарқынмен іске асырылды. Бұл кездегі салынған жүйелер негізінен алапаралық сипатта болып, жекелеген жүйелермен тасымалданатын судың көлемі 10 текше км-ге жуықтады.

     Еуразиядағы алапаралық су тасымалдаудың негізгі жүйелері

  Су алынатын  

       өзен

     Жүйенің, каналдың  аты Алынатын 

  су(/жыл)

  Тасымал

қашықтығы

      (км)

   Негізгі пайдалану

           саласы

   Волга (Еділ)

   Амудария 

   Днепр

   Ертіс  

   Самур 

   Днепр 

   Волга(Еділ) 

     Барлығы:

  Москва-Волга

     Қарақұм 

Солтүтік  Қырым

Ертіс-Қарағанды

Самур-Апшерон

Днепр-Донбасс

Волга-Жайық 

        2,3

        7,8

        8,2

        2,2

        1,7

        1,2

        3,1 

        26,5

       100

       760

       400

       460

       -

     

       400 

       2520

Сумен қамтамасыз ету

Ауыл  шаруашылығы

Ауыл  шаруашылығы

Өнеркәсіп

Ауыл  шаруашылығы

Өнеркәсіп

Өнеркәсіп

Ауыл  шаруашылығы

Информация о работе Судың өнеркәсіптегі орналасуы мен өркендеуіндегі рөлі