Судың өнеркәсіптегі орналасуы мен өркендеуіндегі рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2011 в 18:35, реферат

Описание

Судың табиғатта, жалпы тіршілік әлемінде атқаратын рөлі аса зор әрі сан алуан. Академик В. Вернадскийдің сөзімен айтсақ: «Біздің планетамыздың тарихында судың орны бөлекше. Негізгі, ірі геологиялық үдерістерге ықпалы жөнінен суға тең келетін зат табиғатта жоқ». Сондықтан да соңғы кезде өзі салалас ғылымдар ішінен гидрология пәніне деген көзқарастың күннен-күнге ұлғаюы әбден түсінікті болып отыр.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
а) Судың жер бетінде кездесетін үдерістерге әсері және халық
шаруашылығында атқаратын рөлі
ә) Судың СЭС-ғы маңызы
б) Су энергетикасы, су техникасы құрылыстары
в) Табиғат суларының қазіргі жай-күйі
Қорытынды бөлім
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Реферат.docx

— 45.98 Кб (Скачать документ)

  Әлемдік мұхиттың ластануы. Өзендер мұхиттар мен теңіздерге көп мөлшерде өндіріс қалдықтарын, пайдаланылған лас суларды, ауыл академиясының деректеріне қарағанда, өткен ғасырдың 70-жылдары мұхиттарға құйылатын жанармайдың мөлшері жылына 10 млн тоннаға жеткен. Мұхиттар мен теңіздердегі болатын танкер апаттары, бұрғылау қондырғыларының істен шығуынан төгілетін жанармайлар мұхиттағы тіршілік үшін өте зиянды. Мұндай апаттар саны жылдан жылға өсе түсуде. АҚШ жағалау бақылауы 1976-77 жылдардың өзінде шамамен 12 мың апатты есепке алған. 1978 жылдың 17 наурызында «Амоко Кодис» атты аса ірі танкердің жарылып суға батуынан 220 мың тонна жанармай су айдынына жайылды. Бұл жарылыстан кейін 20 ай өткенде жасалған ғылыми талдау апат болған аймақтан 3 жыл бойы устрица аулауға болмайтындығын көрсетті.

   Осы келтірілген дәйектердің  бәрі теңіз, мұхит экологиясына  нұқсан келтіріп қана қоймайды, сонымен бірге атмосфера мен  мұхит арасындағы газ және  энергия алмасуын бүлдіреді. Суға  төгілген мұнай, әсіресе мұхиттың  полярлық аудандарында өте қауіпті.  Ол жерде температура төмен  болғандықтан, жанармайдың ыдырауы  өте баяу жүреді. Суға түскен  өндіріс қалдықтары судағы оттегінің  еруін баяулатады. Бұл теңіз өсімдіктері  мен жан-жануарлар дүниесі үшін  өте зиянды.[1] 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                Қорытынды

   Сонымен қорытындылай келе, су бүкіл жер бетінде, табиғат аясында кездесетін барлық үдерістерге және адамзаттың тұрмыс-тіршілігіне үлкен рөл атқарады. Су – зат алмасу мен ағзалар дамуына қатысатын негізгі орта. Адамзат өмірі мен мәдениеттің дамуы кқне замандардан бері сумен тығыз байланысты. Ол қазір өнеркәсіпте, энергетикада, ауыл шаруашылығы мен балық шаруашылығында, медицинада және т.б болып жатқан басқа да ғылым салаларының зерттеу обьектісі.

     Табиғатта тоқтаусыз жүріп жататын  су айналымы құрлықтардың сумен  қамтамасыз етудің кепілі. Су тау жыныстарын механикалық бұзу және еріту арқылы жер бетінің сыртқы көрінісін қалыптастырады. Жер қыртысындағы судың мөлшері өте мол. Құрлықтың негізгі бөлігін басып жатқан топырақ қабатындағы судың көлемі осы топырақ қабатының 70 %-ын немесе одан да көп мөлшерін құрауы мүмкін. Топырақтағы су топырақ құрамының қалыптасуына құнарлығын және басқа да қасиеттеріне үлкен әсерін тигізеді.

    Жер асты сулары жалпы көлемі  жағынан теңіздер мен  мұхиттардағы  сулардан кейінгі екінші орында. Су жердің терең қабаттарына  дейін ұшырасады. Аса тереңдіктердегі  зор қысымға байланысты таза  су сұйық күйінде өте жоғары  температураларда да (300  С жоғары) кездеседі,  ал әр түрлі тау  жыныстарымен араласуы арқылы  пайда болған ерітінділер + 400 С дейін жоғары температурада  сұйық күйінде болады. Жер асты  суларының ең төмендегісі шамамен  жер бетінен 13-14 км тереңдікте. Одан тереңде су бу күйінде  кездесуі мүмкін. 
 
 
 
 
 
 
 
 

                          Пайдаланылған әдебиеттер: 

  1. Жақыпбай  Достай «Жалпы гидрология», Алматы «Қарасай» 2011 жыл

    3-11, 217-222 беттер

  1. Тлеубергенова К, Тәліпбай М. Т «Өндірістің техникалық-экономикалық негіздері»
  2. Карменова Н. Н «Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы», Алматы – 2006, 40-41 беттер
  3. Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы, 8-том, 86-87 беттер
  4. www.google.kz сайты

Информация о работе Судың өнеркәсіптегі орналасуы мен өркендеуіндегі рөлі