Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 09:24, курсовая работа
«Қазақстан-2030» стратегиясының мақсаттарының бірі Қазақстан Республикасының су ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау болып табылады. Қазақстанның 66% территориясы шөлейт және шөлді аймақтарда орналасқан және су ресурстарына өте тапшы. Жеке адам басына суды пайдалану бойынша Қазақстан Евразия құрлығында соңғы орындардың бірінен орын алады.
К і р і с п е
«Қазақстан-2030»
Іле-Балқаш алабы Қазақстан үшін су ресурстарының, балық шаруашылығының маңызды көзінің бірі болып саналады, әрі көптеген фауна мен флоранаың өсіп-өнетін тіршілік ортасы, түрлі ландшафтың тараған жері және аймақтың климатын реттеуде аса маңызды рөл атқарады.
Балқаш көлі жер шарындағы ірі табиғи су қоймаларының қатарына жатады. Ол Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл аумақтарын қамти орналасқан. Мұнда кеме қатынасы, балық аулау шаруашылығы жақсы дамыған. Сондай-ақ көл суы егістік суаруға және өнеркәсіпте (Балқаш көлінің жағасында Республикадағы ірі «Балқашмыс» металлургиялық комбинаты орналасқан) кеңінен қолданылады. Іле өзенінің Балқашқа құяр атырауында күріш өсіру, ондатр шаруашылығы дамыған, әрі мұнда қамыс құрағының мол қоры бар. Жалпы алғанда Балқаш көлінің Қазақстан Республикасының халық шарушылығындағы маңызы өте жоғары болып саналады.
Су деңгейінің және су теңдестігінің көпжылдар, жыл және маусым ішінде тербелу амплитудасы көлдің морфометриялық және гидрологиялық сипаттамаларын елеулі өзгертіп отыр. Балқаш көлінің орташа тереңдігі 6 м болып келетін таяз су қоймасы болғандықтан су деңгейінің тербелісі мұнда тұратын халықтың шаруашылығына, қоршаған ортаның экологиясына әсері жылдам байқалады.
Соңғы жылдары Балқаш көлі проблемасы өзекті мәселеге айналып отыр. Ол негізінен өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, энергетикада және шаруашылықтың т.б. салаларында қайтарымсыз пайдалануға алынатын және тазаланбаған ақаба сулардың көлемінің өсуінен, көл деңгейінің күрт төмендеуінен туындап отыр. Қапшағай СЭС-і тұрғызылғаннан кейін әр жылда қайталанып отыратын тасқындардың атырауда жайылуы жойылды, көлге құятын су көлемі азайды, көлдегі су деңгейі төмен түсіп, көл жағаларының бірқатар ауданы құрғап қалды, құрғаған көл табанындарынан тұздардың, құмның және шаң-тозаңның көшуі орын алып отыр. Іле өзені атырауындағы бұрынғы 15 көл жүйесінен 4-5-і ғана қалды. Қалған көлдердің тұздылығы артып, әсіресе пестицид пен ауыр металлдардың су асты шөгінділерінде, фито-зоопланктон және балықтар ағзаларында байқалып отыр. Балықтың өнеркәсіптік түрлерінің қоры төмендеп кетті, көлдің жалпы минералдылығы өсумен қатар оның ақаба сулармен, тұрмыстық қалдықтармен, мұнай өнімдерімен және ауыр улы металлдармен ластануы өсіп отыр. Химиялық және бактериялық ластану негізінен Іле өзені суымен, сондай-ақ ҚХР жағынан келіп түсуде.
Көл суының өнеркәсіп орындарынан шыққан қалдықтармен ластануы одан әрі өсу түсуде. Көлдің ең ластанған ауданы – Біртіс қойнауында мыстың шектік концентрациясы (ПДК – предельно допустимая концентрация) нормадан 10 есе, мырыш 4 еседен асады. Мыс қорыту зауытының және басқа өнеркәсіп орындары ақаба суларымен мұнда тәулігіне 75 тонна зиянды химиялық қалдықтар құйылады [3].
Іле-Балқаш экожүйесінің бұзылуы қарастырылып отырған аймақта қоршаған орта жағдайының нашарлауына әкеліп соқтырып отыр. Соңғы кезде Балқаш көлінің күйіне және жалпы Балқаш алабы жағдайына Іле алабының КХР аумағында суды пайдалану көлемінің өсуі және климаттың антропогендік өзгеруі әсерін тигізіп отыр. Сондықтан, Балқаш көліне Арал тағдырындай жағдай қайталанбасын десек, жылдам түрде тиісті шаралар қабылдануы тиіс.
1. Балқаш көлінің Физика-географиялық сипаттамасы
1.1 Табиғи жағдайы
Балқаш көлі Оңтүстік-Шығыс және Орталық Қазақстан шөлейттерінің орталығындағы тектоникалық қозғалыстан пайда болған қазаншұңқырда орналасқан. Ол соңғы төрттік мұздану кезеңіндегі ертедегі Балқаш-Алакөл су қоймасының бір бөлігін қамтиды. Соңғы геологиялық периодта оның батыс және солтүстік-батыс жағалауының біртіндеп төмен түсуі, ал солтүстік-шығыс жағалауының көтерілуі байқалады. Соған байланысты көлдің батыс және солтүстік-батыс жағалауы ингрессиондық, ал солтүстік-шығыс бөлігінің жағалауы регрессиондық сипатта болып келеді.
Балқаш көлі үш табиғи ауданмен шекараласады. Көлге солтүстігінен Қазақтың ұсақ шоқысы және Орталық Қазақстан жазықтығы, оңтүстігінен Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның құмды жазықтығы келіп тіреледі.
Балқаш көлінің су жинау алабының ауданы 413 мың км2. Алаптың көп бөлігі (353 мың км2) Қазақстанда орналасқан, Іле өзенінің жоғарғы бөлігі Қытай Халық Республикасында жатыр. Алакөл жүйесі көлдерінен бөліп тұратын су айрығы сызығы биіктігі 400 м болып келетін Балқаш және Сасықкөл көлдерінің арасынан өтеді.
Балқаш көліне негізінен 5 өзен құяды, олар: Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі және Аягөз. Бұлардың ішінде Іле, Қаратал, Ақсу және Лепсі өзендері сулары Тянь-Шан тауларынан, ал Аягөз өзені Тарбағатайдан және Шыңғыз тауынан қалыптасады. Іле Батыс Балқашқа, ал қалғандары Шығыс Балқашқа құяды.
Солтүстіктен Балқашқа Мойынты, Тоқырауын және Бақанас өзендері жақындайды, бірақ көлге жақындағанда сулары тартылып қалады. Тек Тоқырауын жекелеген суы мол жылдары біршама суын Балқаш көліне жеткізеді. Басқа қалған кішігірім құрғап қалатын өзендер Балқаштың оңтүстік-батыс және батыс жағалауына құяды.
Балқаштың ең ірі саласы – Іле өзені, оның үлесіне жалпы алаптың 70%-ы және алаптың жиынтық беттік ағындысының 80%-ы тиесілі. Іле өзені Балқашқа құярда ауданы 8000 км2 болатын үлкен атырау жасайды. Атырау Бақанас елді мекенінен 70 км төмен өзен үш тармаққа бөлінетін, яғни Топар, Іле және Жиделі тармақтарына бөлінетін жерден басталады.
Балқаш ойпатының территориясы құрғақ, тым континентальді. Жылдық жауын-шашын мөлшері орташа есеппен 150-200 мм-ден аспайды. Өсімдігі шөлейтті аймаққа тән болып келеді.
Солтүстік Балқаш өзендері (Мойынты, Жәмші, Тоқырауын, Бақанас, Аягөз) қар суымен қоректенетін өзендер типіне жатады. Тянь-Шан тауларынан басталатын өзендер (Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі) қар-мұз және жаңбыр суларымен қоректенеді.
Балқаш көлінің географиялық орнының ерекшелігі оның тым континентальді және құрғақ климатты болып келуінде.
1.2 Балқаш көлінің деңгейлік режимі
Балқаш көлінің су
деңгейіне үзіліссіз бақылау
жүргізілген негізгі төрт бекет мәліметтері гидрологиялық жылнамаларда
келтірілген, ол бекеттер: ст.Шығанақ,
Балқаш қ., Алғазы аралы және Қарашаған
қойнауы. Қарашаған қойнауында Балқаш
көлі деңгейіне 1912–1918 жылдарда бақылау
жүргізілген мәліметтер бар. 1932 жылдан
бастап Балқаш қаласында тұрақты бақылау
жүргізіле басталды. 1954 жылдан бастап
үзіліссіз тұрақты бақылау жұмыстары
жоғарыда аталған ст.Шығанақ, Балқаш қ.,
Алғазы аралы және Қарашаған қойнауы бекеттерінде
жүргізілді (1-сурет)
1-сурет. Балқаш көліндегі гидрологиялық
бететтердің орналасу сұлбасы.
Қазіргі кезде Балқаш көлініңің циклдік тербелісінің келесі ритмдерін атап айтуға болады:
¾ қысқапериодтік көпжылдық (3-7 жыл),
¾ ғасырішілік (20-30 жыл),
¾ ғасырлық (60-200 жыл),
¾ көпғасырлық (1800-1900 жыл).
XVIII-XI ғасырлардағы Балқаш көлінің деңгейінің тербелісінің жалпы сұлбасын келесі түрде көрсетуге болады:
1810-1840 жж. – минимумы шамамен 1840-1845 жылдарға келетін деңгейдің төмен түсуі;
1845-1852 жж. – максимумы шамамен 1850-1852 жылдарға сәйкес келетін деңгейдің жоғары көтерілуі;
1853-1885 жж. – минимумы 1884-1885 жылдарға сәйкес келетін су деңгейінің төмен түсуі;
1886-1910 жж. – максимумы 1908-1910 жылдары байқалған су деңгейінің көтерілуі;
1912-1946 жж. минимумы 1946 ж. байқалған көл деңгейінің төмен түсуі;
1947-1961 жж. –максимумы 1961 ж. болған деңгейдің көтерілуі;
1962-1974 жылдарға дейін
жалпы алғанда деңгейдің төмен
түсу тенденциясы байқалғанмен,
бірақ деңгейдің жоғары
1975-1987 жж. – минимумы 1987 ж. байқалған деңгейдің төмен түсуі;
1988 жылдан бастап осы
кезге дейін көл деңгейінің
біртіндеп көтерілу
1970 жыл Іле өзенінде
Қапшағай су бөгені
2-сурет. Балқаш
көлі деңгейінің өзгеру графигі.
2. балқаш көлінің экологиялық жағдайы
2.1 Балқаш көлі суының құрамындағы ауыр металлдар
Балқаш көлінің суында көптеген микроэлементтер саналады, соның ішінде ауыр металлдар алдыңғы қатарда орын алады. Олар көлдің жағалауларында орналасқан өнеркәсіп орындарынан жіберілген ақаба сулармен кліп түседі және түтінмен шыққан улы заттардың аспаннан су бетіне түсуінен құралады. Блқаш маңы топырағы құрамындағы ауыр металлдар 1-кестеде келтірілген. Салыстыру үшін Жердің граниттік қабатындағы ауыр металлдардың құрамы қатар келтірілген.
1-кесте
Балқаш маңы топырағы құрамында және көл түбінің түптік
шөгінділерінде ауыр металлдардың құрамы, мг/кг
Элемент |
Құрамы |
Көпжылдық орташа мәні |
2001ж. |
Біртіс қойнауы | |||
Жердің граниттік қабатында |
топырақта |
Батыс Балқаш |
Шығыс Балқаш |
1992ж. |
2001ж. | ||
Титан |
3300 |
- |
3630 |
2880 |
- |
4000 |
- |
Марганец |
700 |
117 |
800 |
640 |
394 |
800 |
580 |
600 |
|||||||
Барий |
600 |
- |
880 |
700 |
- |
530 |
- |
Стронций |
230 |
- |
740 |
690 |
- |
470 |
- |
Ванадий |
76 |
80-85 |
64 |
53 |
- |
80 |
- |
Мырыш |
51 |
27-53 |
130 |
53 |
53,3 |
67 |
578 |
Хром |
34 |
70-90 |
56 |
42 |
48,1 |
33 |
64 |
Никель |
26 |
20-39 |
35 |
32 |
23,6 |
27 |
38 |
Мыс |
22 |
8-40 |
100 |
68 |
47 |
1070 |
311 |
Қорғасын |
16 |
- |
112 |
41 |
39 |
113 |
639 |
Бор |
10 |
31-54 |
63 |
66 |
- |
50 |
- |
Кобальт |
7,3 |
4,4-8,5 |
11 |
12 |
- |
12 |
- |
Қалайы |
2,7 |
- |
4,0 |
2,8 |
- |
4,3 |
- |
Молибден |
1,3 |
1-1,26 |
4,3 |
4,2 |
- |
3,7 |
- |
Кадмий |
0,16 |
- |
- |
- |
1,0 |
2,0 |
0,66 |
1-кестеден көріп отырғандай, көлдік түптік шөгінділерінде және Біртіс қойнауында көптеген элементтердің – титан, марганец, барий, ванадий, хром, никель, молибден және кобальт Жердің граниттік қабатындағы құрамындағы концентрациясына жақын. Стронций, мыс, қорғасын, молибден сынды металлдар фондық құрамынан біршама есе жоғары, бұл жағдай антропогендік факторлардың өсуімен түсіндіріледі. Бірқатар элементтердің – мырыш, мыс, қорғасын сияқты элементтердің Біртіс қойнауы топырағы құрамында өте жоғары концентрацияда болуын ерекше атап өткен жөн. Оның себебі 50 жылдан астам уақыт бойы Балқаш тау-металлургиялық комбинатының (БТМК) ақаба сулары осында жіберіліп отыруымен түсіндіріледі. Батыс Балқаш пен Біртіс қойнауында қалайының ондық концентрациядан біршама жоғары екендігі анықталып отыр, ал кадмийдің құрамы өткен жылдары тек жекелеген учаскелерде кездесіп отыр, сондықтан оның концентрациясының өсуі туралы айту әлі ертерек.
Ауыр металлдардың көл суында таралуы біршама басқаша болып келген. (2-кесте). Зерттеулер көрсеткендей микроэлементтердің құрамы жылдан-жылға және жылдың ішінде өзгеріп отыратыны анықталды. Осы жағдаймен әртүрлі авторлардың алған нәтижелерінің бір-бірінен өзгешеленетіндігі түсіндіріледі.
2-кесте
Балқаш көлі суындағы ауыр металлдардың құрамы, мкг/дм3
Элемент |
Көпжылдық орташа мәні |
2001 ж. |
Біртіс қойнауы |
ПДК | ||
Батыс Балқаш |
Шығыс Балқаш |
1992 ж. |
2001 ж. |
|||
Титан |
2250 |
1990 |
- |
524 |
- |
100 |
Марганец |
203 |
167 |
42,5 |
95 |
34 |
100 |
Барий |
437 |
392 |
- |
402 |
- |
50 |
Стронций |
452 |
295 |
- |
587 |
- |
2000 |
Ванадий |
45 |
41,6 |
- |
36,8 |
- |
100 |
Мырыш |
37 |
40,9 |
35,0 |
69,0 |
70 |
10 |
Хром |
34 |
25,2 |
199 |
22,1 |
220 |
500 |
Никель |
11 |
7,6 |
39,2 |
22,4 |
52 |
10 |
Мыс |
34,7 |
32,0 |
11,0 |
24,7 |
35 |
1 |
Қорғасын |
21,5 |
28,4 |
81,7 |
9,25 |
80 |
100 |
Бор |
84,3 |
91,8 |
- |
71,0 |
- |
17 |
Кобальт |
10,0 |
10,0 |
- |
8,6 |
- |
10 |
Қалайы |
4,5 |
8,4 |
- |
3,63 |
- |
2000 |
Молибден |
6,9 |
17,6 |
- |
8,8 |
- |
500 |
Кадмий |
- |
- |
30,6 |
- |
7,1 |
5 |