Қазақстан-2030

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 09:24, курсовая работа

Описание

«Қазақстан-2030» стратегиясының мақсаттарының бірі Қазақстан Республикасының су ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау болып табылады. Қазақстанның 66% территориясы шөлейт және шөлді аймақтарда орналасқан және су ресурстарына өте тапшы. Жеке адам басына суды пайдалану бойынша Қазақстан Евразия құрлығында соңғы орындардың бірінен орын алады.

Работа состоит из  1 файл

Қазақстан-2030.DOC

— 307.50 Кб (Скачать документ)

 

Кестеден көріп отырғандай алдыңғы жылдары марганец, мыс, мырыш, барий, титан, бор концентрациясы төмендеу болып келсе, ал 2001 жылы никельдің, мырыштың және кадмийдің шектік концентрациясы (ПДК) жоғары болып келген. Алдыңғы жылдарға қарағанда марганец пен мыстың концентрациясы шамалы төмендеген, ал хром, никель және кадмий концентрациясы өскен.

Балқаш суының өнеркәсіптен шығатын ақаба және тұрмыстық қалдық суларымен ластануы жоғары болып отыр. Таранғалық қойнауында ТКК-ының қалдықтар сақтау орнынан келіп түскен мыс концентрациясы 35-300, фенол мен мұнай өнімдерінің концентрациясы 4-6  ШРК (ПДК) құрап отыр.

Көлдің ең ластанған  бөлігі Балқаш қаласына жақын орналасқан Біртіс қойнауында мыстың ШРК-сы 10 есе, мырыштікі 2ШРК-ға жетіп отыр.Бұл жерге сонымен қатар мыс қорыту зауыдынан күніне 75 тонна зиянды химиялық заттар төгіліп отырғаны мәлім болып отыр (Электрохимия институнының мәліметтері бойынша).

Дегенмен аса зиян шектіріп отырған жағдай көлдің және қоршаған ортанаң ауадан ластануы болып отыр. Яғни, комбинат мұржаларынын жылына 9 мың тонна әртүрлі зиянды (улы) химиялық заттар көл айдынына түседі екен.

ҚР ҰҒА мәліметтері  бойынша бірқатар ауыр металлдар  тұздарының ШРК –сы 3,3-тен 106-ға дейін өсіп отырғаны белгілі. Бұл жағдай соңғы 20 жыл ішінде фиторланктонның 2,5 есеге төмендеуіне әкеліп соқтырды.

ҚР БжҒМ мәліметтеріне  сүйенсек, көлге жыл сайын Балқашмыс  зауыдынан 90 млн тонна ақаба су құйылады, ал олармен бірге көлге 300 кг-нан артық мыс, қорғасын және күшала (мышъяк) келіп түседі екен.

 

2.2 Ауылшаруашылық  қалдықтарымен ластану

 

Балқаш ауданының күріш өсіретін аумағында сульфатты тыңайтқыштарды қолдану Іле өзеніне қайтарым суларында суьфат мөлшерін 74-90-нан 235 мг/л-ге өсірді, ал Іленің ескі арнасында 108-219 мг/л-ге жетіп отыр. Ақдала күріш массивінен пайдаланған сулар негізінен екі канал бойынша жіберіледі, олар: арнайы қазылған канал және Іленің ескі арналары. Бұл суларда нитрид, органикалық қосылыстар мен металлдар ионы ШРК нормасынан бірнеше есе асып отыр. Күріш алқаптарындағы ластанған сулар жер асты суларын (грунт суларын) ластап отырғаны анықталды. Ал ол сулар өз кезегінде Балқаш көліне жетіп, көлдің ластануына өз үлестерін қосуда. Іле өзеніне гербицид пен пестицид тыңайтқыштарының жіберілуі орын алып келеді. Ақдала және Қаратал массивтерінен коллекторлы-дренаж сулардың Балқаш көліне түсуін тоқтату керек.

 

2.3 Биологиялық  алуан түрдің қысқаруы

 

Биологиялық алуан түрдің қысқаруы барлық деңгейде жүріп жатыр. Іле өзені атырауындағы көптеген көлдер құрғап кетті, су-батпақты тоғайдың 2/3 бөлігі жоғалып кетті. Қамыс құрағының ауданы қысқарып, мұнда өмір сүретін жан-жануарлар саны мен түрлері де азайып отыр.

Әсіресе сүтқоректілер – жайран, тау қошқары (тау ешкісі) каракал, құм мысығы, персид камшаты (выдра), түркістан сілеусіні, ал құстардың ішінде дуадақ, көкқұтан, сұңқар, бірқазан т.б. құстардың саны күрт төмендеп кетті.

Тянь-Шанның далалы белдемінде және тау етегінде тың жерлерді игеруде, пестицид тыңайтқыштарын қолдану нәтижесінде өсімдіктердің көптеген түрі кейбір жерлерде жоғалып кетті, кейбір жерлерде қайта тұзданған жерлер орын алып отыр.

Әсіресе Іле өзені  жағалауындағы және атыраудағы сексеуіл тоғайларының жоғалу қаупі жоғары болып  отыр. Олармен бірге тырналар, ақ және қара ләйлек (аист) саны азайып кетті. Жалпы алғанда Іле-Балқаш экожүйесін жылдам қалпына келтіру шараларын жасамаса ертеңгі ұрпаққа қалдыратын байлығымыздан айырыламыз және экологиялық зардптарға ұшырайтынымыз анық.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Балқаш көлі әлемдегі материкішілік ірі су қоймаларының қатарына жата отырып, аумағында адам өмір сүруге қолайлы климат қалыптастырады, елді мекендердің шаруашылық жүргізуін қамтамасыз етеді, әрі елімізде атқаратын стратегиялық маңызы жоғары болып табылады. Көлдің табиғи байлығымен бірге бұл ауданда бұрыннан қолданылып келе жатқан минералдық шикізаттың мол қоры бар. Сондықтан Балқаш көлін сақтап қалу тек мемлекеттік проблема болып қоймай барлық әлемнің негізгі міндеті болуы тиіс. Бұл аймақта Арал теңізінің тағдыры қайталанбауы тиіс. Ол үшін аумақта бүгінігі таңда қалыптасып отырған гидрологиялық жағдайға  дұрыс баға берілуі керек.

Курстық жұмыста Балқаш көлінің экологиялық жағдайы зерттеліп, аймақта қалыптасып отырған экологиялық жайттарға баға берілді. Климаттық жағдайдан басқа Қапшағай бөгенін толтыруға, егістік алқапты суаруға және басқа шаруашылық қажеттер үшін жұмсалған су көлемі өзендер ағындысын кемітіп, Балқаш көліне құятын су көлемін кемітіп отырғаны анықталды.

Балқаш көлінің тарихи деңгейлік режимі оқылып, қазіргі  қалыптасып отырған гидрологиялық режимге баға берілді. Өткен тарихи кезеңде климаттың біржақты өзгермегендігі ескеріліп, Балқаш көлінің деңгейіне алапта қайтарымсыз пайдаланған су көлемінің артуы көл деңгейінің күрт төмен түсуіне әкеліп соқтырып отырғаны анықталды.

Балқаш көліне қоятын ең суы мол Іле өзені (көлге  құятын барлық су көлемінің 80%-н береді) трансшекаралық өзен болып табылады. Оның негізгі ағындысы қалыптасатын жоғарғы бөлігі ҚХР-да орналасқан. Сондықтан ҚХР-мен келісім жүргізуде Іле өзенінің санитарлық ағындысы, яғни Балқаш көлінің деңгейін 341 м-ден төмен түспеуге мүмкіндік беретін шамадағы су көлемін жіберіп отыруға қол жеткізу керек.

Алаптың су қоймалары  мен өзен суларының сапасын жақсарту үшін бірнеше шарттар орындалуы  тиіс:

- шаруашылықтық-тұрмыстық және өндірістік ақаба сулардың тазарту имараттарының құрылысының біртіндеп көбеюімен жасанды-биологиялық тазартуға көшу;

- суды айналымдық және  қайталанып қолдану жүйесін өндірісте орындарында дамыту;

- ақаба суларды ЗПО  қолдану бойынша жүйелер құру;

- түсті және қара  металлургия, құрылыс индустриясы  мекемелерінде газ, шаң және  т.б. ластағыш заттарды тастауда (сыртқа шығарда) тазарту жүйесінен  өткізу, ол үшін тазарту қондырғыларын орнату;

- қала серіктерін, ірі  елді мекендерді канализация  (ақаба жүйесіне) жүйесіне қосу;

- мал шаруашылығында, құс фабрикаларында, ауыл шаруашылығында  лас суларды табии су көздеріне жібермей тазартудан өткізу арқылы айналмалы түрде қайта қолдануды іске асыру.

Балқаш көлінің суын және жалпы Іле-Балқаш алабының экологиялық жағдайын бақылап отыру үшін мониторинг жүргізетін бөлімдер санын көбейту керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Ресурсы поверхностных вод СССР. Гидрологическая изученность, т.13,  Центральный и Южный Казахстан, вып. 2, Бассейн оз.Балхаш, Алматы, 1996. С.283-336.
  2. Проблемы гидроэкологической устойяивости в бассейне озера Балхаш. Под редакцией А.Б. Самаковой. Изд. «Каганат», Алматы, 2003. С.3-171.
  3. Современное экологическое состояние бассейна озера Балхаш. Под редакцией кандидата геолог-минералогических наук Т.К. Кудекова. Изд. «Каганат», Алматы 2002. С.71-114.
  4. Джусупбеков Д.К. Вероятностный прогноз уровня и минерализации воды озера Балхаш. Автореф. на соискание ученой степени кандидата географических наук. Изд. «Қазақ университеті»- Алматы, 2002. 26 с.
  5. Давлетгалиев С.К., Джусупбеков Д.К.. Статистические характеристики колебаний уровня озера Балхаш //Вестник КазГУ, сер.географ., Алматы, КазГУ, 1997. С. 66-73.
  6. Гидрологические и водхозяйственные аспекты Или-Балхашской проблемы. Под ред. А.А. Соколова, Л., Гидрометеоиздат, 1989. С.207-298.
  7. Актуальные проблемы гидрометеорологии озера Балхаш и Прибалхашья. Под ред. И.И. Скоцеляса. С-П., Гидрометеоиздат, 1995.
  8. Абдрасилов С.А. Русловые процессы и формирование внутриконтинетальных дельт (на примере реки Или).- Алматы, Рауан, 1994. С192-205.

 




Информация о работе Қазақстан-2030