ЕҚЫҰ және Қазақстан: мазмұны мен маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2011 в 16:19, доклад

Описание

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтамқтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) – қазiргi әлемдегi БҰҰ-дан кейiнгi кең ауқымды аймақтық қауiпсiздiк ұйымы болып табылады. Оның құрамына 56 қатысушы мемлекет кіретін жалпыеуропалық ұйым. БҰҰ Жарғысының 8-тарауына сәйкес Еуропадағы дағдарыстық ахуалдардың ерте алдын алу және оларды болдырмау, Еуропадағы қазіргі бар жанжалдарды және жанжалдан кейін қалыпқа келтіруді реттеудің басты құралы ретінде құрылған.

Содержание

Кіріспе. «ЕҚЫҰ тарихы және құрылымы»
Негізгі бөлім. «ЕҚЫҰ және Қазақстан»
Қорытынды

Работа состоит из  1 файл

Баяндама ЕҚЫҰ.docx

— 40.37 Кб (Скачать документ)

                Әл – Фараби атындағы Қазақ  Ұлттық Университеті

Физика  факультеті

          Жылуфизика, стандартизация және  метрология кафедрасы 
 
 
 
 

                     
 

                   

                     Баяндама

                                

Тақырыбы:     ЕҚЫҰ және Қазақстан: мазмұны мен маңызы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                              Орындаған:  

                                                               Тексерген:      
 
 
 
 
 
 
 

Алматы  – 2010 ж.

Жоспар:

  1. Кіріспе. «ЕҚЫҰ тарихы  және құрылымы»
  2. Негізгі  бөлім. «ЕҚЫҰ және Қазақстан»
  3. Қорытынды
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ЕҚЫҰ  және Қазақстан: мазмұны  мен маңызы 

         Еуропадағы қауіпсіздік және  ынтамқтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) – қазiргi әлемдегi БҰҰ-дан кейiнгi кең ауқымды аймақтық қауiпсiздiк ұйымы болып табылады. Оның құрамына 56 қатысушы мемлекет кіретін жалпыеуропалық ұйым. БҰҰ Жарғысының 8-тарауына сәйкес Еуропадағы дағдарыстық ахуалдардың ерте алдын алу және оларды болдырмау, Еуропадағы қазіргі бар жанжалдарды және жанжалдан кейін қалыпқа келтіруді реттеудің басты құралы ретінде құрылған.

         Ұйым қару-жараққа бақылау жасауды, алдын алу дипломатиясын, сенім шаралары мен қауіпсіздікті нығайтуды, адам құқықтарын, сайлауға бақылауды, сондай-ақ экономикалық және экологиялық қауіпсіздікті қоса алғандағы  мәселелердің кең ауқымымен айналысады.

         ЕҚЫҰ қауіпсіздікті кешенді ұғым деп санайды және үш өлшемде -әскери-саяси, экономикалық-экологиялық және адами өлшемдерде әрекет етеді.

         1970 жылдардың басында Шығыс пен Батыс арасындағы үнқатысуды жолға қою үшін көпжақты форум - Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі кеңес (ЕҚЫК) шақырылған болатын.  1975 жылғы Хельсинки қорытынды актісі ЕҚЫК-ға қатысушы мемлекеттердің өз азаматтарына қатысты, сондай-ақ өз араларындағы қатынастардың негізгі қағидаттарын бекітті.

         1990 жылға дейін ЕҚЫК нормалар мен міндеттемелер тұжырымдалатын кездесулер мен конференциялар түрінде жұмыс істеді, олардың орындалуы туралы ақпарат тыңдалып отырды.

        Форум қызметіндегі бетбұрыс жасалған сәт  - 1990 жылғы  жоғары деңгейде өткен Париж кездесуі болды. Жаңа Еуропа үшін Париж хартиясында Еуропадағы тарихи өзгерістер үдерісін басқаруға үлес қосу және «қырғи-қабақ соғыс» біткен соң туындаған жаңа сын-талаптарға жауап беру міндеті қойылды. Осы міндеттерді шешу үшін бірнеше мекемелер мен институттар құрылды, кездесулерді тұрақты негізде өткізу жолға қойылып, Кеңестің жұмысына жүйелі сипат берілді.

        1990 жылғы қарашада ЕҚЫК үдерісі шеңберіндегі келіссөздерде қарулануға бақылау саласындағы маңызды келісім – Еуропадағы әдеттегі қарулы күштер туралы шарт (ЕӘҚКШ) әзірленді.

        1994 жылғы жоғары деңгейдегі Будапешт кездесуінде ЕҚЫК-ні Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым (ЕҚЫҰ) деп қайта атау туралы шешім қабылданды. Бұл Ұйым жұмысына жаңа саяси серпін берді және бір мезгілде оның институционалдық даму жолының көрінісіне айналды.

        1996 жылғы жоғары деңгейдегі Лиссабондағы  кездесуінде «XXI ғасырдың Еуропасы үшін жалпы және бәрін қамтитын қауіпсіздік үлгілері» туралы декларация қабылданды,  «Қару-жараққа бақылаудың негіздері» және «Қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимыл бойынша форумның күн тәртібін дамыту» бекітілді. Дәл сол кезде ЕҚЫҰ-ның қауіпсіздік пен тұрақтылықты барлық өлшемдерде нығайту ісіндегі шешуші рөлі туралы тезис одан әрі дамытыла бастады. Бұл кездесудің қорытындысы 1999 жылы қарашаның 18 және 19 Стамбұлда Ұйымның жедел мүмкіндіктерін жетілдіруді көздейтін Еуропалық қауіпсіздік хартиясын қабылдауға себепші болды. Осы кезде ЕҚЫҰ-ға қатысушы 30 мемлекет Стамбұл декларациясын қабылдады және  Еуропадағы кәдімгі қарулы күштер туралы бейімделген шартқа қол қойды. Осы Стамбұлда саммиттен кейін ұйымның ережесіне сәйкес 3 не 4 рет саммит өтуі керек болса да, соншама елдің келісімдерін алу бір-бірімен қиюласпай, саммиттерді өткізу мүмкін болмай келді. Астанадағы саммит Қазақстанды күллі әлемге кеңінен танымал ету үшін қолайлы шара болып отырғандығы даусыз

          ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттер:   Еуропалық елдердің бәрін, АҚШ-ты, Канаданы, Орталық Азия мен Кавказ сырты мемлекеттерін қамтитын 56 мемлекет ЕҚЫҰ-ның қатысушылары болып табылады. Төменде ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттердің толық тізімі беріледі:  Австрия, Албания, Америка Құрама Штаттары, Андорра, Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Бельгия, Болгария, Босния және Герцеговина, Венгрия, Германия, Грекия, Грузия, Дания, Ирландия, Исландия, Испания, Италия, Канада, Кипр, Қазақстан, Қасиетті Тақ, Құрама Корольдік, Қырғызстан, Латвия, Литва, Лихтенштейн, Люксембург, Бұрынғы Югослав Республикасы Македония, Мальта, Молдова, Монако, Нидерланды, Норвегия, Өзбекстан, Польша, Португалия, Ресей Федерациясы, Румыния, Сан-Марино, Сербия, Словак Республикасы, Словения, Тәжікстан, Түркия, Түрікменстан, Украина, Финляндия, Франция, Хорватия, Черногория, Чех Республикасы, Швейцария, Швеция, Эстония.

Соның ішінде 12 елдің «ынтымақтастық жөніндегі әріптестер» мәртебесі бар:

Жерортатеңіздік әріптестер -  Алжир, Египет, Израиль, Иордания, Марокко және Тунис.  Азиялық әріптестер - Австралия, Ауғанстан, Жапония, Моңголия, Корея Республикасы және Таиланд.

          Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға 1992 жылғы қаңтардың 30-ында кірді. Осы жылғы шілденің 8-інде  республика ЕҚЫК-нің Хельсинки қорытынды актісіне, ал қыркүйектің 23-інде – Жаңа Еуропа үшін Париж хартиясына қол қойды.

          Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қазақстан әлемдік державалар мен беделді халықаралық ұйымдардың, соның ішінде  ЕҚЫҰ-ның қолдауын қажет етті. Бұл кезде дүниежүзілік қоғамдастық та  тарихтың еркімен қуаты жағынан әлемдегі төртінші ядролық арсеналға ие болып қалған  жас мемлекетпен сындарлы сыртқы саясатты жүргізуге мүдделі болды. Осыны ескере отырып, еліміз сыртқы және ішкі саясатта  теңдестірілген амал-көзқарастар пайдасына саналы түрде таңдау жасады. Көпжақты әріптестік, экономика мен қоғамды ырықтандыру стратегиясы сол амалдардың өзегіне айналды. 

           Батыстың жетекші елдерінің Ұйымға кіруге шақыруы Қазақстанда еуропалық қауіпсіздіктің тең құқылы және бөліну сызықтары жоқ жағдайлардағы жаңа архитектурасын қалыптастыруға бағытталған  қадам ретінде қабылданды.

         Жалпыеуропалық кеңестің толыққанды қатысушысына айналған Қазақстан оны одан әрі дамыту, сонымен бірге халықаралық ұйым болып қайта құрылуы үдерісіне белсене қатысты. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ЕҚЫҰ-ның Хельсинкиде (1992 ж.), Будапештте (1994 ж.), Лиссабонда (1996 ж.) және Стамбұлда (1999 ж.) өткен саммиттерінің жұмысына қатысты. ЕҚЫҰ Министрлер Кеңесінің жылсайынғы отырыстарына Қазақстан атынан сыртқы саясат ведомствосының басшысы өкілдік етеді. Қазақстандық парламентшілер Ұйымның Парламенттік ассамблеясының жұмысына белсенді қатысуда. Парламенттік Ассамблея– 1991 жылы құрылған. Хатшылық Копенгагенде орналасқан. ЕҚЫҰ ПА-ның 2007 жылғы шілдеде Астанада өткен сессиясында Португалия өкілі Ж.Соареш бір жыл мерзімге Президент болып сайланды.

         1995 жылы  еліміздің ЕҚЫҰ-ға тікелей қатысуын қамтамасыз еткен, Қазақстанның Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілдігінің іргетасы қаланды. Ал 2008 жылдан бастап алдағы төрағалық тұрғысында Елші Қайрат Әбдірахманов басқаратын Қазақстанның ЕҚЫҰ жанындағы Тұрақты өкілдігі жұмыс істеуде. 

         1995 жылы Ташкенттегі офисімен ЕҚЫҰ-ның Орталық Азиядағы өңірлік Бюросы ашылды. 1999 жылы ЕҚЫҰ-ның Алматыдағы Орталығы ашылды, сосын ол 2007 жылы ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Орталығы болып қайта құрылды. Орталықты қазір Елші Александр Кельчевски (Франция) басқарады.

          Соңғы бірнеше жыл бойында Қазақстан ЕҚЫҰ-ның бірқатар ірі шараларын өткізді, олардың арасында: 

  • «Адам саудасына  қарсы күрес – өңірлік жауап» атты өңірлік Орталықазиялық конференция (Астана, 2006 ж. 18-19 мамыр);
  • Еуропадағы әдеттегі қарулы күштер туралы шарт бойынша ІІІ шолу конференциясында Қазақстанның төрағалық етуі (Вена, 2006 ж. 29 мамыр – 2 маусым);
  • ЕҚЫҰ-ның жоғары деңгейдегі «Мәдениетаралық, дінаралық және этникааралық түсінік» атты Кеңесі – Толеранттық жөніндегі кеңес (Алматы, 2006ж. 12-13 маусым);
  • «Минасыздандыру саласындағы сенім шаралары мен өңірлік ынтымақтастық» атты өңірлік семинар (Алматы, 2007ж.26-27 наурыз);
  • ЕҚЫҰ-ның Парламенттік ассамблеясының 17-ші жылсайынғы  сессиясы (Астана, 2008 ж. 29 маусым – 3 шілде).
 

         2007 жылы, қарашада Испания астанасы – Мадридте Еуропадағы қауiпсiздiк және ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер Сыртқы iстер министрлер Кеңесiнде Қазақстан ЕҚЫҰ-ның 2010 жылғы төрағасы құқығына ие болды. Қазақ елiнiң мұндай мәртебеге ие болуын Халықаралық қоғамдастық тарапынан Қазақстанның аз ғана уақыт аралығында экономикалық жағынан қуатты, демократиялық тұрғыдан ұдайы даму үстiндегi мемлекет құру жолындағы табыстарын елдiң өңiрлiк және әлемдiк қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге қосқан үлесiн объективтi бағалаудың көрiнiсi деп түсiнгенiмiз жөн. Әрине, Еуропа елдерi үшiн бұл Ұйымға төрағалық ету дәстүрлi болып көрiнгенмен, бiздiң жас мемлекетiмiз үшiн оның маңызы орасан зор, ол Әлемдiк қоғамдастықтың бiздiң елге деген сенiмiн бiлдiредi және олардың елiмiздiң экономикалық, саяси, құқықтық, демографиялық даму бағытындағы оң өзгерiстер мен жетiстiктердi мойындағандықтарының да белгiсi болып табылады.

          Қазақстан Ұйымда төрағалық ететін алғашқы орта азиялық ел  және бұрынғы кеңес одағы  республикасы. Бұл мүше мемлекеттердің тең құқыққа ие екендігі туралы қағидаттың күшінде екенінің дәлелі, сонымен қатар стратегиялық маңызды өңірде және ЕҚЫҰ кеңістігінде Қазақстан ролінің артуда екенін мойындау болып табылады

          ЕҚЫҰ төарағасы ретінде, Қазақстан бейтараптық және үйлесімділік қағидаттары негізінде Венадан Шығыс пен Батысқа созылған ұйымның мүше-мемлекеттер ұстанымын жақындатуға,  Ванкувердан Владивастокқа дейінгі кеңістіктегі ынтымақтастықтың нығаюы мен қауіпсіздіктің бекуіндегі Ұйым ролін өсуіне жағдай жасамақ. 

         2009 жылғы қаңтардың 1-інен бастап Қазақстан Республикасы ресми түрде ЕҚЫҰ төрағалары Үштігінің құрамына кірді. ЕҚЫҰ-ның Рәсімдер ережелеріне сәйкес Үштікті Ұйымның қазіргі, алдыңғы және кейінгі төрағалары құрайды. Биылғы жылы Үштікке Грекия, Финляндия және Қазақстан қатысады. Үштік іс-қимылдар мен ортамерзімдік жоспарлауды үйлестірудің маңызды құралы болып табылады. Ол Ұйым қызметіндегі сабақтастықты қамтамасыз ететін және Қазіргі төрағаға кеңес беретін орган болып табылады.

         2010 жылы ЕҚЫҰ-ның құрылғанына 35 жыл толады және де бұл уақытта Қазақстан бұрынғы кеңестік мемлекеттер ішінен бірінші болып аталған ұйымға төрағалық еткелі отыр. Біздің еліміз үшін ЕҚЫҰ-мен өзара тиімді байланыс сыртқы саясатымыздың негізгі басымдықтарының бірі болып табылады. Осы орайда болашақ төраға ретіндегі Қазақстанның ұстанатын позициясы мен әлемдік деңгейдегі қордаланған мәселелерді шешудегі рөлі «баға жетпес» деп ауыз толтырып айтуға толықтай негіз береді.

          Қазіргі уақытта ЕҚЫҰ-ның кеңістігінде бірнеше дағдарыстық аймақтар бар. Олар болашақта аймақтық немесе жаһандық деңгейдегі мәселелерге айналуы әбден мүмкін. Әрине, энергетикалық қауіпсіздік, әлеуметтік-экономикалық дамудағы теңсіздік мәселелері, ұлтаралық және дінаралық қақтығыстар және басқа да қиындықтардың бір мезетте сиқырлы таяқшаның көмегімен шешіле салуы мүмкін емес. Сондықтан да, әлемдік мүдде тұрғысынан қақтығыстардың алдын-алу, ескерту, оларды реттестіру мен қақтығыстардан кейінгі қалпына келтіру шараларымен айналысатын ЕҚЫҰ қызметінің маңыздылығы зор болып отыр.

          Қазірдің өзінде Қазақстан ЕҚЫҰ қызметінің негізгі бағыттарымен айналысатын ұйымның барлық құрылымдарымен сындарлы қатынас орнатқан. Ондағы негізгі бағыттары мынадай тұстарды қамтиды:

1) Саяси мәселелер мен қауіпсіздік, яғни әскери-саяси өлшемнен туындайтын қауiпсiздiктiң қоғамдастығын қалыптастыруға күш салу;;

2)      Ұзақ мерзiмдi бейбiтшiлiк, қауiпсiздiк пен тұрақтылыққа қол жеткiзу, болуы мүмкiн экономикалық және экологиялық қауiп-қатерлерге дер кезiнде және баламалы жауап беру;

Информация о работе ЕҚЫҰ және Қазақстан: мазмұны мен маңызы