Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2011 в 16:19, доклад
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтамқтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) – қазiргi әлемдегi БҰҰ-дан кейiнгi кең ауқымды аймақтық қауiпсiздiк ұйымы болып табылады. Оның құрамына 56 қатысушы мемлекет кіретін жалпыеуропалық ұйым. БҰҰ Жарғысының 8-тарауына сәйкес Еуропадағы дағдарыстық ахуалдардың ерте алдын алу және оларды болдырмау, Еуропадағы қазіргі бар жанжалдарды және жанжалдан кейін қалыпқа келтіруді реттеудің басты құралы ретінде құрылған.
Кіріспе. «ЕҚЫҰ тарихы және құрылымы»
Негізгі бөлім. «ЕҚЫҰ және Қазақстан»
Қорытынды
3) Гуманитарлық өлшем – адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету.
Әсери-саяси өлшемінің шеңберіндегі Қазақстанның жүргізген негізгі іс-шаралары:
ЕҚЫҰ-ның әскери-саяси өлшемінің күшеюіне дем берген Қазақстандық төрағалықтың басқа ерекше элементі - басты халықаралық ұйымдарымен, соның ішінде БҰҰ, ЕО, НАТО, ТМД, КҚТКҰ (ОДКБ) және АӨСШК-мен интенсивті, іс жүзіндегі қайтарымға бағытталған диалог пен әрекеттесуді іске асыруы болып табылды.
Соңғы 7 ай ішіндегі әскери-саяси өлшемінің шеңберіндегі басты шараның бірі Қазақстан Республикасының төрағалығымен өткен Қауіпсіздік саласындағы мәселелерге шолу жөніндегі жыл сайынғы конференция (Вена, 14-16 маусым) болды. ЕҚЫҰ-ның бірінші өлшемін күшейту мақсатына сәйкес, Қазақстан Ұйымға мүше мемлекеттер соңғы жылдары көтеріп келе жатқан бұл негізгі форумның жұмыс сессияларын кеңейту және жиі өткізу жөніндегі мәселенің шешімін табуына қол жеткізді. Қауіпсіздік саласындағы мәселелерге шолу жөніндегі жыл сайынғы конференцияның маңызы Қазақстан төрағалығының жоғары деңгейімен аталып өтті.
Қазақстан төрағалығы тұсында жасалған жұмыстардың бірі – «Корфу үдерісі» аясында Вена кеңестерінің нәтижелері қару-жарақты таратпауды жіті бақылауда ұстау мен сенім шараларын күшейтудің маңыздылығын көрсетті.
Қазақстан төрағалығы тұсында маңыз берілген мәселенің бірі – Ауғанстандағы жағдай. ЕҚЫҰ-ның Ауғанстанға қатысты жаңа стратегиясының қажет екендігіне еш күмән жоқ. Бұл елді нәрлендіру жөніндегі халықаралық күш-жігерді арттыра түсуі қажет. Лондондағы халықаралық конференцияда қуатталған, Ауғанстандағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жауапкершілігін жергілікті билікке кезең-кезеңмен беруді көздейтін бастаманың зор маңызы бар. Елде Талибанды қоса алғанда барлық саяси күштер спектрінің өкілдерін бейбіт өмірге қайта кіріктіру жолымен қантөгісті тоқтату мақсатындағы Кабулдың бағыты да қолдауға лайық. Бұл ел экономикасының түрлі салалары үшін білікті кадрлар штатын құру Ауғанстанның өткір қажеттілігі болып табылады. Сондықтан да Қазақстанда ауған азаматтарын еліміздің жоғары оқу орындарында оқыту жөніндегі, құны 50 миллион долларлық білім бағдарламасын іске асыру басталды. Соған сәйкес 2010-2018 жылдары Қазақстанда мың ауған студенті оқытылады. Қазақ елі ауған жастарына сапалы білім алу мүмкіндігін беріп, бұл елді нәрлендіру үдерісіне ғана емес, сонымен бірге экстремизм және лаңкестік идеологиясының таралуын қысқартуға маңызды үлес қосатыны даусыз.
Қазақстан төрағалығы тұсында көршілес ел Қырғызстандағы саяси жағдайдың шиеленісуі де үлкен сынақ болды. Ұйымның тиімділігіне Қырғызстандағы саяси дағдарыс елеулі сынақ болды. Соңғы 5 жылдағы екі мемлекеттік төңкерістің басты себептері экономиканың дамымағандығы, халықтың кедейлігі, билік тіктемесінің әлсіздігі және мемлекеттің қалыптасу кезеңіндегі демократиялық институттардың тұрлаусыздығы болды. Қазақстанның әлемдік көшбасшылармен келісілген күш-жігері бұл елдегі кең ауқымды азамат соғысының қаупіне жол бермеді. Шекаралас, бауырлас ел ретінде Қазақстан бұл елге гуманитарлық көмек жіберіп, арнайы конференция ұйымдастырды.
Қазақстан өз төрағалығы тұсында Ұйымның үш өлшемінің екіншісі – экономикалық-экологиялық өлшемінің тең толтырылуына әрдайым назар аударуда. «Корфу процесі» шеңберіндегі пікірталас ЕҚЫҰ-ның екінші өлшемінің маңыздылығын кооперативті және қауіпсіздік концепциясының ажырамас бөлшегі ретінде көрсетті.
ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттер Қазақстан төрағалығының экономикалық-экологиялық бағытындағы басты бір шарасы – «ЕҚЫҰ аймақтарында шекараны кесіп өту орындарында тиісті басқаруды жолға қою, жалпы көлік қауіпсіздігін күшейту, халықаралық көлік және теміржол қатынастарын жеңілдету» тақырыбында өткен 18-ші Экономикалық-экологиялық форумы болды. Қатысушылардың пікірлері бойынша форум жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қазіргі таңдағы аса маңызды деген мәселелерді қамтыды.
Аталған іс-шаралардан басқа, экономикалық-экологиялық өлшемдердің негізгі басымдылықтарын іске асыру шеңберінде, 29 қаңтарда Алматы қаласында «Еуропа-Азияға өту жолының логистикалық рөлі» атты халықаралық конференция өткізілді. Конференцияның мақсаты көлік-логистикалық шешімдердің озық тәжірибесі мен үлгілерін қолдау, ынталандыру мақсатында саладағы мемлекет пен жекеменшік арасындағы ынтымақтастықты дамыту, бірнеше мемлекеттер шекаралары арқылы өтетін континентаралық жүк тасымалдауды оңтайландыру болып табылады.
Ғаламдық қаржылық және экономикалық дағдарыс тақырыбы ЕҚЫҰ шеңберінде алғаш рет Қазақстан төрағалының барысында, ІІІ Астана экономикалық форумында талқыланды. Осы форумда Қазақстан Президенті Бонн құжаты және ЕҚЫҰ-ның Маастрихт стратегиясы өзгерген жағдайларға икемді бейімделуді қажет ететіндігін, сондықтан дағдарыстан кейінгі жағдай, орта және ұзақмерзімдік әлемдік даму тенденциялары көрініс табатын «Маастрихт плюс» жаңа құжатын дайындау жұмыстарын қолға алу қажеттігін атап өтті.
Сонымен қатар Астана форумында Елбасы Н. Назарбаев ЕҚЫҰ-ның «екінші себетін» нақты және мазмұнды толықтыруға байланысты қазақстандық жаңа бастаманы – Еуразиялық интеграция идеясын, оның басты қағидалары мен бағыттарын айқындайтын құжатты дайындауды ұсынды. Алматыдағы 16-17 шілдеде өткен ЕҚЫҰ СІМ бейресми кездесуінде қазақстандық төрағалық Еуразиялық интеграция мәселесі бойынша ЕҚЫҰ мемлекеттерінің талқылауына негіз болатын арнайы құжат – «Ойландыратын деректерді» таратты.
Екінші өлшемнің шеңберінде Қазақстандық төрағалық тұрақты даму мен қоршаған ортаны қорғау саласында ЕҚЫҰ мүмкіндігін қатыстыру бойынша, атап айтқанда, Ұйымның жауапкершілігі аймағында экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету аясында Арал мәселесін шешу ісін алға апаруға ат салысып отыр. Осы салада маңызды іс-шара ретінде 2010 жылдың соңында Арал бойынша арнайы донорлық конференцияны өткізу болып саналады. Көмекші ұйымдастырушылар ретінде ХАҚҚ, БҰҰ-ның Еуропалық экономикалық комиссиясы және Ашхабадта орналасқан Орталық Азияға арналған алдын алу дипломатиясы бойынша БҰҰ-ның аймақтық орталығы қатысады деп күтіледі.
Қоғамды демократияландыру, адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын қорғау және қамтамасыз ету, білім беру, адам саудасымен күрес, сот жүйесінің тәуелсіздігі, әділ сайлау, гендерлік тепе-теңдікті ілгерілету және т.б. үрдістерді қамтитын кең ауқымды, қоғамдық маңызды бағыт болып табылады.
Қазақстан ЕҚЫҰ төрағалығын қабылдаған сәттен бастап гуманитарлық өлшемнің алға шығуына ерекше ықылас танытып отыр, сонымен қатар біздің еліміз өз төрағалығы тұсында ЕҚЫҰ мәртебесін жоғарылату бағытындағы құндылықтар мен қағидаттарды мүлтіксіз ұстануда.
Ұйымның қызметін атқарып және шешімін қабылдап отырған Қазақстан қазіргі кезде ЕҚЫҰ-ның адам құқықтары мен демократиялық институттар жөніндегі бюросына, аз ұлттар ісі жөніндегі жоғарғы комиссарына және БАҚ еркіндігі жөніндегі өкіліне, Парламенттік ассамбелеясына белсенді көмек көрсетуде.
Адам өлшемі шеңберіндегі сот әділдігі мен заң үстемдігі жайы Қазақстан төрағалығының басты назарындағы маңызды бағыттың бірі болды. Бұл мәселеге арналып 17-19 мамырда Варшавада өткен «Сот жүйесінің тәуелсіздігін және әлеуметтің сот әділдігіне қол жеткізуін қамтамасыз ету» тақырыбында арнайы семинар өткізілді. Адам өлшемінің өзекті және ажырамас бөлігі болып табылатын тақырыпты таңдағаны үшін ДИАҚБ/ЕҚЫҰ директоры Я. Ленарчич қазақстандық төрағалыққа алғысын білдірді.
Әйел құқықтарын қорғау және жалпы гендерлік теңдік мәселелері Қазақстан үшін басымды бағыт әрі ЕҚЫҰ-ның бүкіл кеңістігі үшін өзекті мәселе болғандықтан, Іс басындағы төраға Гендерлік мәселелер бойынша жеке өкіл лауазымын құру бойынша ынтасын білдірді. Ағымдағы жылдың 13 шілдесінде бұл лауазымға «Ашық қоғам институтының» (АҚШ) саяси мәселелері бойынша аға сарапшысы Уэнди Паттен кандидатурасы тағайындалды.
Бүгінде ЕҚЫҰ-ның жауапкершілік аймағында мәдени, өркениетті және дінаралық үнқатысудың өткір қажеттілігі пісіп жетілді. Көп ұлтты және көп конфессиялы, мәдениетаралық және өркениетаралық үнқатысуды жақтайтын мемлекет ретінде Қазақстан ұлтшылдықты, діни төзбеушілікті, расизмді, ксенофобияны және антисемитизмді тиімді еңсеру үшін ЕҚЫҰ әлеуетін белсене пайдалануды жақтайды.
Кең тұрғыдағы толеранттылық
тақырыбы ЕҚЫҰ аясында ғана
емес, сонымен бірге біздің
Қазақстан төрағалығы тұсында, шілде айында Венада ұлттық азшылық тақырыбы бойынша екінші қосымша кеңес өтті. Өткен кеңес гуманитарлық өлшемдегі ЕҚЫҰ қызметінің бүкіл тарихы бойынша ұлттық азшылықтар құқықтарын қорғау мәселелеріне арналған тұңғыш шара болып табылады.
Биыл маусым айында Стамбулда ЕҚЫҰ-дағы қазақстандық төрағалықтың бастамасымен ЕҚЫҰ және АӨІСШК-ға қатысушы 21 мемлекеттің, оның ішінде ЕҚЫҰ-ға барлық алты азиялық және үш жерорталық (Египет, Иордания, Тунис) әріптес мемлекеттің, ЕҚЫҰ «Үштігінің» мүшелері ретіндегі Литва мен Грецияның және Азербайджан, Иран, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан делегацялары қатысқан «ХХІ ғасырдағы Еуразиядағы қауіпсіздік пен экономикалық ынтымақтастық» деп аталған арнайы шара өткізілді.
Төрағалықтың жартыжылдық мерзімінде Ұйымның гуманитарлық өлшемі бойынша зор жұмыс атқарылды. Қазіргі күннің өзінде Қазақстан төрағалығын көптеген қатысушы мемлекеттер мен ұйымға әріптес елдер табысты деп бағалауда.
Біздің еліміз төрағалықты қазіргі заман тарихының аса күрделі бір кезеңінде қолына алып отыр. Дүниежүзілік қаржы-экономикалық дағдарыстың салдарынан әлемнің жаһандық құрылымында тектоникалық өзгерістер орын алуда, бұл үдеріс әлі де аяғына жеткен жоқ. Жаппай қырып-жою қаруын таратпау режимінің дағдаруы, лаңкестік, гуманитарлық және экологиялық апаттар, аштық, кедейшілік, түрлі эпидемиялар, энергетика ресурстарының азаюы, ұлтаралық және дінаралық қақтығыстар – міне, бүгінгі адамзат өркениеті душар болып отырған осындай қатерлердің тізімін одан әрі жалғастыра беруге болады. Бұлармен күрес жүргізу ЕҚЫҰ сияқты қызмет аясы көпқырлы және беделді институттардың бар күш-жігерін жұмсауын қажет етеді.
Сөз жоқ, әлемдік ахуал ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуші ел ретінде Қазақстанның алдында тұрған сынақты күрделілендіре түседі. Алайда, бүгінде ЕҚЫҰ алдындағы шешілуі тиіс ең өзекті түйткілдер біздің еліміздің сыртқы саясатының күн тәртібінде әрдайым орын алуда.
Қазақстан тәуелсіздігін алған сәттен бастап өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға нақты үлесін қосып келеді. Семей ядролық полигонының жабылуы, қуаты жөнінен әлемдегі төртінші зымырандық-ядролық арсеналдан бас тарту және оның инфрақұрылымын толықтай жою еліміз үшін тарихи шешім болғаны белгілі. Таяуда Қазақстанның бастамасы бойынша БҰҰ Бас Ассамблеясы 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсы әрекеттің халықаралық күні ретінде жариялау туралы қарар қабылдады.
Қазақстан
өңірлік және бүкіләлемдік экономикалық
үдерістерге жауапты қатысушы ретінде
өз рөлін толық сезінеді. Әлемдік
нарыққа көмірсутегі
Қазақстанның Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары Кеңесін шақыру жөніндегі бастамасы қазіргі уақытта Азия құрлығындағы ынтымақтастық пен қауіпсіздіктің көпқырлы бірегей құралына айналды.
Бүгінгі таңда ЕҚЫҰ-ның Азиядағы өзіндік баламасындай болған бұл форум әлемдік жалпы ішкі өнім өндірісінің үштен бірін қамтамасыз ететін, жалпы тұрғындарының саны 3 миллиард адамды құрайтын елдердің басын қосуда. Қазақстан үшін Орталық Азияның тұрақты дамуы – аса маңызды басымдықтың бірі. Еліміздің экономикасының дамуы бүкіл өңірге оң ықпалын тигізуде.
ЕҚЫҰ-ның өзге де мемлекеттерімен бірге Қазақстан қазіргі әлемдік құрылымның түйінді мәселелерінде Шығыс пен Батыстың арасын түсіністік арқылы жақындастыруға бағытталған ұмтылыстарды жан-жақты қолдайды.
Біздің еліміз сан алуан ұлттар мен діндер өкілдерінің мекені болуымен ерекшеленеді. Қазақстанда 140 этнос пен 40-тан астам конфессия өкілдері бір шаңырақ астында татулықта тұрады. Біздің этносаралық және дінаралық келісім жөніндегі өнегелі үлгіміз – сан алуан конфессиялардың өзара әрекеттестігінің бүкіләлемдік үдерісіне Қазақстанның қосқан нақты үлесі.