Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2012 в 20:17, курсовая работа
Сондықтан да кез келген мемлекет құқықтық құрылым ретiнде белгiлi бiр басқару нысандарының болуын қажет етедi. Адамзат қоғамы дамып мемлекеттiк құрылым күрделенген сайын мемлекеттi басқарудың нысандыры да күрделене түседi. Қазiргi қалыптасқан бiз бiлетiн мемлекеттердiң басқару нысандары сан алуан болып келедi. Егер мемлекеттi басқарудың нысаны ұтымды болатын болса мұндай мемлекеттiң болашақта қалыпты да қарқынды дамуына үлкен мүмкiндiк туындайды. Жалпы мемлекеттi басқарудың нысанына осы күнге дейiн көп көңiл бөлiнiп келгенi рас және бұл мәселе бойынша ғалымдар арасында әртүрлi түрлi көз қарас әлi де болса орын алуда. Мемлекеттi басқарудың нысаны демек осы күнге дейiн өзiнiң өзектiлiгiн яғни, актуальдығын жоғалтқан жоқ деп айтуға болады.
Кiрiспе…………………………………………………………………………3
1. Мемлекеттi басқару нысандарының түсінігі,
әдістері және түрлері …………………………………………………5
2. Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасының басқару нысандарының ерекешелiктерi………………………………………19
Қорытынды…………………………………………………………………..26
Пайдаланылған әдебиеттер………………………………………………..28
Тәуелсiз Қазақстанның тарихында екi Конституцияның орын алғаны белгiлi, яғни , 1993 жылғы Конституциясының орнына 1995 жылы жаңа Конституция қабылданған болатын. Осы соңғы Конституция мемлекеттiң нысанын өзгертiп, Қазақстанда президенттiк республиканың саяси жүйесi құрылды.
Мемлекеттiң тарихи даму процесiнде оның нысанына бiрнеше жағдайлар әсер етедi. Бiрiншi жағдайда географиялық, климат, тарихи факторлар әсер еттi деп айтуға болады. Егер мемлекет континентте қалыптасса немесе оның шекарасы теңiзге, мұхитқа шықса, бұл екi жағдайда екi мемлекеттiң нысаны екi түрлi болады. Аралда орналасқан мемлекеттердiң континенттiк мемлекеттермен салыстырғанда демократиялық режимдерi күштiлеу екенi байқалады. Шығыс мемлекеттерде бiрiншi iрi цивилизациялардың дамуы ұлы өзен-дермен байланысты болды: Қытайда - Хуанхэ, Египетте — Нiл, Вавилонда — Тигр және Евфрат, Їндiстанда — Ганг. Шығыс мемлекеттерде — монархия, Еуропада — шектелген монархия немесе республика кұрылған. Ежелгi демократиялық республикалар Жер орта теңiзiнiң жағасында орналасқан мемлекеттерде болғаны жақсы белгiлi. Қазақстанның географиялық жағдайы, екi - Ресей және Қытай сияқты iрi мемлекеттермен көршiлес болуы, теңiзге қашықтығы және ашық жолдың жоқтығы мемлекеттiң дамуына едәуiр нұқсан келтiрiп отыр.
Мемлекеттiң құрылысына экономикалық және саяси жағдайлар әсерiн тигiзедi. Ежелгi - феодалдық немесе шығыс мемлекеттерде рулық қоғамның қалдықтары көп уақытқа дейiн сақталып келдi (Ману заңдарында, Салистiк жинағында - Салическая правда), Орыс мемлекетiнiң жинағында - Русская правда). Кейiн алғашқы қоғамның ыдырау процесiнде ол қалдықтар жойылады да мемлекеттiң нысаны қатты өзгередi. Мысалы, Їндiстанның мемлекет құрылысы туралы қатаң қағида болған: патшаның әдiлеттi болуы, жеке меншiктi бұзбайтын, брахмандарды сыйлайтын жөне олардың айтқан ақылдарын тыңдауы мiндеттi болған. Бұл туралы Ману заңдарында айтылған. Ресейдiң феодалдық мемлекетiнде халық жиналысының, соттың, рулық қауымның рөлдерi көпке дейiн сақталып келдi. Саяси жағдай, топтардың арасындағы қарым-қатынастар шиеленiскен жағдайларда демократиялық басқару туралы айту қиын. Дағдарыс кезiнде көбiне мемлекеттi басқару бiр адамның қолында болады: Наполеон, Рузвельт, Гитлер, Пиночет. Ал мемлекеттiң экономикасы жақсы дамыған кезде, жағдай тыныш уақытта демократиялық әдiстер жақсы қолданатыны мәлiм (Греция, Рим, Швейцария, Бельгия).
Мемлекеттiң құрылымына қоғамның ұлттық құрамы, тарихи әдет-ғұрыптары немесе ерекше тарихи жағдайлары да әсерiн тигiзедi. Ресей, Їндiстан, Америка, Мексика мемлекеттерi көп ұлттық мемлекеттерге жатады, сондықтан олардың мемлекеттiк құрылымдары федерация. Ал Жапония, Германия, Польша бiр ұлттық мемлекеттер, бiрақ бiреулерi тұтас мемлекет, екiншiлерi, мысалы, Германия федерация. Бұл жағдайды анықтау үшiн Гер-манияның мемлекеттiк процесiн және тарихын жақсы бiлiу керек. XIX ғасырда Пруссия мен Австрияның гегемония үшiн күресi Пруссияның жеңiсiмен аяқталды. Бiрақ феодализм кезеңiнен Гер-манияның капитализмге көшкенiмен, буржуазиялық мемлекеттiң қалыптасуы аяқталған жоқ. Сондықтан қазiр де немiстер бiрнеше тәуелдi мемлекеттерде тұрады: ФРГ, Швейцария, Австрия — олар федерацияға жатады1.
Қазақстан жерiнде көне дәуiрден қазақтың арғы атасы -түрiктер, бергi атасы - қыпшақтар өмiр сүрген. XV ғасырда қазақ хандығы құрылып өзiнiң тәуелсiз мемлекетi болған. Қазақстан көп ұлттық республикаға айналуы XX ғасырда болды. Сондықтан Қазақстан республикамыздың қазiргi Конституциясы бiртұтас, бөлiнбейтiн мемлекет болып жарияланды.
Мемлекеттiң нысанына халықаралық жағдай, мемлекеттердiң арасындағы қарым-қатынастар және абыройы күштi адамдардың iстерi де әсер етедi. Отарлық мемлекеттердiң басқару нысанына бұрынғы метрополия мемлекеттерiнiң нысаны үлгi болатыны мәлiм. Дамыған елдердiң саяси-мемлекеттiк құрылысы, олардың демократиялық iс-әрекеттерi дамушы елдерге көп әсер етуi объективтiк процесс. Мысалы, Ұлыбритания бүкiл Еуропа континентiне, Жапония және Скандинавия мемлекеттерiне өзiнiң шектелген конституциялық монархиясын үлгi ретiнде сыйлағаны белгiлi. Ал АҚШ өзiнiң көршi мемлекеттерiне және посттотали-тарлық мемлекеттерге президенттiк республикасының әсерiн тигiздi. Франциядағы Де Голль құрған парламенттiк республика да кейбiр мемлекеттерге әсерiн тигiздi.
Республиканың мемлекеттiк құрылысына саяси күштi адамдардың қызметi және жүргiзген саясаты әсерiн тигiзедi: Гитлер, Рузвельт, Шыңғыс хан, Абылай, Петр Бiрiншi, Ататүрiк және бас-қаларын еске алсақ дұрыс болады. Лениннiң саясаты бiр континенттiң мемлекеттерiне 70 жылдан аса уақытқа үлгi болды. Тек қана Еуразия емес, Куба, Вьетнам, Корея, Африканың мемлекеттерiнiң тарихына ықпал жасағаны мәлiм.
Мемлекеттiң дамуына дiни факторлары да әсерiн тигiзедi. Мұсылман, католик, христиан, буддистiк мемлекеттердiң өздерiне тән нышандары бар. Сонымен, мемлекеттiң сыртқы формасын анықтау үшiн көп фактiлердi терең зерттеу керек.
Оқу әдебиетiнде мемлекеттiң нысаны көбiне үшке бөлiнедi — басқару нысаны, мемлекеттiң құрылымының нысаны және саяси режим. Ал, негiзiнде, мемлекеттiң нысаны тарихи кезеңмен және әрбiр мемлекеттiң ерекшелiктерiмен байланысты екенi мәлiм. Сондықтан мемлекеттiң әрбiр нысанының көп варианттары бар. Мемлекеттердiң дамыған кезiнде осы үш элементтерiнiң бiреуi бiрiншi орынға шығады. Қазiргi Ресейде мемлекеттiң екiншi элементi - Ресей федерациясының негiзгi принциптерiн сақтау үшiн Шешен республикасымен соғыс әдiсiн қолданғаны белгiлi. Бұл Ресей федерациясының мықтылығын көрсету, негiзгi принциптерiн сақтау үшiн iстелген саясат. Бұл мемлекеттiң құрылым нысанын бiрiншi орынға қойып отыр. АҚШ 1860-1864 жылдары Солтүстiк пен Оңтүстiктiң арасындағы соғыс кезiнде федерацияны сақтау мақсаты мемлекеттiң негiзгi нысаны болды. Фашистiк режим құрылған кезде мемлекет нысанының саяси режимi бiрiншi орынға шығады. Бейбiтшiлiк кезде экономикалық дамуы жоғары демократиялық мемлекеттерде басқару нысаны мемлекеттiң сыртқы жағдайын белгiлейдi2.
Мемлекеттiң басқару нысанына оның жоғары, орталық және жергiлiктi органдарының құрылуы, олардың қарым-қатынастары қандай принциппен қалыптасты, халық оларды сайлауына қандай түрде қатысады деген сұрақтарға жауап бередi. Мемлекет нысандарының арасында басқару формасы маңызды элемент болып саналады. Басқару нысаны монархия және республика екi түрге бөлiнедi.
Монархия жоғарғы билiк бiр адамның қолында болады және бұл билiк мұрагерлiкпен берiледi. Монархияның белгiсi: мемлекеттi басқаратын адамның билiгi оған әкесiнiң немесе басқа туысқан-дарының қолынан көшуi, тиюi. Сондықтан оның билiгi — мұралық билiк. Тақтың көшуiнiң екi әдiсi бар: шығыс және кейбiр Еуропа мемлекеттерiнде тақ тек ер адамдарға берiледi. Ал көпшiлiк Еуропа мемлекеттерiнде еркек адамдарға да, әйел адамдарға да берiле бередi (Ресей, Дания, Англия). Монархияның озбырлық жолмен де көшуi мүмкiн; Наполеон, Каролингтердiң тұқымдары, Чандрагупта, Вильгельм Оранский. Соңғы Англияда мемлекеттiк төңкерiс ұқсас даңқты революциясынан кейiн заңды патшаның қолынан билiктi алғаны белгiлi.
Монархияның көшуiнiң үшiншi түрi бар, монарх бiрнеше ақсүйектердiң тұқымдарынан сайланды (Малайзия). Тарихта екi монарх болған мемлекеттiк басқару формасы да кездескен (Спарта). Тоталитарлық жүйеде Коммунистiк партияның басшысының билiгi монархтың билiнiнен де күштi болды. Сонымен, монархтың билiгi көбiне мұрагерлiк билiкке жатады, ол өзiнiң қызметiне құдайдан басқа ешкiмнiң алдында жауапты емес, ол мемлекеттiң басшысы, құқықтың қайнар көзi, оның атынан сот, мемлекеттiң атқару функциялары жүзеге асырылады, ол әскердi басқарады, мемлекеттiң атынан шарт құрады. Монархтың бiрнеше жоғары аттары мен титулдары болады, оны асырау, мемлекеттiң мiндетi. Мысалы, Англияның королiне 1660 жылдан бастап цивилдiк қағазбен парламент мұқтажына керек ақшаны беретiн болды. Корольдердiң сарайлары киiмдерi, әскерлерi мемлекеттiң мiндетiнде болды. Корольдi асырау мемлекетке өте ауыр болса да, көп мемлекеттер корольден және монархиядан басын тартқысы келмейдi. Қазiргi Англияның королi — Елизаветаның мұра жалғастыратын балаларының абыройы өте күштi болмады, екi баласы және қызы некесiн бұзып ажырасып кеттi3.
Монархия екiге бөлiнедi: шексiз және шектелген монархиялар. Шексiз монархия — монархтың билiгiн басқа мемлекеттiк орган шектемейдi, жоғарыда айтылған билiктiң бәрi соның қолында. Бiрақ шексiз монархияның да бiрнеше түрлерi бар. Ең бiрiншi шексiз монархия - Шығыс деспотиясы (Египет, Вавилон, Қытай, Жапония). Монархтың қолында өте күдiгi экономикалық функциялары жиналған, ал бұл билiк осы айтқан мемлекеттердiң географиялық және ерекше экономикалық жағдайларымен байланысты. Мысалы, Египет мемлекетiнде номдардың бәрiн фараон бiрiктiрiп, Нiл өзенiнде суару жұмыстарын басқаратын. Монархтың осындай қиын экономикалық қызметi өте күштi билiктiң кажет екенiн туғызды. Сондықтан, фараондардың билiктерi шексiз болатын: ол Ра кұдайдың тұқымы, таққа отырған кезден оған пирамида салады, ол экономикалық, қаржы, заң шығару, дiни, сот, әскери қызметтерiн басқарған. Тарихта кездескен шексiз монархияның екiншi түрлерi көне дәуiрдегi мемлекеттерде болған. Оған Рим империясы жатады. Бұл шексiз монархия республиканың орнына келдi. Императордың да билiгi өте күштi, бiрақ оны күшейтетiн жағдайлар саяси факторлерге байланысты болған. Орта ғасырларда шексiз монархия феодализмнiң соңғы кезiнде пайда болды. Ең күштi феодалдық шексiз монархияларға Людовик Х1Ї, Петр Бiрiншi, Екатерина Екiншi, Елизавета Бiрiншi, Фридрих II, Эдемi Сулейман монархиялары жатады. Людовик Х1Ї мемлекеттi 55 жыл басқарды (1661-1715). Оның "мемлекет дегенмен" - сөз бүкiл Еуропаға мәлiм болған. Версаль сарайын салдырды, қаржыны өзi жұмсады, заңды өзi шығарды, парламенттi жинамай мемлекеттi, әскердi де сотты да өзi басқарды. Ол өмiр бойы көршi мемлекеттермен соғысып, сыртқы саясатын толық өзi жүргiздi. Бiрақ феодализмнiң шексiз монархияларының мемлекетке iстеген жақсылықтары да көп едi. Қазiргi жаңа ғасырларда шексiз монархиялар өте сирек кездеседi (Бруней, Оман).
Монархиялардың көбi шектелген монархияларға жатады. Бұл монархияда монарх билiгi басқа бiр органмен немесе заңмен шектеледi. Шектелген монархия шығыс мемлекеттерiнде кездеседi, мысалы, Їндiстан. Їндiстанның патшасы екiншi кастаға жататын — критерилерге, ол брахмандардың айтқан ақылдарын және олар құрған Кеңесiн сыйлауға тиiстi. Патша брахмандардың жеке меншiгiне тисуге құқығы жоқ, оларды өлiм жазасына кесе алмайды, заң шығару немесе сот функцияларын олардың Кеңесi қатыспаса атқара алмайды.
Орта ғасырларда Еуропа мемлекеттерiнде сословиелiк-өкiлдiк монархиялар пайда болды. Еуропа қоғамында үш сословие қалыптасқан болатын: шiркеу қызметкерлерi, дворяндар және қала тұрғындары, басқаша айтқанда - буржуазия. Осы сословиелер өздерiнiң мүдделерiн қорғайтын сословиелiк органды құратын, ол Парламент, Кортес, Бас штаттар деп аталатын. Бұл органдар қалыптасқан кезде салық жинауға келiсiмiн беретiн, одан кейiн қызметiн күшейтiп, заң шығару ұсынысты қолына алды, кейiн заң шығару билiгiн өзiне қаратты. Жапония мемлекетiнде импе-ратордың билiгiн сегун деген әскери қызметкерлер шектеген болатын, бұл басқару форма "сегунат" деп аталды.
Жаңа кезеңдерде шектелген монархия конституциялық монархия деп аталады. Оның екi түрi бар: дуалистiк және парламенттiк монархия. Дуалистiк монархияда мемлекетаттi басқарған екi топтың күшi тең, буржуазиялық революциялар өткеннен кейiн, оның бiрiншi кезеңiнде бұрынғы корольдер билiктерiнiң жартысынан айырылды, оған бiрiншiден заң шығару билiгi жатады. Мысалы, Франция мемлекетiнде 1791 жылғы Конституция бойынша король заң шығару билiгiн жоғалтты, ол Їлттық жиналыстың қолына көштi. Бiрақ оның қолында қалған билiгi әлi күштi едi: ол әскердi өзi басқарды, осыны пайдаланып өзiнiң халқына қарсы шықты, сот қызметкерлерiн, министрлердi және атқару билiктi өзiне бағындырды, шығарған заңдарға тыйым салды және парламентi таратуға құқығы болды. Сонымен, мемлекеттiк билiк екiге бөлiндi: парламент буржуазияның мүдделерiн қорғады, ал король феодалдардың. Бiрақ тарихи процесс объективтiк түрiнде парламенттi жеңiске жеткiздi де, дуалистiк монархия парламенттiк монархияға айналды4. Парламенттiк монархия бiрiншi Англияда құрылды. Даңқты революциядан кейiн Құқық туралы Билль деген (1689ж.) конституциялық занда осы мемлекеттiк басқару нысаны пайда болды. Қазiр Еуропа мемлекеттерiнiң көбi осыған жатады: Бельгия, Норвегия, Швеция, Дания. Бұл мемлекеттерде монарх мемлекеттiң басшысы. Ол парламенттiң келiсiмiнсiз көп мәселелердi шеше алмайды. Парламенттiң төменгi палатасына көп орын алған саяси партия өзiнiң өкiметiн құрады. Сол партияның басшысы Премьер-министр болып тағайындалады. Премьер-министр кабинетiн өзi кұрастырады, король оған тек келiсiм бередi. Кабинет королдiң алдында емес, парламенттiң алдында жауапты. 1997 жылы Англияда консервативтiк партия сайлауда лейборис-терден жеңiлiп, 18 жыл Англияны басқарғаннан кейiн оппозицияға кеттi. Парламент корольдiң мұқтажына керек ақшаны бөледi, оның жеке өмiрiне де қатысады. Бiрақ көп мемлекеттер монархтың құқықтарын шектесе де, бұл ескiлiк немесе керек емес мемлекеттiң элементi деп санамайды. Монарх — мемлекеттiң көркi, тұрақтылығы, сәнi, ертеден келе жатқан әдет ғұрыптары. Сон-дықтан, кейбiр мемлекеттер жойылған монархияларды қайтадан орнына қалыптастырғаны мәлiм (Испания 1975, Англия). Қазiргi Ресей, Грузия, Болгария, Румыния мемлекеттерiнiң патша тұқым-дары тiрi, халықтың арасында монархияны қалпына келтiру деген пiкiрдi бiлдiрген адамдар және саяси партиялар да бар. Сонымен, монарх топтардың, саяси партиялардың арасындағы арбитрi және тұрақты саяси режимiнiң кепiлдiгi болып көрiнедi. Монархтын, өмiрiн реттейтiн әдет-ғұрыптардың көбiн халық жақсы көредi: парламенттiң бiрiншi сессиясын ашу процедурасы, мемлекетке келген қонактарды қарсы алу, мемлекеттiң атынан мерекелерiмен құтықтау, монарх сараиларының өмiрiн реттейтiн әдеттер5.
нысандарының ерекшелiктерi
Мемлекеттi басқару нысаны мынандай мәселелердi түсiнугiе мүмкiндiк бередi.
- мемлекеттiң жоғарғы органы қалай құрылады және олардың кұрылымы қандай;
- жоғарғы және басқа мемлекеттiк органдардың арасындағы карым-қатынастардың негiзiнде қандай принциптер жатыр;
- жоғарғы мемлекеттiк билiс пен тұрғындардың арасындағы қарым-қатынас қалай құрылған;
- жоғарғы мемлекеттiк органдардың ұйымдастыру қызметi азаматтардың құқығы мен бостандығын қамтамасыз етуге қандай деңгейде мүмкiндiк бередi.
Жоғарыдағы айтқандарымыздың қорытындасы 1995 жылдың 30 тамызында қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының 2-бабында көрсетiлген: "Қазақстан Республикасы - президенттiк басқару нысанындағы бiртұтас мемлекет ".
Президенттiк басқару нысандары әр елде әр түрлi болады. Президенттiк басқаруға тән мынандай сипаттарды айтуға болады:
1. Президенттi Парламентсiз сайлау және үкiметтi құру тәсiлi;
2. Їкiметтiң Парламенттiң алдында емес, Президенттiң алдындағы жауаптылығы;
3. Парламенттiк республиқаға қарағанда, мемлекет басшысының өкiлеттiгiнiң көбiрек кеңдiгi.
Президенттiк Республика қазiргi қездегi мемлекеттiк басқарудың бiр нысаны ретiнде Қазақстан Республикасында парламентаризммен қатар, Президенттiң қолына мемлекеттiң басының және үкiметтiң басшысының өкiлеттiгiн жинап бередi.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 40-бабы бойынша:
1. Қазақстан Республикасының Президентi - мемлекеттiң бас-шысы, мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын айқындайтын, ел iшiнде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкiлдiк ететiн ең жоғары лауазымды тұлға6.
1998 жылғы 7 қазанда "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының заңы қабылданды.
Осы заңның негiзiнде, мемлекеттiк билiк жүйесiн демократия-ландыру, Қазақстанда адал және әдiл сайлау жүйесiн құру, сайлау процесiне саяси партиялардың қатынасуына мүмкiндiк жасау, Парламенттi билiктiң дербес тармағы ретiнде, өкiнеттiлiгiн кеңейтiп, елiмiздiң саяси өмiрiндегi атқаратын рөлiн көтеру бекiлдi. Їкiметтiң және оның мүшелерiнiң Парламент алдындағы жауапкершiлiгiн арттырып, Парламент депутаттарының мәртебесiн көтеру, соттық құқықтық жүйенi, мемлекеттiң қызметтi одан әрi қарай реформалау көзделдi. 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясына 19 түзетулер енгiзiлдi. 33-баптың 14-тармағындағы мемлекеттiк қызметтегi адамдардың жасына шек қою алынып тасталды. Ендiгi жерде, өмiрлiк тәжiрибесi бар, бiлiмдi адамдар мемлекеттiк қызметте жасына байланысты шектелмей пайдаланылады7.
Информация о работе Мемлекеттік басқарудың нысандары мен тәсілдерінің ұғымы, және түрлері