Менеджмент

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2011 в 09:15, реферат

Описание

. Қазақстанның басқару ойлары тарихының тамырлары ғасырлар қойнауынан бастау алады. Жүздеген жылдар бойы басқару ойы біртіндеп жетілдірілді. Менеджментке деген қажеттілік адамның және оның біріккен қызметінің пайда болуына байланысты туды. Мемлекетті басқару жөнінде біздің еліміздің дамуының әркилы кезеңіндегі әртүрлі міндеттер өткенімізге үлкен әсер етті және бүгінгі күні де Қазақстанның басқару ойынның қалыптасуы мен дамуына ықпалын тигізуде.

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Word (4).doc

— 107.00 Кб (Скачать документ)

  Кәсіпкерлікті қалыптастыратын  жағдайда:

  - алдымен жаңа экономикалық қатынастар мен жаңа экономикалық құрылым пайда болады, сонан кейін осы қатынас пен құрылымға араласатын адамдар жаңа әлеуметтік сапаны иеленеді.

  - кәсіпкерлер пайда  болуы үшін кәсіпкерлік  заң тұрғысынан  реттеліп, белгілі  бір іспен айналысуына  қажетті тауашасын (нишасын) алуы керек;

  - реформа стратегиясын  саналы түрде таңдау  кәсіпкерліктің айрықша  жолмен қалыптасуына  әсер етеді. Кәсіпкерліктің  айрықша қалыптасуына  тән бір нәрсе  - бұл айрықшалықтардың  стратегиялық мінез-тәртібі  шектеулі күйінде  қалған. Бұл мінез (яғни, айрықшалық) кәсіпкерлікті қалыптастыратын жағдайлардың ерекшеліктерімен ғана анықталып қоймай, сонымен бірге осы заманғы экономикалық ахуалдың µзіндік ерекшелігіне де қатысты болады;

  - кәсіпкерлікке тән  мінез өндірістік  секторлармен айналысатын көптеген кәсіпкерлер үшін қысқа мерзімді мақсаттарының шамадан артық көрсетілетін  әсері болып табылады (қызметкерлерді көбейтуге ұмтылыс). Кәсіпкерлік қызмет - мүлікті   пайдаланудан,  тауарларды сатудан және  қызмет  көрсетуден  жүйелі  түрде пайда  алуға бағытталған қызметін өз тәуекелімен дербес жүзеге асырады. Кәсіпкерлік қызметтің маңызды белгілері:

  1) нарықтық экономика  субъектілерінің  дербестігі. Ешкім  де басқа біреуді  кәсіпкерлік қызметтің  ана түрін істейсің  немесе мына түрімен  айналысасың деп мәжбүрлей алмайды;

  2) өндіріс факторларын  қисындастыруға, инновацияға,  жаңа енгізулерге  негізделген бастамашылдығы (инициативность);

  3) тәуекелдік;

  4) пайданы жүйелі  алуға бағытталғандығы;

  5) шаруашылық жүргізуші  субъектілердің кәсіби  қызметі.

  Кәсіпкерлік қызметтің мазмұны

  «Кәсіпкер»  терминін XVIII ғасырдың басында өмір сүрген француз экономисі Ришар Контальон енгізген болатын. Контальон кәсіпкерлікті жүйелі сипаттаған алғашқы бизнес теоретигі. Ол кәсіпкерлікті ерекше түрдегі қызмет ретінде ұғып, кәсіпкерлік қызметте әрдайым ұшырасатын тәуекелдік элементін айтып кетті.

  Кәсіпкер  µзі жаңа кәсіпорынды  ұйымдастырумен немесе жаңа идеяны, жаңа µнімді немесе қоғамға ұсынатын жаңа қызметті әзірлеумен байланысты тәуекелге  бас тіккен адамды білдіреді.

  Кәсіпкерлік өндірістегі жаңа қисындастыруларды (комбинаций), жаңа нарықтағы әрекетті, жаңа өнімдерді жасауды және т.б. жүзеге асыруды білдіреді.

  «Кәсіпкер»  және «менеджер» ұғымдары синоним болып  табылмайтынын түсіну аса маңызды. Америкалық индустриянын негізін  XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы батыл, саусақпен санарлық кәсіпкерлер қалады. Олардың аттары: Джон Д. Рокфеллер (мұнай). Дж. П. Морган (болат және банк ісі), Эндрю Меллон (алюминий), Эндрю Карнеги (болат), Генри Форд (автокөлік).

  Әр  жыл сайын жаңа бизнесті қолға алатын жүз мыңдаған адамдар да кәсіпкер саналады. Бұл адамдар экономикада шешуші рөлді ойнайды. Кәсіпкерлік сипатына ие шағын бизнес АҚШ экономикасында маңызды орын алады.

  Бүгінгі таңда шағын кәсіпкерлерді  былайғы жүрт «өзгерістердің бекзадалары» деп атауы әдетке айналған.

  Кәсіпорындардың немесе ұйымдардың мақсаттарын  қалыптастыруға белсенді қатысып, осы ұйымдар  қызметінің бастапқы кезінде өздері бас-көз  болатын барлық кәсіпкерлерді  менеджер деп атауға болады. Олардың кейбіреуі  кәсіпорынды дамытудағы өзінің қызметінің тек бастапқы кезінде ғана емес, сондай-ақ ұзақ жылдар бойы кәсіпорын жұмысын ілгері бастырып, қызметін жалғастыра береді.

  Кейбір  кәсіпкерлердің жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация  және бақылау сияқты басқару қызметін тиімді орындауға  қабілет-бейімі бола бермейді. Егер аса көрнекті кәсіпкердің менеджерлік қабілеті төмен болып жатса, оған таң қалудың қажеті жоқ.

  Белгілі болғандай, менеджменттің  бірыңғай тұжырымдамасы  жоқ. Тіпті, менеджердің  еңбегіне қатысты  көзқарастарда да бірауыздылық жоқ.

  Бұл µзіңнің жеке ісің болса да, немесе компаниядағы қалыптасқан  құрылымда істесең  де кәсіпкер болу оңай емес. Ұйымдар да, қоғам да қаншалықты пайдалы болатынына қарамастан қандай да бір өзгерістерге қарсыласып бағады. Сондықтан да кәсіпкерліктің философиясы танымға және мәселелерді жете ұғынуға бағытталған.

  Мысалы, АҚШ-та шағын және ұсақ кәсіпкерліктің үлесіне жалпы  ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) 40%-ы  және шамамен 40% жұмысшы  күшінің жиынтығы тиеді екен.

  Кәсіпкерлік бастама (инициатива) алдын ала болжанған  нәтиженің логикалық салдары болып табылады. Кәсіпкерлк бастамасыз ұтқыр идея мен «ең жоғары технология» автоматты тұрғыдан экономикалық жетістікке жеткізбейді. Маркус Валленберг (Швецияның банкирі, фабриканты және менеджері) «кәсіпкерлік - жаңа техниканың пайдаланылуына қойылатын негізгі талап» деген ойды айтыпты.

  Дамушы  елдердегі ең үлкен  қиындықты табиғи ресурстардың жеткіліксіздігі  немесе техникалық-технологиялық  ноу-хау деңгейінің төмендігі емес (бұлар  сөзсіз шешуші рөл  ойнайды), капиталдың жетіспеушілігі тудырып отыр. Бастапқы кезеңде кәсіпкерлікті дамытуға септігін тигізетін дәстүр мен саяси жүйенің жағдай тудыратын қолайлы атмосферасының болмауы да бұл істің бірден өркен жайып кетуіне кедергі болады.

  Кәсіпкерлік қызметтің сипаттамасы

  Мақсаттарды анықтап алу - мол  табыстың көзі. Мақсаттарды  анықтаудың маңыздылығын кезінде Аристµтель де былай деп атап кетіпті: «игілік  барлық жерде екі  шарттың сақталуына қарай болады:

  1)   қандай да бір  қызметтің түпкі  мақсатын дұрыс  белгілеу және

  1. түпкі мақсатқа жеткізетін тиісті құралды іздеп табу».

  Спиноза Барух (XVII ғ. нидерланд философы) мақсаттың рөлін «Мақсат әлемді билейді» деп қысқа да нұсқа анықтап берді. Кәсіпкерлік қызметке мына сипаттар тән;

  • Шектеу - қоршаған ортаны өзгерту қабілеті. Әр түрлі тәртіп тәсілдерін қабылдай алатын қабілет.

  • Кµтермелеу және өндіріп  алу жүйесі - шығармашылықты, бастаманы көтермелеу. Бастама болмаған жағдайда өндіріп  алу.

  • Мәселе – қайталанбайтын, жаңа.

  • Басшылық стилі - қатерлі  әрекеттерді ұйғарады. Өзгерістерді жатырқамауы үшін адамдарды жігерлендіру.

  • Ұйымдық құрылым - икемді, құрылымы да өзгере алатындай  болады. Қызмет мәселелерге  қарай ұйымдастырылады,

  • Баламаларды (альтернатив) бағалау - баламалар  жиынынан ең жақсысы  таңдап алынады.

  • Тәуекелдікке қатынас  - жасампаз тәуекелдік (созидательный риск). Тәуекелдік нұсқаларының жиынтығын теңгерімдеу.

  Жалдамалы еңбек негізінде  жүзеге асырылатын кәсіпкерлік  қызмет кәсіпорын  ретінде тіркеледі.

  Барлық  нарықтық экономикалы  елдерде сан және сапа параметрлері бойынша  айрықшаланатын сан алуан кәсіпкерлік фирмалар бар.

  Негізгі сапалы параметрлерге  фирма сүйенетін  мұндай шектеудегі меншік типі жатады.

  Кәсіпкерлік фирмалар меншік типтері  бойынша аражіктері ажыратылып көрсетіледі:

  - жеке фирмалар;

  - жауапкершілігі шектеулі  емес ұжымдық кәсіпорын;

  -   кәсіпорындардың  бірлестігі;

  -  фирманың филиалдары  мен өкілдіктері.  Сонымен бірге,  кәсіпкерлік фирмалар  басқа да сапа  параметрлері бойынша  айрықшаланады. Мысалы:

  - қызмет сипаты  мен мазмұны бойынша;

  - шығарылатын µнімдердің  көлемімен және ассортиментінің әр түрлілігімен;

  -  әр түрлі фирмалық  одақтарға кіру  тәсілдері бойынша;

  -  бәсекелестік күресті  жүргізудің әдістері  мен тәсілдері  бойынша және т.б.

  Кәсіпкерлік фирманы шектеудің  негізгі сандық параметрлеріне мыналар жатады:

  - қьпметкерлердің саны;

  - капиталдың жылдық  айналымы.

  АҚШ-та қызметкерлердің  сандық өлшеміне сәйкес мыналар бөлініп  көрсетіледі:

  - өте ұсақ кәсіпорын  (10 адамнан көп  емес);

  - ұсақ кәсіпорын  (20 адамнан көп  болмайды);

  - шағын кәсіпорын  (99 адамнан артық  болмайды);

  - орташа кәсіпорын  (500 адамнан көп  емес);

  - ірі кәсіпорын  (500 адамнан көп).

  Капиталдың  жылдық айналымының  µлшемі бойынша, мысалы, Германияда кәсіпорындар былайша бөлінеді:

  - ұсақ (жылдық айналым  25 мың маркіден  көп емес);

  - орташа және ірі  (айналымы 25 мың маркіден де көп).

  Кәсіпкерлік қызметтің маңызды  міндеті объектінің (фирмалар, кәсіпорын. жеке кәсіпкерлер) тиімді іс-әрекет жасауын  қамтамасыз ету болып  табылады.

  Кәсіпкерлік дербес қызмет ретінде  субъектілердің қызметін өз бетінше еркін  жүзеге асыруын ұйғарды:

  - кәсіпкерлік қызмет  түрлері мен салаларын  таңдау арқылы;

  - осы қызметтердің  бағыттары мен  әдістерін таңдау  арқылы;

  - шаруашылық шешімдерді  қабылдаумен және  оларды жүзеге  асыратын құралдарды  таңдау арқылы;

  - өндірістік бағдарламаны  қалыптастырумен, µнім мен қызмет көздерін және еңбек ресурстарын алатын көздерді таңдау арқылы;

  - өткізудің арналары  мен әдістерін  таңдаумен;

  - еңбекақы жүйесін  және мөлшеріп  белгілеу арқылы;

  - өнім мен көрсетілетін  қызметтің тарифтері  мен баға деңгейін  белгілеумен;

  - салықтық тµлемін  және басқа да  төлемдерді төлегеннен  кейін қалатын  кәсіпкерлік қызметтен  түскен  пайданы  (табысты) иеленумен.  Кәсіпкерлерге мыналар  тән:

  - қызмет салаларын  кәсіби тұрғыдан меңгеру;

  - нақты басқару  білімдеріне ие  және өндіріс,  өткізу мен маркетингтік  қызмет тәжірибесі  болады;

  - ресурстар мен  қаржылық қаражатты  қажет ететін нарықтағы  жағдайды және  өз мүмкіндіктерін  дәл бағалай алады;

  - экономикалық тұрғыдан  тұжырым жасай білуі құзіреттілігі, іскерлік мәдениеті, нақты әдет-дағдысының (машығы мен тәжірибесі) болуы;

  - өндірісті ұйымдастыра  білуі және мақсатқа  жетіп, пайда алу  үшін тәуекелге  бел буып, әрекет  ету;

  - нарықтың мүмкіндіктері  мен жаңашыл идеяларды  талдап, пайдалана білуі.

  Кәсіпкерліктің  мәні нарықтағы болжауға келмейтін белгісіз жағдайында капитал, мүлік, патенттік  кұқық және басқа  ресурстар түріндегі  меншікті тиімді пайдаланудың мүмкіндіктерін тауып, осы мүмкіндіктерді нақты іс жүзіне асыруға  қол жеткізу болып табылады.

  Кәсіпкерлік тәуелділік. Бұл ең алдымен өз мақсаттарына қол жеткізудегі кәсіпкерлік фирмалардың жетістік (немесе сәтсіздік) деңгейін бейнелейтін объективті категория. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлер жетістікке жеткізетін кепілдеме бермесе де, соған үміттендіретін шешімдерді жиі қабылдауына тура келеді.

  Кәсіпкерлік қатер кәсіпкерлік  фирмаға қатысы бойынша  сыртқы ортадағы болжауға келмейтін белгісіздікке  орай объективті негізге  ие. Сыртқы орта фирма  өз қызметін асыратын объективті экономикалық, әлеуметтік-саяси жағдайларды қамтиды.

  Ахуалдың  болжамсыздығы (белгісіздігі) былайша анықталады: фирманың қызметі  мінез-құлықтары  шамамен дәл анықтала бермейтін кµптеген өзгерістерге, контрагенттерге  және тұлғаларға тәуелді.

Информация о работе Менеджмент